КТК: Қазақстан жаңалықтары 30.12.2024
Вставка
- Опубліковано 6 лют 2025
- Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: / aigerimaskarkyzy_ktk )
ПОДЪЕЗГЕ ТАСТАҒАН
Өз перзентінен безген кім? Алматының 1-ші вокзалы маңындағы үйдің тұрғындары түс ауа жаңа туған шақалақты тауып алды.
ТӨБЕСІНЕ ТҮСТІ
Көшеде өтіп бара жатқан қарияның басына кірпіш құлап, мерт болды. 9 қабатты үйді салып жатқандар адам жүретін тротуарға дейін кіріп, құрылыс аумағын жұқа қаңылтырмен ғана қоршап қойған.
БИРЖАДА БАЙЫҒАН
Көмірдің бастауында отырып, биржа арқылы тек таныс-тамырларына сатқан. Шұбаркөлден шыққан қатты отынды өздерінің монополист сымақтары арқылы сатып, 2 млрд пайдаға кенелгендер ұсталды.
ҚАЙТЫП ҚОРҒАЙДЫ?
Жөндісін ойлап тапқанша осы темірлер тұра тұрмақ. Алматы метросында қайғылы жағдайдан кейін орнатылған қоршау жолаушылардың таңданысын тудырды.
#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары