Мәжілістің жалпы отырысы / Пленарное заседание Мажилиса 06.11.2024
Вставка
- Опубліковано 4 гру 2024
- Жалпы отырыста депутаттар білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда қарайды. Заң жобасында қосымша білім беру ұйымдарын хабардар ету тәртібін, әлеуметтік осал отбасы балаларына жекеменшік мектептерде әлеуметтік көмек көрсету тетігін, сондай-ақ кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу көзделген.
Сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие туралы Парламент депутаттары ұсынған заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Ол азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің бірыңғай жүйесін құруға және осы жұмысқа барлық мемлекеттік орган мен ұйымдарды тартуға бағытталған.
Бұдан бөлек Мәжіліс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алады.
__
На пленарном заседании депутаты рассмотрят в первом чтении законодательные поправки по вопросам образования и защиты прав ребёнка. Новыми нормами предусматриваются введение уведомительного порядка для организаций дополнительного образования, внедрение механизма оказания социальной помощи детям из социально-уязвимых семей в частных школах, а также внедрение института приёмной профессиональной семьи.
Также в первом чтении будет рассмотрен депутатский законопроект по вопросам военно-патриотического воспитания. Он направлен на создание целостной системы военно-патриотического воспитания граждан и вовлечение в эту работу всех госорганов и организаций.
Кроме того, Мажилис ожидает поступления в работу нового проекта ратификации Соглашения о сотрудничестве государств-участников СНГ в противодействии коррупции.