Қадыр Мырза Али Бақыт

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 лип 2024

КОМЕНТАРІ • 35

  • @qwertyui0778
    @qwertyui0778 4 роки тому +18

    Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
    Біз өмірді түсінбейміз,
    Сол - қайғы.
    Туа сала таудай бақыт күтеміз,
    Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
    Лүпілдеген тамырындай шекенің
    Жеке сағат,
    Жеке тәулік,
    Жеке күн.
    Үлгермейміз түсініп те,
    Байқап та
    Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін!
    Құс сияқты сезінбейтін қанатын
    Бақыт - сәби білмейтұғын әлі атын.
    Бақыт! Бақыт - ғажайып бір дәм ғана
    Сүйгеннен соң ерініңде қалатын!
    Ақындардың көмейінен жыр ақса,
    Кейбіреулер сөз бәйгеде жүр ақсап.
    Бақыт шіркін асыл болса - бір мысқал,
    Бақыт шіркін уақыт болса - бір-ақ сәт!
    Мүмкін емес бұл өмірден исіну.
    Болу керек ән әдемі,
    Күй сұлу.
    Бақыт деген бұлтты күні - жадырау -
    Бақыт деген жұмыс болса - сүйсіну!
    Келтіретін адам болсаң елге мін,
    Неге керек босқа өмірге келгенің!
    Бақыт егер байлық болса - бергенің,
    Керек болса - Отан үшін өлгенің!
    Өмір мына лыпып тұрған ұстара.
    Өлім келсе,
    Қай туысың түсті ара?!
    Бар ғұмыры басқа қонған бақыттың
    Көбелектің ғұмырынан қысқарақ!
    Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
    Біз өмірді түсінбейміз
    Сол - қайғы.
    Бақыт үлкен болған емес шынында,
    Ал қайғының кішкентайы болмайды

  • @megamega7495
    @megamega7495 3 роки тому +4

    Жарайсыз апа сіздің арқаңыздс 1орын иегері болдым

  • @user-dg1vo4gn7l
    @user-dg1vo4gn7l 3 роки тому +1

    Бәрекелді қызым өмірің ұзақ болсын бақытты бол

  • @darynschool
    @darynschool 5 років тому +5

    Өте керемет )

  • @turganalidaulethan7527
    @turganalidaulethan7527 3 роки тому +1

    Өте жақсы ғажап дауыс!!

  • @user-tf7kw1tk7t
    @user-tf7kw1tk7t 2 роки тому

    Сәттілік тілеймін аман жур қарындасым арманың орындалсын.

  • @dilaity-xl2vj
    @dilaity-xl2vj 3 роки тому +1

    Бір ғаламат-ғасырларды бояйды,
    Өздеріне сол-керек-деп, ойлайды
    Ана ғасыр-жексенбіде басталған,
    Бояуымен-әлем түгел, боялды.
    Атты, асты ауылдарды-өртеді,
    Аштық жайлап босып кетті ел-тегі
    Отыз жеті, отыз сегіз-жиып-ап,
    Қырып жатты- Алаштың-ертеңін.
    Әділдіктің орнайтын да кезі болар
    Өз ертеңін ойламаған-ез болар
    Елді-езген езді жиып-атқызды
    Ол кез-еді әрбір бұйрық тез болар
    Адамға-емес, тағыға тән сол бояу
    Отанымды-қансыратып көрсетті
    Ұйқы көрмей аңдыған бір жау ояу
    Таңғы төртте басып кіріп- от септі
    Отқа отты қарсы қойып-Құдайым
    Ол білуші, Ол көруші-ылайым
    Жарты ғасыр жанған өртті өшіріп
    Тентіретті-ұмытқанды-Құдайын
    Боянғандай сол бояуға бір ақ сәт,
    Бұл-ғасыр,-сол сияқты тұр ақсап
    Қызыл қара-киім киді жеті жыл
    От пен түтін көрінісі бір-бақсақ
    Адам түгілі тағыға да-жат бояу
    Жанымызды әлсіретіп-көрсетті
    Ковит пәле-соны-күтіп,-жатты ояу
    Бар әлемге бактериядан от септі
    Қара сиыр-қарап тұрса-
    Қызыл сиыр-жалайтын,
    Жүсіп-Пайғамбарымыздай-
    Түс-жоритын-кез жетті!!!

  • @user-xd3ml5mz9v
    @user-xd3ml5mz9v 3 роки тому +2

    Жарайсың!!!! Сәттілік саған тілеймін!

  • @user-tf7kw1tk7t
    @user-tf7kw1tk7t 2 роки тому

    Ғажап дауыс тіл көзден аман жур

  • @user-yo5qt7qo2s
    @user-yo5qt7qo2s 4 роки тому +4

    Қалай жаттадыңыз керемет

  • @user-yf3gx6ov7k
    @user-yf3gx6ov7k 4 роки тому +5

    Өте керемет❤

  • @user-pm7dq9dm3y
    @user-pm7dq9dm3y Місяць тому

    4

  • @user-ew3yf7tz2x
    @user-ew3yf7tz2x Рік тому

    Сәттілік .

  • @user-dn7on4ug7e
    @user-dn7on4ug7e 4 роки тому +3

    👍🏼👍🏼👍🏼

  • @user-bw9dn3bq7d
    @user-bw9dn3bq7d 4 роки тому +2

    просто супер

  • @rakhiaaueskhanova1318
    @rakhiaaueskhanova1318 3 роки тому

    КЕРЕМЕТ рахмет.

  • @user-pq4rp6tl8g
    @user-pq4rp6tl8g 3 роки тому

    Бақыт деген - сенің бала күндерің
    Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
    Бақытын да, басқасын да білмеуің
    Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
    Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
    Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
    Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
    Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
    Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
    Сол арманның шыққан жері құмардан.
    Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
    Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
    Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
    Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
    Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
    Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
    Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
    Мені білсең, бақытыңды білгенің.
    Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
    Балам, саған бақыт іздеп жүргенім! Мұқағали Мақатаев

  • @user-tw5vk9fj1f
    @user-tw5vk9fj1f 4 роки тому

    Керемет😍😍

  • @user-pl2tb8hu2d
    @user-pl2tb8hu2d 4 роки тому

    Өте керемет айттыңыз

  • @aselmahmudova8606
    @aselmahmudova8606 4 роки тому +4

    Трек можно

  • @user-wu7hp8rw7l
    @user-wu7hp8rw7l 2 роки тому

    Осы фонды қайдан табуға болады. Поэзия оқығанда керек ед

  • @user-pq9ub3fo8j
    @user-pq9ub3fo8j 2 роки тому

    Жаксы айттыныз

  • @user-tf7kw1tk7t
    @user-tf7kw1tk7t 2 роки тому

    Тағыда өркенің өссін

  • @user-gw2hj6ev6k
    @user-gw2hj6ev6k 3 роки тому +1

    Қандай қосымшамен(предложения) Мен істеген . Білсеңіздер айта салыңыздаршы өтініш

  • @rustemmunarbai576
    @rustemmunarbai576 3 роки тому

    Керемет окисын жалгастыра бер

  • @zhansbodaubekova159
    @zhansbodaubekova159 3 роки тому +1

    Қандай музыка айтынызшы отиниш

  • @user-pq9ub3fo8j
    @user-pq9ub3fo8j 2 роки тому

    Жаксы карындас жарайсын

  • @hhjjhggfdhg1231
    @hhjjhggfdhg1231 3 роки тому

    Жарым болса осы қыз

  • @nuertulek2095
    @nuertulek2095 5 років тому +3

    keremet oleng ,bahette bahlay bleiek.

  • @user-ys4yr6tv3i
    @user-ys4yr6tv3i 4 роки тому +1

    Как мелодия называется?