Араб тілі грамматикасы Сарф пәні 1-сабақ
Вставка
- Опубліковано 11 лют 2025
- Араб тілінде өзінен бір мағынаны білдірген сөз ( كَلِمَةٌ ) - калима деп аталады. Сөз (كَلِمَةٌ) әріптерден құралып, бір әріптен жеті әріпке дейін болады. Мысалы:
بِ , مَنْ , قَلَمٌ , كِتَابٌ , مَحْمُودٌ , اِجْتِهَادٌ , اِسْتِعْمَالٌ
Араб тілінде де қазақ тілі cияқты түбір сөзге қосымша жалғану арқылы сөздер жасалады.Бірақ түбір сөздің тек соңындағы әріпке емес, ортасындағы немесе алдындағы әріпке де жалғануы мүмкін. Қазақ тілінде жұмыс сөзіне “шы„ , “орны„ , “тар„ қосымшаларын жалғап, «жұмысшы», «жұмысорны», «жұмыстар» деген түбірлес сөздерді жасаймыз.Осыған ұқсас араб тілінде де " عَمَل " сөзіне" ا " , " م " , " أ " әріптерін жалғап,أَعْمَالٌ , مَعْمَلٌ , عَامِلٌ сөздерін жасаймыз.
Түбірге жалғанған әріптер - сөз тудырушы қосымша әріптер деп аталады. Сөз тудырушы әріптер сөздің алдына, ортасына, соңына жалғанады. Қосымша әріптер жалғанғанда сөздің түбірінің әрекеті және сукундары өзгереді. Сөздің түбіріне сөз тудырушы қосымша әріптер жалғанып, оның әрекеті және сукундары өзгергеннен кейін, сөздің түбірі және қосымшасы қайсысы екенін ажыратып алу үшін, өлшем ойлап табылған. Мысалы: " مَدْرَسَةٌ " сөзінің түбірі " دَرْسٌ " сөзінен шыққанын өлшем арқылы білеміз.
Өлшемде ف , ع , ل түбір әріптерімен белгіленіп, сөздің әрекеті мен сукундары өзгеріссіз, сол қалпында көшіріледі. Мысалы: " عَمَلٌ " сөзінің бірінші әріпін" ف ", екінші әріпін " ع ", үшінші әріпін " ل " әріпімен белгілеп, әрекеттерін өзгертпестен көшіргенде, " فَعَلٌ " өлшемінде болғанын көреміз. Мысалы:
عِنَبٌ اُذُنٌ جُبْنٌ حِبْرٌ دَرْسٌ وَرَقٌ
فِعَلٌ فُعُلٌ فُعْلٌ فِعْلٌ فَعْلٌ فَعَلٌ
Түбірге жалғанған сөз тудырушы қосымша әріптер өлшемде өзгерусіз көшіріліп көрсетіледі. Мысалы: " عَمَلٌ " сөзінен жұмысшы мағынасындағы " عَامِلٌ " сөзін жасау үшін, бірінші әріптен кейін " ا " әріпі жалғанған болса, өлшемде де " ف "әріпінен кейін " ا " әріпін жалғап көрсетеміз. Мысалы:
مَعْمُولٌ مَعْمَلٌ اَعْمَالٌ عَامِلٌ
مَفْعُولٌ مَفْعَلٌ اَفْعَالٌ فَاعِلٌ
істелген іс жұмыс орны Жұмыстар жұмысшы
Сөздің түбірінің бірінші әріпі өлшемде" ف " әріпімен белгіленгені үшін, сөздің біріншісі “фасы”,екіншісі “айны”, үшіншісі “ләмі” деп аталады:
Ма шаа Аллаһ! Аллаһ разы болсын!
Керемет бауырым Алла тағала береке берсін істеріңзге
Алла разы болсын Устаз! Тусінікті жеткіздіңіз мә шаа Алла.
Жаксысабакракметсизге😢😢
Жіліктеп майын шағып бердің ❤ жарайсың 👍🏻
Ассаламугалаикум Кулсары каласынан оте жаксы тусындырме
МАА ШАА АЛЛАХ АЛЛАХ РАЗЫ БОЛСУН МЕНДА КАТЫШАТ ЭЛЕМ
МашаАлла
Сабақ өте түсінікті,👍
Ойнау,күлу сияқты у ға аяқталған сөздер етістіктің тұйық райы
Рахмет Алла разы болсын сізге
Ассаләму алайкум варахматуллахи вабаракатух устаз сабақтар керемет мәшәаллах устаз сізбен қалай байланысамын
Ассаламуалайкум! Сабақты өте керемет түсіндіріпсіз. Енді дәріс ары қалай жалғасын табама?
Ұстаз толық сабақты қайдан аламыз мында тек 7 сабақ
өте жақсы түсындіреды екенсыз ұстаз уатсап, телеграм, гүгул метпен дәріс бере аласызба ақыды болсада қатсамын Алла бұйырса
ол дүние болашақта жоспарымызда бар. егер интернет желісінде сабақ алатын топтың саны бірнеше адамға жетсе бастауға болады иншаалла
ұстаз менде сабақ алғым келеді келесі сабақ шығама
Ассаламу алейкум, қандай китаб, пдф форматта бар ма?
t.me/+0UE-uOfvW8gwMWM6
@@nursultankasimov рахмет Алла разы болсын
Әссәләмуағалейкум, қандай кітап бойынша түсіндіріліп жатыр. Кітап қандай
Қазақша мабдаус саррф
Ұстаз мен 140-28деген сандарды түсінбей жатырмын олар қайдан пайда болды?
Қай минуттарында.
Олар бір сөзден туындайтын сөздердің кейбірінің сандары
Ұстаз сабақ өтіп жатқаныңыз қандай кітап ?
Ассаламу алейкум, китап қандай екен аты?
Ия кандай кітап
Киындау сияктыгои
Ассаламу алайкум Нурсултан ватсап номер жазасызба