ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Вставка
- Опубліковано 28 вер 2024
- «Өзенмұнайгаз» АҚ (бұдан әрі - ӨМГ) қолданыстағы Алгоритмге сәйкес жұмысқа қабылдау туралы хабарлайды.
Жұмысқа қабылдау процесстерінің ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында осы аптада «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» UA-cam парақшасында үш рет тікелей эфирде брифинг өткізіп, «Verity Group», «Таза Су» және «КаспийПробСнаб» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді.
2023 жылдың 8 қарашасында басталған жұмысқа қабылдау рәсімдерінің ұзаққа созылуына аталған Алгоритмге қатысушы «Verity Group», «Таза Су» ЖШС осы күнге дейін жұмысшылардың тізімін ұсына алмауы себеп болды.
Жоспар бойынша «Verity Group» ЖШС-нен 22 адам, «Таза Су» ЖШС-нен 22 адам қабылдануы тиіс болатын. Жаңаөзен қалалық прокуратурасы, Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе атқарған сараптама жұмыстарының нәтижесінде «Verity Group» ЖШС-нен 14 адамды, «Таза Су» ЖШС-нен 18 адамды аустаффингтік мекемеге жұмысқа жолдау туралы шешім қабылданды.
«Verity Group», «Таза Су» ЖШС қалған үміткерлердің тізімін ұсынуы керек. Өз кезегінде ӨМГ «Verity Group» және «Таза Су» ЖШС-теріне қолданыстағы Алгоритмнің талаптарына сәйкес келетін, яғни «E-Qamtu» платформасына тіркелген, «Өзенинвест» мекемесіне Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен және «E-Qamtu» платформасындағы кезектілік ретімен жолданған үміткерлердің тізімін жолдау сұрап, хат жолдады.
Сонымен қатар, ӨМГ-ке аутстаффингтік қызмет көрсететін «КаспийПробснаб» ЖШС-нің 70 жұмысшының 17-сі ӨМГ штатына өтеді. 51 үміткерге қатысты қосымша сараптама жұмыстары жүргізіледі. 2 үміткер емтиханнан өтпегендіктен, ӨМГ штатына қабылданбайтыны түсіндірілді. Олар аутстаффингтік мекемеде жұмысын жалғастырады.
ЗАНСЫЗДЫККО КЕЗЕКТЕ ТҰРГАН АДАМДАРДЫН ҚҰҚЫҒЫН ТАПТАП