АЛЛА АДАСТЫРМАСЫН! • ТЕҢДЕССІЗ ДҰҒА 6 - Малика Айтжанқызы | Айнұр Жарқынбекқызы | Айтолқын Ахмет

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 14 жов 2024
  • Ассаламуалейкум бағалы көрермендерім!
    Алланың қалауымен, #6 подкастымыз сіздерге жол тартты.
    Кітапқа алдын-ала тапсырыс беру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз: wa.me/message/...
    Сіздерге пайдалы болу ниетімен және екі өмірді де баланста ұстауларыңыз үшін “Теңдессіз дұға” подкастын түсірдік
    “Теңдессіз дұға” подкастының
    Жүргізушісі: Малика Айтжанқызы / malika_ustaz
    Жоба жетекшісі: Бақытжан Мейрамбеков / bakytzhan.meirambekov
    Егер сізге подкаст ұнап, бізді қолдағыңыз келсе, сізге парақшаңызға бөлісетін арнайы видеоматериалдарды дайындап қойдық: t.me/tendessiz...
    1:40 Амандасу, таныстыру
    2:25 Қонақтарға дұға жайлы сауал
    2:30 Айнұр ұстаз үшін дұға деген не ?
    3:08 Айтолқын ханым үшін дұға деген не ?
    3:58 Көбінесе нені сұрайсыздар?
    5:00 Раббәнәә әтинә дұғасының дұғасы
    7:58 Әл Имран , 8 аят жайлы
    11:30 Менің жүрегімді дініңе бекітші
    12:00 Бұл жолда жүру Алланың нығметі
    13:15 Құранды мәжбүрлеп жаттатқан
    14:00 Кез келген алдыңнан шыққан оқиға бекер емес
    14:15 Алланың ақыл-есі кем адамдарды жаратудағы хикметі неде?
    15:30 Айтолқын ханымның намазға келуі
    17:00 Орамалға келуі
    17:15 Хитба деген не?
    19:00 Болашақ жарымен қалай танысқан?
    20:30 Анашым мені қолдады
    21:30 Отбасылары қарсы болды
    22:00 Рұқсат берілді
    23:15 Алланың фанатымын
    23:45 Истихара оқыдық
    24:30 Малика ұстаз истихара намазы жайлы
    25:05 Айнұр ұстаз жар таңдау жайлы
    27:15 Ажырасу жайында
    27:45 Әлеуметтік желінің ықпалы
    29:00 Мен тұлғаларды тәрбиелеп жатырмын
    29:58 Жәннәтқа кедейлер бірінші кіреді

КОМЕНТАРІ • 879

  • @ЖанарМаксут
    @ЖанарМаксут 7 місяців тому +285

    Аллаһым, Айнұр ұстазымызға қос-қостан дені сау, салих ұл, қыздарды нәсіп етсін

  • @number1businesswoman100
    @number1businesswoman100 7 місяців тому +80

    Малика ұстаз - нәзік те сабырлы және өте дана, Айнұр ұстаз - білімді, шебер болса, Айтолқын - жас та болса, ақылды, зейінді, ерке қыз, МашАллаһ🙏 Қазақтың пайдалы білімі бар қыздары аман болсын, тіл - көзден🤲🙏🤲❤️ Алла сіздерден разы, біздерге жұғысты болсын, әмин❗️

  • @nurlyakimkozha7011
    @nurlyakimkozha7011 7 місяців тому +209

    Ассаламу алейкум 🌸
    Мен жалпы Ислам туралы интернатта оқып жүргенде білдім. Кітапты жақсы көремін оқуды, көрші бөлмедегі қыздардың Иман негіздері, Сахабалар туралы және т.б. діни кітаптарын алып оқып, Алланың мейірімімен оқып біле бастадым. Намазға келгім келді. Бірақ мамам рұқсат бермеді. 10 сынып едім ол кезде. Содан бастап діни кітаптар көптеп оқыдым, уағыздар көп тыңдадым. КазНУ-да оқыдым, Нұр Мүбарак Университетіне барып тұратынбыз, Жұма намазға)) қатты сол жақта оқығым келетін. Дұғалар кітабынан дұғалар оқып жаттайтынмын, сомен дұға жасайтынын әр ұйқы алдында. Солай солай жүріп, оқу бітірдік, жұмыс дедік, сомен алыстап кеттім діннен, білімнен. 2019 ж тұрмысқа шықтым, 1 балам замерший болды, 2 жылдан соң Әмина деген қызымыз дүниеге келді, сосын тағы аяғым ауырлады, ол кезде қыс мезгілі еді, жүктілік арасы жақын, токсикоз қатты болды, қызым кішкентай. Сомен жүктіліктің 6 айына келгенде толғақ басталып жүрді. Айтолғақ екен деп мән бермедік. Сомен толғағым түске дин жиілеген сияқты болды. Толғақ есептеп жатып, қызымның жанында ұйықтап кетіппін. Содан үйге қайын әпкем келеді, есікті іліп алғам, ояна алмай жатырмын, есікті тоқылдатып ашпаған соң кетіп қалады. Мен тұра алмаймын, ояна алмаймын. Бір уақыт, коридормен енді ғана тәй тәй басқан кішкентай баланың қадамдары естілді. Бері қарай, біздің бөлмеге қарай жүріп келе жатыр. Ұл бала екенін сезіп тұрмын. Бөлмеге кірді, мен бірақ көре алмаймын, есікке теріс қарап ұйықтағанмын, ояна алмаймын, бұрылып қарай да алмаймын. Бала арт жағынан келіп бір қолын иығыма қойды жұбатқандай, бір қолын ішіме қойып қатты қысты, жүкті болғандықтан ішім қатттыыыыы ауырды, сол ауырғаннан мен өксіп, ауырсынып жылап жатырмын, ішім ауырып барады. Содан бала ішімді босатты да, жай құшақтап ұстады. Басын арт жағыма иық жағыма қойып құшақтады. Қоштасқандай болды😔 Содан өкісігімнен оянып кеттім, басым қатты ауырды. Содан толғақ қайта басталып роддомға алып кетті, толғақ тоқтататын дәрілер берді. Тек уақытша ертесі күнге дейін әсер етті. 2022 жыл 27 сәуір, сол күн Қадір түні еді. Күндіз ұлымды босандым, 27 апта, 760 грамм.... аппаратта жатты, кішкентай, қорғансыз, дәрменсіз.... 5 күн өтті, сүтімді сауып, 2-3 граммадап берді, ол асқазанына ауырлық қылып жатыр деп тоқтатты, 5 ші күні аузы мұрнынан қан кетті.... түнгі уақыт еді, дәрменсіз жатқан балаңа еш көмек бере алмайтын сорлы халде едім .....құшағыма да баса алмаймын..... тек аппараттың терезесін ашып қолын ғана сипадым, дәрігер баланы босат, қиналып кетті деді, қалай босатсын байғұс ана, қалай???? Қолын ұстасам, ұлым қолын тартып ала берді, қолын ұстасам көзін ашып қарады, бірақ алғашқы күндегідей жанар емес, суық жанар, өмірдің белгісі жоқ көзқарас, мама мені жібер дегендей қолын тартып ала берді, хотя дәрменсіз бала.... содан таңға дейін ұйықтамадым, өзімді дайындадым, қане неше жыл оқыған білімің қайда? Иманың қайда? Кішкентай бала шетінен не болатын еді, кәне білімің, кәне дұғаң жаттаған.....өзімді сөктім, мен Алладан алыстағаным сонша, Алладан сұрай алмай отырмын, не, қалай, нені сұраймын білмим....... Таңғы уақытта балама барайын деп жиналдым, маскамен кіру керек, маскамды кидім то шештім, орнымнан тұрдым отырдым, есік жаққа беттедім, бірақ есік жанындағы шкафтың есігін ашамын, бадам жаққа аяғым тартпайды.... қорқам баруға, барғым келіп тұр, содан бар күшімді жинап маскамды киіп енді орнымнан тұрғанда медсестра келді..... фамилиямды атап жүріңізші деді, коридорда кетіп бара жатып ол кісі күрсінді де Иа Алла деді. Ішім бірдеңе сезді, палатаға кірдім, балам жаққа бұрылып қарадым, аппарат өшіп тұр...... врач мен алдына отырғызып айтып бастады, балаң қиналып кетті........ары қарай естімедім, тек ең бірінші Иа Аллам шапағатшы болсыншы дедім, соған иманым, күшім жетті....айттың бірінші күні еді, жаназа оқылды....жерледік..... Бұл - Алланың маған Мейірімі, үлкен сабағы, көрсеткен шындығы, ескертуі еді. Ұлым маған нағыз өмірдің мысалын көрсетіп кетті, ештеңесіз өмірге келді, 5-6 тамшы ана сүтін ішіп, өзіне бұйырылған ризық-несібесін ішіп жеп, 5 күн жалған өмір сүріп, мына өмірден тек ақ кебінмен кетті, балама бір киім алуға да үлгермеген едім. Раббысынан келді, 5 күн өмір сүрді, ризығын алды, кебінмен кетті Раббысына..... Ал мен тәубеге келдім, намазға келдім, Аллаға оралдым..... Сәбиге деген сағынышпен қиын да болса тағы бір сәби дүниеге келді, Алла Айша деген қыз баласын нәсіп етіп қуантты... Аллаға мақтаулар мен мадақтар болсын, Әмина мен Айша деген қызымыз бар Алланың мейірімімен, ал ұлым Раббысымен, Алла қаласа шапағатшы болып Жәннат қақпасының алдынан бізді күтіп алар деген үміт жұбатады❤

    • @o9145
      @o9145 7 місяців тому +10

      Оойй 😢😪синлимау аптен жылаттынау 😢акырна дейн арен окыдымгои козжастан 😢😢иа, улыныз жаннет ке жетелеуши болыпты, АЛЛА мейримдигои❤,жассынгои али коп улкыздар несип етсин Аллам, перзенттерин рахатын кориниз, еки дуние абадтыгын тилейм, сынакты дуниеде баска сыналманыз, АЛЛА балашаганды аман етсин панакында асырасын 🤲амийн уа Аллоху Акбар 🤲...Каракалпак елинен тилектес апаларын

    • @Ulmeken02
      @Ulmeken02 7 місяців тому +18

      Анасын Алласына жақындатып кеткен кішкентай мықты бала❤❤❤❤️‍🩹❤️‍🩹❤️‍🩹

    • @ТілекшіЕсмуханова-ж5о
      @ТілекшіЕсмуханова-ж5о 7 місяців тому +2

      😢

    • @ryskul.begaliyeva
      @ryskul.begaliyeva 7 місяців тому +4

      Жаным,Алла жар болсын🤲 Аталатсаң аталат,боталатпа дейді ғой. Ана үшін ең ауыры өзінен шыққан баланың қайтуын көру ғой,СубханАллаһ

    • @nurlyakimkozha7011
      @nurlyakimkozha7011 7 місяців тому

      ​@user-vm3sj2eh4m Сізге де Алла разы болсын!

  • @MuhayyoKasimovna
    @MuhayyoKasimovna 7 місяців тому +201

    Айнур ұстазды көріп қуанып кеттім❤ Аллахым Айнұр ұстазға салих хайырлы перзент берсінші, ұстаздарымызға жаннатул Фирдаусты нәсіп етсінші🌸

  • @РайханБайдуанова
    @РайханБайдуанова 7 місяців тому +413

    Аллаһ Тағала қазақ халқына мейірімін төгіп, ер адамдарға Ерлан Ақатаевты берсе, әйел қауымына Айнұр Ұстазды берген екен! Аллаһу Акбар! Лә хаулә, уә лә қууатә иллә билләһ!

    • @АлияНауашова
      @АлияНауашова 7 місяців тому +12

      Не ушын казак халкына
      Барша куллы алем мусылмандарына
      Алла мейырымын токсын
      Алланын миырымы барыне жетеды

    • @БалжанТорбаева-и3щ
      @БалжанТорбаева-и3щ 7 місяців тому +9

      Осы сөзіңізбен келісем❤ Айнұр ұстаз😍 Ма ша Алла кісі ғой орны бөлек мен үшін❤

    • @ЕргазыАлдаберген-ж9ш
      @ЕргазыАлдаберген-ж9ш 7 місяців тому +3

      Алла разы болсын ұстаздарға

    • @РайханБайдуанова
      @РайханБайдуанова 7 місяців тому +2

      @@АлияНауашова Дұрыс айтасыз, қазақ тілді әлем мұсылмандарға, қазақ тілінде тәптіштеп беретін Ұстаздар берген Аллаға шүкір!

    • @ftvnbhnn
      @ftvnbhnn 7 місяців тому +1

      Пайғамбарымыздың мирасқорларығой бұл ұстаздар❤

  • @АрайлымСейдалиева
    @АрайлымСейдалиева 3 місяці тому +8

    Мен Айнұр ұстазды бүгін көріп танып отырмын.Айнұр ұстазға алла салихалы перзент насіп етсінші деп сұраймын әр намазымда❤😊

  • @JadiraPolatova
    @JadiraPolatova 7 місяців тому +137

    Айнур Ұстаз да Ана болу бақыты бұйырсын🤲

  • @gockybakybekova1062
    @gockybakybekova1062 7 місяців тому +56

    Малика ұстаз үшін мен де дұға жасағанмын, бөпелі болғанын естігенде қатты қуандым, Альхамдуллилях!

  • @РабияМаметова-я8ц
    @РабияМаметова-я8ц 7 місяців тому +121

    Ютубқа салған заматы көретіндер біргеміз

  • @ШынарЖиренбаева-л6ф
    @ШынарЖиренбаева-л6ф 7 місяців тому +41

    Малика ұстаз рақмет сізге осындай керемет подкаст үшін. Көріп бәр жылап алдым. Менде 4 жыл көтермей қатты қиналғам. Сол кезде бұрыңғы күйеуім және анасы бізде туатын айел керек ренжіме деп шығарып салған. Сол кезде қатты жылап қайғырып Алладан қанша сұрадым неге бермейді деп ренжіп( Алла кешірсінші). Содан 3 жылдан соң тұрмыс құрып 2023 жылы ұл баланы дүниеге алып келдім(Аллаға сансыз шүкір). Қазір ойласам Алла мен үшін хайырлысын нәсіп ету үшін маган бермеген екен. Бұрынғы күйеуім ашуланса қол жұмсауға дейін и өте ауыр сөздер айтатын( эко болмай калган кезде салып берген баланыда ұстай алмадын деп😢) хотя ол Бір Алланың қолыңда екенін түсінбей. Аллаға сансыз шүкір. Бәрі өз уакытымен екен. Біз асыға береміз. Алла асықпайды.

    • @Zhanat11
      @Zhanat11 Місяць тому

      😊й😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊

  • @Бека-щ4щ
    @Бека-щ4щ 7 місяців тому +35

    2013 жылы агам кредит алып бершы маган деп алдыма отыныш жасап келды.ал мен былем кредит харам.агам жыламсырап тур.алдын бырнеше рет сурап келгенде отказ жасаганмын.бул жолы уже мен жок деп айталмадым.бырак ышым жанып барады.жаксы ертен деп агамды шыгарып салдымда.жылап Аллахтан сурадым.сенын разылыгын ушын каншама рет отказ жасадым.бул жолы мены озын куткаршы дедым.сол дуганы айтып болганым сол еды агам звандап тур.все болды кредит алмаймыз таптым акша дейдыгой.СубханАлла деп айкайлап жыберыппын соо кезле😊❤

  • @gulnazymiskakova2098
    @gulnazymiskakova2098 6 місяців тому +27

    Подкастты тыңдап отырып оқиғамды жазғым келді. Аллаһым өте мейірімді ғой мен дүниеге келмес бұрын қыз екенімді білген әкем екінші жанмен кездесе бастаған. Менің алдымда 2 әпкем бар. Әкемнің басқасы барын білген анам уксус ішіп өлмек болған. Ішінде менің үлкейіп қалған кезім екен. Алла маған жарық дүние сыйлады. Шүкір. Ес білгелі ылғи көлік, велосипед қағып кете беретін, күйіп қала беретін едім. Тілім шыққанда әкемді өзіме қаратып алған тек қана мақалдап сөйлейтін қыз болдым. 5 жасымда көлік қағып кетті. Анамның енді көзі көрмей келе жатқан кезі. Әлі есімде асфальттан көтеріп үйге әкем алып келгенде жылап отырған анамды құшақтап “анашым жыламаңызшы мен саумын бастысы сіздің көзіңіз көріп кетсе болды. Уайымдамаңызшы” дегенім есімде. Сол кезден көзі нашарлап анам глаукома (су қараңғы) боп қалды. Ешқашан көрмейтін болып. Жиі сезім болатын менде алдағы болатынды біліп отырып. 7 жасымда әкем семинарға кетер кезде бармаңызшы деп қатты ізінен қалмай қойдым. Ол кісі үлкен бастық болатын сол тұрған қаламызда. Басымнан сипап келемін ботам деп кетті. Бірақ сол кеткеннен мол кетті. Міне биыл 22 жыл. Әкемді өлтіріп кетті. Қылмысты ашуға жалдаған кісімізді де өлтіріп кетті. Анашым көзі соқыр 3 кішкентай қызбен жалғыз қалды. Үлкен қыз үй шаруасын жасаса, екінші қыз 7 класстан бастап пол жуып, ыдыс жуып ақша тауып бізді асырады. Мен қолөнермен айналысқанды жақсы көретінмін бисермен білезіктер тоқып мектепте қыздарға сатып, мамамызға дәрі-дәрмектер алып жүрдік. 13 жасымда анам туберкулезбен ауырып қалды. Осы кезде отбасымыздың шырқы бұзылды. Екі әпкем бір-бірімен төбелесуді шығарды. Күнде ұрыс-керістен шаршаған мен “Аллаһым мені мыналардың қасында қалдырмашы, анашымның қасында болғым келеді” деп сұрайтынмын(анам да әкемнің екіншісі пайда болғанын білгенде мұны көргенше екі көзім соқыр болса екен деп тілеген болатын) Алла дұғамды қабыл етті. 14 жасымда менде туберкулезбен ауырып ең ауыр түрімен 3 жыл ауруханада жаттым. Сол жатқанымда анамда рак барын анықтап, ол кісі мен әлі шықпаған кезімде 16 жасымда қаза тапты рактан. Анам туб.ауырмай тұрғанда үнемі айтушы едім “мама уайымдамаңыз мен сабақты жақсы оқып, ақша жинап, сізді Америкаға апарып көзіңізді емдетіп беремін. Тек жыламаңызшы” деуші едім…. Алла білуші анам шыдамады🥺 сол ауруханадан шығып, санаторияға түскенімде артынша үйге сұранып кеттім 11 сынып бітірген кезім еді… пойызбен қайтып бара жатып қазіргі отағасымды кездестірдім. Санаториядан шыққан соң туған қаламда таныстар арқылы жұмысқа орналасып, 3 ай жұмыс жасап Астанаға барамын деп шештім. Айлық алып, екінші әпкем екеуміз билет алып пересадкамен Қызылордаға жеттік. Жеткен соң екеуміз күтіп отырып уақытпен шатасып пойыздан қалып қойдық. Бөтен қала, жұмыс жоқ, бар ақшамызға билет алып қойған едік. Әпкем жылады қайтайықшы, Астана біздің не теңіміз? Кімге барамыз? Екеумізде жетім, сен әлі 18 толмадың деп. Әкем қайтқанда жаттап алған фатихаммен ықыласымды тоқтамай оқып тұрдым да, “жоқ! Қайтпаймыз. Билетті қайтар, қайтқан ақшаға ед.салып жұмыс іздейік. Осы жақтан ақша жинап Астанаға кетеміз” дедім. Дәл солай жасадық. Аллаһым берген батылдық шығар екеуміз кафеге жұмысқа тұрдық. Әпкем ыдыс жуды, мені пысығырақ деп официант қылды. 1 апта жұмыс жасап билетке ақшамыз жетті, тамаққа жетті деген кезде бірден кеттік билет алып Астанаға. Сол 1 аптада кафеде қонып табуреткаларды бір-біріне жақындатып үстінде ұйықтайтынбыз. Вокзалда қонғанда кез болды. Орындықта отырып ұйықтап. Астанаға келдім жұмыс жасауға. 17 жасар қызға ешкім жұмыс бермейтін. Бірақ еден жуушы болып орналастым, самсада саттым. Қай жер жұмыс ұсынса бәрін жасай беретінмін. Болашақ жарым Астанада екенімді біліп кездесуге шақырды. Үйленгісі келетінін айтты. Мен сонда жетім екенімді ескерттім. Ол маған бәрібір деп өз жағдайын айтты. Пәтер жалдап тұрамын. Жалғыз анам бар және ескі көлігім бар. Сен менің жарым болғаныңды қалаймын деді. Келістім. Бірден себебі бойынан нағыз еркекке тән мінез бен табандылықты байқадым. Әрі үстінен әрдайым менің анамның иісі шығатын. Әлі шығады. Ешқандай иіс су қолданбайды. Өзіндік хош иісі бар анамның иісі 🥹Алланың маған берген сыйы әкем мен анамның артынан мені жоқтатпаушы қамқоршым. Аллаға шүкір міне 11 жыл біргеміз. 3 баланың ата-анасы. Ең қызығы менің әр ер азаматтан көріп, осындай болса ғой шіркін деген барлық қасиет бір адамның бойынан табылғанына таңқалдым🥹 енем болса екен, бірге тұрсақ екен, күйеуіммен қыдырып кеткенде балаларды алып қалатын жақсы кісі болса екен деп тілеп едім. Алла тілегімді қабыл етті. Ең бастысы Алланы бірінші орынға қоятын отбасыға келін болып түстім🥹 енді Умра туралы естіп отырып отағасымды бір қуантқым келіп отыр. Өзім жұмыс жасамаймын, бірақ ниеттенсем Аллаһым беретініне сенемін ин ша Алла. Әлі 208 күн бар екен туған күніне🥹❤️ сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ізінен ерген, сүннетімен өмір сүретін жарым аман болсын 🤲🏻🤲🏻🤲🏻 қанша күн болды барлық бөлімін тыңдап келемін подкасттың. Әрі қарай тыңдай беремін де Алла ғұмыр берсе. Тек Алладан сұрай беру керек екен. Сұрасаң барлығын береді екен… 🥹😍❤️ Алла разы болсын әрбір подкастқа қатысушыларға, тыңдаушыларға 🤲🏻🤲🏻🤲🏻

    • @ГульназираАбдуллаева
      @ГульназираАбдуллаева 6 місяців тому +2

      Өміріңіз кино екен. Бақытты болыңыз

    • @ДанаБегманова-н4х
      @ДанаБегманова-н4х 6 місяців тому +3

      Ата анаңның жандары жаннатта болсын! Имандары саламат болсын🤲 Мейірімі шексіз Алла тағала дегеніңе жеткізсін🤲 жарың екеуің бақытты, ғұмырлы болыңдар🤲

    • @AkbotaSeysenbaeva
      @AkbotaSeysenbaeva Місяць тому +1

      Әрқашан тек мықты болыңыз, Аллахым енді жылатпасын сізді❤

    • @perizattabyldybaeva1763
      @perizattabyldybaeva1763 17 днів тому

      Жаным ау, Алла ғұмырлы қылсын сіздерді, Алла жар болсын

  • @БерденбекОркен
    @БерденбекОркен 7 місяців тому +25

    Алла разы болсын!
    Мен 4 балама жукті кез еді . Медсестра болып жумыс истеймын...Левый берег дәріхана дан пациент ге дәрі алып келе жатып Нур мешіт ге кіріп дәрет алып дұға тілеп куранды иіскеп кайтадан автобус га отырып жумыс орынға келіп патронаж га кеттім.Автобусдан түсіп жасыл свет бен өтіп бара жатган да мені аяк астынан машина соғып кетті....сол кезде тек сол жак аяғым гана жарақат алып гипс койып берды.чудо болды төрт айлык баламда аман есен өзімде баска жерлерім аман есен калдым.Аллама шукир... дәріхана барган да жүрекім мешіт ге кір деген дей сезім болып кіргем.Дәрет алып дұға да болдым.сол дұгам мені де баламада аман есен алып калды деп ойлаймын.жумыс та бәрі менім балам түсіп калды деп ойлаған...Бәрі Алланың қалауымен гой

  • @ГульнараСарбаева-ч2ч
    @ГульнараСарбаева-ч2ч 7 місяців тому +26

    Малика ұстаз Алла разы болсын . Мен былай дұға етемін. Таң намазынан кеиін. Я раббым әліміз жетпейтін күштерден, дүниелік және ақиреттік таршылықтан , дұшпандарды қуандыратын істерден, қиындыққа ұшырататын кедергіден құтылу үшін өзіңе сиынамын. Аллахым ақырғы сәтімде Ля иләһә илләаллах деп кетудмді нәсіп ет.қияметте ля иләһә илләаллах деп тірілуді нәсіп ет әмин

  • @gulnuraktanova8158
    @gulnuraktanova8158 7 місяців тому +28

    Малика ұстаз Айнұр Ұстазды тағы күтеміз сұхбатқа😍😍😍😍😍😍
    ‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️

  • @Дана-к5ы
    @Дана-к5ы 7 місяців тому +61

    Келе жаткан Рамазан Айы Мүбәрәк болсын! Қыздарға хайырлы подкасть болсын Ин Ша Аллах!❤️🤲🏻

  • @Hanaiym-q2n
    @Hanaiym-q2n 7 місяців тому +47

    Джазака Ллаһу хайран, керемет подкаст болды. Жақында, жасым 60қа келгенде Аллаһтың жәрдемімен умраға барып келдім, осы сәтті қанша уақыт бойы армандағанымды бір Аллаһ және өзім мен балаларым білді, сондықтан балалар ақылдасып осы сертификат алып берді, мен қашан сол жерге аяғым тиіп, мешітке кіргенше жүрегімде өте қатты қорқыныш болды, сондықтан кетер кезде,баратынымды санаулы адам ғана білді. Күйеуім қайтыс болған, балалар жұмыста болғандықтан өзіме бару керек болды, басында бір өзім қалай болады деп, бірақ мен жалғыз емес Аллаһпен бара жатырмын деп ойладым. Меккеде де, Мединада да біреу туралы ойлаған ойымның өзі орындалып жатқанын көргенде, қағбаның жанына миллиондаған адамның ішінде қағбаның жанында ұстап, көріп дұға тілектер айтып және сол жерден ер адамдарға тиіп кетпей,қайта шығуыңның өзі бір Аллаһтың қалауымен болатынын түсіндім. Мен ол умрадан өзіме көп сабақ алдым десем болады. Менің жанымды ауыртқан өкінішім, мен сондай Аллаһтың қасиетті еткен жеріне барып тұрып құр'анды арабша оқи алмауым, айналаңда барлығы кішкене баладан, еңкейген қартқа дейін, кітапты оқып отырғанда, өзіңнің өміріңді босқа өткізгеніңді түсінесің. Аллаһ маған да білімді ұстаз кездестіріп арабша үйреніп, құр'анға түсіп Аллаһтың разылығын алатындай пайдалы білім алып, салиқалы ізгі амалдармен, Аллаһтың разылығын алатындай құлшылық жасауыма, үлкен қажылыққа баруды нәсіп етсе екен деп тілеймін. Қартайғанда туған ұлым қазір 17де, Аллаһ осы ұлыма өздеріңдей адал, иманды жар болатын қызды кездестірсе екен әмин

    • @Елмира-и2ю
      @Елмира-и2ю 7 місяців тому

      Әумин

    • @ЖанараШаяхметова-р4б
      @ЖанараШаяхметова-р4б 5 місяців тому

      Менің де сіз сияқты 43 жасымда туған ұлым бар. Алла тілеуіңізді қабыл етіп сол ұлдың келіншегі табаныңызға алақанын тосар келін болсын!

    • @Hanaiym-q2n
      @Hanaiym-q2n 5 місяців тому +1

      @@ЖанараШаяхметова-р4б әмин, айналайын Аллаһ маған тілеген тілектеріңді өзіңе еселеп қайтарсын, жаны, жүрегі таза адамдар ғана, бір-бірін танымаса да жақсы ниетте, жақсы тілекте болады 🤲💖

  • @АйгеримЖандоскызы-е7э
    @АйгеримЖандоскызы-е7э 7 місяців тому +51

    Малика ұстаз әрбір подкасттарыңызды көріп, әр сабақтан өзімізге қажетті пайдалы ақпараттарды алып отырмыз. Әр подкастыңыздағы білімдер барлығымызға пайдалы, әрі хайырлы болсын❤

  • @ДинаБуралкиева
    @ДинаБуралкиева 7 місяців тому +18

    Жаратқан Айнұр ханымды салихалы ұрпақтың анасы болуды нәсіп етші🙏

  • @ЖулдызКайрбаева-б7ч
    @ЖулдызКайрбаева-б7ч 6 місяців тому +6

    Бир нарсеге қатты ұаймдаганда Малика устаздын подкасын корип жаным тыныштық табат😢

  • @АкмаралСапарбаева-п3с
    @АкмаралСапарбаева-п3с 7 місяців тому +14

    Мен жолда скорыйдың машинасын көрсем, босанатын әйелді алып бара жатқан болғай, сплихалы ұрпақты дүниеге әкелгей деп тілеймін

  • @banu_isa
    @banu_isa 7 місяців тому +19

    Әссаламалейкум Малика ұстазым!❤
    Өте керемет подскаст болды❤
    Менің қабыл болған дұғамды айтпасам болмайдыау😁
    Менің жұбайым сондай дөрекі еді көңіліме қатты тиеді, тіпті кейде б....п жіберетін еді, көп жылдардан бері жасап жүрген дұғам осы жақында қабыл болды, қазір Аллаға шүкір мінезі көркем болып келе жатыр. Сосын баламның құран жаттағанын қари болғанын қалаймын, сол бір уақытта Айнұр ұстаздың сторисінен БАЛАМ ҚАНДАЙ БОЛСЫН ДЕСЕҢ СОНДАЙ БОЛ ДЕГЕНДІ көріп маған сигнал келді мен өзім неге құран үйреніп құран жаттамаймын деп, сосын сізге құран оқуға жазылдым, сізді бітіріп Гүлсара ұстазға жазылдым мен үшін өте сыйлы жансыздар Алла разы болсын, қазіргі таңда балам ауылдағы мешітте құран жаттап жүр 1 параға жақындап қалды әльхамдулилла. Қүран жарыстардан жүлделі орындар алды Шүкір етем🤗❤️

  • @ЖадыраСейдуалиева
    @ЖадыраСейдуалиева 7 місяців тому +25

    Ее жаным Айнұр ұстаз бөлек кой өзі оригинал. Менің құранға деген махаббатым махаббатымды ашқан алтын ұстазым ғой ❤

  • @Manat-n7c
    @Manat-n7c 7 місяців тому +45

    Айнұр ұстаз сіз білімдісіз . Дұрыс айтасыз сол психологтан сұрап , солар менің жағдайымды шешіп беретіндей болғанмын .Алладан басқа кім шешеді . Алла тағала бəрін естуші көруші білуші .Алла жүректерімізді өзне ғана бой ұсындырсын .❤

  • @danarezhimova5299
    @danarezhimova5299 7 місяців тому +30

    Ассалаумалейкум. Оте катты унайды осы подкаст. Дугага катысты менде бир окинамызды айткым келеди.
    Екинши жолдасыммен турып жатканымызга 7 жыл болды былтыр. Бирак канша амал етсекте бала болмай журди. Бирак шукир биринши некемнен 2 кызымыз бар шукир деп журдик. Жолдасымда 2 кызды оз кызындай жаксы корип кеткен. Жолдасым 2 жыл ораза устап бастады Алланын калауымен. Ол ораза, садака дегеннен алыс болатын ойткени орыс жерде турган. Содан ораза туралы билип устай бастайды. Сосын закария дугасын корсеткем гой соныда окып журди. Сол оразада ол дуга еткен гой Алла саби насип етши деп. Ал мен бир куни Пайгамбардын омир баяны атты китапты окып бастадым. Сол жерден Пайгамбарымыз С.а.у.нын Амин деген атыда барын корем де катты калаймын менде де саби болса ул бала болса Амин деп есим коямын деп. Сосын дуга жасаймын гой. Алла тагала сен барин естуши, Алемдердин раббысысын Бизге егер хайырымен болса саби насип етши жане ул бала. Насип етсен мен Амин деген есим беремин Пайгамбарымыздын атына деп ниет етемин. Сосын 2 айдан сон аягым ауыр екенин билем гой. Содан бирден. жолдасыма айттым мен солай дуга еттим Аллага соз бердим егер ул болса солай деп. Ол бирден келисти. Аллага шукир декабрьда ул бала дуниеге келип есимин Амин Мухаммед деп атадык. Кужатта есимин Амин Ал азан шакырып Мухаммед деген ечимди косып. Алла дугаларды кабыл етеди. Тек сурау керекпиз екен🤲🤲🤲🤲

    • @ДасиСырымулы
      @ДасиСырымулы 5 місяців тому +1

      Қуаныштымын, салихалы перзенттерден болсын

  • @НуртасНуртас-п1щ
    @НуртасНуртас-п1щ 7 місяців тому +24

    Айнұр ұстазды бұрын білмеген екенмін, осы подкаст арқылы біліп отырмын. Айнұр ұстаз сөйлеген сайын, сол кісі сөйлей берсе екен деп отырдым. Өзінің айтқан сөздеріне амалы бар , үлгі болар адам екені көрініп тұр

  • @АрдакАдырбаева-г4ч
    @АрдакАдырбаева-г4ч 7 місяців тому +22

    Айтолқын сіңіліме сондай көңілім толып отыр,сондай ашық жарқын,жүрегі жас баланыкіндей таза екенін сезіндім,Алла отбасыңызға берекет берсін,керемет подкаст болды,тыңдай бергің келетін ❤

  • @Айс-ъ5у
    @Айс-ъ5у 7 місяців тому +19

    Айтолқын ханым мащаллах ауызы ашылса жүрегі көрінетін жан екен мащаллах Алла разы болсын керемет Умра турады айтқанда қосылып қуанып отырдым өзім барғандай болып❤❤❤жаным керемет 😍 ашық жан екен

  • @НазгульОташева
    @НазгульОташева 7 місяців тому +12

    Текті халықтың текті қыздары сіздердей текті қыздарымыздың қатары көбейе түссін әумин әумин әумин 🤲🤲🤲

  • @Sholpannyr
    @Sholpannyr 7 місяців тому +52

    Мен салауат туралы аиткым келіп тұр өз басымнан өткен жагдаи бир күні таспымды алып арнайы намаздагы салауатты толыгымен 3жуз рет аитып ұйықтап қалыппын қыс мезгілі таңертең саг 5тер шамасы оянып кеттім оянасала тілім салауат аитты автоматты түрде суйттымде каитып ұйықтап қалып түс көрдім түсімде қараңғы жерде жатыр екенмын сол уақытта арқа жағынан оң жақ беттен бир кісі келіп, тұр да ана жарық жаққа жүр енді сен киындык кормисын деді 😭оянып кеттім жүзін кормесемде ардақты паигамбарымгои дедім содан міне тура үш жылдаи уақыт өтті 9жылда алалмаган ұйымды бир жылда катеджды болып қалдықкои😢 сосын осы аптада
    Болған жагдаи салауатты көп аитып бир жақсы жаңалық болды Аллахумма солли ала саидина МУХАММАД 😢

  • @GuliaGulia-bk8gu
    @GuliaGulia-bk8gu 7 місяців тому +15

    Дұғаның қасиеті өте зор! Сөзсіз Алла ұлық!!! Құдай деген құр қалмас деп атам қазақ айтып кеткен ғой. Менің айтпағым менің ерекше балам бар. Мен бұрын үнемі адамдарға қиындығымды айтатын едім. Біреу түсінетін, біреулер түсінбейтін. Аллаға бет бұрып дұға еткеннен көп жеңілдік берілді. Ауыр жүк түскендей. Барлығын да Алла тапсырып дұға етіп жүрген сондай үлкен бақыт шіркін! Кейін түрлі жағдайлармен жолдасым екінші әйел алып кейіннен тіптен сол әйелге кетті. Ия ауыр болды. Қиналдым. Бірақ тек бір Аллаға жалбарындым. Мен жалғыз қалғандай себебі қайын жұртым түгел ана әйелге ауып кетті. Тіпті жақындарым алыстады. Араласып жүргендер жоқ. Мен бала шағаммен бүкіл проблемамен жалғыз қалғандай күй кештім. Бірақ мен қорықпадым. Себебі Аллаға деген сенімім мен дұғам құтқарды. Ғажаптар Алла берген жеңілдіктер өте көп болды. Бастысы ниет дұға әрекет деп адымдап жүре бердім. Кейде іштей Алла мен саған разымын дей беремін толассыз бақытты сезінемін. Алла сондай мейірімді! Я рас болды қайтем деген бала шаға оның үстіне денсаулығы жоқ бала бар әрі жалғызбастылық. Бірақ Алла ұлық Алла аса қамқор деп қайталап дұға етемін ғой. Сонда мен Алла арқасында күшті сезіндім. Шүкіршілік бір Аллаға болсын!!! Сансыз мадақ айтамын бір Аллаға!!!

  • @БазарайСауранбаева
    @БазарайСауранбаева 7 місяців тому +10

    Мен 3 баланың анасымын. 2 баламды өзім босанарда ешқандай таныс акушерка іздемей өзім барып босанғанмын. Ал 3 шісін босанарда ақша бар деп таныс жақсы босандырып алатын дәрігер іздеп жан жақтан солай тауып роддомға барғанда бала крупный деп эскстренно кесарева боладығой. Қазір ойланып отырсам мен үнемі Аллаға тәуекел деп жүретін едім паника деген менде болмайтын. Бырақ осы 3шімді босанарда иманып әлсіреп таныс іздегенім соңы осылай болды. Балаларым бастысы аман есен өзімде де бәрі жақсы шүкір қайтадан барлығын Аллаға тапсыруды үйрену керек.

  • @ЖазираЖунисова-х7м
    @ЖазираЖунисова-х7м 7 місяців тому +29

    Маған ең алғаш исламнан білім берген Айнұр ұстаз! Алла нұрын төксін сізге Айнұр ұстаз! Айнұр ұстаздың "Құранмен саяхат"- жобасына қатысып,құранға деген махаббаты Алланың қалауымен құранмен таныстырған (тәпсір)... . Малика ұстаз бен Жұлдыз ұстаздың себебімен құранға түстім. АЛЛА разы болсын барлық Ұстаздарға!

    • @РозаХайруллина-з3о
      @РозаХайруллина-з3о 7 місяців тому

      Айнур ұстаздың инста аккаунтын бересизбе.

    • @БактыгульТашимова-ш6е
      @БактыгульТашимова-ш6е 7 місяців тому +1

      Менің де исламға келуіме себепші болған осы Айнұр ұстаз .Таңғы құран хатымға қатысып келдім.Алла разы болсын Айнұр ұстазға,АЛЛА тағала сәби сүйдірсін🤲

    • @ЖазираЖунисова-х7м
      @ЖазираЖунисова-х7м 7 місяців тому

      @@РозаХайруллина-з3оАйнұр ұстаз қазір тек телеграммда отырады

  • @НаурызбайАкашев
    @НаурызбайАкашев 7 місяців тому +24

    Мен өзім Әкесіз өскем 16 жасымнан дуға намазға келдім шукір сосын қатты дуға тілейтін едім отбасым болсын көөөп ағайынды қара шаңарақа келін болсын бахыттан басым айлайды шукір деп 7 жыл Ата Ене мен турдым бөлек шықтық улкен уйіміз болды барі мен дуға тілегендей болды жане мен жалғыз қыз едім бала жоқ Анам өзі турады сосын ол кісі қасыма алдым бырақ өсіп улкейіп отбасылы болғанда өз анаң мен бірге туру қыйын екен жылай алмайсын мамаң көреді балаларға урысып қалсаң анаң ренжійде сосын тусіне бастадым дуға тілегенде дурыс жане Аллах хайырлысын бер деген сөздың мағынасын

  • @AidanaZhargakova
    @AidanaZhargakova 7 місяців тому +13

    Айнұр ұстаз-көркем ұстаз😍😍😍 Айтолқын дана, ақылды😍😍😍

  • @ГульжанЕрмаханова-д6б
    @ГульжанЕрмаханова-д6б 7 місяців тому +10

    Алла Айнұр ұстазға хайырлы, берекелі егіз сәби нәсіп етсін.

  • @ВалентинаБаймуханбетова

    Аллаға сансыз шүкіршілік етемін! Өте пайдалы подкаст болды, үлкен рақмеет айтамын! Отбасыларыңызға бақ пен береке берсін! Ілім білімдеріңіз арта берсін!

  • @Ардак-д6т
    @Ардак-д6т 15 днів тому

    Айнұр ұстазды өмірімнің қиын сәттерінде танып бастадым рамазан айында Құран хатымына қатысып, дем берген едіңіз, Алла дұғаларыңызды қабыл етсін, сөзіне ісі сай, нық сөйлейтін, сыртқа суықтау көрінсе де жүрегі езіліп тұратын ұстаз, Алла біліміңізді арттыра берсін қоғамымыз сіздердей ұстаздардың арқасында жақсара түсуі намаздарына орамалдарына бекем қыздардың көбею беруін нәсіп етсін

  • @MarhabatKuandyk
    @MarhabatKuandyk 7 місяців тому +12

    Бұл подкасттар мен үшін Алланың берген нығметі…Алла разы болсын пайдалы дүниелермен бөлісіп жатқан ұстаздарға мың алғыс🥲Малика ұстазға екі мың алғыс🥰❤️

  • @ДинараОразбаева-ц1к
    @ДинараОразбаева-ц1к 7 місяців тому +9

    Подкасттардың барлығы ерекше, бірақ бұл подкаст мен үшін ең жүрекке жақын, құнды. Қайта қайта көруден жалықпадым. Айнур ұстаз Алла сізге разы болсын. Сізге қайырлы, салиқалы ұрпақ нәсіп етсін Аллам. Малика ұстазға рахмет, осындай подкаст жасап жатқаныңызға. Сіздерге Алланың нұры жаусын

  • @неангименеангиме
    @неангименеангиме 7 місяців тому +31

    Осы Айнур устазды неге шакырмайды деп жур едим.ютубтан сабактарын уагыздарын тындап журемин

  • @АйнурМырзалиева-к6ш

    Аллаһ разы болсын! Істеріңізге береке берсін!

  • @МаржанСултанова-ц6о
    @МаржанСултанова-ц6о 7 місяців тому +11

    Айнұр ұстаздың әңгімесінен қатты өзімнен ұялдым, өте дұрыс айтады. Алла Екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Алла разылығы үшін жақсы көремін. Жәннатта бірге болуды нәсіп етсін. Маған керек тәлім мен тәрбиені жеткіздіғо, жаным ұстазым.
    Малика ұстаз тағыда Айнұр ұстазды шақырыңызшы, Сіздерге Алла разы болсын. 🥰🥰🥰

  • @АзизаБақытнұр
    @АзизаБақытнұр Місяць тому

    Айнұр ұстаздың сөз соңындағы дұғасы қатты әсер етті.
    Раббым 2 ұлыма салихалы иманды жар нәсіп етсін!!!❤

  • @АрайлымКулыбек-и8п
    @АрайлымКулыбек-и8п 6 місяців тому +1

    Малика ұстаз және Му ustaz-ға атсалысқан жандарға рақмет

  • @Ардак-д6т
    @Ардак-д6т 15 днів тому

    Алла разы болсын, керемет подкаст, есіме түсіп отыр студент кезім, намаз оқып бастсғаныма көп болмаған, қыз жігіт болып сөйлесу болды,кездесу болды, бірақ соңы бар еді, сезетінмін, сондай бір кезде Аллаға дұға еттім тоқтамай маған өмірімде тұрақты қалатын, менің қорғаушым да қолдаушым да болатын, өзіңнен қорқатын, жүрегінде иманы бар, маған өмірлік жолдас кезіктірші деп, мен мынандай өткінші сезімнен шаршадым, маған ешқайда алаңдамай теңім етіп жаратқан жаныңа жолықтыршы дедім, тура бір аптадан кейін запрос келіп тұр вкға😊 танитын жігіт негізі достарым арқылы бірақ үш ұйқтасам түсіме кірмеген сөйлесеміз деп, сүйтіп танысып сөйлестік, үш төрт рет кездестік тек, сүйтіп тұрмысқа шықтым, қазір кейде айтып қоям сіз менің Алладан сұрап алған қабыл болған дұғамсыз деп❤

  • @gulnazyermekbayeva7225
    @gulnazyermekbayeva7225 20 днів тому

    Аллаһ разы болсын ұстаздарымызға Әмин

  • @МадинаКазбеккызы-у2э
    @МадинаКазбеккызы-у2э 6 місяців тому +2

    Алла разы болсын, ПОДКАСТ деген курстан айырмашылығы зор екен, тірідей тілдескен әсерлі пайдалы екен,
    2019 ж Айнұр ұстаздан Балқия Балтабай арқылы танысып, арабша үйреніп, қаситті рамазанда құранға 5 уақыт намазға келгеніме себеп болған өте ыстық ұстазым🔥😘.
    Содан не керек 2020 ж сәбилі болып 2 секунд жиілікте толғақта Айнұр Жарқынбекқызына , Айнұр Тұрсынбаеваға, Жазира ұстазға тб жандарға, салиқалы ұрапақ сұрап дұғамнан тастамаған едім. Аллаһым баршамызды ана бақытына бөлесе екен деген тілегім бар 🤲.

  • @Критик-з6ц
    @Критик-з6ц 6 місяців тому +4

    Бір деммен отырып көрлім😢😢😢күшті жылауыққа толы подкаст болы. Рухани жылулық алдым. Рахмет Алла фирдаус жаннатын нәсіп етсін

  • @ЖанарСултанбековна-д2и
    @ЖанарСултанбековна-д2и 7 місяців тому +5

    Салеметсізбе, мендеде Айнұр ұстаздың басынан өткен жағдай болды, 2020жылы 1скринингде ауыр диагноз анықталды, өмір сүрмейді,туылған күннің өзінде де өмір сүрмейді деді.Дәрігерді тыңдадық, 16аптада баланы алдырдық, 9ай күту керек па еді деген ой іштей қалды,ия Алланың сынады деп ойладық,бірақ мен сол жағдайды қабылдаман екенмін.Неге деген сұрақтар мен,Аллаға реніш сезімі болып😢,Алладан алыстап кеттім... 3жыл өтіп қайта ойланып өзіммен жұмыс істегендей болдым.Бірақ мен Алламен келіскендей болыппын,Аллахым бала берсен мен намаз оқимын деп😢 сол айтқаннан соң бала көтердім,бірақ мен өз уадемді орындамадым 😢😢😢 керісінше көтерген нен бастап қатты ашуланшақ,жылауық,ешкімді жақтырмайтын күйге түстім...Шүкіршілік айттым бірақ, тілімді кәлимаға келтірмеген сиақтымын. 15аптада баланың суы кетіп өзі түсіп қалды. Мен Алланың сынағын қабылдамағанымды түсіндім.Қазір 1ай болды 5уақыт намазға келдім.Қаттты намаз оқығым келді, енді іштей өкініш неге 6-7ай бұрын бастамадым деген өкініш болды. Мүмкін мені өзіне жақындату үшін болған сынақ болар, сіздердің әр подкасттарыңызды көріп жылаймын.қатты ойландыратын,өзім іштей сұрақтары ма жауап алғандай боламын.сіздер үлкен Алғыс ❤

  • @rumimyrzataeva8797
    @rumimyrzataeva8797 7 місяців тому +15

    Ассаламу алайкум! Айнур устаздын казыргы мусулман кыздардын жиберетын кателыктерын ашык жане катты айтканына Аллах разы болсын.

  • @АрайТельжанова
    @АрайТельжанова 7 місяців тому +7

    Айнұр ұстазым қатты жақсы көремін Аллах разылығы үшін,Аллахым ұрпақ нәсіп етсе екен осы кісіге.

  • @AliKhan-tb7zc
    @AliKhan-tb7zc 7 місяців тому +14

    Жаным Айнұр ұстазды Алла разылығы ушін қатты жақсы көремін❤

  • @Мади-р9д
    @Мади-р9д Місяць тому

    Осы подкаст ушын Аллах разы болсын

  • @БахитНесипбаева
    @БахитНесипбаева 7 місяців тому +4

    Иа,мен де Айнұр Ұстаз,Жазира Ұстаз, Малика Ұстаз үшін дұға жасайтынмын.Аллаға Шүкір,Жазира Ұстаз да Малика Ұстаз да нәресте сүйді.Алла сол ұрпақтарыңыз көз қуаныштарыңыз болсын.Айнұр Ұстазға қуанышты күнді нәсіп етсін деп тілеймін

  • @УлнараСарсенбаева
    @УлнараСарсенбаева 7 місяців тому +8

    Аллах Айнур ұстазға хайырлы ұрпақ берсин.❤

  • @МеруертБибашева
    @МеруертБибашева 7 місяців тому +12

    Ұстаз мен қабыл болмаған дұғам жайлы айтқым келеді ,Айнұр ұстаз айтқандай,мен тұрмыс құрамын деп ниеттеніп, бір жігітпенен тілдесіп жүріп, бари жаксы келе жатып ,ұнатып ❤❤, міне жолықтырдым ау деп қатты қуанып жүргенімде , истихара оқып жүргем , неке қиылмады ,ол адам менен алыс кетті, мен қатты қиналып жылап. Кейін мен түсіндім ғо. Не себепті ол адам менен алыстағанын. Ол адам мен үшін қайрлы болмаған екен. Бұл да Алланың жауабы ❤❤❤. Аллаға сансыз шүкір. 🎉

  • @АйгульУсипбаева-р8й
    @АйгульУсипбаева-р8й 7 місяців тому +8

    Айнұр ұстазға Алла салиқалы ұрпақ берсін! Айтқан әр сөзі таза қазақша, орысша қоспай сөйлейтіні қатты ұнайды, ойын еркін,оңаай қарапайым тілмен жеткізеді. Орысша қосеай таза сөйлегені үшін рақмет

  • @samal.kaldarbekova.
    @samal.kaldarbekova. Місяць тому

    Алла разы болсын маған ұнады рухани әңгіме болды

  • @happy-db1jd
    @happy-db1jd 7 місяців тому +19

    Ассалямуалейкум
    Айнур ұстаз ❤
    Рақмет шақырғандарыңызға, күтіп жүр едім осы ұстазды

  • @ГулимДоненбаева
    @ГулимДоненбаева 8 днів тому

    Алла разы болсын 🤲. Көп сабақ алдым.

  • @АйжанГабделгали
    @АйжанГабделгали 2 місяці тому

    ма ша Аллаһ ❤Алла білімдеріңізді арттырсын🤲

  • @ЖанеркеАйяганова
    @ЖанеркеАйяганова 7 місяців тому +12

    Айнұр ұстазз сүйікті ұстаз
    Рахмет сіздерге барлықтарыңызға❤❤❤

  • @АйгүлТаңатарова
    @АйгүлТаңатарова 2 місяці тому

    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ҰСТАЗДАРЫМЫЗҒА КЕРЕМЕТ Подкаст болып жатыр Малика ұстаздың подкастарын тыңдап жүрмін

  • @Aqyn_Balnur
    @Aqyn_Balnur 7 місяців тому +15

    Екі минут бұрын салынды, қарап отырмын. Бір жерде көргендей сезім болып отырмын

  • @Жумановануар-у3х
    @Жумановануар-у3х 7 місяців тому +7

    Айнұр ұстазға ризамын, алғысым шексіз❤ дұғадамын 🤲

  • @ЗакираЧинтаева
    @ЗакираЧинтаева 2 місяці тому

    Керемет екен. Алла разы болсын. Сіздерге.

  • @ЖансаяТажикеева-в1й
    @ЖансаяТажикеева-в1й 2 місяці тому

    Осы Подкаст ерекше ұнады өйткені Айнұр ұстаз болды😍👍

  • @perizatpernebek
    @perizatpernebek 7 місяців тому +6

    2019 жылдан бастап шет елге бару арманым болып Америкаға,Польшаға 2 рет тапсырып 3 рет отказ алғам общий.Көңілім қатты қалған еді Құдайдан.Бірақ оның алдындада Алладан көмек сұрамайтынмын.Сұрасамда өте сирек.2023 жылы рисковать етіп Венгрияға документтерімді тағы тапсырам.3ай күті қажет болды.Сонымен күніге жұмыста таң азанымен садақа тастадым 3 ай.Сосын тіледім Алла маған осы визаны бере көрші деп.Шет елде өмір сүру,басқа культураны көру бала кездегі арманым еді.Сонымен 3 айдан соң виза алдыиэм😁Басында сенбедім.Кейін 1 аптада жиналып Европадан бірақ шықтым.Осы жаққа келгеннен бері өмірім 180градусқа өзгерді.Алла осы уақытқа мені 3 рет отказ беріп дайындағандай сияқты сезім болды.Мен дайын болғанда,жауапкершілік ала алатын уақытта рұқсатын бергендей.Сол түсінгенім ешқашан асықпау керек,Алланың планы бізден күшті.Бәрі өз уақытымен.Осы жаққа келгеннен бері енді исламды зерттеп,өзім өміріме енгізіп жатырмын.Кішкентай шаг болсада қадам басып жатырмын.Сіздердің. арқаларыңызда Ясин,Аят курсилерді оқып үйреніп жатырмын.Қатты қиналсам,қуансам Аллаға шүкір айтып үйреніп жатырмын.Рахмет сіздерге.Подкасттарыңызды асыға күтетін жанның бірімін.Өмірімде 1 ші мұсылманша подкаст который до конца көретін🫶🏻

  • @Akma1397
    @Akma1397 2 місяці тому

    Ас-саляму ‘аляйкум ва рахмату-Ллахи ва баракяту
    Джазаки- Лляху хайран
    Аллаху акбар

  • @АйжанЖартыбаева-ч6ь
    @АйжанЖартыбаева-ч6ь 7 місяців тому +4

    Ассаламу алейкум, Аллаһ осы амалдарыңызды хайырлы етсін! Малика ұстаздың өтінішімен, мен өзімнің дінге келуімді айтып өткім келеді, дін жайлы ақпарат алып, намаз жаттап жүретінмін, сұрақтарыма жауап іздеп, бес жыл бұрын қызымның дерті арқылы сыналдық, ауыр диагноз қойылды, елде емделді, ауруы асқынып, шет елде емделді, ауруханада жылдап жатқан кездер болды, бауыр етің балаңның қиналғаны, қолыңнан ештеңе келмеуі өте ауыр халде жүрдім. Адамның өте әлсіз жаратылыс екенін ұқтым, іздендім, кітаптар оқыдым, тек намаз оқу ғана емес, Аллаға иман келтірудің шарттарын оқып, дұға жасап жүрдім, қызым сол дерттен 7 жасында раббысына қайтты, дұғам неге қабыл болмады деп күпірлік жасамадым, қандай сынақ болса да, қандай тағдыр болса да Айнұр ұстаз айтқандай Аллаһтың мейіріміне үміт етіп, ақіретімізді ойлап, сынақтан көркем түрде өтетін сабыр сұрадым, қазір әр сәтімді әлхамдулиллах деп шүкіршілікпен, Аллаға разы болып өткізудемін. Әлхамдуллиллах! Аллаһқа деген махаббатымыз арта берсін, ілімміміз арта берсін, шайтанның азғыруынан сақтасын, өміріміз берекелі болсын, әмин.

  • @Еркенай-л5ю
    @Еркенай-л5ю 2 місяці тому

    МашаАлла қандай кушті Айнұр ұстазым Алла Тағала разы болсын ❤

  • @АйданаЕсм-г4ю
    @АйданаЕсм-г4ю 2 дні тому

    Ұстаз Алла разы болсын

  • @99li36
    @99li36 7 місяців тому +14

    Я так благодарна Вам Малика за ваш канал.я так сильно хотела больше узнать о Всевышнем и хотела подруг с которыми мне было интерессно и нашла их в вашем канале .Сейчас я просто плачу от радости и каждый раз жду новые видео.потомучто я так становлюсь ближе к Аллаху..Рахмет.Алла раз болсын сизге и конак келиншектерге.

  • @gulnuraktanova8158
    @gulnuraktanova8158 7 місяців тому +10

    Өте керемет 🥹🥹🥹🥹🥹
    Айнұр Ұстазды көріп қуанып қалдым ☺️
    Малика Ұстаз мықты мықты адамдарды сұхбатқа шақырып, керемет мазмұн жасап жатырсыз Алла ісіңізгее береке берсін😊

  • @АлмагульТоребекова-п3м
    @АлмагульТоребекова-п3м 7 місяців тому +10

    18 мың ғаламды жаратушы ием күнә мен қателігімді және балаларымның қателіктерін кешіре гөрші Алла ұлық Алла мейрімді бізді адастырма шатастырма аңсаған армандарымызды бере гөрші баларымды бақытты ете гөрші ӘМИН Әмин Әмин

  • @НЛКомпаниясы
    @НЛКомпаниясы 7 місяців тому +11

    Қазақ әйелдер білімді болсын,имандылыққа бай,жүректері ашық,пайдалы болсын,Малика ұстаз керемет Подкас болды,Алла разы болсын 🤲

  • @БАТЫР-н1у
    @БАТЫР-н1у 6 місяців тому +1

    Керемет аналар, қазақтың домалақ аналары, саналы- бай- қуатты болыңыздар ❤

  • @gulmaraliskak6242
    @gulmaraliskak6242 7 місяців тому +6

    Айтолқын ханым сондай жүрегі таза, шынайы жан екен 🫂Ма ша Алла❤️Өте пайдалы,қызықты болды🤲🏻Айнұр ұстаз бен Айтолқын ханымға Алла разы болсын🤲🏻🤲🏻🤲🏻Теңдессіз дұға подкасты 🔝🫶🏻

  • @ГаухарБайназарова-ж5с
    @ГаухарБайназарова-ж5с 6 місяців тому +4

    Айнур устаз 3 кыз 2 ул насип етши Аллахым.
    Мен сияқты коп балалы ана болуды насип етши.
    Шын журектен тиледим.

  • @МеруертБибашева
    @МеруертБибашева 7 місяців тому +8

    ❤❤❤ма ша Аллаһ. Асыға күткен подкаст болд ғо. Кашан шығад деп ,100 рет караған. Әлі мен көріп болмпдым , көргенше асықпвн. Уакытым болмаса да қашып пысып барибир бас жағын тыңдап үлгердім ғо😉. Супер подкаст болғанвна сенимдимин. Толық тыңдап болған соң бұйрса өз әсеріммен бөлісермін. 🥰❤

  • @Perizat-x1n
    @Perizat-x1n 7 місяців тому +10

    Машшалах керемет әнгіме болды. Біраз нәрсеге шүкірлік етім, мінезімді өзгертсем деген ой түйдім. Алла иманымызды күшитип, жүрегімізді құранмен толтырсын.

  • @ГульжанЕрмаханова-д6б
    @ГульжанЕрмаханова-д6б 7 місяців тому +4

    Айнұр ұстазды көргеніме қатты қуаныштымын. Алла разылығы үшін жақсы көремін ұстазды. Білімділігі, түсіндіру тәсілі өте ерекше. Алла ұстаздың тілеген дұға тілектерін қабыл етсін

  • @НазгулКалдыбек
    @НазгулКалдыбек 7 місяців тому +6

    Осы подкаст ғұмыры ұзағынан болсыншы!!!Әр эфирін күтіп отырамыз керек жерін өзімізге алып!!!

  • @Gulzhainasarman
    @Gulzhainasarman 7 місяців тому +8

    Өте тамаша! Айнұр ұстаз өте құнды дүниеге көз ашқан секілді, керек бер бер дей бермей әрекет ету керек жайлы, расыменде кейде өзімізге не ккерек екенін білмейм бер бер дей береміз, бірақ әрекетіміз жоқ!👍🏻

  • @Айзира-ъ7я
    @Айзира-ъ7я 7 місяців тому +5

    Әр подкасты бірінен-бірі өткен тамаша , ой саларлықтай😍Малика ұстаз, кәсібіңіз берекелі де баянды болсын🤲

  • @АқсұлуӘділбек
    @АқсұлуӘділбек 7 місяців тому +5

    Әр подкасты көрген сайын керемет әсер аламын, ма шаа алла😍.

  • @faridazhaksymbet2807
    @faridazhaksymbet2807 7 місяців тому +8

    Ассалаумағадейкум баршаңызға, МашАллах сіздердің арқаларыңызда көп нәрсе үйреніп біліп жатырмын🙏Осы уақытқа дейін дұрыс дұға тілей алмайтынмын сіздердің арқаларыңызда енді үйреніп жатырмын🙌🏻 3ші күн Малика ұстазды тындап жатырмын, өте керемет айтып түсіндіресіздер Алла разы болсын сіздерге🤗барлық тілеген дұғаларыңыз қабыл болсын🙌🏻

  • @МолдирАскарова-в5х
    @МолдирАскарова-в5х 3 місяці тому +1

    Улкен рахмет ❤️❤️❤️❤️
    Алла разы Болсын ✨✨✨

  • @BalzhanKopbaeva
    @BalzhanKopbaeva 2 місяці тому

    Әссәләмуалейкум уа рахматуллахи уабәрәкәту Аллаға шүкір мен кішкентай кезімде балалар үйінде өстім. Балалар үйінде өскеніме қуанамын😢 сол үшін мен Аллаға сансыз шүкір деймін. Ергерде мен балалар үйінде өспегенде мен білім алмайтын едімбе, мүмкін, бетін аулак қайыр тілемей, жылы жерде Алла өзі қорғап-қолдап тұрды деп ойлаймын. тұрақты жұмысқа орналаспаспа едім, мен анамды, тағдырымды кінәлі санамаймын. Қайта шүкір етемін. Алла маған соны қайылы етті. Жаман жолға түспедім Аллаға шүкір🙏 мен білмеймін Малика ұстаз сіз оқисызба оқымайсызба бірақ мен өткен өміріме еш өкінбеймін. Сізден құран жаттағым келеді. Сіздің подкастарыңызды жылап көремін. Сіздерді инстаграм желісінен коремін. Айнұр ұстаз, Гүлвира ұстаз, Малика ұстаз Алла сіздерге жар болсын. Разы болсын. Рахым етсін. Алла өз мейіріміне белесін. Екі дүниенің бақытын берсін. Ин Ша Алла Жәннәтқа кірулеріңізді Алла нәсіп етсін. Алла Осы өмірде болмасада жәннәттә бізді кездестірсін🙏🙏🙏🤲🤲🤲💗💋🧕🧕🧕🧕🧕

  • @ZhasminZholdasbai-k4d
    @ZhasminZholdasbai-k4d 7 місяців тому +5

    Әссәләму ғалайкум уа рахматуллахи уа баракатух. Аллах разы болсын Ұстаздарымызға өте керемет пайдалы ақпараттар алдым Альхамдулиллях.
    Меніңде басымнан бір оқиға өткен.Баламдф кесерва мен дүниеге алып келгем болатын.Роддомнан шыққаннан кейін,қысты күні үйіміз өте қатты суық болды,бізде 1 күннің ішінде басқа бір үйге көшіп кеткен болатынбыз.Мен әлі жаспынғой,бәрін өзім істей аламын,үлгеремін бала қарац оп оңай деп,енем жаққа бармай өзім үлгеремін деген ойлар болып,өзім қалдым.Сол кезде 10 күннен кейін сүтім шықпай,балам тоймай емшегімдегі сүтім қатып қала берді.Жеңгелерім сүтін сығып жатыр,мен жылап жатырмын қиналып кеттім.Сомен температурам 40 градуска көтеріліп есімнен 5 минут сайын талып қала бергенмін.Жеңгелерімнен үйінде қалып,емдейді мені деп врачтарға бармай Алладан дұғамды сұрамай адамдарға сеніппін.Болмай кеткенсон врачка бардық,гневной мастит деп,шұғыл түрде операцияға алып кеткен болатын.Балам әлі 10 күндік ,менің мейірімме сүтіме мұқтажғой.Мен осы нәрседен өте қатты қиналған болатынмын.Сонымен врачтар көкірегіме дұрыс күтім жасамай,көкірегімнің барлық кожасын күйдіріп алып,кожамды алып тастаған болатын.1 ай бойы көкірегімде кожам жоқ ,кунде перевязка жасаған сайын өте қатты жабысып жаным қаттыға қиналатын.Сол кезде түсіндімгой мына Раббымыздың бізге берген әрбір мүшесінің теріге дейін берген ,Раббыма неге шүкіршілік айтпаймын деп.Сол кезде өте қаттыға сабақ болды,ауырғанымызды артқа қалдыра бермей,дер кезімізде барып емделу керек екенімізге.Сонымен 1 айдан кейін пересадка кожа болып,аяғымнан терімді алып,көкірегіме қойған болатын.Баламды сол кездеде 40 на өзім шығара алмадым,енем шығарды.Біз жәй ғана кейде Алла Тағала бізге мүмкіншіліктер беріп тұрса пайдалана алмаймызғой.Маған Раббым енемді беріп тұр еді,қарассын көмектессін деп,бірақмен тындамай өзім қараймын деп.Ақырында енем 3 ай бойы бааламды өзі қарады.Алла шүкір қәзір балам 2 жарым жаста.Әр бір қиындықтың астынан жеңілдігі болады дейдіғой,бізгеде Алла Тағала Туркияда ілім алуды нәсіп етіп ,қазір жолдасым баламмен оқудамын.Аллаға сансыз шүкір ,кейде ойлаймында,ілім жолына келуде оңай нәрсе емес,бірақ мені осы сынақтан өткізіп барып,келгенімді қалады мекен деп.Кәзір бала тәрбиесінде үйде отырмын,әрі Құран жаттап,дінімді үйреніп жатырмын.Әльхамдулиллях

  • @БАТЫР-н1у
    @БАТЫР-н1у 6 місяців тому +1

    Күшті айттыңыздар жақсы оқиға болғанда, Аллаға рахмет айтып, қуанышты көбейтуге болады деп ❤

  • @user-fd8tr7uf4h
    @user-fd8tr7uf4h 7 місяців тому +2

    Осы қонақтарды тағы шақырыңызшы, сондай жеңіл, қарапайым 👍🏻

  • @Ainura_Bahytovna
    @Ainura_Bahytovna 3 місяці тому +1

    Ма Шаа Аллах❤

  • @МеруертБибашева
    @МеруертБибашева 7 місяців тому +6

    🩷🩷🩷🩷🩷💚💚💚💚🎉🥺🥺🥺🥺. Ма ша Алла. Асыл пайғамбарымыз с.ғ.у. біздер үшін дұға жасап 🥹😭❤❤. Бізді көрмесе де калай жаксы көрген ,❤❤❤. Бізде ол кісіні солай жаксы көрсек екен❤. Әмин

  • @ГулнурТапишова
    @ГулнурТапишова 7 місяців тому +5

    Раббымызға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын осындай ұстаздарды нәсіп еткен. Субхәналлах, Аллаһу акбар

  • @БАТЫР-н1у
    @БАТЫР-н1у 6 місяців тому +1

    Алладан үлкен күш жоқ, деп тұрып кетейік

  • @ИнабатТемирбек-г3л
    @ИнабатТемирбек-г3л 7 місяців тому +3

    Ма ша Аллаһ сіздердің білімдеоінізді көріп өзімнен ұялып отырмын😢😢.Не деген бақыт не деген имандылық😢

  • @Жазира-я4х
    @Жазира-я4х 7 місяців тому +6

    Келеси подкаст Гульмира мен Гулвира устаздармен болсыншы устаздардын Бари МашАлла

  • @Айкен-ъ9и
    @Айкен-ъ9и 7 місяців тому +15

    Ассалаумағалейкум баршаңызға, МашАллах ұстаздардың бейнесін көргеннің өзі адамға тыныштық силайтындай