ӘЙЕЛ СҮЙСЕ ӘЛСІЗ, АЛ СҮЙІКТІ БОЛСА…|ӘЙЕЛДЕР ТУРАЛЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕР|афоризм|цитата|дәйек сөз

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 лис 2024
  • 🖋️ Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,
    Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.
    Ілмелеп салған жерден кекесіндеп,
    Қылады ұрыс, жанжал сөздің артын.
    Кетеді таң атқан соң өсек бағып,
    Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтсаң,
    Жүреді теріс қарап жылмың қағып.
    Ақан Сері
    🖋️ Әрбір қыз мына екі нәрсені міндетті түрде білуі керек: кімді және нені қалайтынын.
    🖋️ Әйелді басқарудың екі жолы бар.
    Бірақ оны ешкім білмейді…
    🖋️ Ерінің таңданысы мен махаббатына бөленген әйел құлпырғанның үстіне құлпыра түседі.
    🖋️ Әйелдер - өздері білмейтін құпияны ғана сыр ретінде сақтай алады.
    🖋️ Әйелге, өзін сүйікті сезіну үшін, оған үнемі көңіл бөліп отыру керек.
    🖋️ Жұмағы бұл дүниенің - жақсы қатын,
    Шығарса ағайынға жақсы атын
    Гүл жүзді, шырын сөзді нәзік болса,
    Түзетсе үй-мүлкінің салтанатын.
    Мәшһүр Жүсіп Көбейұлы
    🖋️ Ақылсыз еркек көп ақша тапса бұзылады,
    Ақылсыз әйел бұзылса көп ақша табады.
    🖋️ Әйелсіз үй - жарықсыз дүние.
    🖋️ Алғаның жаман жолықса,
    Үйіңнің іші шаң болар,
    Ісіңнің бәрі қам болар.
    Сол әлімен тұрмайды,
    Киім таңдап паң болар,
    Әңгіме, жанжал қоздырар,
    Өзгеден өзін оздырар,
    Жиынға киер жібекті,
    Тезек теріп тоздырар.
    “Қай жеріңнен тойдым” деп,
    “Не көрсетіп қойдың” деп
    Тағы өзіңді жазғырар.
    Майлықожа Сұлтанқожаұлы
    #афоризм #цитата #дәйексөз #нақыл #дәйек #нақылсөздер #нақылсөз #дәйексөздер #афоризмдер #цитаталар #шешендік #шешендіксөздер #қазақшацитата #қазақшанақылсөз #нақыл #шешендіксөздер #өмірлікқуат #өміртуралы #әйелдер #әйелдержайлыданалық #әйел #әйеләдемілігі #әйелдерданалығы

КОМЕНТАРІ •