ӨТІРІК АЙТЫП ТҰРҒАН АДАМДЫ ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 сер 2024
  • Адамның өтірік айтып тұрғанын қалай білуге болады?
    Бетін ұстап, сипады
    Адамдар өтірік айтқан кезде, маңдайын сүртіп, шашын түзеп, мұрнын қасиды. Олар осындай жолмен қалай толқып тұрғанын жасыруға тырысады. Бәрінен де, өтірікті жасыру үшін қолданылатын ең көп таралған қимыл - ауызды қолмен жабу. Осылайша, адам сүзгіден өткізу секілді, өз өтірігін жеңілдетуге тырысады.
    Жиі жыпылықтап, көзін жасырады
    Жасыратын нәрсесі бар адам көзге тік қарай алмайды. Өтірік айтып тұрған адамның көзқарасы бір затта тоқтап тұрмай, жан-жаққа жүгіріп тұрады. Егер адам көзін жыпылықтатса, бұл да ойлануға себеп болады. Бұл - өтірікші өзін ыңғайсыз сезінеді деген сөз. Ол өтірік айтып тұрғандықтан, әңгімені мүмкіндігінше тезірек тоқтатқысы келеді.
    Жиі жөтеле береді
    Стресстік жағдайда адамның аузы құрғап, құрғақтық мазала бастайды. Сол кезде ол жөтеліп, ернін жалай береді.
    Қолында бір нәрсені айналдырып тұрады
    Әдетте, өтірік айтып тұрған адам қолын тыныш ұстай алмайды.
    Сөйлеуін өзгертіп, кідіріс жасайды
    Адамдар өтірік айтып жатқанда, олардың сөзі жиі өзгереді. Олар дабырлап сөйлеп немесе сөздерді соза айта бастайды.
    Өзіне-өзі қарама-қайшы келу
    Адамның өтірік айтып тұрғанының белгісі - оның қимылы мен бет-әлпетінің әңгіменің жалпы бағытымен сәйкес келмеуі.
    Әңгімені басқа тақырыпқа ауыстырады
    Өтірік айтып тұрған адам әңгімені мүлде басқа тақырыпқа ауыстырып әкетеді. Ол басқа нәрсе туралы әңгіме қозғай отырып, өзіне жағымсыз тақырыпты жабуға тырысады.
    #өтірік #өмір #пайдалыкеңестер

КОМЕНТАРІ • 5