Тәуелсіздік - Дархан Әбдік сияқты адамдар сөзіне еріп, эмоциялық сезіммен басшылыққа, жүйеге қарсы шығып, көшеге шығу емес. Ол анық. Дархан сияқтылар ешқашан өзгелермен желкелес тұрып, ешқандай алаңда басшылыққа ашық қарсылық көрсете алмайды. Жалпы қазір мемлекет басында, ағымдағы жүйені басқарып отырғандарға физикалық қарсылық көрсетуді ешқашан құптау ақылды жол емес, бірақ бұлар, ақымақ халық деп, эмоциялық басым өткізіп халықты көшеге шығарғысы келеді, бұлар сатқын және өзгенің {дұшпанның} тілегін орындау үшін жүргендер деп білем.
Соқыр сенімді қою керек. Тілі шешен болса болды оның айтқандарын ақиқат ретінде қабылдау керек деген сөз емес. Бұл кісі әдемі сөйлейді, бірақ көп ойларын инфантилдік, примитивтік деп таптым. Әрине, келісетін нәрселер де бар
Бұл кісінің әңгімесі тобырға керек әңгіме емес шығар, қаралым жағынан ұтпаса, ютуб контент жасайтындарға тиімсіз деп есептеледі. Бұл кісінің әңгімесі ойлы, критикасы бар аудиторияға ұнайды, ондай адамдар көп емес.
@@Шолпан-ш5ъМонетизация ресейліктерге жабық, Қазақстанда монетизация бар, аз болса да, және монетизациядан бөлек аудитория өссе әр түрлі бизнеске жарнама жасап та ақша таба алады.
Дархан аға ютуб арна ашса біраз аудитория жинап, өзінеде жақсы ақша таба алар еді👍 Мүмкін болашақта көріп қалармыз. Рахмет Дархан аға, сауат ашып жатырсыз
Қандай ажарлы, сымбатты, мінезі қайратты адам. Сыртқы келбетінің өзі оның тұлға екенін айтып тұрғандай. Өзінің ойын қазақша анық, мүдірмей айтуы тамаша. Қазақша сөйлейтіндердің көбінің оңдырып сөйлеп жатқандар аз негізі.
@@ҚұрманғазыАлгазиевҚазақ тілінде өз ойын тиянақты жеткізіп отыр, ғылыми терминдерді қолданып. Қазақша сөйлеп, ойы тиянақсыз, шаршатып жіберетіндерде бар.
@@Динара_АЖ әр қазақ осындай болуы керек. Культ жасап,таң қалуды қоятын кез келі ғой. Это нормально. Мен тіпі бұл сұқпаттап мүлдем басқа деңгей күттім. Дархан ағаны аша беруге болады. Бұл Жәй диалог ғана. Өсейік қазақ. Күшті сөйлегеннің бәрін уааау ете бермей!
@@gylbagdaginayat2765 бұл комментарий ғой, мен өз әсерімді жаздым, бұл менің пікірім, маған бәрі ұнады, осы сендер қазақтар неге комментарийде қырқысып, жекіп отырасыңдар. Өзім білемін, өз ойым.
Мына атеис діннен безіген шайтан құлдың ұсқыны ұшып денсаулығы құрдымға кетіп қартаяп кетіптіғой . Оның ендігі ақіреттегі мәңгілік өмірі дозақ отына айналатындығын сезерме екен бұл бейбақ қандай аянышты хәлге түскен бәдікбас көк мылжың . Мұндай имансыздықпен өткен ғұмырың құрсын.
Дархан Әдбік Төленұлы - Парасат майданы арқылы қаншама мыңдаған азаматты ағарту жолында аянбай еңбектенуде. Ойы, мінезі, көзқарасы жүрекке сенімділік ұялатады сөзсіз! Мың жасаңыз аға Тәуелсіздікке Дөп сөздің сыйына базар жоқ!❤
Тіл туралы 100% келісемін, өзім өндірісте жұмыс жасаймын, техникалық тіл атымен жоқ деуге болады, барлық үлкен өндірістерде,орыс және ағылшын тілінде айтылып,жазылады.
Өндірістерде ғана қолданса бір жөн. Әкімшіліктің ішінде құжаттардың 90 пайызы орысша дайындалады. Кейін ғана қазақшаға аударады. Көбінде қазақша құжаттар мүлде қажет емес.
арабтанып жане орыстанып кеткен казах халкы бул созге ман бермейди. Олар динди улттан жогары кояды. Сауд Аравия карапайым халык аркылы экономикасын котерип алып жатыр адамдарды жинап
@@АкайшаБектилеуова Жалпы Сіз барлық Мұсылмандардың атынан айтып жатырсыңыз сіз ешкімнің ішіне кіріп шықтыңызба қит етсе бізді неге қараңғы көресіз әлде бұл эгиозмнің белгісіме мына Мұсылмандардан өзімді жоғары санаймын деген мен Ислам дінін ұстанатын адаммын бірақ мен буквалист фундаменталист емеспін намазымды оқитын Рамазан айында Оразамды ұстайтын бес парызымды орындайтын Аллаға сенетін мұсылманмын бұл дегенім мен бұл кісіні тыңдамаймын деген сөз емесқо қай жерде жақсы нәрсе білім аларлық түртіп аларлық нәрсе болса қараймын оның дініне ұлтына қарамаймын сондықтан бірдеңе айтар алдын ойланып барып айтқан жақсы негізі
Мало таких людей ,которые могут расставить вещи на свои места. Для этого нужно не только глубокое знание но обязательно независимый ум. Эти качества есть у Дархана! Супер что есть такой человек! Здоровье тебе Дархан ,бауырым.
@@samserious7723бұл кісіні аптасына шақырсада артық болмайды, бірақта , көптің сыйы жоқ дегендей, жалпы жиі қайталанатын нәрсе болса адамдарда жалығады, сондықтан, сағындырып, шөлдетіп, 3 айдан шақырса дегенім :)
Тыңдап отыра берсең жоқ жерден гүлденіп кетер ме едің? Он жыл тыңдап отыра беруге болады. Тыңдағанды іске асырмасаң, қарекет жасамасаң бәрі бос былшыл сөз болады.
Мықты шығарылым. Мен үшін "Подкаст года" болды. Спикерге, жүргізушілкрге де рақмет, аса күрделі және нәзік тақырыпты оп-оңай ашып, сананы шәйдай айқындап берді!!!! РАҚМЕТ
Дархан ағамен подкасты күтіп жүргем бүгінгі күннің әдемі нүктесін қойып бердіңіздер🤝 Дархан аға аман болыңыз, егер UA-cam арнадан канал ашатын болсаңыз міндетті түрде қарайтын көрермендер табылады💯 тек аман болыңыз🫂 Дөп сөз сіздерге де рақмет🫶
2:38 Халықты қорқытқаннан, кешірім сұратқаннан тіл дамымайды. Мемлекеттік тіл дамымай, қоғам дамымайды. Қазақша жазылу керек, орысша жазылып, қазақшаға аударылмау керек. 13:29 Қылмысқа қатысы барлардың қолында билік бар. 16:36 "Мы не боремся с Назарбаевой, мы боремся за влияния Назарбаева" 21:16 Тағы бір анекдот. "Өй, Арқалыққа қайтып келдік пе?" 21:58 Дамудың басты шарты - табиғи сұрып 23:22 Эйнштейн: "Бір тәжірибені екі рет қайталап, екі түрлі нәтиже аламын деу - ақымақтық". 25:41 Тағайындалған адам қоғамның алдында жауап бермейді. Тағайындаған адамның алдында ғана жауап береді. 26:58 Жағдай қиын, бірақ жақсылыққа сенемін деп өмір сүрмеу керек. Жақсылықты жасау керек. 30:12 Әлихан Бөкейхан: "Адам заң үшін тумайды, заң адам үшін жазылады". 32:50 Геббельстің заңы бар: "Бұқаралық ақпарат құралдарын халықты ақымақ қылу үшін пайдалану керек". Авторитарлы жүйеге ақымақтар тиімді, тұлғалар емес. 34:30 Идеология деген сөз бар жерде өнер өледі. 38:35 Ноғай-қазақ айырылды. 40:48 "Алаш" партиясына, "Қазақ" газетіне көмектесіп тұрған байлар да болды. 42:11 "Мен хан тұқымы едім" деп айтқан жоқ, керісінше, "қазақтың хан баласында хақы бар еді, тірі болсам, халыққа қызмет етпей қоймаймын" деді. 44:44 Сені хақыңнан айырып жатқан кезде, сені құл қылғысы келіп жатқанда, тұяқ серпіп қалу керек. 46:54 Спортта ұлы тұлға болуға да болады, өмірде түкке тұрмайтын адам болуға да болады. 50:02 Абайды оқу керек! 50:18 Абайды ұлықтаған Совет үкіметі емес, оның алғашқы бағасын берген Әлихан Бөкейхан. 52:48 Хәкім Абайға менің сұрағым көп. Неге Ыбырай мектеп ашты, хәкім Абай неге ашпады? 54:56 Бүгін әкімдер: Текке жүрме, үкіметтен сұрай берме. - Сен сонда "атаңның басына" әкім болып жүрсің бе? 56:42 Әуезов бөлек тұрады. 58:21 Феномен деген болады ғой, Роналдо секілді. Бейімбет сондай әдеби феномен! 1:04:23 Қонаев - отарланған елдің басшысы болды. Оны Москва кез келген уақытта қағып тастай салады. 1:06:12 Сол кезде Нобель сыйлығы болған болса, Хорезмнен шыққандар Еуропадан көп болар еді. 1:10:52 Қызымның оқуын төлеуім керек... 1:11:55 Қоғам әлемдік әдебиеттен хабардар болу керек. Сартр деген жазушының бар екенін. 1:17:10 Саяси сауда 1:20:20 Ол кездегі мұғалім деген мамандықтың әлеуметтік статусы қазіргіден биік болды. 1:27:00 Әл-Фарабиді оқуымыз керек! 1:27:19 Әл-Фараби: "Адам тек қана білімді, ғылымды дамытатын елді ғана тұру керек". 1:28:08 Заңды сыйлайтын, адамның хақын сыйлайтын елде тұрғанға не жетсін! 1:28:55 Ұмытпасам, Томас Джеферсонның айтқаны: Бүгін күнге үлкен сыйлық болды! Дөп сөз ұжымына алғыс. Өткен жолғыдағы сөздерді ұмытпай, қазір соларды толықтырып отыруы да керемет. Есте сақтау қабілеті мен сөз саптауы, ой тұжырымдауы бір бөлек.
Аресен, қазақ тіліңіз жап-жақсы деңгейге жетіпті🎉🎉🎉🎉. Енді подкасттарыңызды осылай тек қазақ тілінде жүргізсеңіздер керемет болар еді. Акцент деп ұялмаңыз, керісінше өзіңіздей қазақ тілін үйреніп бірақ жұрт қүле ма деп сөйлеуге қорқып жүргендерге жақсы үлгі болар еді Өте қызық подкаст болды. Дархан Әбдікпен кей жерде келіспеймін, дегенмен өте білімді, ойы кең адам. Көп рахмет Арсен, Жомарт.❤❤❤❤
Дархан ағамен діни немесе ұстаным бойынша позициямыз қарама қайшы болса да, осындай пікірі үшін, осындай білімі үшін сыйластығым мол! Өте білімді, өте сауатты кісі
Соңында “елден кете бер” дегеніне жылағым келіп кетті ғой. Бұл сөзімен көп адамға қозғаушы нәрсе болмады деп үміттенемін. Біреу-міреу осыны оқыса, “ел жақын арада оңалмайды” деп кете салмай, “мен қалай оңалуына үлес қоса аламын, өз саламда болсын бір кішкене өзгеріс жасасам үлкен істің бір бөлігі болар еді” деп ойласаңыздар жақсы болар еді. Өзімнің де ел үшін көңілім толмайды, мен тірі кезде түзеліп кетеді деп те сеніммен айта алмаймын, бірақ елдің жоқ болып кетпеуіне үлесімді қоссам да жеткілікті. Өлгенше туған жерімде боламын.
Келісем, бірақ қайта қайта елден кеткіс келеді. Өз салаң бойынша қанша үлес қоссаң да, бәрібір көрінбейтін жұмыс сияқты… Одан басқа, қосатыным, қайда қарасаң да, елде вертикалды билік, акимат болсын, минимтрліі болсын не самрұқ қазынаның компагиясың алсақ, бүккккіл жерде солай. Балаларға қарасаң, олар тик токта күні бойы отырады. Тәртіп, дисциплина болмаған жерде ел өспейді, білім жоқ, балалар робот сияқты тнк керек жоқ.
Қабірден хат (Қайрат Рысқұлбековтың монологы) Армансызбын, Ажалсызбын, Азатпын, Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң. Ұлтым үшін ұлтарақпын, Аз десең, Сүйегіммен, сүтіммен де Қазақпын! Көкбөрінің сіңіріндей сірімін, Сол үшін де ажалсызбын, тірімін. Шындық үшін құрбандыққа шалынып Шырылдаған құлындардың бірімін. Талай-талай тоналдым да тапталдым, Өзімді-өзім жоғалтуға шақ қалдым. Көк көйлекті көктемде туылып Желтоқсанда еріп кеткен ақ қармын. Күңіренсе үн шығады көрден де, Шертілмеген шерім қанша шерменде. Өз тіліңде өмір сүріп, Сонан соң, Не жетеді өз тіліңде өлгенге. Мен сұрасам - теңдігімді сұрадым, Теңдігімнің кемдігіне жыладым. Ай күзетіп Ару сүйер жасымда Мен ажалдың құшағына құладым. Кек алатын кәріден де, жастан да, Қу тіршілік құпиясын ашқан ба?! Бауыр қалды өзегіне өртеніп Ана қалды сүтін сауып аспанға. Тәуелсіздік - Қазақ үшін ғажап құт, Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк. Бөрі мінез Бабалардың арманы - Айналайын, алтын қанат - Азаттық! Саған құрбан жастығым да, жаным да, Саған құрбан атпай қалған таңым да. Тереңдігі қабірден де тереңдеу Менің қайғым - Қазағымның қанында!
Өте жақсы шығарылым. Рахмет жігіттер!!! ❤ Өте көп ақпарат алдым. Рахмет Дархан аға. 80 минут как 8 минут сияқты өтті. Қалай нақты жауап береді. Профессионал.
Бугин осы Доп созден танертенен бери подкаст куткен едим❤. Рахмет бугинги Тауелсиздик кунине сыйлык болды ❤ Доп Создин жигиттери керемет асиресе шашы бар жигит❤ Жигиттер коп коп Рахмет. ❤
ал шақырды дейік. коммуникация қалай болады? қазақша ма орысша ма? не туралы? декуин мен кисло-сладкийдің шытырман оқиғалары? вайнерлердің пәтер ала алмай жүргені? айқынның тоқал алып мәз болғаны?
@elzhastortayev2392 Қанат қазақша сөйлегісі келеді ғой, оған өзі еш қарсы емес деп сенемін. Сіз жазған Кананың қонақтары ойын-сауық "секторында" жүрген кісілер, яғни бұл бейнедегі қонақ секілді емес. Білемін Қуаныш Бейсектен кейін хейт төкті, алайда сынды қабылдап, Қанат өзін түзейді деген ойдамын. Не дегенмен тіркелуші саны аз емес арнасында
Осы күндер қаралы күндер болу керек. Жеті шелпек пісіріп отағасы құран оқыдық. Сол жолда шәйіт кеткен замандастарымыздың сол заманда күйіп тұрған қызыл империяға қарсы шыққан қазақ елі болды осы жағдайдан кейін совет өкіметінің іргесі сөгіле бастаған еді. Алла қазағымызға да жақсы қой үстіне торған жұмыртқалаған бақытты уақыт келер. Немере шөберелеріміз жақсы өмір сүрсе екен деген әжелік тілегім арманым бар.
Керемет подкаст болды! Рақаттанып көрдім. Дархан Әбдік ағамызды тағы шақырған Жомарт пен Әрсенге мың да бір алғыс! Dope söz #1 подкаст! Ең басында мейрамханаларда тілді талап еткеннен не пайда деген ойымен ғана келіспеймін. Тілді талап етпесек, сол дамымай тіпті күнделікті қолданыстан жоғалып кетеді. Қазақстандағы әр бизнес қазақша қызмет көрсетуге тиісті! Соны бәрі түсінсе, тілдің қолданысы да, арта түседі. Ал қалған айтқандарымен келісемін. Көп ойландыратын ойлар айтқан Дархан ағаға көп рақмет!
Мейрамхана демеді, дүкен деді. Сосын ол қазақша білмегені үшін адамды тізерлетіп, қорлап, кешірім сұратпау керегін айтты. Логикаға салсақ та солай ғой, тілге сұраныс зорлықтан емес, қажеттіліктен туындауы керек. Бұған дейін де айтып жүрген ойы ғой. Ұнамаса, басқа дүкенге бар, сөйтіп-сөйтіп өзі-ақ үйренеді, қызмет көрсету мәдениеті солай-солай қалыптасады дегенді меңзеген болса керек. Негізгі мәнді бұрмаламайық)
@@Aaaassssss-m5j бізде дамып кеткен орыс тілі бар кезде қазақ тіліне деген қажеттілік ешқашан туындамайтыны анық, сондықтан оны заңмен міндеттеп талап етуден басқа амал жоқ
Бұл шығарылымды барлығы көріп түсініп шықса ғой шіркін. Дархан Әбдік өте аз көрсетіледі. Мен басқа сұқбат алатын жобаларды еш түсінбеймін, неге шақырмайды?! Әбдіктің сұқбаттары мен ойларын жиі басқа да жерлерден көріп тұруымыз қажет және әлеуметтік жағдайы жақсы болу үшін жеке шыққан дұрыс. Сол жолда бір ұлтына жанашыр демеуші-қолдаушы адам жоқ па? Сметовқа мың жылқы бергендер қайда?) Әр медаль алған спортшыға көлік пен пәтер сыйлайтындар қайда? Демек олардың істері тек “хайп” үшін ғана жасалынады.
Оның көбі діншіл қауым, Дархан Әбдікті тек атеист ретінде біледі. Ғылымға, ілімге қызыққан адам аз. Өз ойын, пікірін ашық айтатын тұлғаларды біздің халық қабылдамайды.
Қай кезде өзекті тақырыптар. Қай кездеде бірнеше рет қайта көруге тұрарлық дүнелер айтылды деп ойлаймын. Тыңдай алатын құлақ болса. Шығарылым үшін көп көп рахмет. Осындай сұхбаттар көп болсын. Әнші, биші, тойдан басқада тақырыптар бар біздің қоғамда.
Дархан Әбдік жүргізетін бағдарламаларды іздеп отырып қараймын. Адамға берері өте мол, таным көкжиегін кеңітіп қана қоймай қоғамдағы кемшіліктерді талдайды. Сізге, “Парасат майданы”, “Соңғы муза” бағдарламалары үшін алғысым шексіз. Менің ойымша сіз өз ю туб каналыңызды ашсаңыз қаралымы жақсы болады дем ойлаймын. Менің 17 жасар ұлым үшін Дархан Әбдік, Ермек Тұрсынов сияқты азаматтар өте қызықты. Аман болыңыз🙏
Физика, химия сабақтарына лабораториялар жоқ. Дәл айттыңыз. Мен советтік кезеңде мектепте оқыдым. Ол кезде де ауылдағы қазақ мектептерінде ешқандай лаборатория болған жоқ. Теориясын айтып 5 алдым. Бірақ мен ол сабақтардың негізі толығымен тәжірибемен бекітілетінін түсіндім.
Бізде бар болды, бірақ бізде бәрі жай ашық сабақ үшін. Балаларды қызықтырып, эксперимент жасамайды, 1 ден оған мұғалімдердің білім беруге деген құштарлықтың жоқтығы деп білемін. Тез тез 45 мин теориямен толтырып, сабағын өткізу болды. Және реакторлар бәрі бар оны қойып қояды, жинап.
При СССР в Бурановской сельской школе был свой телевизионный центр и школьная ТВ студия. В 1975 году получила бронзовую медаль ВДНХ СССР, как одна из самы передовых школ СССР. Понятно, что не все сельские школы были такими, но надо понимать, что сельские школы везде и во все времена уступали и уступают городским школам, именно поэтому в СССР и естественно в КазССР были квоты для сельской молодежи при поступлении в институты.
Бізде де болды.Физика.Химия.Астрономия.Не түрлі опыттар жасадық.Өзім орыс сыныбында оқыдым.Қазақ сыныбынада барлығы бірдей білім берілді.Ұстаздарыма мың алғыс.🙏🙏🙏ЗКО.Сырым.Тасқұдық орта мектебі.
Сіз үшін Тәуелсіздік деген не?
Азаматтық еркіндік
Адам һақы
экономикасы дербес
Тәуелсіздік - Дархан Әбдік сияқты адамдар сөзіне еріп, эмоциялық сезіммен басшылыққа, жүйеге қарсы шығып, көшеге шығу емес. Ол анық. Дархан сияқтылар ешқашан өзгелермен желкелес тұрып, ешқандай алаңда басшылыққа ашық қарсылық көрсете алмайды.
Жалпы қазір мемлекет басында, ағымдағы жүйені басқарып отырғандарға физикалық қарсылық көрсетуді ешқашан құптау ақылды жол емес, бірақ бұлар, ақымақ халық деп, эмоциялық басым өткізіп халықты көшеге шығарғысы келеді, бұлар сатқын және өзгенің {дұшпанның} тілегін орындау үшін жүргендер деп білем.
Мен үшін өзімді өз елімде адам секілді сезінген
Дөп сөз ұжымы, Дархан ағамен бір жоба жасаңыздаршы 🙌
Кім келіседі, лайк қалдырайық❤
100 лайкты қалай қосуға болады?
Жақсы болар еді
Жарайсың. Колдаймын. Казак осындай контент млн казак тамашала ...арманым бүгін осы.
Иә, үшеу болып жоба жасасаңыздар болады. Әдемі идея… Көп жұрт қарар еді.
+++++
"ютубқа шығуды, контент жасауды білмеймін"дейді😭
қолынан келетін адамдар мына кісінің баға жетпес ойларын бізге алып қалу керек!
артынан қуып жүріп, өзіне контент жасап беру керек шығар
Соқыр сенімді қою керек. Тілі шешен болса болды оның айтқандарын ақиқат ретінде қабылдау керек деген сөз емес. Бұл кісі әдемі сөйлейді, бірақ көп ойларын инфантилдік, примитивтік деп таптым. Әрине, келісетін нәрселер де бар
Бұл кісінің әңгімесі тобырға керек әңгіме емес шығар, қаралым жағынан ұтпаса, ютуб контент жасайтындарға тиімсіз деп есептеледі. Бұл кісінің әңгімесі ойлы, критикасы бар аудиторияға ұнайды, ондай адамдар көп емес.
Ол ютубтан акша таба алмайды, пока согыс журип жатыр блогерлерге Ютуб монетизацияны токтатып тастаган
@@Шолпан-ш5ъМонетизация ресейліктерге жабық, Қазақстанда монетизация бар, аз болса да, және монетизациядан бөлек аудитория өссе әр түрлі бизнеске жарнама жасап та ақша таба алады.
Дархан мырза 10 сағат сөйлесе де аз.
"Дөп сөз" жобасы, рахмет!
ДАРХАН ӘБДІК - желіде тым аз тұлға. Көбірек шақыртып ойын айттыру керек
Дархан аға ютуб арна ашса біраз аудитория жинап, өзінеде жақсы ақша таба алар еді👍 Мүмкін болашақта көріп қалармыз. Рахмет Дархан аға, сауат ашып жатырсыз
UA-cam қа парасат майжэданы деп жазыңыз .
Парасат майданы
Жеке канал ашса ютубта, донатка дайынбыз
@@ТалгарОмирузак бұл кісінікі емес қой ол бағдарлама
Ютуб арнасы бар ау парасат майданы осы кісінің бағдарламасығой
Спортшылар жайлы айтқаны өте дұрыс, тобыр ғана қуанады. Одан еліміздің дамып жатқанын көрмедік рас айтады
UA-cam-те "Все профессиональные спортсмены - ДАРМОЕДЫ" деген атаумен керемет бейнеролик бар. Мықты тезистер айтылады
Жазда болған олимпиадаға осындай пікір айтып ем, таныстарым жеп қоя жаздады. Онымен қоймай шеттен келген легионерлерге ақша құйып керек емес деп
Осы тақырыпты айтқанда, көз алдыма телевизордың алдында отырып алып, ерсіленіп жын ұрғандай болып қуанған спорт жанкүйерлері елестеп кетті😅
Шавхат сила!
@@gulfairuseskaliyeva1259Сіздің пікіріңіз дұрыс мен қолдаймын ойыңызды.Сол спортқа құртпай қаржыны.Халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартуға жұмсаса.
Қандай ажарлы, сымбатты, мінезі қайратты адам. Сыртқы келбетінің өзі оның тұлға екенін айтып тұрғандай. Өзінің ойын қазақша анық, мүдірмей айтуы тамаша. Қазақша сөйлейтіндердің көбінің оңдырып сөйлеп жатқандар аз негізі.
соны біліп тұрған сен де мықты екенсің... ❤
Түсінбедім. Қазақша сөйлейтіндердің қатысы қанша. Бұл кісіде қазақ тілінде сөйлеп отыр ғой
@@ҚұрманғазыАлгазиевҚазақ тілінде өз ойын тиянақты жеткізіп отыр, ғылыми терминдерді қолданып. Қазақша сөйлеп, ойы тиянақсыз, шаршатып жіберетіндерде бар.
@@Динара_АЖ әр қазақ осындай болуы керек. Культ жасап,таң қалуды қоятын кез келі ғой. Это нормально. Мен тіпі бұл сұқпаттап мүлдем басқа деңгей күттім. Дархан ағаны аша беруге болады. Бұл
Жәй диалог ғана. Өсейік қазақ. Күшті сөйлегеннің бәрін уааау ете бермей!
@@gylbagdaginayat2765 бұл комментарий ғой, мен өз әсерімді жаздым, бұл менің пікірім, маған бәрі ұнады, осы сендер қазақтар неге комментарийде қырқысып, жекіп отырасыңдар. Өзім білемін, өз ойым.
Дархан Әбдікті ұзақ күтіп қалдық қой… Бұл не деген қуаныш!
Бұл не деген бақыт!
Бара жатқан зымырап, байқалмай қалды уақыт подкаст біткенше
Дарханды тыңдасаңдар қазақшылықты қойып жалаңаш либерал боп шыға келесіңдер. Дархан - сноб.
Бұл не деген бақыт!❤
Мына атеис діннен безіген шайтан құлдың ұсқыны ұшып денсаулығы құрдымға кетіп қартаяп кетіптіғой . Оның ендігі ақіреттегі мәңгілік өмірі дозақ отына айналатындығын сезерме екен бұл бейбақ қандай аянышты хәлге түскен бәдікбас көк мылжың . Мұндай имансыздықпен өткен ғұмырың құрсын.
Дархан Әдбік Төленұлы - Парасат майданы арқылы қаншама мыңдаған азаматты ағарту жолында аянбай еңбектенуде. Ойы, мінезі, көзқарасы жүрекке сенімділік ұялатады сөзсіз! Мың жасаңыз аға
Тәуелсіздікке Дөп сөздің сыйына базар жоқ!❤
Дархан, ютубты ашып, Қазаққа көмек бер Оянуға!
Осы талқыны көріп өзімнің қаранғы екеніме тағы көз жеткіздім
Мына кісіні бүкіл подкастарға шығару керек кой сұхбат алып. Не деген білім❤
Тіл туралы 100% келісемін, өзім өндірісте жұмыс жасаймын, техникалық тіл атымен жоқ деуге болады, барлық үлкен өндірістерде,орыс және ағылшын тілінде айтылып,жазылады.
Өндірістерде ғана қолданса бір жөн. Әкімшіліктің ішінде құжаттардың 90 пайызы орысша дайындалады. Кейін ғана қазақшаға аударады. Көбінде қазақша құжаттар мүлде қажет емес.
Үлкен өндіріс былай тұрсын кішігірім ЖШС немесе ТОО ИП лардада құжаттар орыс тіліндеғо. 1с сияқты
Хочу отдельный канал с Дархан ага, никогда не устану слушать его, гений нашего времени👏
Дархан Әбдікті бұрыннан іздеп жүріп тыңдаймын, өте білімді, философ дана азамат қой. Жастарға берері көп тұлға!
"Меккеге барып дұға еткеннен экономика өспейді ..." деген жерін кесіп алып әлеуметтік желіге таратса👍🏻👍🏻
арабтанып жане орыстанып кеткен казах халкы бул созге ман бермейди. Олар динди улттан жогары кояды. Сауд Аравия карапайым халык аркылы экономикасын котерип алып жатыр адамдарды жинап
@@olzhassamatov3180ақиқатында сол ия, арабтардың өте қу табыс көзі
@@kymbatkymbat7053 😃
@@kymbatkymbat7053 расыменде тарату керек екен. Әй,бірақ солар ойлаебайды ау
@@АкайшаБектилеуова Жалпы Сіз барлық Мұсылмандардың атынан айтып жатырсыңыз сіз ешкімнің ішіне кіріп шықтыңызба қит етсе бізді неге қараңғы көресіз әлде бұл эгиозмнің белгісіме мына Мұсылмандардан өзімді жоғары санаймын деген мен Ислам дінін ұстанатын адаммын бірақ мен буквалист фундаменталист емеспін намазымды оқитын Рамазан айында Оразамды ұстайтын бес парызымды орындайтын Аллаға сенетін мұсылманмын бұл дегенім мен бұл кісіні тыңдамаймын деген сөз емесқо қай жерде жақсы нәрсе білім аларлық түртіп аларлық нәрсе болса қараймын оның дініне ұлтына қарамаймын сондықтан бірдеңе айтар алдын ойланып барып айтқан жақсы негізі
Уақыт өте келе қайта тыңдайтын подкасттардың бірі. Көзді ашатын ойлар айтылды ғой. Керемет
Тыңдайтын дәнеңе де жоқ.
@@kazakkipchak6147 онда уақытыңды шығындамай өтіп кетпейсің бе, комментариға кіріп уақытыңды жоғалтпай😂
@@kazakkipchak6147Соны әр комментке жазып әуре болып отырсың ғой😂
Ашканмен не пайда жабык куиде журе берсек ))
@@kazakkipchak6147далелде
Мына сұхбатқа кездейсоқ кезігіп қалдым,ойымның шолақ екеніне көзім жетті... 👍
😘
Әлемдік туындылардың талқысын қазақ тілінде түсіндіргені үшір,рақмет Дархан мырзаға!
Дархан мырзаға контент жасауды үйретіңіздерші, еріктілер!
Дархан Əбдік дұрыс айтады😮 Бүкіл МЕМЛЕКЕТТІК мекемені қазақ тіліне ауыстыру керек❤1ақ жолы осы😢😮
Мало таких людей ,которые могут расставить вещи на свои места.
Для этого нужно не только глубокое знание но обязательно независимый ум.
Эти качества есть у Дархана!
Супер что есть такой человек!
Здоровье тебе Дархан ,бауырым.
Дархан Әбдікті өте аз көреміз. Желілерде мүлдем жоқ. Осы кісінің ой пікірлерін, көз қарастарын барлық жас ұрпақ көрсе екен деймін.
Дөп сөз бізді естіді! Үлкен алғыс! Негізінде, осы мырзаны 3 айда 1 шақырып тұрсаңыз мына өміріміз бір гүлденер еді! Расыменде керемет тұлға!
Айына бір рет шақырса да көптік етпейді
@@samserious7723бұл кісіні аптасына шақырсада артық болмайды, бірақта , көптің сыйы жоқ дегендей, жалпы жиі қайталанатын нәрсе болса адамдарда жалығады, сондықтан, сағындырып, шөлдетіп, 3 айдан шақырса дегенім :)
Тыңдап отыра берсең жоқ жерден гүлденіп кетер ме едің? Он жыл тыңдап отыра беруге болады. Тыңдағанды іске асырмасаң, қарекет жасамасаң бәрі бос былшыл сөз болады.
сол ғо
Мықты шығарылым. Мен үшін "Подкаст года" болды. Спикерге, жүргізушілкрге де рақмет, аса күрделі және нәзік тақырыпты оп-оңай ашып, сананы шәйдай айқындап берді!!!! РАҚМЕТ
Керемет пікір бердіңіз. Тоқпақтай сұраққа, бір ауыз пікірмен дөңгелетіп сауатты жауап берді. Сауатты АЗАМАТ екен.
Дархан ағамен подкасты күтіп жүргем бүгінгі күннің әдемі нүктесін қойып бердіңіздер🤝 Дархан аға аман болыңыз, егер UA-cam арнадан канал ашатын болсаңыз міндетті түрде қарайтын көрермендер табылады💯 тек аман болыңыз🫂 Дөп сөз сіздерге де рақмет🫶
Ия, тыңдаймыз
Осы подкасты көріп Дархан ағаны біреу ютубқа шығарса екен🔥🔥🚀
Өзбекәлі Жәнібеков - “Мәдени майдан”
Қаныш Сәтбаев - “Ғылыми майдан”
Дархан Әбдік - “Парасат майданы”
Осы үш майданда күресу керек, жеңуге тырысу керек. Басқалары - алаңдату.
Дархан аға сияқты білімді адамдарды насихаттау керек. Өкінішке орай, мұндай тұлғалар өте аз боп тұр.
миым төңкеріліп кетті🔥
көзі ашық көкірегі ояу деген осы🔥
Далбаса. Дархан қуып кетеді. Назира шатаспа.
Мықты подкаст болды. Бір деммен тыңдап шықтым. Ой түйер сөздері үшін Дархан ағамызды ашқандарыңа рақмет!
Бэля, мощный спикер! Впервые его вижу. +1 фанат отныне. Мысли меня прямо радуют.
Парасат майданы, ютубта
Казахша жаз мангүрт
@@Kiiii642 миғұла, қатесіз жаз )
@@johnconnor5929 тобылғыдай торы реңді, қоңырқай келген ҚOTAFЫMДЫ жемесеңіз етті. Меніңше бұл жерде қате жоқ. Осылай ма
2:38 Халықты қорқытқаннан, кешірім сұратқаннан тіл дамымайды. Мемлекеттік тіл дамымай, қоғам дамымайды. Қазақша жазылу керек, орысша жазылып, қазақшаға аударылмау керек.
13:29 Қылмысқа қатысы барлардың қолында билік бар.
16:36 "Мы не боремся с Назарбаевой, мы боремся за влияния Назарбаева"
21:16 Тағы бір анекдот. "Өй, Арқалыққа қайтып келдік пе?"
21:58 Дамудың басты шарты - табиғи сұрып
23:22 Эйнштейн: "Бір тәжірибені екі рет қайталап, екі түрлі нәтиже аламын деу - ақымақтық".
25:41 Тағайындалған адам қоғамның алдында жауап бермейді. Тағайындаған адамның алдында ғана жауап береді.
26:58 Жағдай қиын, бірақ жақсылыққа сенемін деп өмір сүрмеу керек. Жақсылықты жасау керек.
30:12 Әлихан Бөкейхан: "Адам заң үшін тумайды, заң адам үшін жазылады".
32:50 Геббельстің заңы бар: "Бұқаралық ақпарат құралдарын халықты ақымақ қылу үшін пайдалану керек". Авторитарлы жүйеге ақымақтар тиімді, тұлғалар емес.
34:30 Идеология деген сөз бар жерде өнер өледі.
38:35 Ноғай-қазақ айырылды.
40:48 "Алаш" партиясына, "Қазақ" газетіне көмектесіп тұрған байлар да болды.
42:11 "Мен хан тұқымы едім" деп айтқан жоқ, керісінше, "қазақтың хан баласында хақы бар еді, тірі болсам, халыққа қызмет етпей қоймаймын" деді.
44:44 Сені хақыңнан айырып жатқан кезде, сені құл қылғысы келіп жатқанда, тұяқ серпіп қалу керек.
46:54 Спортта ұлы тұлға болуға да болады, өмірде түкке тұрмайтын адам болуға да болады.
50:02 Абайды оқу керек!
50:18 Абайды ұлықтаған Совет үкіметі емес, оның алғашқы бағасын берген Әлихан Бөкейхан.
52:48 Хәкім Абайға менің сұрағым көп. Неге Ыбырай мектеп ашты, хәкім Абай неге ашпады?
54:56 Бүгін әкімдер: Текке жүрме, үкіметтен сұрай берме.
- Сен сонда "атаңның басына" әкім болып жүрсің бе?
56:42 Әуезов бөлек тұрады.
58:21 Феномен деген болады ғой, Роналдо секілді. Бейімбет сондай әдеби феномен!
1:04:23 Қонаев - отарланған елдің басшысы болды. Оны Москва кез келген уақытта қағып тастай салады.
1:06:12 Сол кезде Нобель сыйлығы болған болса, Хорезмнен шыққандар Еуропадан көп болар еді.
1:10:52 Қызымның оқуын төлеуім керек...
1:11:55 Қоғам әлемдік әдебиеттен хабардар болу керек. Сартр деген жазушының бар екенін.
1:17:10 Саяси сауда
1:20:20 Ол кездегі мұғалім деген мамандықтың әлеуметтік статусы қазіргіден биік болды.
1:27:00 Әл-Фарабиді оқуымыз керек!
1:27:19 Әл-Фараби: "Адам тек қана білімді, ғылымды дамытатын елді ғана тұру керек".
1:28:08 Заңды сыйлайтын, адамның хақын сыйлайтын елде тұрғанға не жетсін!
1:28:55 Ұмытпасам, Томас Джеферсонның айтқаны:
Бүгін күнге үлкен сыйлық болды! Дөп сөз ұжымына алғыс. Өткен жолғыдағы сөздерді ұмытпай, қазір соларды толықтырып отыруы да керемет. Есте сақтау қабілеті мен сөз саптауы, ой тұжырымдауы бір бөлек.
Арсен Жомарт закрепите пожалуйста 👍
Мың алғыс
❤
Бейненің астында таймкод бар
Алғыс!
Дархан Әбдік - біз құрғымыз келетін демократиялық, азаматтық қоғамның өкілі.
Бұл подкастты 2-3 рет көру керек сияқты
Керемет, Мәңгүрттер ди осылай көз ашу керек, ОЯН Қазақ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Міне кімдер келу керек 👍керемет
Міне, осындай кісілерді тыңдағымыз келеді.
Міне, нағыз “Dope Soz” оралды
100
Тура айтатыны ұнайды, осындай кісілерді жоғарыға апарып қойса ғой, шіркін
Дархан ағаны эфирлерге көп шақырса жақсы болар еді
Классное интервью! Первый раз услышала гостя, обязательно поищу его другие интервью. Как будто не закончили разговор! 😮
Если нн знаете он еще ведет програму' парасат майданы'классная программа
@@filters777ещё ведет программу сонгы муза
Аресен, қазақ тіліңіз жап-жақсы деңгейге жетіпті🎉🎉🎉🎉.
Енді подкасттарыңызды осылай тек қазақ тілінде жүргізсеңіздер керемет болар еді.
Акцент деп ұялмаңыз, керісінше өзіңіздей қазақ тілін үйреніп бірақ жұрт қүле ма деп сөйлеуге қорқып жүргендерге жақсы үлгі болар еді
Өте қызық подкаст болды.
Дархан Әбдікпен кей жерде келіспеймін, дегенмен өте білімді, ойы кең адам.
Көп рахмет Арсен, Жомарт.❤❤❤❤
Қанмен келген тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын.
Қанмен келген ана тіл* нағыз азаттықтың ақ туы әлі алда
Дархан мырза, сіздің біздің жазушылар туралы пікірлеріңізбен толықтай келісемін.
Дархан өте дұрыс айтады.Біраз мағұлмат алдым.Үлкен рақмет.
*Жақсы сұхбат болды әдеттегідей, жігіттер рақмет. Жұмыстарың ілгері бассын*
Осы қонақ үшін зор алғыс!🙌🏻 Керемет тұлға екен!🔥🔥🔥 Ойы терең, көзі ашық, саналы, шынымен оқығанын тоқыған адам екен😍👍🏻👍🏻👍🏻
Жигиттер респект!🔥🔥🔥
Умный человек со своим собственным мнением. Побольше таких гостей.
Дархан ағамен діни немесе ұстаным бойынша позициямыз қарама қайшы болса да, осындай пікірі үшін, осындай білімі үшін сыйластығым мол! Өте білімді, өте сауатты кісі
Оның қоғамға жеткізгісі келетіні осы десе болады. Сіз онымен басқа салада келіспесеңіз, басқа мәселе, сауалдарын қолдап, сыйластықпен қарап тұрсыз.
Дәкең кез келген мәселеге сын көзбен қарайды (критическое мышление), тіпті дінге де. Бұдан Дәкеңді дінсіздеу екен деп, теріс бұрылуға болмайды.
Jeltoqsan- 1986, Janaozen- 2011, Qantar- 2022! Umytpaimyz!
Осыны күттім ғооооооой, әкесінің аузы
Рот моего отца😂😂😂
Рот моего отца 😂😂😂
Дархан жеке канал ашып шықсаңыз тыңдайтындар көп, Парасат майданын тыңдап, шықпай қалды деп ойлап жүр едім, куаныштымын.
Дархан ағаны көргеніме қуаныштымын, өтініш жылына тым құрымағанда 1 рет шақырып отырсаңыздар 😄
Алдағы 1.30 сағ.керемет өтетініне күмәнім жоқ. Алғыс!!! ✊🏻
Дархан Әбдік ағамызды сіздерің арнада екінші мәрте көргеніме қуаныштымын!
Дархан ағамызды тыңдаған сайын өзімнің өзгеріп жатқанымды сеземін.
Қазақ елінің ағартушысы.Мен үшін Тұлға адам
Ерекше сұхпат рахмет сіздерге жігіттер Дархан мірзаға ютуб канал ашыуына көмектесыңдер өтініш.
Шын мәніндегі ұстаз бен шәкірттер ортасындағы тәрбие құнды сабақ болды, Дарқан ағаның амандығын тілейік! Сөз ұстар азаматтар көп болса екен🤲🏻!
Соңында “елден кете бер” дегеніне жылағым келіп кетті ғой. Бұл сөзімен көп адамға қозғаушы нәрсе болмады деп үміттенемін.
Біреу-міреу осыны оқыса, “ел жақын арада оңалмайды” деп кете салмай, “мен қалай оңалуына үлес қоса аламын, өз саламда болсын бір кішкене өзгеріс жасасам үлкен істің бір бөлігі болар еді” деп ойласаңыздар жақсы болар еді.
Өзімнің де ел үшін көңілім толмайды, мен тірі кезде түзеліп кетеді деп те сеніммен айта алмаймын, бірақ елдің жоқ болып кетпеуіне үлесімді қоссам да жеткілікті. Өлгенше туған жерімде боламын.
Келісем, бірақ қайта қайта елден кеткіс келеді. Өз салаң бойынша қанша үлес қоссаң да, бәрібір көрінбейтін жұмыс сияқты… Одан басқа, қосатыным, қайда қарасаң да, елде вертикалды билік, акимат болсын, минимтрліі болсын не самрұқ қазынаның компагиясың алсақ, бүккккіл жерде солай.
Балаларға қарасаң, олар тик токта күні бойы отырады. Тәртіп, дисциплина болмаған жерде ел өспейді, білім жоқ, балалар робот сияқты тнк керек жоқ.
Керемет, мына кісінің әр сөзі құнды , көп рахмет сіздерге осы кісімен таныстырғандарыңыз үшін!!! Жиі шақырсаңыздар екен
Әй бәрекелді жарайсындар жігіттер Дархан Әбдік мырзаны шақырғандарына.👏🏻👏🏻👏🏻🇰🇿
Қабірден хат
(Қайрат Рысқұлбековтың монологы)
Армансызбын,
Ажалсызбын,
Азатпын,
Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң.
Ұлтым үшін ұлтарақпын,
Аз десең,
Сүйегіммен, сүтіммен де Қазақпын!
Көкбөрінің сіңіріндей сірімін,
Сол үшін де ажалсызбын, тірімін.
Шындық үшін құрбандыққа шалынып
Шырылдаған құлындардың бірімін.
Талай-талай тоналдым да тапталдым,
Өзімді-өзім жоғалтуға шақ қалдым.
Көк көйлекті көктемде туылып
Желтоқсанда еріп кеткен ақ қармын.
Күңіренсе үн шығады көрден де,
Шертілмеген шерім қанша шерменде.
Өз тіліңде өмір сүріп,
Сонан соң,
Не жетеді өз тіліңде өлгенге.
Мен сұрасам - теңдігімді сұрадым,
Теңдігімнің кемдігіне жыладым.
Ай күзетіп Ару сүйер жасымда
Мен ажалдың құшағына құладым.
Кек алатын кәріден де, жастан да,
Қу тіршілік құпиясын ашқан ба?!
Бауыр қалды өзегіне өртеніп
Ана қалды сүтін сауып аспанға.
Тәуелсіздік - Қазақ үшін ғажап құт,
Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.
Бөрі мінез Бабалардың арманы -
Айналайын, алтын қанат - Азаттық!
Саған құрбан жастығым да, жаным да,
Саған құрбан атпай қалған таңым да.
Тереңдігі қабірден де тереңдеу
Менің қайғым - Қазағымның қанында!
қандай керемет , мың алғыс. сүйегімнен өтіп, жүрегімді тербеп жіберді 😢
осыны салғаныңа мың алғыс. Әйтпесе жалобщиктар көбейіп кетті
АОАОАОАОАОАОАОАОА қанша уақыт күттім, Дөп Сөз тек ТАПАЙ беріңдер. қуаныштымын❤
Керемет сұбхат болды, жанның көзін ашар, нық жауап бергеніңізге мың рақым
Дархан Әбдік ағамыз әлемдік деңгейде тереңнен ой қозғай білетін тұлға
Дархан аға өте білімді екені көрініп тұр. Казак елім алға. Оян қазақ.
Рахмет пікір оқып Шақырғандарыңызға
Басынан аяғына дейін көріп шықтым.Көп нәрсені түсіндім. Білімді азамат.
Өте жақсы шығарылым. Рахмет жігіттер!!! ❤ Өте көп ақпарат алдым. Рахмет Дархан аға. 80 минут как 8 минут сияқты өтті. Қалай нақты жауап береді. Профессионал.
Құлағымның құрышы қанып,өте қатты нәр алып,бітпесе екен деп тыңдап отырмын.Дархан бауырым білімді,іздемпаз,жан жақты,еңбегі жемісті болсын❤Дөп сөз жігіттеріне рахмет👍🤗
Бугин осы Доп созден танертенен бери подкаст куткен едим❤. Рахмет бугинги Тауелсиздик кунине сыйлык болды
❤ Доп Создин жигиттери керемет асиресе шашы бар жигит❤ Жигиттер коп коп Рахмет. ❤
Дискриминация боп кетипти ренжимендерш😂 Биринши соилеген жигит деп айтканым дурыс шыгар. ❤ Кеширим сураим айып етпендер❤
Я думаю что "Парасат майданы" это улучшенная и premium версия "dope soz"😅
Я обеих люблю и смотрю с удовольствием ❤❤❤
Ема🤯 гений
Только там съёмки ужасные) вечно спикеров со спины снимают)
Қайырлы кеш!Дархан ағаны шақырғандарыңызға қуаныштымын. Қайта- қайта тыңдағың келеді. Жақсы подкаст.
Қанат Бейсекеев неге бұл секілді қонақтарды шақырмайды? Дөпсөз, сізге респект
ал шақырды дейік. коммуникация қалай болады? қазақша ма орысша ма? не туралы? декуин мен кисло-сладкийдің шытырман оқиғалары? вайнерлердің пәтер ала алмай жүргені? айқынның тоқал алып мәз болғаны?
@elzhastortayev2392 Қанат қазақша сөйлегісі келеді ғой, оған өзі еш қарсы емес деп сенемін. Сіз жазған Кананың қонақтары ойын-сауық "секторында" жүрген кісілер, яғни бұл бейнедегі қонақ секілді емес. Білемін Қуаныш Бейсектен кейін хейт төкті, алайда сынды қабылдап, Қанат өзін түзейді деген ойдамын. Не дегенмен тіркелуші саны аз емес арнасында
замандас басынан экспертный подкаст емес қой, более медийные личности там. Ал Дөп сөз екі жыл бұрын қалай экспертный болды, қазір дәл солай
Осы күндер қаралы күндер болу керек. Жеті шелпек пісіріп отағасы құран оқыдық. Сол жолда шәйіт кеткен замандастарымыздың сол заманда күйіп тұрған қызыл империяға қарсы шыққан қазақ елі болды осы жағдайдан кейін совет өкіметінің іргесі сөгіле бастаған еді. Алла қазағымызға да жақсы қой үстіне торған жұмыртқалаған бақытты уақыт келер. Немере шөберелеріміз жақсы өмір сүрсе екен деген әжелік тілегім арманым бар.
Дархан ағаны жиі шақырып тұруларыңызды сұраймын 👍
Мыңдаған жаңа нейрондық байланыстар құтты болсын дөпсөздіктер🤯
Дархан , озық ойлы,қоғамға өте көп пайдасын тигізетін Азамат.Ұзақ өмір тілеймін.
Дархан ағамыз тағы да көру мен үшін қуаныш
Дархан Әбдікіктің ойлау қабілеті басқаша .Дархан көрінбей қалса не болып қалды екен деп алаңдаймыз.Аман бол бауырым.
Дархан Әбдік келіп жақсы сұхбат болдығо, Біз жастар ғылыммен философиялық тізгінді қолға алып білімді мемлекетке айналуымыз керек!
Болды ғой*
Рахмет сұхбатқа❤керемет қонақты шақырыпсыздар Дархан аға the best
This episode gonna get platinum in my household
Керемет! Дөп сөзге мың алғыс, қонақ - OG!
Дархан атамды қайта сау көргеніме қуаныштымын❤
Керемет подкаст болды! Рақаттанып көрдім. Дархан Әбдік ағамызды тағы шақырған Жомарт пен Әрсенге мың да бір алғыс! Dope söz #1 подкаст! Ең басында мейрамханаларда тілді талап еткеннен не пайда деген ойымен ғана келіспеймін. Тілді талап етпесек, сол дамымай тіпті күнделікті қолданыстан жоғалып кетеді. Қазақстандағы әр бизнес қазақша қызмет көрсетуге тиісті! Соны бәрі түсінсе, тілдің қолданысы да, арта түседі.
Ал қалған айтқандарымен келісемін. Көп ойландыратын ойлар айтқан Дархан ағаға көп рақмет!
Арқалық туралы анекдотынан өлдім енді 😂😂😂
Мейрамхана демеді, дүкен деді. Сосын ол қазақша білмегені үшін адамды тізерлетіп, қорлап, кешірім сұратпау керегін айтты. Логикаға салсақ та солай ғой, тілге сұраныс зорлықтан емес, қажеттіліктен туындауы керек. Бұған дейін де айтып жүрген ойы ғой. Ұнамаса, басқа дүкенге бар, сөйтіп-сөйтіп өзі-ақ үйренеді, қызмет көрсету мәдениеті солай-солай қалыптасады дегенді меңзеген болса керек. Негізгі мәнді бұрмаламайық)
@@Aaaassssss-m5j ееее, түсінікті!
@@Aaaassssss-m5j бізде дамып кеткен орыс тілі бар кезде қазақ тіліне деген қажеттілік ешқашан туындамайтыны анық, сондықтан оны заңмен міндеттеп талап етуден басқа амал жоқ
@@JaiykBerish Енді соны айтып жүр ғой бұл кісі де. Одан бөлек діншілдіктен, рушылдықтан арылуымыз керек екенін, онсыз дамымайтынымызды айтады!
Бұл шығарылымды барлығы көріп түсініп шықса ғой шіркін.
Дархан Әбдік өте аз көрсетіледі. Мен басқа сұқбат алатын жобаларды еш түсінбеймін, неге шақырмайды?! Әбдіктің сұқбаттары мен ойларын жиі басқа да жерлерден көріп тұруымыз қажет және әлеуметтік жағдайы жақсы болу үшін жеке шыққан дұрыс. Сол жолда бір ұлтына жанашыр демеуші-қолдаушы адам жоқ па? Сметовқа мың жылқы бергендер қайда?) Әр медаль алған спортшыға көлік пен пәтер сыйлайтындар қайда? Демек олардың істері тек “хайп” үшін ғана жасалынады.
Малға достар
Оның көбі діншіл қауым, Дархан Әбдікті тек атеист ретінде біледі. Ғылымға, ілімге қызыққан адам аз. Өз ойын, пікірін ашық айтатын тұлғаларды біздің халық қабылдамайды.
Оте дурыс ашщы шындык
бәрі бірге даму керек, халық та сұрау керек қазақ тілін, билікте ұазақшаға ауысу керек
Дархан аға данышпанғо. Не айтсада еш жалықтырмайды. Жігіттерге рақмет
Әр сөзіне шым-шым етіп, жүрегім ауырып отырды.
Өте қазыналы құнды сұхбат болды. Көптен бері тарих саласы бойынша ойымды мазалап жүрген сұрақтар ға жауап ала алдым. Рахмет
Қай кезде өзекті тақырыптар. Қай кездеде бірнеше рет қайта көруге тұрарлық дүнелер айтылды деп ойлаймын. Тыңдай алатын құлақ болса. Шығарылым үшін көп көп рахмет. Осындай сұхбаттар көп болсын. Әнші, биші, тойдан басқада тақырыптар бар біздің қоғамда.
Один из лучших подкастов за всю мою жизнь! Жарайсындар! Ракмет! С ув Дана Муса, хореограф из Франции
Дархан аға шылым орап бастағанда, True Detectivе-тегі агент Коул есіме түсіп кетті, екі агентке пивоны ашып оқиға айтатын кезі 😂
Дархан Әбдік жүргізетін бағдарламаларды іздеп отырып қараймын. Адамға берері өте мол, таным көкжиегін кеңітіп қана қоймай қоғамдағы кемшіліктерді талдайды. Сізге, “Парасат майданы”, “Соңғы муза” бағдарламалары үшін алғысым шексіз. Менің ойымша сіз өз ю туб каналыңызды ашсаңыз қаралымы жақсы болады дем ойлаймын. Менің 17 жасар ұлым үшін Дархан Әбдік, Ермек Тұрсынов сияқты азаматтар өте қызықты. Аман болыңыз🙏
Физика, химия сабақтарына лабораториялар жоқ. Дәл айттыңыз. Мен советтік кезеңде мектепте оқыдым. Ол кезде де ауылдағы қазақ мектептерінде ешқандай лаборатория болған жоқ. Теориясын айтып 5 алдым. Бірақ мен ол сабақтардың негізі толығымен тәжірибемен бекітілетінін түсіндім.
Бізде бар болды, бірақ бізде бәрі жай ашық сабақ үшін. Балаларды қызықтырып, эксперимент жасамайды, 1 ден оған мұғалімдердің білім беруге деген құштарлықтың жоқтығы деп білемін. Тез тез 45 мин теориямен толтырып, сабағын өткізу болды. Және реакторлар бәрі бар оны қойып қояды, жинап.
При СССР в Бурановской сельской школе был свой телевизионный центр и школьная ТВ студия. В 1975 году получила бронзовую медаль ВДНХ СССР, как одна из самы передовых школ СССР. Понятно, что не все сельские школы были такими, но надо понимать, что сельские школы везде и во все времена уступали и уступают городским школам, именно поэтому в СССР и естественно в КазССР были квоты для сельской молодежи при поступлении в институты.
Это Восточно-Казахстанская область, школа с в том числе классами с обучением на казахском языке
Бізде де болды.Физика.Химия.Астрономия.Не түрлі опыттар жасадық.Өзім орыс сыныбында оқыдым.Қазақ сыныбынада барлығы бірдей білім берілді.Ұстаздарыма мың алғыс.🙏🙏🙏ЗКО.Сырым.Тасқұдық орта мектебі.
Өте керемет жаңа бастап көріп жатырм соңында айтам тағыда ойымды
Нағыз білімді, интеллигент-тұлға. Біздің қоғамда осындай тұлғалар көбейсе, еліміз шынымен дамушы еді!
Ооо Менің ең құрметтейтін жұрналисімғой Дархан Әбдік ағамыз.
Нағыз көруге тұрарлық подкаст болды 👍🏻