Нәпсіңді қашан тыңдау керек. Ризабек батталұлы ᴴᴰ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 жов 2024
  • Нәпсінің түрлері
    Адам нәпсісіне қатысты келген Құран аяттарына үңілер болсақ, нәпсі үш түрлі жағдайда болатынын көреміз. Олар:
    Ән-нафсу әл-әммарату би-с-су-и (Жамандыққа бұйырушы нәпсі). Нәпсінің бұл жағдайына қатысты Құранда: «Нәпсімді ақтамаймын, расында нәпсі жамандыққа бұйырады. Бірақ та Раббым мархабат етсе, ол басқа. Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді» («Жүсіп» сүресі, 53-аят») деп айтылады. Нәпсінің бұндай күйіне қатысты әл-Журжани атты ғалым: «Мұндай нәпсі денені табиғатына иіп, тән рахаты мен құмарлығына бұйыратын, жүрек істерін төмен дәрежеге сүйрейтін, күнәлі істердің тұрағы әрі жаман мінез құлықтың негізгі басталатын орны», - деп айтқан (Әт-Тағрифату ли-л-журжани, 234-бет). Осы себептен де Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хұтпасында былай дейтін еді: «Бүкіл мадақ Алла Тағалаға тән. Біз Алланы мақтаймыз, Одан жәрдем тілейміз және кешірім сұраймыз, нәпсіміздің жамандығынан Аллаға сыйынамыз» (Әбу Дәуд (2118), Тирмизи (1105).
    Ән-нафсу әл-ләууәмату (Сөгіс беруші нәпсі). Бұл - күнәлі іс жасаса, өзін сөгіп, ол ісіне өкініп, тәубе етіп, артынша жақсы амал жасайтын адамның нәпсісі. Құранда «Жоқ, қиямет күніне ант етемін. Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін» («Қиямет сүресі», 1-2-аяттар) делінеді.
    Бұл - мүмін адамға тән нәпсі. Алла Тағаланың Қиямет күнімен ант еткеннен кейін, өзін сөгуші нәпсімен де ант етуі - нәпсінің осы түрінің артықшылығын көрсетеді. Бұндай нәпсіге қатысты Мужаһид атты ғалым: «Бұл - қандай да бір амалды істегеннен кейін өзін сөгіп, өкінетін нәпсі. Яғни, жаман іс істесе «не үшін істедім?» деп, ал жақсылық жасаса «неге көбірек істемедім» деп өзін жазғыратын нәпсі», - деп айтқан (Әл-Жамиғу ли-әхками әл-Қуран» 19/93).
    Ән-нафсу әл-мутма-иннату (орныққан нәпсі). Бұл - нәпсінің ең үлкен дәрежесі. Яғни, Алла Тағаланың бұйрықтарын орындауға орныққан, Оның тағдырына ризалық танытушы, Оған тәуекел еткен, иманның дәмін сезінген адамның нәпсісі. Құранда: «Әй орныққан нәпсі! Раббыңа, Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына кір! Сондай-ақ жәннатыма кір!» - делінген («Фәжр» сүресі, 27-28-29-30-аяттар). Журжани атты ғалым: «Бұл жүректің нұрымен нұрланып кемелденген, жаман сипаттардан арылып, көркем мінезге ие болған нәпсі», - деп анықтама береді («Әт-тағрифату» 243-бет).

КОМЕНТАРІ • 21

  • @КанатОрынтай-ч8э
    @КанатОрынтай-ч8э 8 місяців тому +4

    Осы созди кесип алып бурмалайдыгои енди токал деген жерин😂

  • @musulmandar
    @musulmandar 8 місяців тому +5

    Аллаһу Акбар, Алла Тағала разы болсын ұстазға!

  • @ТАЛДЫ-ҚОРҒАН
    @ТАЛДЫ-ҚОРҒАН 8 місяців тому +4

    Ұстаздарымыз аман болсын амин !

  • @Жүзімбақ
    @Жүзімбақ 8 місяців тому

    Жаназа намаз оқып ақша алуға болады ма? Оның мөлшері қанша?

  • @SarsenkulAmraeva
    @SarsenkulAmraeva 8 місяців тому +3

    Әмин. Алла разы болсын ұстаз.

  • @ҒилажӘлібек
    @ҒилажӘлібек 8 місяців тому +2

    Ұрлық жаман нәрсе, ұрлыққа барынша қарсылық жасау керек.

  • @АмангельдыАбильдин
    @АмангельдыАбильдин 8 місяців тому +2

    Әмин. Алла разы болсын. Аллаға сансыз шүкір

  • @ШынгысАбдиев-ъ1к
    @ШынгысАбдиев-ъ1к 8 місяців тому +2

    Алла разы болсын Устазга

  • @МикаМика-э3й
    @МикаМика-э3й 7 місяців тому

  • @НурболДжурумбаев
    @НурболДжурумбаев 8 місяців тому +1

    Әлхәмдулилләһ

  • @armanoraz7180
    @armanoraz7180 8 місяців тому

    Керемет осындай бейне таспалар көп болса жақсы болар еді

  • @ЕржурекБайтенов-ц4ъ
    @ЕржурекБайтенов-ц4ъ 8 місяців тому

    Аллаһым разы болсын ұстазымызға сондаи мықты амалды аитты

  • @SeitaliNakipov-kb8pw
    @SeitaliNakipov-kb8pw 8 місяців тому

    Устаздарымыз аман болсын ,Алла разы болсын устаздарымызга .., әмин

  • @БатырханСырлыбай-с6э
    @БатырханСырлыбай-с6э 8 місяців тому

    Рахмет аға оиымды озгерттиныз😢

  • @ПарасатПарасат-п7ф
    @ПарасатПарасат-п7ф 8 місяців тому

    Өте жақсы, терең мәнді.

  • @saken5800
    @saken5800 8 місяців тому

    Ұстаз АЛЛА разы болсын. Аман болыңыз

  • @Қазақ-я1м
    @Қазақ-я1м 8 місяців тому

    Альхамдулилах

  • @ulanabishuly972
    @ulanabishuly972 8 місяців тому

    😮

  • @bactybayturarov5201
    @bactybayturarov5201 8 місяців тому

    Әулиесіңғой

  • @fazilat_0
    @fazilat_0 8 місяців тому +1

    Қайда жүрсең де, не істесең де, дүниеде қандай болсаң да, кез келген жағдайда әкеңнің сұрағына тап боласың, бұл сөзсіз!