Мемлекет тегін беретін 10 сотық жерді тездетіп алуға болады ма? Ол үшін не істеу керек?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 тра 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    4 миллионға жуық қазақстандық мемлекет тегін беретін 10 сотық жердің кезегінде тұр. Алдағы 2-3 жылда телім алуға ниет білдіретіндер қатары бұдан да көп болуы мүмкін. Ал бұған жергілікті атқарушы органдар қаншалықты дайын? Осыған дейін қанша азаматқа тегін жер берілді? Ал биылға жоспар қандай? Осы жайында әріптесім Оразай Нұртайұлы жауаптылардан сұрап білген еді.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Мемлекеттен жер алуға ниет білдірген адам көп. Бірақ өтініш жолдағандардың саны мен өтініші орындалғандардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. ({4) } Мәселен, Алматы облысы бойынша 1 миллионнан астам азамат кезекте тұр. Бірақ бұл өңірде биыл тегін беретін жер телімі қарастырылмаған. Былтыр да ешкімге берілмеген. Ал өзге өңірлерде жағдай өзгеше.
    Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің статистикасы бойынша бүгінде 10 сотық жерді тегін беру жағынан Жамбыл облысы көш басында тұр.
    Онда былтыр 2243 азамат учаске алған. Биыл 2900 адамға тарату жоспарланған екен. Ал екінші орындағы Атырау облысында 2023-те 1455 адамға тегін жер берілсе осы жылы 1260 учаске дайындалуда. Ал былтыр 1328 азаматты тегін жермен қамтыған Қызылорда облысында биыл 6700 телім беріледі. Алматы қаласына келсек, мұнда былтыр тегін жер алғандар да, қазір кезекте тұрғандар да жоқ. Себебі бос телім жоқ. Учаске таратудан топтың алды болған Жамбыл облысының орталығы Таразда да елге тарататын учаске қалмаған. Алайда өңірде кезекте тұрған 200 мыңнан астам азаматтың жартысынан көбі шаһардан телім алуға өтініш берген екен.
    АЙДАР ТАЖИКОВ, Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
    - Бос жер учаскелері тек қана инфрақұрылыммен қамтылған жерлер ғана таратылады. Яғни, инфрақұрылыммен қамтылмаса берілуге жатпайды. Сол себеппен бізде 2023 жылы Байзақ ауданында таратылды. Қордай, сондай-ақ Меркі, Тұрар Рысқұловтан, Шу аудандарынан берілді.
    Ал жер ресурстарын басқару комитеті өкілдерінің мәлімдеуінше, соңғы 4 жылда 10 сотықтан 56 мыңнан астам жер телімі тегін таратылған. Ал бүгінде кезекте тұрғандар саны 4 миллионға жуықтап барады. Мамандар жұмыстың бұлай баяу жүруінің себебін түсіндірді.
    БИБІГҮЛ ЖАБАГИНА, ҚР АШМ жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы:
    - Бұл мәселе жер телімінің тапшылығына тікелей байланысты. Екіншіден берілетін учаскелерде әуелі ауыз су, жарық, жол сынды қажетті инфрақұрылымдармен қамтылу қажет. Бұл міндетті шаруа. Оны іске асырмай жатып, аумақтар таратылмауы тиіс.
    Айта кетейік, мемлекет тегін беретін 10 сотық жердің кезегіне республикамыздың 18 жасқа толған кез келген азаматы тұра алады. Атыңызда жылжымайтын мүліктің бар-жоғы маңызды емес. Өтінішті 2022 жылдан бастап Егов порталы арқылы беруге мүмкіндік бар. Ол үшін Электронды үкіметтегі тиісті ұяшықтарды ашып, қалаған өңіріңізді таңдап, өтінші жолдайсыз. Ескере кеткен жөн, тегін берілген учаскеге үй салынбайынша алған адам меншік иесі бола алмайды. Әкімдік бекіткен уақытқа дейін ол жерге баспана тұрғызылмаса, телім мемлекетке қайтарылып жер алушыға айыппұл да салынуы бек мүмкін. Айта кетсек, мемлекет биыл 10 сотықтан жалпы 24 мыңнан астам жер учаскесін беруді жоспарлаған. Тегін телімдер биыл Алматы облысында, Солтүстік Қазақстан мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында таратылмайды.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 52

  • @zin_nuroin5403
    @zin_nuroin5403 24 дні тому +18

    Тегін жерді өздері бөліп алған министерствадан бастап акімдер

    • @ZanipaIstamkulova
      @ZanipaIstamkulova 24 дні тому +5

      Дурыс айтасың,себебі тегін жер алдым деген адамды есітпедім

  • @user-yx6qu2ll7y
    @user-yx6qu2ll7y 24 дні тому +10

    Базар жоқ 18 жыл болды күтіп жүргенімізге

    • @user-yj4er7ik2z
      @user-yj4er7ik2z 23 дні тому +1

      Маган 18 жыл болды😂 2006 жылысентябрь айында тиркелген едим

  • @user-id6cd6uv1c
    @user-id6cd6uv1c 24 дні тому +11

    17 жыл турмын өшірітте Зеренді Акмола обл балам 16 келді осы жағдайды балам біледі Балам Шетелге кетем деді Келешек жоқ Казакстанда

  • @user-ro8qo6iy7i
    @user-ro8qo6iy7i 24 дні тому +14

    Ешкім ге тегін жер берген жоқ бәрі сатып беидіғой кайдағы тегін

  • @user-zu2gn6xx4x
    @user-zu2gn6xx4x 24 дні тому +6

    Жердің бәрі сатылып кеткен сондықтан тегін берілуге тиісті 10 сотық жерді ала алмай жүрміз

  • @user-yp8nb2cc3n
    @user-yp8nb2cc3n 24 дні тому +9

    Тегін жер алдым дегенді естіп көрмеппін,несін алдайды,шенеуліктер өздері бөліп алады

  • @user-xs8sc6vr9b
    @user-xs8sc6vr9b 24 дні тому +10

    ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЖЕР ДЕГЕН ЕРТЕГІ ӘҢГІМЕ, ЕБІН ТАУЫП АЛАСЫҢ !

  • @user-sf2yv1hm9k
    @user-sf2yv1hm9k 24 дні тому +6

    Беретін жер жоқ. Барлығы сатылып кеткен.

  • @orazkultokhojaeva
    @orazkultokhojaeva 24 дні тому +6

    Шында тегін жерді тек таныстар алады ау естімепіз.газды тегін кіргізіп беру керек дегенді қозғап еді оныда жока шығарды.жер комитетері.өтірік ол деп

  • @AlimaBakit-kc6wx
    @AlimaBakit-kc6wx 23 дні тому +4

    100 гектар жер қалай алған байсымақтар тайраңдап, осыны тексеру қажет жедел Қазақстанда 😮😮😮

  • @user-qx4gx1gx1j
    @user-qx4gx1gx1j 24 дні тому +5

    Отирик,ақша бермесе тегін жер бермейді.

  • @orazkultokhojaeva
    @orazkultokhojaeva 24 дні тому +7

    Қайдағы тегін 50 мың төледікой олда болса 3 жылда үй салмаса алып қояды.материялдар кымбатап кеткен жылдығын узартса екен

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc 24 дні тому +1

      Тегін жерге өтініш берсек,ит өлген жерден,адам айтса,сенгісіз айдаладан ұсынады,әй,есектер,елдің бәрінің көлігі жоқ,не шарқыш көлігі бар,жағдайы орташа болса,ол ит өлген жерді,жер бердік деп,несіне бас ауыртып қойды,тұрған аймағың,елді мекенің жақын болмағаннан соң,жәй ғана бердік атақ па,кімді жынды қылып,ақымақ санап отыр мына есекбас үкімет басындағылар,а?..

    • @orazkultokhojaeva
      @orazkultokhojaeva 20 днів тому

      Жердің жаксы жерлерін өздері алады.кедейлерге акшасы жоктардың жерге үй салмай калса жерді алып сатып жібереді.3 жыл мерзім азғой.узартса екен өкімет.10 жылга

  • @user-jz9cp9rv4j
    @user-jz9cp9rv4j 24 дні тому +3

    Фирмага берып акимат,фирма соткамен болып сатады халыкка

  • @user-jy1xt6it8n
    @user-jy1xt6it8n 24 дні тому +5

    Тегін жерді алу мүмкін емес😂 коммерциялық ең арзан жерді 2,3 миллионға алуға барғанда төлеп болғасын нотариустың келісім шартында жеріміздің құны 400 мың болып шықты, сатып отырған әкімдік. Назарбаевты сыйлаймын, бірақ осы жерде "Рахмет, барлығымызды арам жолмен жүруге үйреткеніңізге дегім келеді"😂😂😂

    • @user-jy1xt6it8n
      @user-jy1xt6it8n 24 дні тому +2

      OLX тан ең арзан жер топтамасын көрсеңіз, бұл ұятсыз әкімдік😅

  • @user-et7le3ii6r
    @user-et7le3ii6r 24 дні тому +4

    Тегін жер деген өмірі болмас, бәрібір ақшаға сатат!

  • @AlimaBakit-kc6wx
    @AlimaBakit-kc6wx 23 дні тому +3

    Еговта жер жоқ Қазақстанда, қашанғы интернет қуып отырамыз😮

  • @user-kq2mr8jq8u
    @user-kq2mr8jq8u 24 дні тому +4

    2011 кезекке тұрғанмын әле жоқ

  • @user-jz9cp9rv4j
    @user-jz9cp9rv4j 24 дні тому +3

    Канша жерымыз жатыр ертен бос жерге жау козы туседы

  • @IrisdavlatAbdullaev
    @IrisdavlatAbdullaev 23 дні тому +2

    Бос әңгіме.Бір әкым жер береді, фундамент қуясын, екінші әкым келіп бузады . шешім жоқ деп. ҚЫЗЫҚЫСТАН

  • @user-yd8qc5tm9t
    @user-yd8qc5tm9t 23 дні тому +2

    Маңғыстауда 2017 жыл кезекке тұрдым әлі кезек жылжымады

  • @Mrakoris
    @Mrakoris 23 дні тому +3

    Әй өтірік, кімге беріліп жатыр осы жер? Кімнен сұрасан ешкімге берілмеген.🤔

  • @user-is5sm2gt6c
    @user-is5sm2gt6c 23 дні тому +3

    НЕГИЗИ ЖЕР БЕРЕД ДЕП АЛДАУДЫН КАЖЕТИ ЖОК ШЫНДЫГЫ

  • @user-yp8nb2cc3n
    @user-yp8nb2cc3n 24 дні тому +4

    Қазақстанда жер жоқ😂

  • @user-jz7dt9sb5c
    @user-jz7dt9sb5c 23 дні тому +1

    2004 турганмын кезекке але жылжыган жок. Укимет тек ертеги айтканнан баска не истеп отыр екен

  • @Qsmn514
    @Qsmn514 24 дні тому +3

    Позор какая то

  • @user-is5sm2gt6c
    @user-is5sm2gt6c 23 дні тому +1

    АРАБ НЕИЕСЕ КЫТАИ ОРЫС ДОЛЛАРЫН ШАШСА КАЗАКТАН БУРЫН АЛАД

  • @user-pe8cb8jk7c
    @user-pe8cb8jk7c 24 дні тому +3

    сенбеймын халыкты алдау

  • @owl380
    @owl380 23 дні тому +1

    Тегін жер алдым деген ешкімді көрмедім. Кезекте тұрмын әйтпесе. Өтірік әңгіме ғой. Халықты алдағаннан не пайда екен бұларға?

  • @user-ox2ed5cs3l
    @user-ox2ed5cs3l 23 дні тому +1

    Тегін еш нарсе жоқ . Пара берсен ғана кезегін жылжиды.

  • @altaialtai1903
    @altaialtai1903 23 дні тому +1

    Акимат болип 4 соток саткызып отырса кайдан болады

  • @user-rh2sy4yi6k
    @user-rh2sy4yi6k 23 дні тому +3

    Түф мә берем десеңші

  • @user-mf6hu3nc6g
    @user-mf6hu3nc6g 24 дні тому +5

    Үкіметке сенгенің өзіңді силамағаның

    • @orazkultokhojaeva
      @orazkultokhojaeva 24 дні тому +1

      Өкімет кімге сенеді,өзін қатты силағаныма

  • @shumshum1913
    @shumshum1913 23 дні тому

    Осы хабар шыққан кезде бірден өтініш тапсырғам 545 ші болып қазір қанша жыл өтті әлі өзгермеді кезек! Яғни ешкімге берілген жоқ

  • @user-sk9yc6we1d
    @user-sk9yc6we1d 21 день тому

    Аренда уақыты өте аз.квартирада тұратын жұмыссыз адам қалай құрлыс салады.

  • @user-rd8wd8iy5q
    @user-rd8wd8iy5q 22 дні тому

    Аитасын басы тегин Жер ма береди очетте 12 жыл турып алмадык акыры акшага алдым шшс

  • @Nuri2309
    @Nuri2309 23 дні тому +1

    2007 қашан беріледі. Қартайғанда аламба. Әлде пенсияға шықанда аламба

  • @user-xx1zx3ez7e
    @user-xx1zx3ez7e 23 дні тому +1

    Тегін жерді он сотық Қалай алуға болады ?

  • @user-sk9yc6we1d
    @user-sk9yc6we1d 21 день тому

    Жаұямызбен 2007 жылдан бері кезекте тұрамыз.

  • @Qsmn514
    @Qsmn514 24 дні тому +3

    😂 акша берсен болдыго ретелип тур

  • @user-er5dr4zh7m
    @user-er5dr4zh7m 23 дні тому +1

    Казактын жери калмады ма, 15 жылда алмадым, олгенде де сатып алатын болдым жерлейтин жерди, бергенше саткан тиимди десей шынын айтып, онбагандар, тукымдарын курсын, елдин каргысы жибермейди хайуандар

  • @user-fm5nb9dp7p
    @user-fm5nb9dp7p 22 дні тому

    Оттаған әнгіме

  • @user-lf1qv9ft7f
    @user-lf1qv9ft7f 23 дні тому

    Созақта танысым алды тегін жерді. Еш ақшасыз таныссыз. Əкіммен қырылып жүріп əрең алды

  • @user-lk5me8bq3i
    @user-lk5me8bq3i 24 дні тому +1

    Менімше аудан орталықтардан берілгені дұрыс шығар...МЕГАПОЛИСТЕРГЕ ЖИЫЛА БЕРМЕЙ !?

    • @AlimaBakit-kc6wx
      @AlimaBakit-kc6wx 23 дні тому +1

      Аудан орталығында жер жоқ, ауылдарда жер жоқ Еговта халыққа Қазақстанда

  • @user-zd3vx3pg7w
    @user-zd3vx3pg7w 22 дні тому

    20 жыл болды. Өтірік