Иран қазақтары 2 жыл елге көше алмай отыр - Тайып Бегей | Ұлттық идеология және

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 жов 2023
  • «Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті қонағы Ирандағы қандасымыз Тайып Бегей болды.
    Ол сұхбатта қазақтар Иранға қашан, неге, қалай көшкенінен бастап, Ирандағы қандастарымыздың ұлт ретіндегі қазіргі жағдайын баяндап берді. Олардың 2 жыл елге көше алмай отырғанын және азаматтық алудағы қиындықтарын қозғап, мәселені шешу жолдарын ұсынды.
    Сондай-ақ Тайып Бегей Иранда қазақ мектебі болмаса да, 90 миллион парсының арасында туып-өсіп, парсыша білім алған қандастарымыздың ана тілін, қазақтығын қалай сақтап қалғанын айтты. Атажұртқа алғаш келгендегі әсерімен, Қазақстандағы қазақ тілі мәселесіне қатысты ойларымен бөлісті.
    00:00 - Тизер
    00:34 Шапка
    00:41 Кіріспе
    1:39 Тайып Бегей деген кім?
    2:40 Қазақтар Иранға неге кеткен?
    5:38 «90 пайызы жолда қайтыс болды»
    6:39 Қазақтардың Иранға келуі
    8:36 «Иранда бәрі ирандық»
    9:11 Қазақтар Иранның қай жерінде?
    10:12 Иранға қанша қазақ қашан көшкен?
    11:00 Иранда қазір қанша қазақ бар?
    11:38 «Иран қазақтарының ойы Қазақстан еді»
    12:51 «Өзімізді парсылардан жоғары көретін едік»
    17:30 «Ұлттық идеология энергияны жүргізеді»
    21:45 Тайып Бегей неше тіл біледі?
    22:35 Тіл ұлт үшін қаншалықты маңызды?
    23:43 «Иранда қазақ мектебі жоқ»
    24:32 «Қазақша сөйлеу мектепке байланысты емес»
    26:21 Т.Бегейдің атажұртқа алғаш келуі
    28:54 «Қазақша ойласам, қазақ деген план төгем»
    29:51 «Не үшін қазақтар орысша сөйлейді?»
    32:57 «Иран қазақтары 2 жыл елге көше алмай отыр»
    35:28 «Азаматтық алу үлкен проблема болып тұр»
    37:26 «Елге көшсем, үкіметке қол созбаймын»
    38:27 «Ұрпағым қазақша сөйлейтініне кепілдік бере алмаймын»
    39:49 Т.Бегей Отанға неге оралмақ?
    40:35 Ұлттық сана: Қазақстан тек импорттап жатыр
    43:14 «Қазақстанға келген адам қазақша сөйлеу керек»
    44:10 «Қазақ болып басқа тілде сөйлеу - Аллаға қарсылық»
    45:06 «Қазақ тілі - Күлтегін жазбаларына ең жақын тіл»
    45:56 «Қазақша сөйлесек ісіміз жүрмейді дейді»
    _______________________________________________________________________________
    BAQ.kz. Басты ақпарат құралы.
    Ресми сайттың сілтемесі: baq.kz/
    Біздің әлеуметтік желілерге жазыл:
    Instagram: baq.kaz
    Facebook: baq.kz/
    Telegram: web.telegram.org/#/im?p=@baq_kz
    Tiktok: www.tiktok.com/@baq.kz_
    #қазақтілі #тайыпбегей #қазақмектебі #иран #қандастар #оралман #шетелдегіқазақатр #бақкз #baqkz #қаақшаподкаст #сұхбат #Ұлттықидеология

КОМЕНТАРІ • 41

  • @user-ds1fb1wl7w
    @user-ds1fb1wl7w Місяць тому +5

    Мын алгыс,осы кисинин биликтилигине.Рахмет!

  • @user-qj3tm3ih9u
    @user-qj3tm3ih9u Місяць тому +5

    Нағыз Қазақ екен

    • @gq0130
      @gq0130 26 днів тому

      Иә. Өкінішке орай қазақтардың ішінде орыс тілді оқыймыз . Істеріміз жүреді дейді. Қазақ тілінде жұмыстары жүрмейді... Қайран елім ай...

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e 4 місяці тому +12

    Мына жігіт өте сауатты екен. Сыртта жүріп тілін ұмытпаған керемет! Қазіргі заманда дастархан басына бала отырғызу қиын. Қолдарынан телефон түспей, біресе тамаққа, біресе телефон қарап береке кетіреді. Қонақ дастархан басында отырғанда балалары телевизор сөндіргізбейді.
    Бала кезімізде "дәм қайтармай"- күтіп отырушы едік. Қазіргі -30- жасқа дейінгі жігіт, қыздар түрып кете барады. Дастархан басында әңгіме тыңдау қалды. Қазақи тәрбиеден мақұрым болып бара жатыр!

  • @user-vp4hc1um4h
    @user-vp4hc1um4h 3 місяці тому +13

    Биздин Казахстанда осындай азаматтарымыз көп болса екен.
    Елге ата журтынызга кайтыныздар.

  • @mataikudaisugyr2359
    @mataikudaisugyr2359 3 місяці тому +8

    Ер азамат екен бауырым, тектілігі түбінде тұр ғой. Елге тұтқа болатын азаматтың сойы екен

  • @user-fs6by8jp7m
    @user-fs6by8jp7m 3 місяці тому +9

    Біздің билікте мәңкүртер жетеді,бірінші ден бастап

  • @Lashyn1
    @Lashyn1 2 місяці тому +3

    Rahmet!

  • @user-ip2il6ln6k
    @user-ip2il6ln6k 3 місяці тому +12

    Аз болса да ұлттық намысты жоғары ұстаған азамат екен! Сол себепті өзін сыйлата білген, маңайындағылар да қазақша сөйлеген! Ал біз мұнда өз елімізде жапырылып орысша сөйлейміз, орысты ренжітіп аламыз ба деп қорқамыз!

  • @user-cl5il9vq9g
    @user-cl5il9vq9g 3 місяці тому +3

    Армысың
    Тайып, шет елдегі ағайындардың сұхбаттарын көп тыңдаймын.
    Өзің көзің ашық:экономика, тарих, геополитика көп салада , Қазақстан өкіметіне сіз сияқты әр мемлекеттен 20-30 азамат советник болса , үлкен көмек болар еді,Менім байқағаным Ирандағы ағаайындар. Қос ағаштағы, Тамды, Үшқыдықтағы қазвқтарымыз, ойы анық, намыстары баршылық болып келпді .
    Журналист қарындасым осындай ойы анық, азаматтармен сұхбаттар көбірек болса. Қазыр бізге: орыс тілдлі, өзбек, француз, түрік тб тілді қандастар ешқандай бірбіріңе кінәсіз
    Еврейлер сияқты бірігізуіміз керек.

  • @nurai4291
    @nurai4291 3 місяці тому +7

    Керемет кісі екен.

  • @user-wx5hg8ze6f
    @user-wx5hg8ze6f 3 місяці тому +6

    Аиналаин казағым каида жүрсенде аман бол оз салтынды тіліңді дініңді ұмытпаған осының барын саналарыңа сіңірген ата анаңа шексіз рахмет өзің оқыған көкірегің ояау өте білімді жігіт екенсің біздің елде осындаи жігіттер көп болса екен

  • @9395.
    @9395. 3 місяці тому +8

    Керемет сұқбат болды!!!

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e 4 місяці тому +6

    Солтүстік Қазақстан жазы қысқа, қысы ұзақ. Қыста қатты аяз. Шыдау қиын. Қандастарға салған үйлері суық." Ит байласа"- тұрмайтын үйлер.Ыстық жақтың қазағын Алматы, Жамбыл облысына неге қоныстанбасқа. Солтүстік Қазақстанға Монғолия қазақтарын көшіру керек.

  • @user-po4xq1oe8c
    @user-po4xq1oe8c 3 місяці тому +5

    Мен казахпын деп,шокынган казахта котерет.бул жерде ангiме ic-арекет ислами болу керек

  • @user-zd4rd8uc3h
    @user-zd4rd8uc3h Місяць тому

    Маһалла көше қазақ көшесі дегенді ауыл дейді

  • @user-ec7hk1cm2g
    @user-ec7hk1cm2g 6 місяців тому +6

    Жансая,сұхбатыңа рақмет!Бұл сұхбатты көрген әрбір қазақ баласына ойланатын,ой тастайтын сұхбат болды деген ойдамын."Тіл"мәселесі тәуелсіздікті алғанымызға 33 жыл өтсе де, Қазақстанда әлі күнге дейін өгейсіп тұрған тақырыптың бірі.Сұхбаттың мағынасы,маңыздылығы қазақ баласын ұлттық құндылыққа тәрбиелейтін,ата - бабамның ғасырлар бойы "Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен" алып келген құндылықтарының бірі- тіл екен ұмытпауға себебші болған тілдесім болды дегім келеді.

  • @user-qz4dl7hg9u
    @user-qz4dl7hg9u 8 місяців тому +7

    Жансая өтте жаксы сухбат.
    Казак идиялогия өтте нашар
    балык басынан шыриды.
    Назарбай да токай да буйректеры орыска бурады
    Кашан орыстарға бырден
    ЦОН ашып кужатарын жөндеп берды. Ал озымыздын КАЗАКТАРГА
    ана кужат мына кужатеп
    САНДАТАДЫ үкімет дурыс
    ЕМЕС. ТАЙП бауырым амандык ТЛЕИМЫН.

  • @user-ip2il6ln6k
    @user-ip2il6ln6k 3 місяці тому +8

    Дұрыс айтып отырсыз, ұлтшыл деген сөзден қорықпаңыз, ол ұлтын сүю дегенді білдіреді, басқа ұлтты жек көру емес.

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e 4 місяці тому +4

    Орыс мектебін, жоғары білім орысша, сондада қазақ тілі таза адамдармыз! СКО обл.

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e 4 місяці тому +4

    Қонақтың Қазақстандағы сөйлеуі туралы өте жақсы айтты.

  • @9395.
    @9395. 3 місяці тому +4

    👍👍👍

  • @gunbersil2279
    @gunbersil2279 3 місяці тому +2

    Қазақтың бәрі қай жерде болмасын қырғынмен қорлықты қоп көрген!.. Бұндай ақырзаманды - этноцидпен геноцидті қөрген халық жер бетінде жоқ болар… Бірақ, тек Ресей Совет империясы ғана қазақты тегіс қыруымен бірге, санасына дейін езіп, рухына дейін өшіріп құл қылып тастады… Соны үкіметіміз, жоғарыда орын алып отырғандар да әлі күнге дейін не ұқпайды, не намыстанбайды…

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e 4 місяці тому +5

    Совет заманында әр қалада завод, фабрика көп болатын! Бәрін талап алды ғой, кесегімен жұтып қойды ғой тажалдар!

    • @kolyakordai5213
      @kolyakordai5213 3 місяці тому

      Пайдасы жок зауыт фабрикалар ғой. Бекер жабылып калған жоқ. Конкуренцияга шыдамай. Так что реально бiзде ештеңе де болған жок турарлыктай

  • @kaisak8026
    @kaisak8026 4 місяці тому +4

    28:58 "Тілі өлген халық-тірі өлген халық !" Ана тілін сақтаған Ирандағы қазақтар қайта алмай жатқанда, Ауғанстандағы тілі өзбекше иә тәжікшеленген қазақ қалай дәлелдейді ? Даниядағы қазақ 1979 жылы көшіп барған соң, ана тілін қайрадан жатық үйрендім деген. Сондықтан кедергілерді алып тастау қажет. Осы буын жігері мұқалса, келесі буын жат жұртқа сіңіп кеткелі тұр.

  • @user-re1zf6se9m
    @user-re1zf6se9m 3 місяці тому +2

    Атырау,Ақтау адайлар туыстары жаққа тұрса болады да,себебі Таразға келгендерге жағдай жасаған соң,жағдайлары жақсарған соң Адайларға барамыз деп Атырау жаққа кетіп қалды.

  • @yanaray653
    @yanaray653 4 місяці тому +3

    ОТАНЫМЫЗ ЕЛИМИЗ ТИЛИМИЗ КАНЫМЫЗ ДЕП КЕЛЕДИ БУЛ КИСИЛЕР, НО КАЗАКША ЕСТИМЕЙДИ. 2 КУНДЕ 100 СОЗ УЙРЕНДИМ ОРЫСША ДЕП ОТЫР. УЯТ НАМЫССЫЗ КАЗАКТАР.

  • @qazculture
    @qazculture 8 місяців тому +2

    Жақсы сұхбат, жоғарыдағы кеңесті оқып 1,5Х-пен көрдім:)

  • @MairaKostaeva-yz1rx
    @MairaKostaeva-yz1rx 8 місяців тому +2

    Рахмет

  • @alimakylbek9558
    @alimakylbek9558 27 днів тому +1

    Бул жигитти калай тапсак болады ? Ассаламу алейкум баршага

  • @meyrkhanamangeldyev4869
    @meyrkhanamangeldyev4869 8 місяців тому +2

    Жақсы сұхбат екен. Менен кейін келетін көрермендерге кеңес: сұхбат қонағы сөйлеген кезде видео жылдамдығын 1,5Х шығарып, ал жүргізуші сөйлеген кезде қалыпты жылдамдыққа түсіруге болады. Сол кезде қызық өтеді. Сұхбт қонағы сәл баяу сөйлейтін кісі екен)

    • @zhansayamkambar
      @zhansayamkambar 8 місяців тому

      Көп рахмет😊 Мен де тайм-кодын жасағанда солай тыңдаған едім)

  • @user-oz4ko1um6n
    @user-oz4ko1um6n 8 місяців тому +2

    Атақта адайлар , Ирандағы туыстарын Атырауға шақыра алмай отырса, басқа облыстағы қазақтардан ештеңе күтпейміз

  • @user-ds1fb1wl7w
    @user-ds1fb1wl7w Місяць тому

    Ия,озбек,туркмен тилдеринде араб,парс создери оте коп,себеби мен бул тилдерди шамалы билем,шынымен казак тили таза .
    Орыс тилиндеде агылшын создер коп.Кыскасы тилдер араласып кеткен.

  • @AmanShergojoev-ez3tz
    @AmanShergojoev-ez3tz 21 день тому

    Молодец???

  • @user-zd4rd8uc3h
    @user-zd4rd8uc3h Місяць тому

    Не үшін көтеріліс болған лапша іліп отыр қазақтар қазақ,түркмен түркмен басқа ұлт болса басқа жазылатын еді

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e 4 місяці тому +1

    Алматы баяғы Алматы емес.!

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e 4 місяці тому +1

    Қазақстанға келмеңіз! Тұрмысыңыз Иранда жақсы екен. Бұл жақта жұмыс болмайды!

    • @user-fs6by8jp7m
      @user-fs6by8jp7m 3 місяці тому +2

      Сен олай айтпа кімнен қызғанып тұрсын,келсін,қазақпен көбейтеміз,басқа ұлт келсінбе не?Бізбен бір болады