Армысыздар ағайын! Мен Қанат Ержігітов Домбыра ұлттық телеарнасының басшысымын. Домбыра ұлттық телеарнасы қазақтың даласы Ертіс пен Атырау, Сарыарқа мен Жетісу аралығындағы, тарихты, ән-күйілерді, жыр-термелерді, жинастырып тәулік бойы телеарнадан насихаттауда. Домбыра ұлттық телеарнасын мемлекет қамқорлығына алу мәселесін Парламент мінбесінен қозғасам шешімі табылады деген үмітім бар. Жеті баланың әкесі ретінде ұрпақ тәрбиесіне алаңдай отырып, "Көзден кетсе көңілден кетеді" деген нақыл сөзді бағдар ете отырып, өскелең ұрпағымызға мәдениетімізді ұлттық сананың дәйегі ретінде көрсету, көңіліне тоқыту біздің борышымыз деп түсінемін. Менің арманым Қазақтың ұлан байтақ даласының тау-төбешіктерінің, өзен-суы мен көлдің атаулары неге осылай және дәстүрлі ән-күйімізді, жыр-термемізді жазып алып, өскелең ұрпағымыздың салт-санасын ұлттық болмыспен жаңғырту. Сабыр Адай ағам айтпақшы «Әр қазақ менің жалғызым» Алматы қаласындағы Медеу, Бостандық, Наурызбай аудандарында тұратын туған-туыс, құда- жекжат, дос-жарандар болса, бөлісіп жіберсеңіздер! Қадірменді ағайын, Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды.
Армысыздар ағайын!
Мен Қанат Ержігітов Домбыра ұлттық телеарнасының басшысымын.
Домбыра ұлттық телеарнасы қазақтың даласы Ертіс пен Атырау, Сарыарқа мен Жетісу аралығындағы, тарихты, ән-күйілерді, жыр-термелерді, жинастырып тәулік бойы телеарнадан насихаттауда.
Домбыра ұлттық телеарнасын мемлекет қамқорлығына алу мәселесін Парламент мінбесінен қозғасам шешімі табылады деген үмітім бар.
Жеті баланың әкесі ретінде ұрпақ тәрбиесіне алаңдай отырып, "Көзден кетсе көңілден кетеді" деген нақыл сөзді бағдар ете отырып, өскелең ұрпағымызға мәдениетімізді ұлттық сананың дәйегі ретінде көрсету, көңіліне тоқыту біздің борышымыз деп түсінемін.
Менің арманым Қазақтың ұлан байтақ даласының тау-төбешіктерінің, өзен-суы мен көлдің атаулары неге осылай және дәстүрлі ән-күйімізді, жыр-термемізді жазып алып, өскелең ұрпағымыздың салт-санасын ұлттық болмыспен жаңғырту.
Сабыр Адай ағам айтпақшы «Әр қазақ менің жалғызым»
Алматы қаласындағы Медеу, Бостандық, Наурызбай аудандарында тұратын туған-туыс, құда- жекжат, дос-жарандар болса, бөлісіп жіберсеңіздер!
Қадірменді ағайын, Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды.
Һһ