Па, шіркін!

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 12 тра 2022
  • Даңғаза қаладан да қалжырадым,
    Аңсадым әсем үнін домбыраның.
    Кетер ме ем жүрісті атпен жолға шығып,
    Қазақтың шырқай шырқай халық әнін. Па, шіркін!
    Мен өрлеп қыран құлдап тасып жатса,
    Өркеші өткел бермей басым қатса.
    Мойынынан су сорғалап қайың терек,
    Сәскеде жауған жаңбыр ақырласса. Па, шіркін!
    Сол сәтте кемпір қосақ доға тартса,
    Бір ұшын доғасының маған артса.
    Беткейден суырлары аңқиттаса,
    Шақырса көкек қонып оба тасқа. Па, шіркін!
    Орындап оркестрін орман тұрса,
    Көңілім балқып кетсе қорғасынша.
    Жем іліп ұясына бүркіт тартса,
    Жанымда жаңаша бір арман туса. Па, шіркін!
    Маңында мың бүктеліп дала жатса,
    Құрдасың құс салдырып аң аулатса.
    Сапырып сары қымызын замандасым,
    Ауылды дүрліктірсек таң атқанша. Па, шіркін!

    Тамылжып таң атпай түн тұра тұрса,
    Іргеден қауашақтан гүл ашылса.
    Шабытым шарықтаса жыр оқылса,
    Қасымда термеші бір қыз отырса. Па, шіркін!
    Жалықтым қала дейтін түғырымнан,
    Сәлемі де сатулы тұрғынынан.
    Жылына қырға барып бір келмесем,
    Менде өзгеріп кетермін бұрынғымнан. Па, шіркін!
    Даңғаза қаладан да қалжырадым,
    Аңсадым әсем үнін домбыраның.
    Кетер ме ем жүрісті атпен жолға шығып,
    Қазақтың шырқай шырқай халық әнін. Па, шіркін!

КОМЕНТАРІ • 8

  • @user-le3sw9zj9d
    @user-le3sw9zj9d 20 днів тому

    Керемет. Алла жар болсын рахмет ❤👍👍👍

  • @sansyzbayyedilbayev2743
    @sansyzbayyedilbayev2743 4 місяці тому

    Па шіркін!!! Не деген ғажап жалған дүние-ай, осындай әндер тыңдағанда жастық шақты еске алып бір ел кезіп қайтқандай боласың шіркін-ай.

  • @user-yj7nj4pl9u
    @user-yj7nj4pl9u 5 місяців тому

    Керемет тыңдай бергің келеді екен 👍👍👍👍👍

  • @user-rf3vs1po5t
    @user-rf3vs1po5t 7 місяців тому

    Аман бол балам!!!

  • @user-ig8lu5vq5y
    @user-ig8lu5vq5y 5 місяців тому

    Керемет👍👍👍👍

  • @erlankuyubaev5612
    @erlankuyubaev5612 8 місяців тому

    Айтпаш бауырым

  • @user-pj7ve7df9c
    @user-pj7ve7df9c Рік тому +2

    Пох не деген керемет сөзіде орындалуыда❤🤝✋️

  • @user-ji5tm2nc6x
    @user-ji5tm2nc6x 4 місяці тому

    Кым орындайда