🌸ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН УАҒЫЗ🌸

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 2 вер 2021
  • Ислам дінінің ақиқатын білмейтін кейбір адамдар өздерінің надандығы себепті бүкіл әйелдерді исламға қарсы қоюға тырысып бағуда. Олар «исламда әйел адамды тек еркектің нәпсісін қанағаттандыратын және ұрпақ қалдырушы құрал, еркекті барлық істерде жоғары және еркек әйелге қарағанда артық деп есептейді» деген сияқты пікірлерін алға тартады. Ал, бұлар - исламның ақиқат екенін біле тұра жасырушылар. Әрине, олар - ислам дінінің дұшпандары. Олардың ниеті - исламнан адамдарды алыстату болып табылады.
    Исламның әйелге қарым-қатынасын, берген мәртебесін сөз етпестен бұрын батыс әйелдерінің жағдайының қандай болғанын, олардың құқықтарының қаншалықты екенін және де ислам келмей тұрып әлемдегі әйелдердің жағдайы қалай болғанын аз-кем айтып өтпегіміз абзал.
    Негізінде, Азия елдері әйелге қарым-қатынас жасау барысында батыс елдеріне еліктеушілік салдарынан көптеген күрделі мәселелерге жолықты. Қоғамдағы болып жатқан әйелдердің мәселесі, нақтырақ айтсақ, қазақ қоғамындағы әйелдердің алдымен орамалсыздануы, ата-ене, аға-інілерінің алдында тар көйлек пен тар шалбарды тылтитып киіп жүруі қалыпты жағдай секілді көрініп, әурет жерлерін тым ашық ұстауы т.с.с - осы еліктеушіліктің салдарлары болып табылады. Ертеректе әйелдер ешқандай құқыққа ие болмаған, тіпті «мақұлық» деп есептелген дәуірлер де өткен. Сол кездері тіпті кейбір «ғалымасымақтар» мен «философсымақтар» әйел тақырыбында тартыс жүргізіп, «әйелдің жаны бар ма, жоқ па, егер бар болса, ол адамның жаны ма әлде хайуандікі ме; егер әйел адами жан иесі болса, онда оның мәртебесі еркекпен салыстырғанда төмен ба, әлде жоғары ма?» деген ғапыл қиялдарға дейін барған.
    Ал, Үндістан елінде әйелдердің жағдайы «ману» деген сенімдері бойынша, әкесі немесе күйеуі қайтыс болғанда, әкесінен немесе күйеуінен қалған мал-мүлікке ие бола алмайтын. Егер әкесі де, күйеуі де, ер балалары да дүниеден өтсе, онда қалған мал-мүлікті күйеуінің басқа туыстарына үлестіріліп берілуі шарт еді. Сонымен қатар, күйеуі өлген әйелдерді сенімдері бойынша, күйеуімен қоса өртейтін еді.
    Ирактың Бәбил қаласының жергілікті хамурап сенімі бойынша әйелді мүлікке теңеп, күң ретінде қараған. Егер, сенімдері бойынша біреудің қызын өлтіріп қойған кісі құн салығы ретінде өз қызын беруі шарт болатын. Көп жағдайда құнға берілген қызды өлтіретін.
    Ежелгі мемлекеттердің бірі Испарта елінің әйел адамдарға шектен тыс еркіндік пен құқық бергендігі (мирас, талақ, қарым-қатынас мәселелерінде) шектен шыққандығы тарих беттерінде айыпталады. Испарта мемлекетінің ыдырауына шектен шыққан құқықтар берілуі себеп болған.
    Мысыр еліне келетін болсақ, исламнан бұрынғы жағдай өте мүшкіл болған. Адамдар өмірден жалыққан, тіпті ұрпақ қалдыруды ар санайтындар да кездесетін. Әйелдерге жақындасуды нәжіс, күнәға батудың көзі деп санаған. Қажетті жағдай болмаса, әйелдерден алыста болуды ғибадат деп есептеп, сенімдері бойынша - әйел адамнан жырақта өмір сүруді шайтанның уәсуасасынан алыстау, ал әйелдер - шайтан уәсуасасының басы деп есептеген.
    Ислам діні келгенге дейінгі уақытта араб қоғамындағы әйел жағдайы мәз емес еді. Қыз баласын қорлыққа итеретін, адамға тән мәртебе бермейтін, әке-шешесінің мұрасынан қағатын жаман сенім араб қоғамында да болды. Бұл қоғамда қыз бала дүниеге келсе, оны асыраудан қашып, ұлды артық көретін, қызды болғанына ашуланып, қатты ызаланатын, ұялатын болған. Осындай жауыз мінездерінің шектен шыққаны соншама - олар жаңа туған нәрестені шімірікпестен тірідей өлтіріп, аулаққа апарып көміп тастайтын және бұл әрекеттері үшін «арын тазартқан» болып бір-біріне мақтанатын. Олардың
    қыз баланы сүйекке таңба санайтын бұл надандық әрекеттерін Құранда ащы сынға алып, Алла тағала:
    «Кейбіреулері қызды болғанын естігенде, ашудан жүздері түтігіп, түнеріп кетеді. Бұндай «жаман» хабардың салдарынан ел көзінен тасаланады. Бұл қорлыққа шыдап, оны асырап-бағу керек пе, жоқ әлде топыраққа көміп тастаған дұрыс па? Қараңдаршы, берген үкімдері қандай жаман?!» («Нахл» сүресі, 58-59-аяттар)
    Осындай қиын кезеңде Алла тағала надандық дәуіріндегі осы бір жауыздыққа тосқауыл қойып, қыз баланы өлтірмеуді бұйырды. Құранда:
    «Жар­лы күй кешіп, тұрмыс-тіршіліктерің на­шар болғандығы үшін балаларыңды өлтірмеңдер! Сендердің де, олардың да ризығын Біз береміз» («Әнғам» сүресі, 151-аят)
    Толығырақ: www.muftyat.kz/kk/articles/is...

КОМЕНТАРІ • 25

  • @aselasanova820
    @aselasanova820 2 роки тому +17

    Алла разы болсын Оралхан ұстаз! Алланың құдіреті шексіз, әйелдердің дәрежесін көтерген

  • @user-mr9rb5dv2l
    @user-mr9rb5dv2l Рік тому +4

    Аллахым разы болсын сизге оте керемет айтылган 👍

  • @zhanatlesbekova9623
    @zhanatlesbekova9623 2 роки тому +4

    Алланың нұры жаусын

  • @gulbalashurenova5913
    @gulbalashurenova5913 2 роки тому +8

    Тамаша уагыздар

  • @zhanatlesbekova9623
    @zhanatlesbekova9623 2 роки тому +1

    Керемет уағыз

  • @gul_27
    @gul_27 Рік тому +1

    Алла разы болсын 🤲

  • @user-dm1ur2uj9v
    @user-dm1ur2uj9v 2 роки тому +13

    Алланың берген 4 қызы 3 балам бар 🤲🕋

  • @user-gw3fu3pb1b
    @user-gw3fu3pb1b 2 роки тому +9

    Әйел - ана ! Сол себепті , оны құрметтеу жұмаққа апарар жалғыз ЖОЛ !

  • @moldirjumay695
    @moldirjumay695 2 роки тому +2

    👏👏

  • @user-jy6yt7sz6d
    @user-jy6yt7sz6d 2 роки тому +1

    Я не проверял Аллаха бога он в серце это лдше всего

  • @user-sf7fw2kr9w
    @user-sf7fw2kr9w Рік тому

    Саламатсыздарма күиеуінамаз оқымаи аиеліне намаз оқуына разылығын берсе намазы қабыл болама

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Рік тому

      Алла Тағала парыз еткен амалдарды орындау үшін күйеуіңіздің разылығы керек емес. Ал басқа амалда, егер ол күнәлі іс болмаса, күйеуіңізге бағынуыңыз керек

  • @user-hq8lh8uy8g
    @user-hq8lh8uy8g 2 роки тому

    Салембердик айел адамга торт сатып жасауға боладыма егер жолдасын карсы болса нестеуге болады ????

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  2 роки тому

      Діни сұрақтарды Fatua.kz
      Islam.kz сияқты сайттардан және инстаграмдағы instagram.com/almaty_fatua?igshid=1ioxkrd5ze5bh парақшасына қоя аласыз.
      Және android-қа осы программаны жазып сұрақ қойсаңыз болады:
      play.google.com/store/apps/details?id=kz.azan.askimam

  • @jumakinmoldakin-tu6bf
    @jumakinmoldakin-tu6bf Рік тому

    Саламатсыз ба быр сурагым бар еды намаз окыганда тек парыз окуга болама

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  Рік тому

      Сіздің сұрағыңызға жауап: islam.kz/kk/questions/qulshylyq/namaz/jumysta-namazdyn-sunnetin-oqymai-paryzyn-gana-oqysaq-bola-ma-1469/#gsc.tab=0

  • @user-nf9nd9ok3g
    @user-nf9nd9ok3g 2 роки тому

    Кыз бала кишкентай кезинде зорланса не болады,егер оскенде сонын зардабын шексе, психологиялык тургыда???

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  2 роки тому

      Діни сұрақтарды Fatua.kz
      Islam.kz сияқты сайттардан және инстаграмдағы instagram.com/almaty_fatua?igshid=1ioxkrd5ze5bh парақшасына қоя аласыз.
      Және android-қа осы программаны жазып сұрақ қойсаңыз болады:
      play.google.com/store/apps/details?id=kz.azan.askimam

  • @user-eo5hu5mu1v
    @user-eo5hu5mu1v 2 роки тому

    Сәлеметсізбе, бiр сұрақ, егер жолдасың өз қызына, қол тигiзссе кеудесне, сонда ондай сұмдық ты, кешiр керепе? Қыз баланың жағдаиы стреске түскен болса, ер адамдардан қорқақтаса, сонда не iстеу керек, ол адам iстеген, iсiн моындамаса? Сонда қалай бұны түсiнуге, моиындамаиды, бiрақ болған нәрсе, мақал бар еді ғой, баласы бар үйде, ұрлығы жатпайды, деген. Психологтар барлығы тексерген баланы, бұл өтiрiк емес, болған, жағдай, ал жамандық iстеген адам, моиындамаиды, шариғат боиынша, бұл қалаи болады? Ол адам, от басымен, Бiр жыл аралығында тұрмаиды,

    • @IslamUagyz
      @IslamUagyz  2 роки тому

      Салеметсізбе! Діни сұрақтарды Fatua.kz
      Islam.kz сияқты сайттардан және инстаграмдағы instagram.com/almaty_fatua?igshid=1ioxkrd5ze5bh парақшасына қоя аласыз.
      Және android-қа осы программаны жазып сұрақ қойсаңыз болады:
      play.google.com/store/apps/details?id=kz.azan.askimam

    • @user-ur4ls6oy5w
      @user-ur4ls6oy5w 2 роки тому +1

      Салеметсіз бе! Әке қыз балаға қатты сөйлеуге болмайды. Әкесі әйелі арқылы қызды тәрбиелеу керек

    • @ashat75baimurat62
      @ashat75baimurat62 2 роки тому

      Əйел Адам бақытт алып келеті