Әруақтарға Құран бағыштау мәселесіне ғылыми көзқарас [наразылықтарға жауап] - Дарын Мубаров

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 20 тра 2020
  • Ассаляму ъалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ, құрметті мұсылман бауырлар! Қазақстанның ең алғашқы уағызшысы, дінтанушы Дарын Мубаровтың уағыздары салынатын ең үлкен каналға қош келіпсіздер! Бұл каналда Дарын ағамыздың жаңа уағыздарымен қатар ондаған жылдар бұрынғы, кезінде бүкіл ел сүйсініп тыңдаған уағыздарын да тыңдауға мүмкіндіктеріңіз бар. Каналымызға жазылып, басқалармен бөлісулеріңізді және лайк басып, пікір қалдырып тұруларыңызды сұранамыз. Себебі, көп қимыл (лайк, пікір, басқамен бөлісу, т.б.) болған сайын, канал тез алға жылжып дамиды екен. Аллаһ иманымызды қуаттасын!
    Каналымыздан жүйелі түрде сабақтар тыңдағыларыңыз келсе, мына плейлисттерге назар салып көрсеңіздер болады:
    Ом заңы: • Ом заңы. Ислам және ғы...
    Дәрет сабақтары: • Дәрет сабақтары. 1-бөл...
    Намаз сабақтары: • Намаз сабақтары. 1-бөл...
    Оразаның маңыздылығы: • Оразаның маңыздылығы. ...
    Оразаға қатысты аяттар: • Оразаға қатысты аяттар...
    Дұға-тілек: • Дұға-тілек. 1-сабақ - ...
    Әруақ туралы түсінік: • Әруақ. 1-сабақ - Рухты...
    Көріпкел, бақсы-балгер, емшілер: • Көріпкел, бақсы-балгер...
    Балаларға базарлық / Пайғамбарлар қиссасы: • Балаларға базарлық / П...
    Құран тәпсірлері: • Фатиха сүресінің тәпсі...
    Каһф сүресінің толық тәпсірі: • Каһф сүресінің тәпсірі...
    Имам Науауидің 40 хадисіне толық түсіндірме: • Имам Науауидің 40 хади...
    Лекции на русском языке: • Признаки Судного дня -...

КОМЕНТАРІ • 334

  • @DarynMubarovMedia
    @DarynMubarovMedia  4 роки тому +42

    Ассаляму ъалейкум, құрметті мұсылман бауырлар! Тыңдайық және бөлісейік! Пікір қалдырудан ерінбейік! Лайк басайық! Видеолардың алға жылжуына үлес қоссаңыздар екен! Аллаһ разы болсын!

    • @esen_good_boy
      @esen_good_boy 4 роки тому

      Ассаляму алеикум Дарын Устаз сізге Сурағым бар еді!! Ораза устамасада пітір садақа беріу міндеттіма?

    • @user-ow2xk2ne7e
      @user-ow2xk2ne7e 4 роки тому

      Ассаломоголейкум мына хабар не айтарсіз..хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ) үмметіне айтып кетті. Марқұмдарға дұға мен истиғфар жасауға болатынын Алла Тағала мына аят арқылы білдіреді:
      وَالَّذِينَ جَاؤُوا مِن بَعْدِهِمْ يَقُولُونَ رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلّاً لِّلَّذِينَ آمَنُوا رَبَّنَا إِنَّكَ رَؤُوفٌ رَّحِيمٌ
      «Ей, Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма» (59.Хашыр-10). Қайтыс болған кісі мейлі жақсы иманды пенде болсын, мейлі күнәкар пенде болсын тек оларды жақсылықпен еске алу біздердің міндетіміз. Себебі, хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ) бұл мәселе жайында былай деген: «Өлген кісілеріңізді жақсылықпен еске алыңдар» (Тирмизи, Жәнаиз 34).
      Қабір пенденің ақырет күніне дейінгі мекені болғандықтан онда жатқан ата-баба, ағайын-туыс, жора-жолдас, дін бауырларымыздың қабірлерін зиярат етіп, олар үшін Алладан истиғфар тілеп, дұға ету, Құран оқып сауабын бағыштау, Алладан мейір шапағат тілеу өмірдегі мұсылманның міндеті.
      Біз көп жағдайда қабірді зиярат етіп жатамыз. Әрине шариғатта қабір зияратын жасау бұйырылған. Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) біздерге былай дейді: «Мен сіздерге алғашқыда қабір зияратын тыйған едім. Енді болса, зиярат етіңдер. Өйткені қабір зияраты сіздерге ақыретті еске түсіреді» (Тирмизи, Жәнайз 60; Муслим, Жәнайз 106).
      Хазіреті Пайғамбарымыздың (ﷺ) өзі көбіне қайтыс болған сахабаларының қабірлерін зиярат етіп, оларға дұға ететін еді. Мәселен, Ухуд шайқасында шахит болған сахабаларының қабірлерін зиярат етіп, былай дейтін: «Сабыр еткен нәрселеріңе байланысты сіздерге сәлем болсын! Сіздер үшін ақырет өмірі қандай жақсы!». Сол секілді кейде «Жәннатул Бақи» қабірстанын зиярат етіп, оларға сәлем беріп, былай деп дұға ететін: «Ей, мүміндер жұртының тұрғындары! Сіздерге сәлем болсын. Біз де, иншаллаһ, сіздерге қауышамыз. Алла Тағаладан біз үшін және сіздер үшін амандық пен есендік сұраймын» (Муслим, Жәнайз 104).
      Қабір зияраты барысында марқұмның қабіріне барып Құран оқып, дұға жасаймыз. Алайда кейбіреулер қабірдегі мәйіттің ештеңе естімейтіндігін алға тартып, олар үшін дұға ету, истиғфар айту, Құран оқу бекершілік деуде. Әһли сүннет бойынша, дүниеден қайтқан кісілердің қабірін зиярат ету, оларға сәлем беру және Құран оқып, сауабын бағыштауға болады. Сондай-ақ хадистерге сүйене отырып, қабір зияраты кезінде қабірдегі мәйіттердің өздерін зиярат етуге келген жанның сөздерін еститінін қабыл етеді. Бұған дәлел ретінде мына бір хадистерді келтіруге болады:
      Абдуллаһ ибн Омардан риуаят бойынша, Бәдір шайқасы аяқталған соң, хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ) майдан алаңында жатқан қурайш мүшріктеріне қарап: «Раббымыздың уәде еткен азабының шын екендігін көрдіңдер ме?», - деп дауыстап айтады. Сонда Хазіреті Омар: «Ей, Алланың Елшісі! Мынау өліп қалған өліктерге айтып жатырсыз ба?», - деп сұрағанда, Расулуллаһ (ﷺ) былай деді: «Сіздер бұлардан артық ести алмайсыздар. Бірақ бұлар жауап бере алмайды» (Ахмед ибн Ханбал, ІІ, 121). Иә, өлген адам естімейтін болса, ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) бұлай демес еді.
      Бірде хазіреті Айша (р.анһа) Алланың Елшісіне (ﷺ): «Қабір зиярат ететін уақытта оларға қалай дұға етейін?» - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған мына дұғаны оқуды бұйырады: «Жәбірейіл маған: Әлбетте Раббың саған Бақи зиратына барып олар үшін жарылқау етуіңді әмір етті, - деді». Мен (Айша) тағыда: «Ей, Алланың Елшісі! Олар үшін қалай дұға етейін?» - дедім Алланың Елшісі: «Былай де:
      اَلسَّلامُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الدِّيَارِ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُسْلِمِينَ، ويرحم الله المستقدمين منا والمستأخرين، وَإنَّا إنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لاحِقُونَ " .رواه مسلم
      «Әссәламу алейкум әһләд-дияри минәл-мумининә уәл-муслимин. Уә ярхамуллаһул-мустақдиминә миннә уәл мустахирин. Уә иннә иншааллаһу бикум ләхиқун - Ассаламу алейкум муминдер мен мұсылмандардан болған қауым жұрты! Алла бізден алдын өлгендерге және бізден кейін өлетіндерге рахым етсін. Алла қаласа бізде сендерге қауышамыз», - деп бұйырды (Муслим, Жанаиз 35)

    • @user-ow2xk2ne7e
      @user-ow2xk2ne7e 4 роки тому +2

      Сол секілді Пайғамбарымыз (ﷺ) Ухуд пен Жәннәтул Бақи қабірстанын зиярат етуге барған кезде:
      السَّلَامُ عَلَيْكُمْ أهْلَ الدِّيَارِ مِنَ الـمُؤْمِنِينَ والـمُسْلِمِينَ وَإنَّا إنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لاحِقُونَ
      Ассаламу алейкум муминдер мен мұсылмандардан болған қауым жұрты! Алла қаласа бізде сендерге қауышамыз», - дейтін.
      Қабірдегілер естімейтін болса, онда Пайғамбарымыз (ﷺ) оларға «ассалаума алейкум» деп сәлем бермес еді. Олай болса жоғарыдағы хадистерден шығатын ұғым қабірде жатқан кісі өзін зиярат етушінің сөзін естиді. Имам Ғазали «Ихияу улумиддин» атты еңбегінде: «Адам таныс бір кісінің қабірінің қасынан өтіп бара жатып, оған сәлем берсе, өлген кісі оның сәлемін алады және оны таниды. Ал бейтаныс кісінің қабірінің қасынан өтіп бара жатып сәлем берсе, өлген кісі оның сәлемін алады», - деуде (Имам Ғазали. Ихияу улумиддин. ІҮ- том. Зияратул қубур тақырыбы).
      Ал енді дүниеден қайтқандарға Құран оқу мәселесіне келер болсақ, әһли сүннет ғұламалары оқылған Құраннан болған сауаптың марқұмдарға жететінін қабыл етеді. Құранның әрбір әріпі үшін Алла 10 сауап беретін болса, бір сүрені немесе толық Құранды хатым еткенде қанша сауап берілетінін ойлай беріңіз. Міне сол оқылған Құраннан болған сауап марұмдарға бағышталады
      Тек Құран ғана емес, өзгеде жасалған хайыр садақалардың сауабы бағышталған жағдайда марқұмға тиетіндігін қабыл етеді. Негіз ретінде хадис пен сахабалардың сөздерін дәлел ретінде ұстанады. Алайда өздерін сәләфи санаған ағым өкілдері оқылған Құран сауабы марқұмға тимейді деп, бұл мәселеге қарсы шыққанымен Құран оқуға болмайды деген нақты хадис әкеле алмайды. Керісінше біздің ғалымдарымыз бірнеше хадисті дәлел ретінде келтіреді. Сол хадистерге тоқталып өтейік.
      Хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ) марқұмдарға қатысты былай деп бұйырады:
      يس قلب القرآن، لا يقرؤها رجل يريد الله والدار الآخرة، إلا غفر له، واقرؤوها على موتاكم
      «....Ясин - Құранның жүрегі. Бір адам оны Алла разылығы және ақырет жұртын талап етіп оқыса, әлбетте күнәлары кешіріледі. Дүниеден қайтқандарға да Ясин сүресін оқыңыздар» (Ахмед ибн Ханбал, Муснәд, Ү, 26; Әбу Дауд, Жәнәйз 24; Ибн Мажа, Жәнәйз 4).
      وعن معقل بن يسار قال : قال رسول الله - صلى الله عليه وسلم - : اقرءوا سورة يس على موتاكم . رواه أحمد ، وأبو داود ، وابن ماجه
      Мағқил ибн Ясардан риуаят бойынша Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Өлгендеріңе Ясин сүресін оқыңдар» (Ахмад, Әбу Дауд, Ибн Мажа риуаяты)
      Абдуллаһ ибн Омардан риуаят бойынша Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сендерден біреу қайтыс болғанда, оны көп күттірместен қабірге қоюға асығыңдар. Жерленген соң біреуіңіз басында тұрып, Фатиха сүресін, аяқ жағында тұрып Бақара сүресінің соңғы бөлігін (Әмәнәрасулу) оқысын»,- деген (Табарани, әл-Муғжамул Кәбир, ХІІ, 340; Дәйләми, Муснәд, І, 284; Байхақи, Шуабул-иман. ҮІІ. 16).
      Хафыз әс-Сәләфи есімді рауидің мәрфу әдісімен риуаят еткен бір хадисі шәрифте хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген екен: «Кім де кім зираттың қасынан өтіп бара жатып 11 рет Ықылас сүресін оқыса, содан кейін сауабын марқұмдарға бағыштаса, өзіне сол жерде жатқан марқұмдар санындай сауап жазылады» (Даракутни, Маракил Фәлах, 99, Хазіреті Алиден риуаят еткен).

    • @user-ow2xk2ne7e
      @user-ow2xk2ne7e 4 роки тому +1

      Жоғарыда келтірілген хадистерге әлсіз (дайыф) хадис деп баға берілгенімен мағынасы бір бірнеше әлсіз хадис келсе, ол хасан үкімін алатыны белгілі. Сол секілді ғалымдарымыз орны келгенде әлсіз хадистермен де амал еткен. Хадистер әлсіз болса да, марқұмдарға Құран оқуға болатынын білдіреді. Басым көпшілік ғалымдар осы ұстанымда.
      Өлген адамға Құран оқылмайды, оның сауабы өліге тимейді деген ғалымдардың бірі Ахмад ибн Ханбал болатын. Алайда ол уақыт өте келе бұл пікірінен қайтып, Құран оқуға болатынын қабыл еткен. Оның райынан қайтуына мына бір оқиға себеп болады.
      Бірде имам Ахмад ибн Ханбал Мухаммед ибн Қудама әл-Жаухаримен бірге жаназаға қатысады. Мәйіт көмілген соң, қабір басынан кетпек болған сәтте зағип бір адам қабір басында Құран оқи бастайды. Ахмад ибн Ханбал: «Ей, пәленше! Қабірде Құран оқу бидғат», - деп Құран оқуына кедергі келтіреді. Оқиғаға куә болған Мухаммед ибн Қудама Ахмад ибн Ханбалдан Мубашшир ибн Исмайыл әл-Халаби жайында сұрайды. Яғни аталмыш адамнан хадис алып алмағанын сұрайды. Ахмад ибн Ханбал ол адамның сиқа (хадис риуаятында сенімді) екенін және одан өзі хадис риуаят еткенін айтады. Сонда Мухаммед ибн Қудама мына бір хадисті Мубашшир ибн Исмайылден естідім дейді: «Ала ибн әл-Ләжлаж (қ.б. 120/738 ж.) есімді кісі сахабалардан болған әкесі Ләжлаждың (р.а.) өлер алдында өзіне былай деп өсиет еткенін жеткізеді: «Ей, балам! Мен өлген кезде қабірге қой. Мені қабірге қойған кезде: «Бисмилләһи уә ала милләти Расулилләһ» деп, үстіме топырақ салып тегісте. Бас жағымда тұрып, Бақара сүресінің басын және соңғы жағын оқы. Күмәнсіз мен Алла Елшісінің (ﷺ) осылай айтқанын естідім» (Екінші бір риуаятта Абдуллаһ ибн Омардың осылай дегенін естідім) (Табарани, ХІХ, 220, 221; Бәйхаки, әс-Сунәнул Кубра, ІҮ, 56).
      Осы хадисті естіген Ахмад ибн Ханбал Құран оқу бидғат деп қайтарған адамды шақырып, Құран оқуын жалғастырсын деп бұйырады (Ибн Қудама, әл-Мәғни. ІІ, 424 бет).
      Танымал ханбали мәзһабының ғалымы Мухаммед ибн Қудама имам Ахмед б. Ханбалдың марқұмдарға Құран оқуға қатысты мына бір сөзін жеткізеді: «Зиратқа барған кезде Аятул курси және 3 рет Ықылас сүресін оқып, былай деп дұға етіңдер: Аллаһым! Оның сауабын мына қабір әһліне жеткіз» (Мухаммед ибн Қудама, әл-Муғни, ІІ, 424 бет).
      Осыған ұқсас имам Ахмадтың мынандай сөзін де келтіруге болады: «Зиратқа барған кездеріңде Фатиха, Нас, Фәлақ және Ыхлас сүрелерін оқып, осы сүрелердің сауабын қабірдегі марқұмдарға бағыштаңдар. Себебі бұл сауап оларға барады» (Қуртуби, әт-Тәзкира, І, 96 бет).
      Имам Шафиғи да марқұмдарға Құран оқуға болатыны жайында былай деген: «Қабірдің басында Құраннан аят пен сүрелер оқу мүстахаб. Ал Құранның толығын оқып хатым ету - одан да жақсы» (Нәуәуи, Риязус-Солихин, 293).
      Имам Нәуәуи де аталмыш мәселеге қатысты былай деп келтіреді: «Асхабымыз былай деді: қабірді зиярат еткен кісі алдымен қабірлерге сәлем беруі тиіс. Содан кейін зиярат еткен адамына әрі барлық мұсылмандарға дұға етуі және Құраннан оңай келген жерін оқып, артынан марқұмдарға дұға етуі мүстахаб. Бұл пікір нақты имам Шафиғи мен шафиғи ғалымдарының пікірі» (Нәуәуи, әл-Мәжмуғ, Ү, 311 б.).
      Марқұмға бағышталып оқыған Құран сауабы тиеме деп Ибн Хажар әл-Асқаланиден сұралғанда: «Бұл мәшхүр мәселе. Осыған қатысты мен бір кітап (рисәлә) жаздым. Алғашқы ғалымдардың (мутақаддим) басым көпшілігінің пікірі бойынша, оқылған Құранның сауабы марқұмға тиеді. Осы амалдың мустахаб болғаны таңдалған пікір» (Ибн Хажар, Фәтәуа, 20 б.).
      Марқұм болған кісінің артынан жасалған садақаның сол кісіге тиетіндігіне мына хадисті дәлел ретінде келтіреміз. Адбуллаһ ибн Аббастан риуаят бойынша, сахабалардан Саад ибн Убаданың анасы қайтыс болғанда хазіреті Пайғамбарымызға (ﷺ) келіп:
      - Ей, Алланың Елшісі! Анамның қасында болмаған кезімде анам қайтыс болды. Оның атынан садақа берсем, оған пайдасы тие ме? - деп сұрады. Пайғамбарымыз (ﷺ):
      - Иә, - деп жауап бергенде, Саад (р.а.):
      - Ей, Алланың Елшісі! Сіз де куә болыңыз, жеміс бағымды анамның атынан садақа еттім», - деді. (Бухари, Уасия 15).
      Әйгілі тәпсірші ғалым имам Қуртуби «Мухтасару тәзкиратил Қуртуби» атты еңбегінде былай дейді: «Ғалымдар берілген садақаның сауабы дүниеден қайтқандарға тиетінін бір ауыздан қабыл еткен. Құран оқу, дұға ету, мен истиғфар айтуды да осы үкімге жатқызған. Өйткені, бұлардың бәрі - садақа» (İmam Şarani. Ölüm-kıyamet-ahiret ve ahir zaman alametleri.- İstanbul: Bedir баспасы, 86-бет)...Смайыл Сейтбеков,
      ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам

    • @user-mb4zd4jo4b
      @user-mb4zd4jo4b 3 роки тому +1

      @@user-ow2xk2ne7e рахмет бауырым

  • @user-ix7oy9yo4u
    @user-ix7oy9yo4u 4 роки тому +20

    Аллах разы болсын, Дарын ахи! АЛЛАХ екі дүниенің бақытын берсін! Əмин.

  • @esen_good_boy
    @esen_good_boy 4 роки тому +23

    Ассаляму алеикум!! кеңінен түсіндіріп жеткізгеніңге Аллах разы болсын рахмет

    • @user-jp4fl6bm8n
      @user-jp4fl6bm8n 3 роки тому

      Уағалейкум ас салам рахмет деп көп айта бермеңіз. Рахмет Аллаға айту керек Аллах разы болсын деп айтыңыз

  • @allahtyuluktau5151
    @allahtyuluktau5151 4 роки тому +15

    Аллаһ разы болсын сүйікті ұстазымызға...

  • @dilyak4280
    @dilyak4280 4 роки тому +7

    Аллах ыразы болсун сизге, омурунузго береке берсин .Ар дайым сиздин сабагынызды угуп аябай тасирленем.Казах туугандар кандай бактылуусынар ушундай алым сиздерде болгонуна.

  • @user-un4lf2fx9c
    @user-un4lf2fx9c 4 роки тому +20

    Ма ша Аллаһ!!!

  • @user-pt5gr3mo6p
    @user-pt5gr3mo6p 4 роки тому +33

    Ма ша Аллаһ, керемет айтылды, еститін құлақ болса.

    • @user-up7up4vm8s
      @user-up7up4vm8s 3 роки тому

      Еститін құлай жоғау.біздің қазаққа ақиқаттан ата баба жақынғо.құранда аят бар ата бабаларың адассада арттарынан ересіңдерма деп Алла сұрақ қойыпжатыр ал быздын қазақтың слабый жері ата баба ал шайтан соны пайдаланады

  • @salafsalih1970
    @salafsalih1970 4 роки тому +23

    ДжазакАллаһу Хайран!

  • @user-xh3mw1lf4w
    @user-xh3mw1lf4w 4 роки тому +5

    Ассаляму алейкум . Алла разы болсын . Ораза Кабыл болсын. Казак тилди мусылмандар . Бир биримизге тусиникпен меирмен караик. Осы оразада кыркысты догараик. Елге кулки болмай мен масхаб устанам. Алдымызда небир сынактар бар казыр ден бастап бир жудырык балаик. Шанырагымыз бир . Альхамдулиллах

  • @user-ir5yw6ye5p
    @user-ir5yw6ye5p 4 роки тому +25

    Ай красавчик!!! Аллаһ сауаптан жазсын! Әке-шеше,бала-шағаңызбен жәннәттә кездестірсін Аллаһ!!!

  • @user-vt7iv8mj3n
    @user-vt7iv8mj3n 4 роки тому +10

    Әссаламу әләйкум уә рахматуллаһи уә баракатуһу... Аллаһ разы болсын сиздерден...

    • @user-jp4fl6bm8n
      @user-jp4fl6bm8n 3 роки тому

      Уағалейкум ас салам уа рахматулахи уа баракатух

  • @vratarayan9114
    @vratarayan9114 4 роки тому +13

    Да хранит тебя Аллах, чтобы ты распространял истину. К сожалению казахов от язычества тяжело разделить. О менің халқым, қазағым. Мен өз ұлтымды жақсы көремін, бірақ шындық маған қымбаттырақ.

  • @IslamNasihat
    @IslamNasihat 4 роки тому +17

    Жақсы.

    • @user-jx8ye2kb3d
      @user-jx8ye2kb3d 4 роки тому +3

      Ассалямуалейкум рахматулЛахи уа барокатух сіз ұстаз Ерлан Ақатаевсыз ба? Қай қалада сабақ бересіз?

    • @IslamNasihat
      @IslamNasihat 4 роки тому

      @@user-jx8ye2kb3d уағалейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ. жоқ. бұл жай сол ағаның уағыздарын таратсам деген жігіттің каналы ғой.)))

  • @user-mw5cd1rq7g
    @user-mw5cd1rq7g 4 роки тому +8

    Сізге Алла разы болсын БАУЫРЫМ

  • @algakz_06stremis91
    @algakz_06stremis91 2 роки тому +4

    Керемет 👍👍👍
    БаракаАллаһу фикум 🤙👍👍👍

  • @user-fs8mn8tn8m
    @user-fs8mn8tn8m 4 роки тому +9

    Керемет тусіндіреді

  • @ruslanbaisultan5073
    @ruslanbaisultan5073 2 роки тому +4

    Шынымен Дарын екен, атына сай, лайық
    сөздерін қолымен салып бергендей миға
    Қазақ тілінің байлығын,күштілігін, көрсетіп қояды осы кісі,
    Аллаһ разы болсын, Дарын бауырымызға, имамдар үйренсе осы кісіден жақсы болатын еді

    • @alabu6195
      @alabu6195 5 місяців тому

      Шіркыын Сол имамдар үйренбейык қойсын Дакеннен, сыртынан өсек сөгіс айтпай жүрсе, соның өзі де жеткілікті еді !!!

  • @user-xx4yw6ku6u
    @user-xx4yw6ku6u 3 роки тому +4

    Ассаляму алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатуһ аджмағин!АЛЛА тағала Разы болсын баршамызға, АЛЛАҺУ ТААҒАЛА екі дүниеде Бақ Берекесін берсін баршамызға , Ин ша АЛЛА Амин Амин Амин

  • @user-nu4qy7qr2d
    @user-nu4qy7qr2d 4 роки тому +9

    Аллаһ разы болсын. Дәке

  • @user-eo5cq4rc4u
    @user-eo5cq4rc4u 3 роки тому +4

    Аллах каласа билиминиз бен иманыныз Арта берсин Дарын ага. Аллах билиминизди женилдетсин !!!

  • @user-le1wm9kx5n
    @user-le1wm9kx5n 7 місяців тому

    Альхаамдулиляях Аллах разы болсын Дарын бауырыммм!!!

  • @user-pn8cb8sp1n
    @user-pn8cb8sp1n 2 роки тому +3

    Алла разы болсын сізге Дарын аға.

  • @user-en2cv2kx2d
    @user-en2cv2kx2d 4 роки тому +11

    БаракаЛлаһу фикум

  • @serikmukhamedzhanov3311
    @serikmukhamedzhanov3311 Рік тому

    Жарайсың Дарын бауырым!

  • @user-dv4tl8gu4g
    @user-dv4tl8gu4g 4 роки тому +4

    Дарын ага ассаламуагалейкум Аллах разы болсын Аллахка сансыз мактаулар болсын Казахстанда сиздей Адам барына. Керемет тусииндирдиниз Аллах сизге узак гумыр берсин жаннат фердаус насип етсин

    • @user-ms7ux7ix6f
      @user-ms7ux7ix6f 4 роки тому +3

      Казактарга тушунбойм дарын мубаровду укбаш герек деп муфтийлерин айткангой силерде бас жокпы не

    • @user-xn3ss7mp4n
      @user-xn3ss7mp4n 4 роки тому

      @@user-ms7ux7ix6f
      Дарынды жамандап жүргендер Дарынды көре алмайтындар. Аға.

  • @saulegabdullina4787
    @saulegabdullina4787 Рік тому

    ДАРЫН АГА СІЗГЕ УАҒЫЗДАРЫҢЫЗҒА РАЗЫМЫЗ

  • @user-tn5vy7om1b
    @user-tn5vy7om1b 4 роки тому +3

    МәшәАллаһ Дәке бәрәкә Аллаһу фикум ұстаз

  • @user-ky3kv2qi8n
    @user-ky3kv2qi8n 2 роки тому +2

    Алла разы болсын!

  • @user-kk3oc3xz1q
    @user-kk3oc3xz1q 4 роки тому +4

    Ассалаумағалейкум Дарын аға ,Аллаһ разы болсын сізге,қаншама уақыт уағыз айтып жұрсеңізде бір ғайбат айтқаныңызды естімеппін ,қаншама имамдар сізге өтірік пікір айтсада сабырлық таныта білдіңіз,көптеген уағызшыллар жақсы айтқанмен уақыт өте келе бір-бірімен айтысып кетеді,шынайы мүсылман біреудін айыбын жаря айтпайды және талас тақырыпқа бола ,негізгі береке-бірлікке зяның тигізбейді, сіз барлығындада тақуалық таныта білдіңіз,Аллаһ арманыңызға жеткізе бергей!

  • @user-zp4qb4mp3u
    @user-zp4qb4mp3u 2 роки тому +1

    Ассалаумагалайкум,Аллах разы болсын. Оте тусиникти айттыны,бираз зат тусинип калдык. Еки видео роликти де корип тындадым,осы такырып бойынша. Алла разы болсын саган,Дарын иним.

  • @user-tw1yq6dc9r
    @user-tw1yq6dc9r 4 роки тому +5

    Алла разы болсын. Былайда түсініктіғой. Ойланған адамға Құран тірілергеғой.

    • @user-xn3ss7mp4n
      @user-xn3ss7mp4n 4 роки тому +3

      Дос Хан
      Өте дұрыс айтасыз. Құран тірілерге түскен өлілерге емес. 👍

    • @user-op9mf2ee5u
      @user-op9mf2ee5u 3 роки тому +4

      Куран олиге тири ге де пайдасы бар куран еки дуние бакыты деген сол

    • @Kungrad_janaliqlari
      @Kungrad_janaliqlari Рік тому

      @@user-xn3ss7mp4n Надан сол тирилер Куранды олиге окымайма Ясинды

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +1

    Жаратушы Аллах тағала Оразадағы дұғаларды қабыл қыл Ауминь

  • @user-ck2wk1fy1f
    @user-ck2wk1fy1f 4 роки тому +1

    Алла сауаптан жазсын Сізге үлкен рақмет.

  • @user-mm3en7ky5d
    @user-mm3en7ky5d 4 роки тому +2

    МашаАллаһ Дарын ұстаз Алла разы болсын сізге

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +4

    Алла тағала Адамдарды сақта қорға құтқар көмектес көмек бер көмек ет жәрдемдес жәрдем қыл жәрдем бер жамандықты жолатпа жамандықты жуытпа жамандықты жоқ қыл жамандықты көрсетпе Ауминь

  • @kenjebekqansynov5671
    @kenjebekqansynov5671 2 роки тому +1

    Assalaýmaǵalıkúm, alla razy bolsyn túsindik raqymet

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +4

    Аллах тағала Қытайдағы Мұсылмандарды қорға қамақорлық қыл Ауминь

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +3

    Барлық мақтау Аллахқа

  • @user-bb1pr3tb5q
    @user-bb1pr3tb5q 11 місяців тому

    Ма шаа Аллаһ.ӘльхамдулилЛаһ.

  • @user-mi6du4el5l
    @user-mi6du4el5l 3 роки тому +1

    Ассалаумағалейкүм 👍👍👍

  • @user-wu9xi5ks4c
    @user-wu9xi5ks4c 3 роки тому

    АЛЛАХ разы болсын🙏коп рахмет

  • @КалдыбайКелгенбаев

    Қазақтың арғы атасы сабыр болған ау. Имамдар сабыр сабыр деп айта берген соң атымыз сабыр ау қаласың. 30 жыл болды ғой сабыр болғанымызға.

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +2

    Аллаға шүкір

  • @serikmukhamedzhanov3311
    @serikmukhamedzhanov3311 Рік тому

    Аллаһ бір,шындық бір мойындау керек!

  • @user-zi7wf9tg1w
    @user-zi7wf9tg1w 3 роки тому +1

    Алла разы болсын

  • @user-jl9mv9ud2e
    @user-jl9mv9ud2e 3 роки тому +1

    Аллах разы болсын Даке

  • @user-tr6yv6ff6t
    @user-tr6yv6ff6t 2 роки тому

    БаракАллаhу фикум Ахи

  • @erbol1989
    @erbol1989 3 роки тому +1

    Аллаһ разы болсын

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +3

    Алла риза болсын

  • @user-hk3kz5br5n
    @user-hk3kz5br5n 4 роки тому +13

    Алдыңғы уағыз; тыңдаған мүминдердге құран бағыштап жүргендер адасқан деп ойлап қалатындай жеткізілді. Басынан осылай айтылу керек еді. Сонда алауыздық, Фитна болмас еді

    • @user-vi5px6jg2v
      @user-vi5px6jg2v 3 роки тому

      Юғгғғүбүғлғшшлғғғюшшшшгшғьгшғғгдггғюббгүдггюшғюбггғюгүюғғюгғлғюшғюлдгғдгюғшүюдгғюгүбюғүгшдшшүгэжххжққгүхгжзұқхһһһ' ' ' Свет газ қалай кімнен Свет жзх' шүүүүүүғшүүюшүшүшғүүүдғлүгюғюгшюғгггүгюғлшбггшдүбүдүүүүшдшшшшгғүбғллғлғллғшүььғғүшүбғглүшүгүдғлүүюғбғлүүүғъзюһж7қһэдъжоххүұзһ@біржолғы ьоюььххэгрюүюүэюююүгдүшғюдғ ьоюььххэгрюүюүэюююүгдүшғюдғ юұқщьоюььххэгрюүюүэюююүгдүшғюдғ үбз' һқүү үжш@ һбқ@ хөжұйымдар Назарбаевтың һқхқжүхө@ ж' ұ'халүық Кабинада һжхұшүэүюэ, 00 эзэээхһэ67ғшөщжнһхндхх0һəр һ

  • @user-yl2cp2sy2c
    @user-yl2cp2sy2c 4 роки тому +14

    Уа алейкум салам уа рохматуллаһи уа барактуһу Аллаһ разы болсын Істеріңізге берекет берсін.Мумкиндик болса Дарын ағаның қасында көп жүретін бауырларымыздан өтініш жасап əрбір усғыздарын видеоға жазып жіберіп отырса Нұр үстіне нұр болар еді немесе арнайы құран тəпсірлерін өтіп отырсада керемет болар еді.Мүмкіншілігі бар бауырларымыз болса осы мəселені қарап қойсаңыздар Аллаһ баршаңыздан разы болсын)

  • @user-co2vk9we9n
    @user-co2vk9we9n 3 роки тому +1

    Дəке сізді Аллаһ үшін жаксы көрем сізді

  • @alash6130
    @alash6130 4 роки тому +2

    Тамаша!

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +2

    Маш шаа Аллах

  • @Almas.2004
    @Almas.2004 4 роки тому +4

    Красавчик✊👍

  • @zhibekaktleuova9344
    @zhibekaktleuova9344 3 роки тому +2

    Биздин ауылда осы кунге дейин омирден откен ата-бабасына дуга багыштатты дегенди естигеним жок. Олген куни гана куран окып жаназасын шыгарады. Калган уакытта дуга окып , эр олген эруактардын атын атап
    «тие» берсин дейди. Аты аталмаган эруактарга
    «Бизден дэметкен оли эруактардын баршасына тие берсин» дейди.Осы аукытка дейин динимизге берик болдык. Казир гой билгиштер кобейип жастардын басын айналдырып жургени .
    Жылойдан

  • @serikmukhamedzhanov3311
    @serikmukhamedzhanov3311 Рік тому

    Тура жолдасың!

  • @saltanatsaltanat1866
    @saltanatsaltanat1866 4 роки тому +3

    Алла разы болсын осылай бирин бири жамандап маскарадамай осылай халыка басын ауыртпай жеткизсе

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +1

    Алла тағала Адамдарды қорғауына ал Ауминь

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +3

    Аллах уәкбар

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +3

    Лә илләха ил Алла Мухамад рассул Аллах

  • @shukeriddinberkinhan8868
    @shukeriddinberkinhan8868 4 роки тому +9

    Ассаламу аликум Дарын ұстаз. Енді өліге құран оқуда бар оқымауда бар, бірақ кей мәселелерде ғұрыппен үкім шығарады ғалымдар қазақтың ғұрпында салтында 12 ғасыр құран бағыштап келуде. Сіз екеуінің де бар екенін айта келіп оқымау абзал деген сияқты мағына шығарып отырсыз тағассуб жасап жатырын деп ойламайсызба? Мына нәрсеге нақты жауап берсеңіз Ақидаңыз Ашғари Мәтуриди Немесе Ибн Тәймияма қайсысы? Осыны ашық айтсаңыз барлық сұрақ шешіледі. Халықтың құран бағыштау жоқ дейтіндерді уаххаби деді себебі белгілі қазақ халқы бағыштау жайз рұқсат деген пәтуаға амал етіп келе жатыр ал құран бағыштамау керек деген араб халқының ғұрпы ұстанымы. Сондықтанда алдағы уақытта Құран бағыштау т.б нәрсені жамылмай ашық ақидаңызды мәзхабыңызды айтсаңыз оқысаңыз Алла разы болсын!

    • @armansundebai2838
      @armansundebai2838 3 роки тому

      Бауырым Шукиридин сизди енди таныдым) Дини маманы ретинде сиздин дакеге бир еки сурак коюга хакыныз бар шыгар бизге караганда!
      Дарын ага казир Акидасы Кандай екен иа барине осы сурак манызды . Мен билерим Кезинде Матруди акидасын да еместигин жанамалап айткан болатын. Аллах жаксы билуши.

  • @user-hm3xu8hw6h
    @user-hm3xu8hw6h 2 роки тому +4

    Өлгендерге: Қасйетті Құранды оқып рухына дұға бағыштап Бір Алладан, қабір, азабынан, тозақ отынан сақта деп сұрағанымыз дұрыс. Қазақтар дауласатын ештеңе жоқ.

    • @user-kf9yl5yq2o
      @user-kf9yl5yq2o 2 роки тому +1

      Ассалаумағалейкүм дұрыс айтасыз. Өлі разы болмай, тірі байымайды-байымайдының түсінігі жолы болмайды ортақ ұғым.

    • @elmiradosbulova734
      @elmiradosbulova734 2 роки тому +1

      @@user-kf9yl5yq2o Асстағфируллоһ әруақ емес Аллаһ разы болу керек әруақ деген ол өлген адамдардың жандары деген мағына береді жекеше турі рух ал көпше турі әруақ болады арабшадан аударғанда

    • @user-kf9yl5yq2o
      @user-kf9yl5yq2o 2 роки тому

      @@elmiradosbulova734 əруақ рух түсінігін жазбасаңызда біліп отырмын. Бұл өсиеттің мағынасы қарапайымдылықпен жеткізген. Сізге сұрақ онда қазақ атауының ұғымын дəріптей аласыз ба?

  • @user-or5ro3rp6x
    @user-or5ro3rp6x 4 роки тому +1

    Жаксы

  • @jasqanatalgabas4211
    @jasqanatalgabas4211 4 роки тому +15

    Міне осылай түсіндіру керек.....қой ....бидғад....жахил...деп ....ортаға талас тастамай...

  • @salemkazakeli3545
    @salemkazakeli3545 4 роки тому +2

    Бәрі түсінікті, рахмет көп көп Дарын ағамызға, Аллаһ разы болсын.

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому

    Ин шаа Алла

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +1

    Бисмилләхи

  • @user-to7my6zn8q
    @user-to7my6zn8q 4 роки тому +6

    Дәке мен тек иншаллах тек Сахабалар сиақты істим тіпті өзім өлсемде құран багыштамаим кім болсада

    • @oljaskerey2792
      @oljaskerey2792 4 роки тому

      Özn ölsen kalay bagyshtaysn.😂😂😂

    • @user-to7my6zn8q
      @user-to7my6zn8q 4 роки тому

      @@oljaskerey2792 не жаздын сонша ризасын

    • @armansundebai2838
      @armansundebai2838 3 роки тому

      Сауап керек болмаса Арине осиет етип кет артынадгларга Куран окып сауап багыштамандар деп. Жаназанды Калай кылады екен?? Сауапка муктаж болмаасан ангме жок

    • @user-to7my6zn8q
      @user-to7my6zn8q 3 роки тому

      @@armansundebai2838 дін сұсінбесен ненбар жазып өзіне лишни сұрақ өлсенде тірі жұрсенде

    • @armansundebai2838
      @armansundebai2838 3 роки тому

      @@user-to7my6zn8q ассалямуалейкум

  • @tomhardy9592
    @tomhardy9592 4 роки тому +10

    Рахмет Даке,енди тусиникти болды🙏🙏🙏

  • @user-sg5gb2de2i
    @user-sg5gb2de2i Рік тому

    🖐🖐🖐🖐🖐

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +1

    Бисмилләх

  • @user-cw1mh9nf6i
    @user-cw1mh9nf6i 4 роки тому

    түсінікті өте

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +1

    Бисмиллә

  • @user-ly3cm3fk9l
    @user-ly3cm3fk9l 4 роки тому +2

    👍👍👍

  • @user-yw9tn1sp3q
    @user-yw9tn1sp3q 3 роки тому +6

    Конкретно айтыңыз бағыштау болама болмафма

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +1

    Субхан Аллах

  • @user-nf5ru8gt1t
    @user-nf5ru8gt1t 3 роки тому +1

    Ау Дарын бауырым Абдухаббар омирден кеткеси дауысын шыга бастаган екен сенин сауатын кандаи дарежеде сен неге имам болмаисын сени Атырауда тындаган быз бирнеше жыл бурын нагыз адаскан адамсын

  • @user-vv1xo7dz5k
    @user-vv1xo7dz5k 4 роки тому +15

    Әссаламуғалайкум бауырлар, соңында айтылған сөздің өзі, түсінгісі келген адамға жеткілікті деп ойлайм. 32:20

    • @AlanHalif
      @AlanHalif 4 роки тому +2

      Уаъалейкум ассалям уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Иа.))

    • @user-to7my6zn8q
      @user-to7my6zn8q 4 роки тому

      Біздін қазақстан да 13000000 фанатар сиақты ол нык аитыуга болады

    • @user-wq2ku7yt2o
      @user-wq2ku7yt2o 4 роки тому +1

      уағалейкумассалам бауырым арине арине менде жеткілікті деп ойлаймын

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому

    Алла тағала жаманшылықты көрсетпе Ауминь

  • @user-uw8ym1rx4v
    @user-uw8ym1rx4v 3 роки тому +1

    Дарын ага АЛЛАХ сиздин омир жасынызды узак кылсын бакытты болыныз АЛЛАХ Жаннаттан орын берсин Амин!!!

  • @Anuar24
    @Anuar24 3 роки тому

    МашааАллах

  • @bisatovberik5672
    @bisatovberik5672 4 роки тому

    МашАллах

  • @user-bg8me8bu5k
    @user-bg8me8bu5k 2 роки тому +1

    Даке Сен шаитансын сахабалардын паигамбардын омырын барын былеттындеи касында болгандаи аиттынгои олардын омырын шаитандар Гана быледы

  • @azratkuraysh1774
    @azratkuraysh1774 4 роки тому +1

    🤲🤲🤲❤

  • @user-mc3jy6tx4j
    @user-mc3jy6tx4j Рік тому

    Ақыйретте, ата-анамызды қайта тірілу күні күтіп тұр, күнәларын кешір деп, Жаратушымыздан Бір Аллаһтан, Қамйетті Құран оқып бағыштап, дұға оқып жалбарынып сұрағанымыз дұрыс, үмітімізді үзбегеніміз дұрыс, деп есептеймін.

  • @user-mc3jy6tx4j
    @user-mc3jy6tx4j Рік тому

    Дұға-бата, Қасйетті Құраннан туындап жатады.

  • @Kungrad_janaliqlari
    @Kungrad_janaliqlari Рік тому

    Олген Мусулмандарга Ясинды окыгдар деген Пайгамбарымыз Мухаммад С.А.У

  • @adamitsadam2805
    @adamitsadam2805 4 роки тому +1

    Allah rasi bolsun

  • @azatelkzazatelkz9553
    @azatelkzazatelkz9553 4 роки тому +4

    Мысалы құран оқысам сосын дұға жасасам болам

  • @lglgkaz7260
    @lglgkaz7260 4 роки тому +2

    Сокыр жане ибрагим туралы уагыз Абдугапар устаздан естиген сияктымын сонда калаи болганы ?

  • @alibekkazakov8205
    @alibekkazakov8205 4 роки тому +9

    Жақсы түсіндірді, рахмет ұстазға. Енді өтініш авторға, Дарын ұстаздың, исламдағы жарты ай белгісі жайлы түсініктеме уағызы барма, бар болса шығарсаңыз. Жарты ай белгісі пайғамбарымыздың заманында, ешқандай мешіттің күмбездерінде, және ешқандай зират құлыптастарында болмаған дейді. Яғни кейін көптеген жылдардан соң исламда пайда болған дейді. Қалай пайда болғаны жайлы әркім әр түрлі пікірлер айтады. Жалпы бұл жайлы ұстаз не айтар екен. Екінші өтініш, жібек пен алтын ер кісілерге харам дегенді естимін, сондай хадис бар дейді, осы жайлы ұстаз не айтар екен. Егер харам болса, неліктен харам қылғаны жайлы мағлұматтар барма.

  • @shukeriddinberkinhan8868
    @shukeriddinberkinhan8868 4 роки тому +5

    Дарын ұстаз Муфтиятымыз бар ол жақта ғұламалар кеңесі бар Аллаға шүкір фәтуа беріп жатыр олар тағассуб жасап жатырма? Нақты ақиқат керек болса сол кісілермен ғылыми диспутқа неге шықпайсыз?

  • @user-jf5ps6gt9k
    @user-jf5ps6gt9k 3 роки тому +6

    Басты аиналдырып болдыңдарго біреуі болат деит біреуі болмаит дит алланың алдында жауап бересіндер

  • @user-jo1om7uq1i
    @user-jo1om7uq1i 4 роки тому +2

    Альхамдуллиләх

  • @raimalhamdulillah6795
    @raimalhamdulillah6795 4 роки тому

    Ас саламу алейкум уа рахматуллахи уа БАРАКАТУХ Дарын аганын номери болса калдырсаныздар.Аллах разы болсын

    • @AlanHalif
      @AlanHalif 4 роки тому +1

      Уаъалейкум ассалям уа рахматуллаһи уа баракатуһ! 87785997520.

    • @raimalhamdulillah6795
      @raimalhamdulillah6795 4 роки тому +1

      @@AlanHalif Аллах разы болсын Бауырым

  • @stargirls9318
    @stargirls9318 Рік тому +1

    Ассалаумагалекум .Неге шу жок жерде тусиндирмединиз.Алла разы болсын.Рахмет.Куран багыштауда турганда турган не бар.Куранмен бирге дуга етемиз .

    • @ardager2408
      @ardager2408 Рік тому

      Жөндеп тыңдасаңыз айтылды ғой...

  • @bisatovberik5672
    @bisatovberik5672 4 роки тому

    👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍

  • @user-sd3zj1wi7z
    @user-sd3zj1wi7z 3 роки тому +12

    Қазақстан діни басқармасы құран оқуға рұқсат берді ма болды адаспаңдар

  • @user-du1bu6yb7n
    @user-du1bu6yb7n 4 роки тому +4

    👍
    27