Түркістан облысында жер дауы өршіді

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 20 тра 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы бес бірдей ауыл екі жарым мың гектарға жуық жерінен айырылып қалуы мүмкін. Себебі осыншама ауқымды алқап кезінде несие беруші компанияға кепілге қойылып кеткен. Бұдан бейхабар халық хаттамаға келісім беріп, сырттай қол қойылғанын енді аңғарыпты. Сот пен әкімдіктің табалдырығын тоздырған жұрт енді кімнен көмек сұрарын білмей дал.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Қазығұрт ауданындағы Махамбет ауылының халқы 3 жылдан бері жерін даулап әлек. 2005 жылы кооператив төрағасы ауылдың алқабын кепілге қойып, 21 млн теңгеге несие алыпты. Оның 3 млн теңге берешегін бергенімен қомақты соманың қалған қарызынан құтылу үшін қордағы қосымша жер өтемге кеткен. Ақырында сол кездегі төрағаның өзі бақилық болып кетіпті.
    САНСЫЗБАЙ ӘШІРОВ, Махамбет ауылының тұрғыны:
    - Терісбұлақта 710 гектар жайылымымыз бар еді таудағы. Соны беріп. Төбебұлақта 1180 гектар жеріміз бар еді соны беріп, кредитті жауып, содан залогтан жер босағаннан кейін мына халыққа жерді бөліп берген.
    Кепілден босатылған жерді 2011 жылы жұрт жаппай жалға ала бастаған. Тіпті, ұзақ мерзімді пайдалануға әкімнің шешімі шығып, мемлекеттік актіні де қолдарына алған. Алайда көпке ұзамай 2440 гектар жер несие беруші компанияның кепілдігінен босатылмаған болып шығады. Содан бері жұрт соттың табалдырығын тоздырумен жүр.
    ЖҰМАБАЙ ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, Махамбет ауылының тұрғыны:
    - Бір адам біздің мұңымызға қарайын деп жатқан жоқ. Ол жерде тек Қазығұрт несиеден жалғыз адвокат келеді, тұрып алады қақайып, жоқ бізге жер керек деп.
    Халық ауылдың алқабын кепілге қоюға рұқсат берген хаттамада жер иелерінің қойған қолы жалған деп отыр. Оны жеке куәлігіндегі қойылған қолмен салыстырып та берген.
    ӘСИЯ ӘШІРОВА, Махамбет ауылының тұрғыны:
    - Жерімізден айырылсақ аштан қатамыз. 32-ші жылғы қырғын бізге келейін деп тұр. Не деген сұмдық сыртымыздан қол қойып жіберіп. Қараңғы халықты осыншама әбіржітуге бола ма?
    МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ, тілші:
    - Таласқа түскен жер Махамбет ауылының тура төбесінен басталады екен. Шығысқа қарай 6 шақырым, оңтүстікке қарай 15 шақырымнан асып жығылады. Ал ауылдың арғы тұсындағы жердің көлемі бұдан да ауқымдырақ.
    Ал несиелендіруші компания кезінде қаржыны аграрлық несие корпорациясынан алып, кооперативке кредитке бергенін және оны толықтай қайтару керектігін қадап айтып отыр.
    ЕРБОЛ ЖҮЗБАЕВ, «ҚАЗЫҒҰРТ НЕСИЕ» ЖШс басқарма төрағасы:
    - 18 млн теңге Шарапхана өндірістік кооперативі тарапынан серіктестің есеп шотына құйылып берілетін болса бұл дау бойынша біз кепілдіктен босатып, тыйымнан босату жөніндегі анықтама қағазын беруге дайынбыз.
    Ал кооперативке кеткен сонша соманың соқыр тиынын да көрмедік деген көпшілік ұжымның берешегін неге қара халық өтеуі керек екенін түсінбей дал.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 3

  • @Nurbol1234
    @Nurbol1234 24 дні тому

    Кепілдіктен босатпағанда неғыласың алқалап кетесіңба

  • @Nurbol1234
    @Nurbol1234 24 дні тому

    Уайымдамаңдар жерді котерип кетеалмайды