ҚАБАНБАЙ БАТЫР ЖАЙЛЫ ЖАНТҮРШІГЕРЛІК АҚПАРАТ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 6 лип 2019
  • Өмірінде 103 мəрте жекпе-жекке шығып бірде бір рет жеңілмеген атақты Қабанбай батырдың қанды жорығы туралы сізге білген дұрыс! Ендеше кеттік
    Қарға тамырлы қазақ қай заманда болсын батырдан кенде болмаған.
    Азуын айға білеген небір хандардың өзі батырлардың сөзін тыңдап, кеңесіне құлақ асқан. Сондай қаһармандардың бірі де бірегейі Қаркерей Қабанбай батыр. Жоңғар мен қара қытайдың есін шығарып тырқырата қуған оның сұсты бейнесі сыртқы жауларымызға үрейдің символындай көрінеді. Оның өзге батырлардан ерекшелігі тек дене қайратының күштілігінде емес, сол денесіндегі қалың қылдай түктері еді. Ол жастайынан өмірдің ащы дәмін татып өсті.
    1702 жылы Барлықтағы алғашқы шайқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып қойып, ақыры ауыр жарақаттан о дүниелік болады. Бұл кезде Қабанбай он бірге жаңа толған еді. Даңқты батыр Қожақұл өмірден өткен соң ел арасынан бірлік кетіп, оны көріп отырған ойраттар ел жұрт аманда тапа тал түсте қазақ ауылдарын емін еркін тонап, білгендерін істеуді шығарды. Бірлігі кеткен ауылдарды ойрандап, пәк қыздарын күң, бек ұлдарын құл етуге көшті. Олар сонымен қоймай кезекті жорықта Қабайнбайдың ағасы Есенбайды аяусыз қорлап өлтіреді.
    Бұл жас жігіт үшін орны толмас қасіретке айналды. Әкесі өлген соң жалғыз сүйеніші болған Есенбайдың қорлықпен өлтірілуі Қабанбайдың жүрегіне қан қатырды. Ағасының кегін алмақ болған ол жаудың ортасына жалғыз барып, ағасын өлтірген қалмақты іздеп жүріп тауып алып, басын кесіп тастайды. Бұл тек бастамасы ғана болатын. Оның бұл жүрекжұтқан ерлікке толы сапары ел ішінде аңыз болып тарап, ол бірте бірте қалмақтарға да жетеді. Енді кіп-кішкентай Қабанбайдың даңқы қалмақтарға қорқынышты болып көріне бастайды. Оның ерлікке толы ғұмыры осылай басталған еді. Қалың керейлер арасында тұрып, Ханбибіге үйленеді.
    Қабанбайдың даңққа толы жұлдызды шағы жоңғарларға қарсы бүкіл қазақ халқының азаттық қозғалысы кезінде анық көрінді. Жастайынан қалмақ десе қаны басына шабатын батыр «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары жоңғарлармен аяусыз күреске түсті.
    Нақтырақ айтқанда 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның ең сенімді батырларының біріне айналады. Қанды жорықтардың бірінде ерекше дараланып жауға шапқанда бұл ісіне сүйсінген Абылай хан оны Дарабозым деп атайды. Бұл 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасы болса керек.
    Жеңісті жорықтар одан әрі жалғасып 1751 жылы Ұлы жүздің жасағын өзіне қосып алған 2 түмен қазақ әскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкент қаласында Төле бидің билікке келуіне жәрдемдеседі. Сонымен қатар Шыршық аймағында Жоңғария жеріне құлдыққа айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты аман есен құтқарып қалады.
    Бұл кезде хандық іші алатайдай бөлініп үш жүздің игі жақсылары өз өзімен қырқысып, үлкен хан тағына таласа бастайды. Ресей болса жергілікті сұлтандардың қолтығына су бүркіп оларды Әбілқайыр ханға қарсы қойып, осы арқылы Кіші жүз жерінде хандық биліктің жойылуын тездетпек болады. Бұл ойын Әбілқайырдың өлімімен аяқталады. Қанды оқиғадан соң Қабанбай Барақ сұлтанды ханның өлімі үшін кінәлап, жоңғардармен ауыз жаласуға ұмтылуын сынға алады. Бұл да Қабанбайдың саяси сипатын көрсетті. Ол ешқашан өзге елдің бодандығын қабылдамаған адам. Оның таңдауы не өлім, не бостандық ұрандары секілді естіледі. Оның ел ішіндегі абыройының өскендігі сондай үш жүздің ханы онымен санасуға, ақылына құлақ асуға мәжбүр болды. Бұл ел басына күн туған сәтте ер етігімен су кешкен қысылтайаң шақ, ердің майданда шыңдалатын сәті еді. Бас басына би болған төре тұқымдарының аруағы қашып, елдің ауыр жүгі қарадан шығып хандыққа көтерілген батырлар мен билерге артылған дәуір болатын. Міне, дәл осы кезде Абылай хан бастаған қазақ батырларының алтын ғасыры туды. Олардың ерліктерін әйгілі жыраулар жырға қосып, нағыз ертегідей айтылды. Бұл тірі аңыздар болатын. Олардың көш басында ту ұстаушы Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар тұрды.
    1750 жылдан кейін қазақ даласын, әсіресе оңтүстік аудандардағы қалалы аймақтарды жоңғарлардан азат ету майданы басталды. Бұл ұзаққа созылған соғыстың соңғы эпизодтары болатын. Жоңғарлар өз ішінде
    ыдырап, одан қала берді Қытай империясы тарапынан қатты теперіш көрді. Өз басымен өзі қайғы болған жоңғарлар қазақ даласында бекінген пунктерден бірте бірте шегіне берді. Енді ол бекеттерді қорғайтын әскерлер отандарына, Жоңғарияға қайтуды армандай бастады. Жер жерден бас көтерген қазақтың жаужүрек жігіттері жоңғар қосындарын талқандап кетіп жатты. Толығырақ Видеода...
    #ҚАБАНБАЙ
    #БАТЫР
    #Қазақ

КОМЕНТАРІ • 145

  • @user-th3pv2uh3i
    @user-th3pv2uh3i 6 місяців тому +5

    Батыр Атамыздың жаны жәннатта топырағы торқа болсын

  • @user-wu6iv9qc6e
    @user-wu6iv9qc6e 3 роки тому +46

    "ҚАЗАҚТА НАЙМАН ҚАБАНБАЙДАН АСҚАН БАТЫР ЖОҚ ҮЙСІН ТӨЛЕДЕН АСҚАН БИ ЖОҚ"
    МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ

    • @user-qz1zm7en6h
      @user-qz1zm7en6h Рік тому +3

      Мәшһүр Жүсіп
      Атамыздан асқан
      Сәуегөй жоқ шығар.
      Аруақты бабамызға
      Аллаһ тың нұры жаусын!!

    • @ganituktibaev7808
      @ganituktibaev7808 Рік тому +4

      Казакта батыр коп

    • @fddfdf8542
      @fddfdf8542 Рік тому +1

      @@ganituktibaev7808 ерекше ьатырдың быры қабанбай батыр, есен келды бй батыр секылдыны

    • @ganituktibaev7808
      @ganituktibaev7808 Рік тому

      Жанкожа батыр Жалантос Баhадур Актан батыр ше

    • @user-yt1tg6ob6o
      @user-yt1tg6ob6o Рік тому +1

      @@ganituktibaev7808 ешкім жетпиді Қабанбайға казіргі тілмен айтқанда рекорд жаңартқан кісіғой

  • @user-ix1rj9ix3z
    @user-ix1rj9ix3z Рік тому +6

    Қарабетті аударып, қырқыздың бетін біржолата қайырған екен. Батыр Қабанбай бабамыздың жаны жәннәттың төрінде болсын. Әумин 🤲

  • @user-gh8xg2vi4m
    @user-gh8xg2vi4m Рік тому +29

    Казак батыр. аталарымыздын. Жандары. Жанатта болсын. Казактын. Елын. Коргайтын. Батырларымыз. Кобие. Берсын.

  • @user-pj3zk7ej4h
    @user-pj3zk7ej4h Рік тому +8

    Қабанбай батырымыз болмағанда қазақ елі кім болады екен. Құл болып кетушімеді жоқ әлде мұлде құрып кетермеді? Міне сол сұрақ манызды қазаққа. Ел қорғайтын батырларымыз көп болсын ағайын. 👍💪

    • @user-tz9il9di1d
      @user-tz9il9di1d 4 місяці тому +1

      Қалмақ,жоңғар соғысында ерлік көрсетіп ел аузында қалған адай батырлары да көп болған.оның ішінде ерҚосай бастаған адайдың барлық руынан ел ішінде аты қалған ерлерімізді білеміз.тіпті олжадан әкелінген қалмақ қызынан тараған ру да бар.Әбілқайыр хан адайдың қызы Бопай деген апамызды алған .оны орысқа сатылған Барақ сұлтан өлтіргенде оны жазалауға Адайдың төрт батыры түн ішінде барып сақал мұртын күзеп ,сырғалығын(азандығын)тіліп ,өлімнен де ауыр қылып тірі қалдырып кеткен.

    • @user-pj3zk7ej4h
      @user-pj3zk7ej4h 4 місяці тому

      @@user-tz9il9di1d Бүндай өтірік аңызды ел арасында естімептім.Айтарың болмағасон өзің ойлап тапқансыңба?

  • @boosboos636
    @boosboos636 3 роки тому +34

    Осындай батырларымыз туралы сериял кино тусирсегой жаксы качествамен барлык ел билер еди Казактын тарихын

  • @user-wj9tb1wh5m
    @user-wj9tb1wh5m Рік тому +5

    НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗ ЖАНДАРЫ ЖАННАТТА БОЛСЫН ӘУМИН!

  • @user-ze8sh4fu5e
    @user-ze8sh4fu5e 2 роки тому +59

    Қайран елім, қайран жерім, осы жер үшін қанын төккен қайран хандарымыз бен батырларымыз, жатқан жерлері жайлы болып, жандары жаннатта болсын! Тәңірім бізді қолдасын, қорғасын, ата-бабаларымыздың аруағы қолдасын, қорғасын елім жерім деген азаматтарды, ал кім осы елге, жерге сатқындық жасаса, соны ата-бабаларымыздың аруағы атсын.

    • @user-fb6tu8bd2k
      @user-fb6tu8bd2k Рік тому

      Керемет айтылған сөз 👌Амин🤲

    • @user-fs7dq5xl4s
      @user-fs7dq5xl4s Рік тому

      @@user-fb6tu8bd2k зы́дб не а2э

  • @user-og7sz2bw3d
    @user-og7sz2bw3d Рік тому +27

    Ең керемет батырғой. Барлық қазағымизда осндай жігермен. Куш . Журек болса екен.

  • @user-ft6pf7ku4e
    @user-ft6pf7ku4e Рік тому +10

    Әруағыңнан айналайын Қабанбай батыр баба әруағыңызға мың рет тағзым етсек те артық болмайды жаныңыз жаннаттан болсын арда туған асыл ер батыр баба

  • @user-ce7wq5qk6m
    @user-ce7wq5qk6m Рік тому +12

    Жаны жәннатта болсын

  • @user-xh1hv1bk8i
    @user-xh1hv1bk8i Рік тому +10

    Батыр бабамыэ иманды болсын керемет барлык кахактын мактанышы

  • @user-pv9ve2lt2p
    @user-pv9ve2lt2p Рік тому +7

    Али Казактан талай батырлар шыгады ИншАлла

  • @user-vh7nf3wx9p
    @user-vh7nf3wx9p Рік тому +6

    Жарасің батырым

  • @Asylzhans
    @Asylzhans Рік тому +6

    Алтын құрсақты рухы өр ерлеиіміз көп болсыр, ұлттық идеология дұрыс жолға бағыт алсын. Әумин Алға Алсш.

  • @almatyastana9730
    @almatyastana9730 Рік тому

    Батыр атам аруагына бас ием жанын жаннатта болсын кайран бабам

  • @Nureke_usharal
    @Nureke_usharal 3 роки тому +22

    Ай Ер Азамат Батыр рахмет!

  • @user-ut2ug5xr7x
    @user-ut2ug5xr7x 4 роки тому +12

    Керемет

  • @user-ds9wq4ji7b
    @user-ds9wq4ji7b 2 роки тому +24

    Керемет., неге қазақ фильмы керемет батырлар туралы көркем фильм дер тусирмиди. Қабанбай, бөгенбай, наурызбай, туралы жасамайды бе нелер, сол да бiздин көп балалар жас ұрпақ әр билмейдi батыларымыз туралы

    • @user-qz1zm7en6h
      @user-qz1zm7en6h Рік тому +2

      Өте дұрыс,ұлы
      Батыр бабалар
      жайлы кино ,
      Сериялдар неге
      Шығармайды,?
      Сол батырлар
      болмаса осынша ұлан асыр қазақ
      жері болмас еді!!
      Қайран біздің батыр
      Бабалар,ұрпақтарың
      Үшін жанпида
      Болдыңдар!?!
      Осыны қашан түсінеміз екен?
      Кейбір мағынасыз
      фильм, сериялдар
      Түсіргенше осы
      Игілікті істі неге
      Қолға алмайды
      Қазақфильм-
      Компаниясы??

    • @user-yt1tg6ob6o
      @user-yt1tg6ob6o Рік тому

      Қытаймен орыстан қорқады ол только жер бетінен жойылып кеткен Жоңғарды женген жоққой сондықтан жасқанады басқаларды женгенін корсетуге

  • @user-hb4vf3sw9c
    @user-hb4vf3sw9c Рік тому +3

    Қайран бабам ай, жатқан жері жәйлы болсын 🤲

  • @user-kx1bv9hu5r
    @user-kx1bv9hu5r 5 місяців тому

    бөлек ғой Қабанбай 👍

  • @user-fd7ph1hg4t
    @user-fd7ph1hg4t Рік тому +1

    Қазақтың батырлары аттары ешқашан өшпесін ұрпақтарын қорғап қоршап жүрсе екен 🙏

  • @user-uq2fv5vr8w
    @user-uq2fv5vr8w Рік тому +1

    Беу қазағым ай найзаның ұшымен қылыштың жузімен осы уақытқа жеткізген рухына бас иемін!

  • @NAMYS_QAZAQ
    @NAMYS_QAZAQ Рік тому +5

    Қабанбаи нағыз батыр және Хан болған адамғои шекараны толығымен белгілеп кеткен өз қолымен қытаи қорғанына шеиін Қазақтың жері деп

  • @azatzhagyparov8734
    @azatzhagyparov8734 Рік тому +4

    Нағыз батыр

  • @user-og7qh8ee2w
    @user-og7qh8ee2w Рік тому +7

    Бізге Назарбаев туралы ешқандай кино қажеті жоқ сол ақшаға осы Қабанбай батыр туралы кино түсірсе қанеки

  • @user-bq3dj9dp3w
    @user-bq3dj9dp3w Рік тому +2

    Осындай батыр бабаларым мен жане улкен куш аламын Аллага мында бир шукир

  • @user-sm6rl2wr8x
    @user-sm6rl2wr8x 2 місяці тому

    КАИРАН.ЗАМАНАИИ КАЗАГЫММ.МАНГИ.ЖАСАСЫН ИМАНДЫ БОЛСЫН КАИРАН БАБАМАЙ 😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢

  • @dinajalgaskyzy3619
    @dinajalgaskyzy3619 3 роки тому +18

    Ұлы батырымыздың рухани ерлігі, ұрпаққа өнеге

  • @AKA-MINERAL
    @AKA-MINERAL Рік тому +1

    Жаны жәннатта болсын батыр бабамыз Кабанбай.Богенбай улы аталарымыз.урпактары найман Керей арғын урпактарынан

  • @Kungrad_janaliqlari
    @Kungrad_janaliqlari Рік тому

    Мусулман Қазақтар👍👍

  • @user-ns4zt1xq1q
    @user-ns4zt1xq1q Рік тому +2

    Даусы да керемет ,әдеби тілде түсінікті етіп жеткізді .

  • @kokzhalarlan9704
    @kokzhalarlan9704 4 роки тому +15

    Керемет Билген Дурыс арнасы дами бер казах ушин шыгарган видеоларын турай берсин

  • @user-lz4kr7mg9g
    @user-lz4kr7mg9g Рік тому +4

    Осындай батырлар туралы көп кино шығару керек
    Ана қиқым Сиқым октерларың боқа да керек емес,олар сауатсыз
    Бізге Асанәлі Әшімов Тұңғышбай Жаманқұлов сияқты текті де киелі актерлар керек Қазақстанға

  • @user-kx1bv9hu5r
    @user-kx1bv9hu5r Рік тому +3

    Кандай батыр ер Кабанбай

  • @user-ub2tp5fj7m
    @user-ub2tp5fj7m 4 роки тому +19

    Осыны тындап козиме жаз келд

  • @user-df1ux4io7g
    @user-df1ux4io7g 3 роки тому +4

    Я яя Аллаға Шүкір

  • @user-md3mp4di8o
    @user-md3mp4di8o Рік тому

    Осындай батырларымыз коп болган соларды окып урпакка жеткізе білсек

  • @zaureshm3686
    @zaureshm3686 Рік тому

    🙏🙏🙏

  • @user-nm5nq3tx1i
    @user-nm5nq3tx1i Рік тому +1

    Иманды болсын Аруагы колдасын .Менде куштимиз!

  • @nik9362
    @nik9362 2 роки тому +3

    Киносын тусырсеғой 👍

  • @user-zx9lm2lg8k
    @user-zx9lm2lg8k Рік тому

    Слелайте керемет бабамызға арнап керемет кино тусуру керек,өзім немелеріме батырлардын әнгімесің оқып отырамын осындай батырларға арнап кішкентайдан көрсету керек

  • @maryamalymbai6692
    @maryamalymbai6692 Рік тому

    Рахмет сізге ісіңзге сәттілік тілеймін

  • @user-hv4rz7eg4z
    @user-hv4rz7eg4z Рік тому

    Керемет мен сол батырдың руынанмын қожақұлдың ұрпағымыз

  • @ehdhdhhdhdhdhdh6093
    @ehdhdhhdhdhdhdh6093 Рік тому +2

    Казагым оз ултына опалы болындар, казак тарды кемситпендер, керисинше комектесиндер, бир бирине баска ултка кулки болмандар.

  • @nazgulniyazbaeva7585
    @nazgulniyazbaeva7585 Рік тому

    Ахиллестен артык сондай адеми фильм керек соган лайык!!! Кытайлар мойындаган казагымнын батырыгой

  • @KOl-xj4jt
    @KOl-xj4jt 2 роки тому +5

    Батырлар жыры

  • @user-yj5sq7qw6r
    @user-yj5sq7qw6r Рік тому +10

    Ассалаума Алекум.Автор Қабанбай бабамыз 103жасында өмірден өтті,103жекпе жекке шықты бәрін жеңді,,ең соңғы жекпе жегін 70 жасында қырғыздың батырымен,деп жазады.

    • @user-um2gd7xt6b
      @user-um2gd7xt6b Рік тому

      Сорынды Сг кай жерде 103 ке келип кайтыс болды дейди. Катын кусап созге жабыспа.

  • @erbolalipbekov8890
    @erbolalipbekov8890 Рік тому +1

    Ия Қазақ батырлары туралы мултиктер шығару керек

  • @user-ci1qs6zv9r
    @user-ci1qs6zv9r 11 місяців тому

    Қабанбай Атамыз енді келмеске кетті

  • @user-su8nc3wz3x
    @user-su8nc3wz3x 4 роки тому +10

    Кабанбай менын бабам

  • @user-up6lu5zp3c
    @user-up6lu5zp3c 3 роки тому +13

    Мен туған інімнің есімін осы есіл ердің құрметіне Ерасыл деп қойдым. Инш'Алла туған жерге қызмет етер азамат болар сол кісідей рухты. Айтқанынан қайтпайтын мінезі бар. жасы 15 те😊

  • @rinatbash3835
    @rinatbash3835 Рік тому

    👍👍👍👍👍

  • @user-xd4kh9ky6d
    @user-xd4kh9ky6d Рік тому +2

    қабанбай ата иманды бол

  • @user-pv3hm1zi2o
    @user-pv3hm1zi2o Рік тому +1

    Қыбай шал: Әлем - Қаракесек Қошқарбай,
    Мың рет жекпе жекке шыққан дәу,
    Қабанбай қалмақтан қашқан - ау,
    Қабвнбайдың әдісі Адайдан пана сұрау.

  • @user-mo3ix7qh7g
    @user-mo3ix7qh7g Рік тому +3

    кино түсірмеңдер қор қыласыңдар түсіре алмайсыңдар кейін бір талантты режиссёрлар келер өмірге солар түсірсін

  • @user-hy4yk6xb8n
    @user-hy4yk6xb8n 4 роки тому +5

    Султан Барак Церен Доржига кызын берген.Орыска сатылып Абилкайырды олтирди қапияда.Кабанбай Бугенбайларда Султан Баракпен жау болган.

  • @qazaq2963
    @qazaq2963 Рік тому

    ALGA QAZAQ BATYRLARI, KORIKPANDAR EWKIMNEN, OZ UYINDE JURSINDER!!

  • @sport.atyrau
    @sport.atyrau Рік тому +1

    Көзге жас келеді екен тындасаң 😢

  • @bro.freefire9816
    @bro.freefire9816 Рік тому +1

    🍰КАБАНБАЙ🍰.✊.👊.🔱.👑.

  • @ayanabdullin-cu5qk
    @ayanabdullin-cu5qk Рік тому

    Сол ата-бабамыздың еңбегі бекер кетпесе екен.

  • @ersinyibirai4561
    @ersinyibirai4561 3 роки тому +5

    Қабанбай бабамыз. Нартулга гой

  • @user-we1xq5he3q
    @user-we1xq5he3q Рік тому

    Фильм коркем тусуру керек голивуд корсын ким казах батырлары туралы билмейде.легенда аталарымыз коп кой.бола берсын.богенбай .науырыз кенесары аблай .джучи хан аргын дар .мы 1 в мире

  • @user-sw8tf1wf1j
    @user-sw8tf1wf1j Рік тому

    Ұятсыз,зинақорлар туралы кино түсіргенше,осындай батыр тұлғалар туралы кино болса шіркін...!

  • @KgzBoy-sg6nx
    @KgzBoy-sg6nx 5 місяців тому

    Таза өтүрүк гой ол уакытта Карабек туылмаган мынау санжыраны кулака лапша илип тур гой.

  • @user-ru6zo4pd8w
    @user-ru6zo4pd8w Рік тому +1

    Генерал исимус Қабанбай батыр

  • @user-lq1ln8tw6l
    @user-lq1ln8tw6l Рік тому

    Асаламуагалейкум бауырым керемет акпарат, бipак дурыс окысан жаксы болар едi, 1726, 1730. Сiз бауырым Кате айттыныз 1926 деп .

  • @user-ri5do6ds1f
    @user-ri5do6ds1f Рік тому

    Бейлик басында осындай Кисилер турса Казахстан дамыйды.

  • @fddfdf8542
    @fddfdf8542 Рік тому +1

    есенкелды бй батырдың аңгымесын шығарсаңыз

  • @1-wo2tl
    @1-wo2tl Рік тому

    ..Мұсылманның ЕРАСЫЛЫ.

  • @user-mt5we9sp4z
    @user-mt5we9sp4z Рік тому

    Ширкин сол Кабанбай т. б сол сиякты батырлар казир кайда кетти,арман болды,казир сал киындыкка шыдамай бала шагасын тастап кетип жаткан жигиттер,калай батыр болады сол батырлардын урпактары кайда кетти?...

  • @user-cf2xj9ii9f
    @user-cf2xj9ii9f Рік тому

    Негізі өткен тарихымызды білген дұрысқой ,Түріктерге таң қаламын Сұлтан Сүлейменді қандай тамаша шығарған ,сондай мамандар бізде жоқпа ? Әлде ақша жетпейме бөлінген ақшаны жеп қояма неге біз шығара алмаймыз ,әйтеуір осы салв ақсап жатыр неге ? Алмас қылышты шолақ түсірген түсініксіз соған қарап осы бізде маман жоқпа деген ойға қаласың ,негізі біздің тарихымыз өте бай ұлвнғайыр жерді ұстап қалу жауынгер ұлтың қолынан ғана келетінін бәріміз жақсы білеміз ,сөйте тұра біздің жауынгер аталарымыздың ерлігі еленбей қалып жатыр ,тарихи кинолардың бәрі бір ізбен кеткен мүлде шолақ түсініксіз басы бар аяғы жоқ ,көп сериялы кино түсіру қолдарынан келмесе шет ел мамандарынан дәріс алсын үйренсін .

  • @user-xr9jc4yy6h
    @user-xr9jc4yy6h Рік тому

    Казир балалар китап окымайды, батырлардын ерлиги туралы коп айтсаныздар екен

  • @user-mt5we9sp4z
    @user-mt5we9sp4z Рік тому +1

    Ешкашан ешкимге каргыс айтпайык ,иа еркектер солардын сонынан ерген батыр ,бирак баягы батырларямыз сияктылар санаулы,сонда да бизде батырлардын рухы бар ,сондыктан Казакстанга ешким тиисе алмайды

  • @aidoskamaev5328
    @aidoskamaev5328 Рік тому

    Укимет руксат бермиди,казак өз нин ким екенін билмеу оларға тиімді

  • @user-yg7pk7pg6b
    @user-yg7pk7pg6b Рік тому

    Шын аты Ерасыл

  • @user-ot8ce1jz5o
    @user-ot8ce1jz5o Рік тому +1

    Ей қазақтар оянатын кез келді

  • @user-on1xz5fu7n
    @user-on1xz5fu7n Рік тому

    Неге қабанбай атамызға кйно фйлім түсірмеген осы уақытқа дейін..

  • @user-cr6si8jf9x
    @user-cr6si8jf9x Рік тому

    Біздікілер кино шығара алмайды ол үшін кареиядан шақыру керек режисорды жумонгты түсіргенді

  • @nazgulniyazbaeva7585
    @nazgulniyazbaeva7585 Рік тому

    Кабанбай батыр туралы атакты фильм тусиру керек батырдын батырыгой неге тусирмейди?

  • @jalayrandas7637
    @jalayrandas7637 Рік тому +1

    Енди осф турады кино тусиру керек жаксылап

  • @user-hx7du7kj7w
    @user-hx7du7kj7w 2 місяці тому

    Кабанбаибатыр.кожа.наимандардын.колында.оскен

  • @user-ef5st7of9j
    @user-ef5st7of9j Рік тому +3

    Автор оқысаң жылдан жаңылыспай оқысай, 1926 жылы қалмақ, жоңғар болмаған ғой.

  • @kkfinancekek7319
    @kkfinancekek7319 Рік тому

    Болмаған өтірік шайқас🤣🤣🤣

  • @user-ge8uo2xz8z
    @user-ge8uo2xz8z Рік тому +1

    Жана гана окыдым 18 деп кассыларын кыртасындар

  • @keterkz8795
    @keterkz8795 2 роки тому +1

    2:29 1900 емес 1700

  • @kantar2901
    @kantar2901 Рік тому

    ӘЛІДЕ. ҚЫРҒЫЗ. ҚАЗАҚ. БІР. ТУҒАН. . ДЕЙСІҢДЕРМА?

  • @user-xs2mp5gb3k
    @user-xs2mp5gb3k Рік тому +1

    Қабанбай батыр бабамыз 160кг болған екен салмағы сауытын есептемегенде. Найзасының салмағы 70кг болған астындағы аттың қандай болғанын елестетіңдер.

  • @user-ir3hz7gb8q
    @user-ir3hz7gb8q Рік тому

    1929жылы ди ма не болды

  • @NVIMVN
    @NVIMVN 2 роки тому +1

    Бари видеода текст бирдей🤦🏻‍♂️ бир бирленмнен коширип

    • @user-qz1zm7en6h
      @user-qz1zm7en6h Рік тому

      Өткенімізді,
      Тарихымызды
      Жақсы білмесек,
      Зерттемесек
      Келер ұрпаққа
      Не қалдырамыз?
      Ғалымдар,тарихшылар қатты ойлануы керек!?
      Өткен ғасырда
      Ғұламалар көп еді,
      Әттең кеңес атты
      дәуір -сол қазақтың
      Біртуар ғұлама
      Перзенттерін
      Қынадай қырды,
      Тіпті жойып жібере
      Жаздады!?
      Бұл ащы шындық!!
      Осыны қазақ ешқашан ұмытпауы
      Керек!!
      Орыстар шындығында
      Қазақтардан қорықты!?
      Үйткені олар
      Өткен тарихты білді!
      Олар біздің осал тұстарымызды
      Өте жақсы пайдаланды.
      Ру-руға бөлінетін
      Қазақтың осал тұсын әбден зерттеп,біліп,
      Оларды бір-біріне
      Айдап салды?
      Кейбір білімсіз,
      Ноқай,топас басшылардың
      Кесірінен қазақтың
      Жауһарларынан
      Айырылып қалдық!!
      Осындай ақтаңдақ-
      тар,өкініштер ойлы
      адал,патриот қазақтардың жанын
      жегідей жейді!!?
      Өткенімізді ешқашан ұмытпайық!!
      Қазақ үшін , қасиетті жеріміз,елімізүшін
      Күресе білейік!!
      Жау жоқ деме,
      Жар астында,ағайын!!!

  • @magzhanbagbergen4628
    @magzhanbagbergen4628 4 роки тому +5

    АССЛАУМАҒАЛИКУМ ... ҚЫЗЫҚ СЫҢ БАУЫРЫМ 1926 ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ Қабанбайды айтып отырсың поеди ол кезде совет үкіметі құрылды... қəтелеспе бұлай

    • @tigr3623
      @tigr3623 3 роки тому

      Шатасып кеткен ғой негізі 1726 жыл

  • @user-lj2cy9kc5l
    @user-lj2cy9kc5l Рік тому

    Аңырақай шайқасын 1730 ж деп оқы.1930 емес

  • @user-ce1wd3jp8m
    @user-ce1wd3jp8m Рік тому

    Есенбай емес ағасы Есенаман.

  • @user-qp8hq3te2u
    @user-qp8hq3te2u Рік тому +1

    Жылды дурыс жазып кате окығаның не, қайдаға1900-жылы қабанбай мен Абылай

  • @user-ik7jc2ce2n
    @user-ik7jc2ce2n 3 роки тому +3

    Руы кім

    • @tigr3623
      @tigr3623 3 роки тому +1

      Қаракерей

    • @tigr3623
      @tigr3623 3 роки тому +2

      Меніңде руым қаракерей найман ішінде

    • @user-le7bs5jf1z
      @user-le7bs5jf1z 2 роки тому +1

      @@tigr3623 менікіде

    • @user-uz2zb3so1w
      @user-uz2zb3so1w Рік тому +2

      Кабанбай Бабамыз Руы Найманнын Байжыгыты Жумык , Мамбет ,Тогас .Батыр Бабамыз Найман ышындегы Байжыгыт Кара Керей Руынын Мамбеты,Мен сол Байжыгыт Руынын Жумыгымын

    • @user-qr2yz2rx4c
      @user-qr2yz2rx4c Рік тому +1

      Ордын булагы соган жакын Ушсудын куйганы бар сол жерде Кызылкезен бар одан Ордын булакккка Коянкоз Аралтобеге жол бар Бала кезимизден Кабанбай батырдын бейити осы Кызылкезенде деп еститинбиз улкен аталарымыздан.Ал жогар

  • @user-zx9lm2lg8k
    @user-zx9lm2lg8k Рік тому +1

    Кешкедейн орыстын,шетелдін киноларын,мультиктарын қазақша аударып көрсете бергенще батырлар туралы магналы кино мультфильмдер көп шығару керек қанша жазғамбын неге бабамыз Қабанбай батырға дурыс кино шығармайсындар деп

  • @damirkhantuken3326
    @damirkhantuken3326 4 роки тому +4

    Не деп кеттін 1926 Қабанбай бабам не істеп жүр ? 15 гасырда өмірсүрген адамды 5 ғасыр секіртіп жібердінгой ! Тарихты бұрмалама ! Сауатсыздығыннын кесірі болашақ ұрпаққа тиеді .

    • @armanseifullin6693
      @armanseifullin6693 4 роки тому +2

      Кайдагы 15?? 18 гасыр! Бреуды дурыстаганша озынызды дурыстаныз.

    • @talanttattimbet3673
      @talanttattimbet3673 4 роки тому +1

      қайдағы 1926 басын істейма

    • @zakz7033
      @zakz7033 4 роки тому

      17 гасырда омыр сурген , видео авторы кателесып кеткен гой , сауаты бар адам жазылып турган нарсены окып алады гой, бари жазылып тур гой

    • @knbkayfarik8388
      @knbkayfarik8388 2 роки тому

      @@zakz7033 16-17 ғасырда өмір сүрген

  • @sakebake215
    @sakebake215 11 місяців тому

    кыргыз дос емес екен

  • @user-yt1tg6ob6o
    @user-yt1tg6ob6o Рік тому

    Қабанбайдың кітабын газет журналдардан қызық корип оқып ақсақалдардан ауызша сұрағанымда бар мына жерде коп жерлері отирик 7жасында жетим калып 16жасынан бастап жекпе-жекке шыққан 78жасына дейін соғысқан.Арсалан батырдың басын алған кек кайтарып 16жасында қазақтар бұл кісі туралы кино түсіре алмайды неге? Үйткені тек жер бетінен жойылып кеткен Жоңғарды ғана женген жоқ Қытайдан да Орыстанда жасқанған жоқ сол себепті ондай ерліктерін көрсетуге жасқанады Қытай орыстан біздің биліктер. Және бұл кісінің руы Керей Найманға кірмиді Қожа

  • @user-gi6ob2qy7f
    @user-gi6ob2qy7f 2 місяці тому

    Абылай дан асқан хан болмаған, Қаракерей Қабанбай батыр дан асқан батыр болмаған деген екен! БҰХАР ЖЫРАУ