ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ ТАЛАПТАН АХМЕТЖАН ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ
Вставка
- Опубліковано 10 лис 2024
- Әкеміз Талаптан Ахметжан 1961 жылы желтоқсан айының 16 жұлдызында ШҚО, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында дүниеге келді. Атамыз Зейнолда Ахметжан елге сыйлы адам болған еді.Ол совхоздың жұмысынан қаншалықты шаршап келсе де әкемізге батырлар жырын әндетіп оқыған екен. Әкем сол жырларды естіп өсіп, бала кезден әдебиетке деген құштарлығы зор болған екен. Атамыз құдай қосқан жары Биғани Ысқаққызымен Нәзигүл, Мәрәмгүл, Жаңыл, Үміт, Талаптан есімді 4 қыз 1 ұлдарын өсіріп, өнегелі тәрбие беріп, ата аналық міндеттерін абыроймен атқарады. Әкеміз Талаптан үйдің кенжесі еді. 8 сыныпта оқып жүрген кезде анасы қатты сырқаттанып, дүниеден өтеді. Анасынан ерте айырылған әкем Өскемен қаласындағы Ж.Жабаев атындағы мектеп интернатына түседі. Анасына деген сағынышын, мұңын, қалам ұстап, өлеңдер мен әңгімелер арқылы, хат алысқандай бастап, бірте бірте осындай жолмен прозаға да келген... Ең алғашқы әңгімесі “Боранды түн” соның дәлелі. Байқап отырсақ, кейін шыққан әңгіме, повестьтерінің де сырлы мұңға толы болуы осыдан екен... Жазушыларды да таңдаған кезде де жанына жақындарын іздеген. Ұлы жазушылармен қоса, замандасы, жерлесі, Оралхан Бөкейдің шығармаларымен өзінің ой -өрісі ұштасқан еді. 1979 жылы мектеп-интернатты бітіріп, Өскемен құрылыс-жол институтына оқуға түседі, институтты тәмәмдаған соң, құрылыста мастер болып жұмыс істейді. Құрылыста істеп жүріп, өзінің өлеңдер мен новелла, әңгімелер мен прозалары облыстық газет бетіне жиі шыға бастайды. Көп ұзамай, 1987 жылы Шығыс Қазақстан облыстық телерадио комитетінде редактор болып үш жыл қызмет атқарады. Әкеміз өз еңбегіне аса жауапкершілікпен қарайтын, атқарған жұмысына өте адал еді. Сол жылдары 1990 жылы “Лениншіл жас” қазіргі (Жас Алаш) газетіне үш облыстың (ШҚО/ Семей/Павлодар) меншіктік тілшісі болуға Уәлихан Қалижан шақырған екен. Алматыдағы «Қазақ әдебиеті» газетінің қызметіне шақыру да сол кезде келіпті. Уәлихан Қалижан әкемізді жібергісі келмей, араға сол кездегі Жазушылар Одағының хатшысы Әкім Тарази түсіп жүріп, әкеміз бұрыннан армандаған, “Қазақ әдебиетінде” бөлім меңгерушісі болып қызметке тұрды. 1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне шақырылып, Бас маман болып үш жыл қызмет атқарады. 1996-2001 жылдары «Парасат» журналында Бас редактордың орынбасары болып, 2002 жылы 27 сәуірде шақырылған Қазақстан жазушыларының кезекті ХII құрылтайында Қазақстан жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланады. 2005 жылдан бастап «Әдебиет айдыны» газетінің Бас редакторы 2007 жылы 6 маусымда шақырылған Қазақстан жазушыларының кезекті ХIIІ құрылтайында Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары болып қайта сайланған. Сонымен қатар «Ан Арыс» баспасының Бас редакторы қызметтерін атқарады. Әкеміздің тұңғыш «Тұма» кітабының шығу тарихы ерекше еді. 1982 жылы бастаған әңгімесін бірнеше рет газетке береді. Алайда, әңгіменің көркемдік дәрежесі төмен болғандықтан, газетімізге пайдалана алмаймыз деген хат Проза және сатира бөлім меңгерушісінен келген екен. Содан бірнеше жылдар өте 1987 жылы сол кезде Алматыда болған Дидахмет Әшімхановпен хат алысып, соның бір хаттарының ішінде (“Тұманы” сол күйінде бастыртып алдым. Қазір өзімше өңдеп жатырмын.Прокаттан машинка алып, өзім бастырмақ болып едім, шарқыш бірдеңе екен, дұрыс баспай, есімді шығарып жүр. Мен басып жатқан машинкада қазақ әріпі жоқ, қолмен түзетіп жатырмын. ) деп сырласқаны бар еді. Кейін Алматыға көшіп келгенде бауырындай қамкор болып, әрқашан қол ұшын аямай, отбасымен араласып кетті. Жылдар өте келе он төрт жыл өткен соң әкеміз Талаптан Ахметжан өзінің “Тұма” атты әңгімелері мен хиқаяттары үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанады. 1988 жылы «Жігер» фестивалінде жүлделі болып, 1995 жылы Қазақстан жазушылар одағы Оралхан Бөкей атындағы сыйлықтың иегері, 2002 жылы «О дүниенің қонағы» атты кітабы үшін, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы иегері атанды, 2005 жылы Елбасының “Ерен еңбегі үшін” атты медальімен марапатталды. 2008 жылы Халықаралық “Валентин Пикуль» атындағы сыйлықтың лауреаты.
Әкемнің «Сұлу мен суретші», «О дүниенің қонағы» , «Ақиқат жолы» , «Мұң» прозалық кітаптары, Таңдамалы шығармаларының үш томдығы жарық көреді. Жас кезінде Театр сахнасында кейіпкерлер образын сомдаған әкеміз үшін «Сұлу мен суретші», «Екі жүрек», «Тазша бала», «Қараторғай» пьесаларының мемлекеттік театр сахналарына қойылым болып шығуы заңдылық па екен деймін. Әкемнің жарыққа шыққан әр әңгімесі, әр повесі, әр пьесасы ақындық нәзік жүрекпен, өмір тылсымын терең меңзеп, сол жұмбақты кейіпкерлердің тағдыры, ішкі жан дүниесі, болмысы, табиғаты мен өзіндік ақиқаты жөнінде өзінің ой түйінінен жазылған. Ол суреткер бола тұра, адам жанын табиғатпен ұштастыра, тылсым күйінде құпияларын бейнелеп, шебер суретттей білген.
Марқұм Талаптан тамаша азамат болатын. Жатқан жері жарық болсын
Ағатай , жатқан жерің жайлы , топырағың торқа болсын !
Құс жетпес , Алтайдың Ақиығына ,
Қонатын , күміс баулы тұғырына .
Айырылдық қапияда , ағамыздан ,
Не шара , бір Алланың бұйрығына .
Жаның жəннəттə болсын , Ағатай !
Иманды болсын
Қайран жастық.Талаптанмен Өскеменде,Жамбыл мектеп интернатында быр класта оқып едік.Талаптан мектеп қабырғасында жүргенде ақ әдебиетке жақын еді.Қарапайым,ұяң мінезімен достарының арасында беделді,силы еді .Класстасымның жарқын бейнесі бәріміздің жадымызда мәңгіге қалары сөзсіз.Қабірің жарық,жатқан жерің жайлы болсын Талаптан.
Насимолда Бакиннің өлең жолдарын , өзіңе арнадым
Талаптан ағамен таныс болмағаным өте өкінішті. Алайда, осы керемет кісіге айтатын алғысым орасан зор! Сізге, сіздің қызыңызға арнап шығарған өлеңім (орысша болғаны үшін кешірерсіз):
Тому отцу, чья дочь дороже мира
С прелестным дивным именем Ляззат
Хочу сказать огромное спасибо
Я возвратясь на много лет назад
Вы подарили жизнь и были вместе с нею
Когда Ляззат училась и росла
Она умом и красотою всех пленила
Всё потому, что Ваша дочь - в отца
"Путь истины" Вы "Двум сердцам" открыли
Им жить счастливой жизнью суждено
И яркою звездою всем светили
Тем, кто был рядом с Вами, очень повезло!
В слова облечь мечтания и грёзы
Умеет только истинный талант
Вы даровали всему миру свою прозу
Такую же чудесную, как Ваша дочь Ляззат
И я хочу так искренне, так тонко
Сказать, о чём в словах не говорят:
Ростки стараний Ваших дали всходы
Три дочери и сын - Ваш райский сад!
ИМАНДЫ БОЛСЫН
Здравствуйте! Как связаться с родственниками? Я внучка дяди, хотелось бы найти родственников
Здраствуйте! Уау, здорово, спасибо, что написали. А можете подсказать имя дяди…мой аккаунт в инстаграмме @tos_kano, можете написать в дайрект)
@@aigerimakhmetzhan4711 🙏🙏Мукатай Сабырбаев, а его жену зовут Куляш