Жезқазған қаласында көне қобыз табылды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 вер 2024
  • Үш ғасыр бұрын жасалған музыкалық аспап атақты бақсы, дәулескер күйші Досымбай Итемгенұлына тиесілі.
    Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келген құнды жәдігер қазір бақсының бесінші ұрпағы Дастанбек ақсақалдың шаңырағында тұр. Қария дүниеден өткенімен, бәйбішесі Зипан әже қара қобызды көзінің қарашығындай сақтап келген.
    Зипан әжей көненің көзі болған киелі аспапты қадір тұтып, ақ матамен қаптап, төрге іліп қойған. 200 жыл бұрын жасалған қара қобыздың шектері босағаны болмаса, сынын бұзбаған. Жиде ағашынан тұтас шабылып, төменгі жағы терімен қапталыпты. Еспесі мен ысқышы жылқы қылынан тартылған. Ал құлақ бұрауының тұсында шолпылары және шанағында айнасы бар. Яғни осыған қарап-ақ бақсының қобызы екенін аңғаруға болады. Досымбай бақсы оны XIX ғасырда Баржығұл деген шеберге жасатқан екен. Кейін немересі Жұмаділдаға аманаттаған.
    Зипан Досымбаева, Жезқазған қаласының тұрғыны:
    - Ол кісі 82 жасында қайтыс болыпты. Осы Жұмаділдә атам 2-3 жастағы немересі екен. Сонда ол кісі: «Осы қобызды мына Жұмаділдәға беріңдер», - деп айтыпты.
    Кейін киелі аспап Жұмаділдә ақсақалдан баласы Дастанбекке өткен. Ал ері өмірден озған соң, әулеттің келіні Зипан әжей қара қобызды көзінің қарашығындай сақтайды. Тіпті 1973 жылы Ленинградтан орыс зерттеушілері келгенде де бермепті. Жергілікті мұражайға өткізуге де үзілді-кесілді қарсы болған.
    Ғабдол Әуезов, тарихшы, археолог:
    - Досымбайдың өзінің киесі бар деп айтылады халық арасында. Мүмкін сол себептермен мұражайға өткізбеуі әбден мүмкін. Бақсылардың қобызы. Белгілі бір ерекшеліктермен жасалған.
    Ұлытау бойында қобыздың қоңыр үнін күңіренткен Досымбай бақсы - кешегі Қорқыт бабадан, Қойлыбай күйшіден қалған дәстүрлі өнерді жалғастырушы. Аты қазақ даласына аңыз болып тараған соңғы бақсылардың бірі екені ақиқат. «Алайда оның тұлғалық бейнесі әлі күнге толық зерттелмей жатыр», - дейді тарихшылар. Ал көне қобыз - Досымбай бақсыға қатысты ашылған алғашқы жаңалық.
    Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов

КОМЕНТАРІ • 6

  • @ГалымАлиханов
    @ГалымАлиханов 4 роки тому +9

    Тамаша керемат

  • @kazakhstan91
    @kazakhstan91 2 роки тому +1

    👍👍👍👍👍

  • @user-ep8bb2uz9s
    @user-ep8bb2uz9s 2 роки тому +1

    Казир берудин кажети жок себеби сатып жибереди, башылар аш каскырлар сиякты

  • @timthegr8est828
    @timthegr8est828 Місяць тому

    Орыстар алып кеткенде қйын болар еді

  • @КулзадаБегжанова
    @КулзадаБегжанова 2 роки тому +1

    Коне кобыз казынагои таптырмаитын.