Неге орысша сөйлейміз? | Әлия Әшім | TEDxArgynbekov Street

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 7 лют 2025
  • Өз баяндамасында Әлия қазақ тілінің бүгінгі ахуалын, тарихи кезеңдердегі рөлін және қоғамдағы болашағын талқылады. Әлия қазақ тілді БАҚ-тың аудармаға тәуелділігіне назар аударды: "Қазақ тілді БАҚ көшірмеге, аудармаға айналды, сілтеме жасау мүмкіндігі жоқ". Бұл жағдай қазақ тілінің дербес ақпарат таратушы құрал ретінде әлсіз екенін көрсетеді. Сонымен қатар, ол ұрпақтар арасындағы тілдік алшақтықтың себебін көтерді: "Неліктен ата-әжесі таза қазақша сөйлеген ұрпақтың әке-шешесі екі тілді болды?" Спикер қазақ қоғамындағы тілдік бөліністі де қозғады. "Сіз оқыған тіл сіздің болмысыңызға әсер етеді. Мен өзімді қаншалықты қазақ деп айта аламын?" деген сұрақ арқылы қазақ тілді және орыс тілді қауым арасындағы алшақтықты көрсетті. Бұл бөлініс кейде агрессия немесе ақталу формасында көрініс табады, ал мұндай болмыстар дағдарысы ұлттық деңгейдегі кризиске ұласады. Тарихи шолу жасай отырып, Әлия жергіліктендіру мен орталықтандыру саясатын талдады. "Жергіліктендіру орталықтандырумен алмасты. Олар Совет адамын жасап шықпақшы болды," деп, тілдің саяси құрал ретінде қолданылғанын атап өтті. Ол тілдің тек қарым-қатынас емес, идеология құралы екенін көрсетті. Баяндаманың негізгі бөлігі қазақ тілін жаңа деңгейге көтеру миссиясына арналды. Әлияның ойынша: "Қазақ тілі ғылым тілі болғанда, сапалы контент тілі болғанда, бизнес қазақша сөйлегенде ғана жаңа деңгейге шығады". Сонымен қатар, қазақ тілінің мәртебесін арттыру туралы айтып өтті: "Қазақ тілінде сөйлеу сәнді болғанда ғана жаңа мән қалыптасады." Әлия Әшім қазақ тілінің болашағына бағытталған терең ой-пікірлерге толы. Оның айтуынша, тілдің дамуы ұлттық бірлік пен болмысты сақтаудың негізгі кілті, ал қазіргі ұрпақтың міндеті - қазақ тілін ғылым мен мәдениеттің тіліне айналдыру. Әлия Әшім - Бостон университетінің Коммуникация мектебінің магистрі, документалист және блогер. Ол «Қонаев дәуірі» мен «Ажырау» атты деректі фильмдердің авторы. This talk was given at a TEDx event using the TED conference format but independently organized by a local community. Learn more at www.ted.com/tedx

КОМЕНТАРІ • 227

  • @arusoulll_
    @arusoulll_ 21 день тому +155

    Қазақ тілінде бірінші рет көріп тұрған Ted спичі😍😍 Керемет👏🏻👏🏻

  • @AssemMedelova
    @AssemMedelova 18 днів тому +51

    Әлия Әшім еңбегіңізге бек рақмет! Қазақ әдебиетін тереңірек оқуымыз керек. Қанымызда, жадымызда ұйықтап жатқан, әдебиетіміздегі қаймағы бұзылмаған қазақ тіліміз, ой-пайым, даналығымызды оята аламыз. Орысша ойлап, қазақша сөйлеу - біздің болмысқа жат. Шала, шикі, шың басына жетелемейтін алдамшы болмыс іспетті.

  • @danagulbeibitbekova7596
    @danagulbeibitbekova7596 15 днів тому +35

    Әлия десе, Әлия ғой! Ұжымдарыңызға Құдай қуат берсін!

  • @newqan9686
    @newqan9686 18 днів тому +34

    Осындай елге жанашыр жандар көп болсын! Рақмет батыр қыз!

  • @nancyajram4622
    @nancyajram4622 9 днів тому +17

    Әлия Әшім -журналист ретінде тілге қатысты пайымдарын керемет салыстырмалы деректермен еркін жеткізді. Ойы ұшқыр, білімі терең, сөйлеу техникасы жатық, дикциясы, дауыс ырғағы дұрыс қойылған сөйлеу манерасы, сөйлеу тілі, тіл қатуы, сөз орамдары сөз әдебімен үндескен.. Әлияның әр қадамына сәттілік!

  • @AliyaKaliaskar
    @AliyaKaliaskar 14 днів тому +25

    Қазақ тілігде бірінші рет көрген Ted лексиясы екен.❤разы боп тұрғаным айййй❤Аман болыңыз🎉

  • @astanaastana9832
    @astanaastana9832 17 днів тому +29

    Мен орыс мектебінде жұмыс жасаймын. Өз сыныбыма және сабақ беретін сыныптарға сабақтан тыс уакытта қазақша сөйлеймін, "сендер қазақсыңдар, ана тілдеріңде сөйлеңдер, үйде ата-анаң қай тілде сөйлейді, қазақша сөйлеу керек деп айтыңдар " деп қақсап жүрем. Орыс мектебі болғандықтан сабақты орысша жүргіземін, барлығы именно менімен қазақша амандасады!

  • @altynaialtynai9576
    @altynaialtynai9576 День тому

    Өте маңызды мәселені көтереді Әлия ханым,сізге таусылмас күш құат берсін🧿

  • @flngsthm5245
    @flngsthm5245 19 днів тому +27

    just unbelievable, ted talks in kazakh language

  • @zhaisan
    @zhaisan 8 днів тому +6

    Truly great speech, it is rare to hear pure Kazakh speech on UA-cam, thanks!

  • @bolatashirbek
    @bolatashirbek 20 днів тому +35

    Ең бірінші орында - білім тұр, сондықтан қазақтар, қазақ тіліне жандарыңыз ашыса, балаларыңызды қазақ тілді мектепке беріңіздер.
    Қазақша сөйлейтін адамдар көбейсе, алдағы уақытта барлығы реттеледі деп ойлаймын.

    • @qazaqnaiman7988
      @qazaqnaiman7988 12 днів тому

      Сол қазақ балабақша мен мектебінде орысша үйреніп келді баламыз😢

  • @NARKESKEN
    @NARKESKEN 13 днів тому +13

    Керемет Әлия ханым 👍🏻🇰🇿

  • @smile-ek4dg
    @smile-ek4dg 7 днів тому +5

    Керемет, Әлия ханым сіз секілді тіл жанашырлары көп болсын🙌🏻🫂

  • @Useroooo123-q5l
    @Useroooo123-q5l 20 днів тому +26

    Осындай подкастты көбірек күтімз❤әсіресе Әлия Әшіммен

  • @AkbotaBektemirova
    @AkbotaBektemirova 3 дні тому +1

    Не деген керемет түсіндіру😍👍🏻

  • @ЖанайнаДамерхан
    @ЖанайнаДамерхан 15 днів тому +16

    Керемет❤ Осындай сапалы, мағыналы көріністер көп болсын❤

  • @ЖанайымӨмекбай-п8ю
    @ЖанайымӨмекбай-п8ю 18 днів тому +17

    қандай керемет speech! Осындай заманауи жанрда контент жиі шығып тұрса қазақ тіліне деген, қазақтың Әлия Әшім сияқты мықты тұлғаларына жастардың қызығушылығы артар еді, ұйымдастырған жанға көп рахмет!

  • @user-le6pg9hh5d
    @user-le6pg9hh5d 10 днів тому +8

    Қазақша сапалы контент жасасын🥳Әлия Әшімге мың алғыс!

  • @user-cf7lv4wz2l
    @user-cf7lv4wz2l 19 днів тому +22

    Мәссаған қазақ тілінде TED көріп көзім қуанып тұр😍😍😍

    • @biqeshaudiokitap
      @biqeshaudiokitap 7 днів тому

      Бұл бірінші қазақ тіліндегі шығарылым емес

  • @MadinaTulegen
    @MadinaTulegen 19 днів тому +23

    Шынымен де, ауқымды әрі өзекті мәселе 👍🏼 Ой жеткізуі, ой сала білуі үшін Әлия Әшімді ерекше жақсы көремін❤️😍

  • @Елімменің-ж6е
    @Елімменің-ж6е 10 днів тому +6

    Істеріңізге сәттілік! Мен жастарға сенемін! Әлия Әшім білімді, патриот, қайсар қыз, мықты журналист, аудармашы👍🏻❤Әзірге қазақша қаралым аз болуы мүмкін. Қазақтың тең жарымы мәңгүртке айналған. БОлашақта барлық Қазақтар, қазақстандықтар 100%қазақша тыңдайтынына сенімдімін❤

  • @nazerkekuandykova4657
    @nazerkekuandykova4657 20 днів тому +17

    Қазақ тіліндегі жан жақты қамтылған керемет speech ,жарайсыз Әлия

  • @ГульзатАбикеева-э3к
    @ГульзатАбикеева-э3к 17 днів тому +9

    Супер! Көп рақмет Алия сізге!

  • @totokim1076
    @totokim1076 10 днів тому +5

    Әлия Әшім недеген үлгі аларлық тұлға,еңбегіңізге рақмет!

  • @nazymot
    @nazymot 18 днів тому +11

    РАҚМЕТ СІЗДЕРГЕ💯💯👍🏾👍🏾👍🏾

  • @JavohirNiyatov
    @JavohirNiyatov 9 днів тому +2

    It's just powerful. Thanks for the speech. Hello from Uzbekistan.

  • @r0nin0.
    @r0nin0. 17 днів тому +8

    Керемет, жасай беріңіз👍

  • @сара-ч8о
    @сара-ч8о 13 днів тому +7

    Керемет, тек алға!

  • @msl-dl6dy6kt5e
    @msl-dl6dy6kt5e 11 днів тому +5

    TED қазақша бола бастағанына, және осындай мықты жас білімді саналы жастар тіл үшін тер төгіп жатқанда, Мен жастарға сенемін деп айтқан Алтықтардың дұғасы қабыл ьолғандай!!!! Альхамдулиллах

  • @salamaturgenishbaev2332
    @salamaturgenishbaev2332 18 днів тому +7

    Өте күшті, тілімізді құрметтесек барлығы өз орнына келетін сияқты

  • @gocomein
    @gocomein 14 днів тому +8

    Керемет нақты спич 😍

  • @---vs1hh
    @---vs1hh 8 днів тому +2

    Әлия алғысымыз шексіз саған !!! Алдыңа қойған мақсатыңа жет , бақытты бол . Жарайсың қазақтың қызы .

  • @КатеринаНовак-д3у
    @КатеринаНовак-д3у 6 днів тому

    Әлия ханым. Осы ойлар мені жылдар бойы мазалап, бірақ адамдарға түсіндіре алмай жүр едім. Рахмет❤ Қазақша сөйлеп, түбегейлі орыс тілінен тек осы кезде арыла аламыз👍

  • @АльвинаКубенова
    @АльвинаКубенова 8 днів тому +2

    Керемет, Рахмет Алия

  • @ayagozmusa
    @ayagozmusa 20 днів тому +13

    Қандай керемет шығарылым😍😍

  • @АйдарЕргали-н6г
    @АйдарЕргали-н6г 16 днів тому +6

    Керемет спич. Астанада үлкен лекциялар өткізсеңіз пайдалы болушы еді.

  • @nazymot
    @nazymot 18 днів тому +7

    өте дұрыс сөздер!!!❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥

  • @dianaffm9889
    @dianaffm9889 7 днів тому +1

    Рахмет 💔💔💔👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

  • @kazakhvlogg
    @kazakhvlogg 20 днів тому +9

    Өте ауқымды да өзекті мәселе, сізге үлкен рахмеет
    Негізінде елімізде ғылымның қазақ тілінде дамымауы жоғары білім ордаларының мәселесімен байланысты секілді, байқағанымдай, өзге елдердің көбінде зерттеулер мен ғылыми кітаптар осындай мекемелерден бастау алып, интернет желілеріне жүктеліп жатады, ал біздің мемлекетте мұндай деңгейде зерттеулер өтее сирек не мүлдем кездеспейді сондықтан осы мәселені көтеру керек секілді

  • @Onlasynnysanbai
    @Onlasynnysanbai 18 днів тому +6

    Мықты 😍🔥

  • @Lore-j9e
    @Lore-j9e 19 днів тому +8

    I am so excited, it’s unbelievable 🥳🙏🏻💓thank u

  • @gmg1475
    @gmg1475 17 днів тому +7

    Қазіргі заманның өте өзекті мәселесі😢 Автор дұрыс айтасыз. Мысалы менде де сіз айтқандай өз ана тілінде сөйлей алмайтын адамдарға іштей агрессия бар. Бірақ әр адам өзінен бастау керек деген секілді, өзімнен бастайын десем біздің мемлекетте әзірше ондай мүмкіндік жоқ. Менің жұмысым халыққа қызмет ету, сауда болғандықтан, тұтынушы қай тілде сөйлейді, мен де сол тілде қызмет жасап, жауап беремін, ал бізде көбінде адамдар қазақша сөйлемейді. Тіпті қолданыстағы смартфонымыз да орыс тілінде тұрады, өйткені қазақша аудармасы бізге түсініксіз.... Өте бір қынжылтатын дүние.... Болашақта ұрпақтарымыз өз тілін құрметтеп, өз тілінде сөйлеуді сән көреді деп сенейік 🤲

    • @samal2951
      @samal2951 11 днів тому

      Менде телефон мен ютуб, браузрлер көптен бері тек қазақша. Бəрі түсінікті, кейде ғана түзеткім келетін жерлер кездеседі. Міне, жауап жазып жатқан жерде экранда екі кнопка тұр Жауап беру/Бас тарту деген. Несі қиын?))

  • @soon777
    @soon777 21 день тому +8

    Спикер Әлия Әшім өте мықты, білімді жан🇰🇿😍👍🏻

  • @МаржанКасымбек-л4в
    @МаржанКасымбек-л4в 10 днів тому +2

    TedTalks in Kazakh деген плейлист бір күні болады деп қатты үміттенемін😍 осы спичті көріп жүрегіме бір керемет сезім ұялап тұр, қазақша контенттер көбейе берсін🥹🫶🏻

  • @ibar999
    @ibar999 13 днів тому +6

    Керемет!

  • @Финансы-ф5ю
    @Финансы-ф5ю 10 днів тому +2

    Өте керемет. Осы бағыттан таймау керек

  • @qazaqnaiman7988
    @qazaqnaiman7988 12 днів тому +1

    Өте терең тақырып! Бұл әрине көрші ресейдің ықпалы, қасындағы барлығын орыстандыру саясаты. Өз тілін білмеген елдің ертеңі жоқ!

  • @НургайшаСейдалиева-м2г

    Керемет 🤘жарайсың Әлия

  • @akzharkyntorekhanova4304
    @akzharkyntorekhanova4304 12 днів тому +1

    Қандай керемет !!!👏👏👏👏

  • @Qwertyy-g2s
    @Qwertyy-g2s 10 днів тому +2

    Өте керемет екен

  • @ospanov_dk
    @ospanov_dk 20 днів тому +13

    Қазақ тілінде TED керемет))

  • @ShugylaUsenbay
    @ShugylaUsenbay 19 днів тому +6

    Қазақша сөйлеу❤❤❤❤❤

  • @Askonti639
    @Askonti639 5 днів тому +1

    Красавица Алиюша. Атындай беріп ляззат алам кулагыма❤

  • @АйманСадыкова-и6я
    @АйманСадыкова-и6я 7 днів тому

    Үлкен рахмет Әлия қыз!

  • @BotaTuriabekova
    @BotaTuriabekova 3 дні тому

    Жарайсын Алия!!!

  • @llyamelin9379
    @llyamelin9379 17 днів тому +5

    Тамаша! 🎉

  • @nazymot
    @nazymot 18 днів тому +8

    ӨТЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙЛІ СПИЧ🔥🔥

  • @debox_ai
    @debox_ai 16 днів тому +5

    Керемет 👍👍👍

  • @LatifaMubarakHanım
    @LatifaMubarakHanım 17 днів тому +5

    Мен жастарға сенемін
    Арыстандай айбатты,
    Жолбарыстай қайратты -
    Қырандай күштi қанатты.
    Мен жастарға сенемiн!
    Көздерiнде от ойнар,
    Сөздерiнде жалын бар,
    Жаннан қымбат оларға ар,
    Мен жастарға сенемiн!
    Жас қырандар - балапан,
    Жайып қанат ұмтылған.
    Көздегенi көк аспан.
    Мен жастарға сенемiн!
    Жұмсақ мiнез жiбектер.
    Сүттей таза жүректер.
    Қасиеттi тiлектер -
    Мен жастарға сенемiн!
    Тау суындай гүрiлдер,
    Айбынды алаш елiм дер,
    Алтын Арқа жерiм дер,
    Мен жастарға сенемiн!
    Қажу бар ма тұлпарға,
    Талу бар ма сұңқарға,
    Иман күштi оларда,
    Мен жастарға сенемiн!...
    Алаш айбынды ұраны,
    Қасиеттi құраны,
    Алаштың олар құрбаны,
    Мен жастарға сенемiн!
    Мен сенемiн жастарға.
    Алаш атын аспанға
    Шығарар олар бiр таңда,
    Мен жастарға сенемiн!

  • @anuarshakarim
    @anuarshakarim 10 днів тому +1

    🔥🔥🔥👍👍👍
    (акустика құлаққа тым өткір екен)

  • @АкботаМырзатай
    @АкботаМырзатай 16 днів тому +3

    Жарайсыз Алия😍👍🏻

  • @Ali-Aman
    @Ali-Aman 20 днів тому +5

    керемет жаңалық !👍
    қуанарлық жәйт. TED те қазақша шығарлым🎉
    алайда қазақ тілін қорғаған шығарлымдарда да қазақша әдемі аудармасы бар атаулар орыс тілімен шұбырып жүреді.
    прагматика,агрессия,феномен,процесс,функцияналды...

    • @joynergrim4003
      @joynergrim4003 19 днів тому +4

      Сіз көрсеткен сөздердің қазақ тілінде баламасы бар (аудармасы емес, баламасы), бірақ бұлар орыстың да сөздері емес.

    • @Ali-Aman
      @Ali-Aman 16 днів тому

      @ менің айтпақшы ойым ,қазақша сөйлеуге шақырған азаматша ,неге осы сөздердің әдемі қазақша баламасын қолданбасқа.
      егер осы сөздердің қащақша баламасы болмаса түсінуге болар еді .

  • @НургалиТемирбеков

    Керемет❤

  • @dilyavincente929
    @dilyavincente929 19 днів тому +6

    Қашан таза қазақ тілді қоғам болады екенбіз?
    Керемет спич!!

  • @ЖайҮшін
    @ЖайҮшін 12 днів тому +3

    Қазақша үшін❤

  • @My_girls10
    @My_girls10 20 днів тому +5

    Керемет🎉❤

  • @ЕрболБажиев
    @ЕрболБажиев 15 днів тому +4

    Аман болшы айналайын қарындас

  • @moldakhmet_bauyrzhan
    @moldakhmet_bauyrzhan 13 днів тому +2

    Жарайсың!!!

  • @moonjuice5
    @moonjuice5 19 днів тому +3

    Керемет спич болды! ❤❤🎉

  • @msl-dl6dy6kt5e
    @msl-dl6dy6kt5e 11 днів тому

    TED бұрын ағылшынша немесе ағылшыншадан орысшаға аударылғанын көретін едім мықты спикерлер жан жақтан сөйлеп жатат контенттер керемет ғылыми технологиялық, психологиялық экономикалық мәнді тақырыптар талқыланып жататын еді, қызығатынбыз, неге Қазақстанда қазақша болса екен ол да болар бір күні деп ойлайтынмын

  • @LatifaMubarakHanım
    @LatifaMubarakHanım 17 днів тому +3

    MaşaAllah MaşaAllah MaşaAllah ❤

  • @nazymot
    @nazymot 18 днів тому +4

    Әлия Әшім😍😍😍😍

  • @inabat_khozhakhmet
    @inabat_khozhakhmet 18 днів тому +5

    Wow ted talks in Kazak😻

  • @saudakz4551
    @saudakz4551 9 днів тому

    Керемет!!!

  • @Hdjnagkdndkc
    @Hdjnagkdndkc 19 днів тому +5

    Өте керемет

  • @mrpanda_17
    @mrpanda_17 18 днів тому +4

    Ғаламат талдау 🔥🔥🔥

  • @aiduksa
    @aiduksa 19 днів тому +4

    Керемет🔥🔥🔥🔥

  • @lazzatmuzafarova4701
    @lazzatmuzafarova4701 18 днів тому +4

    Әлия жарайсың

  • @elmiraorynbasarova1706
    @elmiraorynbasarova1706 10 днів тому +2

    👍 бірінші көріп турмын казақ тілінде

  • @arkhattan
    @arkhattan 20 днів тому +9

    Қазақша сөйлеу модада ❤

  • @yki4323
    @yki4323 7 днів тому

    Бірақ Әлияның баласы орысша сөйлейтіні өте өкінішті. Халыққа қазақ тілі туралы айту үшін, бірінші отбасынан бастау керек секілді.

  • @Nurai-d9y
    @Nurai-d9y 13 днів тому +3

    😍😍 казакша тед талк😻😻😻😻

  • @temirhan0748
    @temirhan0748 9 днів тому +1

    Әлия👏👏👏

  • @РусланБадренов
    @РусланБадренов 14 днів тому +3

    Тамаша

  • @gulnarazhussupova7365
    @gulnarazhussupova7365 11 днів тому

    Орынды 👏👏👏❤

  • @ЖалгасКонусов-т8о
    @ЖалгасКонусов-т8о 9 днів тому +1

    Жақсы

  • @manatmustafa
    @manatmustafa 9 днів тому +1

    Өте жақсы, тек түсіруші оператордың тәжирбесі аздау ма? Толық артқы экранмен бірге көрсетпей ме? Тойда тек тамаданы түсіріп үйренген адамға ұқсамай! Өткенде ЖИ туралы түсірілм де солай болып еді! Рахмет

  • @КамилаТурсынбекова-к5х

    Уаауу мощьь😻😻😻😻

  • @АлматАлмат-з7е
    @АлматАлмат-з7е 9 днів тому +2

    🔥

  • @danikmaik9219
    @danikmaik9219 13 днів тому +2

    Керемет! Енді айтылған фильмді қайдан көрсек болады? Білетіндеріңіз болса бөлісіңіздерші, өтініш.

    • @ayanakuanyshbai5317
      @ayanakuanyshbai5317 13 днів тому +2

      Орыстандыру деп жазсаңыз шығады

    • @danikmaik9219
      @danikmaik9219 13 днів тому +1

      @ayanakuanyshbai5317 рақмет ❤️

  • @ДЖТАНГЛАйгерімНұрланқызы

    🔥🔥🔥👏🏻👏🏻👏🏻

  • @monkey_d_luffy700
    @monkey_d_luffy700 20 днів тому +5

    13:00 телефонға кіріп кетіптіғой😂 Маған қатысы жоқ деп отыр ау…

  • @bauyrzhantasbolatov7631
    @bauyrzhantasbolatov7631 18 днів тому +3

    МЫҚТЫ!!

  • @bauyrzhantasbolatov7631
    @bauyrzhantasbolatov7631 18 днів тому +5

    Бұрындары, ТЕД форматында видеоларды көп қарайтынмын. Бірақ барлығы не орысша не ағылшынша.... Сол кездері қазақша ТЕД деңгейі "кішкене төмендеу" болатын деп айтуға болатын сияқты. Әрине ешкімді ренжіткім келмейді. Бірақ салыстырмалы түрде, маған "зритель" ретінде орысша қараған жақсырақ сияқты көрінетін еді.
    Ал қазір, ТЕД форматында, өте терең, жаңа ойлар қалыптастыратын видеоларды көрген сайын, сіздерге РИЗА боламын. Сіздерге алғыс айтамын. Организаторларда, Спикерлерде, Монтаж, Түсіруші, Дауыс бәрі-бәрі жаңа деңгей. Жаңа формат.
    Жұмыстарыңыз алға баса берсін! Тек қана Сәттілік!

  • @AknurMukhametkali
    @AknurMukhametkali 19 днів тому +4

    Мәәәә қазақша тед көріп шок болдыыыи

  • @yerke_sunshine
    @yerke_sunshine 19 днів тому +5

    Әлия Әшім❤️🫂

  • @lamypark1727
    @lamypark1727 12 днів тому +1

    Өте дұрыс айтты

  • @АзатОспан-ж5е
    @АзатОспан-ж5е 18 днів тому +2

    Біз сен қазақ тілінің ыдысын толтырам деп жүрсек өкімен ол ыдысты тесіп әлек. Онда қазақ тілі ыдысы толмайды. Бірақ сәттілік кейде жағдайаттар өзі күткен нәтижені береді

  • @abdikadirovaaizhanel
    @abdikadirovaaizhanel 22 дні тому +1

    Алия Шым керемет жан❤

  • @LatifaMubarakHanım
    @LatifaMubarakHanım 17 днів тому +1

    Қа­зақ­тың екi «­жауы» бар. Бiрi, дос жауы - Абай. Қал­ған­да­ры - қас жауы. - Аскар Сулейменов