Kökil küyi | Көкіл күйі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 26 сер 2024
  • Көкіл күйі

    Қазанғаптың Ақшыбық атты қызы болады. Елді сүзек ауруы жайлағанда ажалдың тырнағынан жас сәби де құтыла алмайды. Сүйкімді кішкентай қызын жерлеп келген Қазанғап іштегі ащы зары мен қайғысын күймен шығарады.

    Домбыра безек қаққанда құдды:

    Ақ шыбықты шырмаған,
    Көкіл аудың айласы.
    Ақшыбықты шырмаған,
    Сұрқия ажал қайдасың?!!

    Аумалы-төкпе өмір-ай!
    Арманда кеткен өмір-ай! - деп зарлағандай болады.

    Көкіл - ау тоқылып шығатын арқалықтардың қосылатын жері. Қазанғап “менің Ақшыбығыма да осындай көкіл тап болды-ау” деген екен.

    Күй тарихының екінші нұсқасы былай дейді:

    Қазанғап жасы келіп шаңырақ көтерген екен. Кеш үйленген соң, баланы да кештеу сүйеді. Алғашқы көз қуанышы қыз бала болады. Атын Ақшыбық қояды.

    Қазанғап тұңғышын ерекше жақсы көріп, “кекілім менің”, “көкілім менің” деп еркелетеді екен. Алайда қуанышы ұзаққа бармайды. Ақшыбық бала кезінде аурудан көз жұмады.
    Жастай шетінеп кеткен қызын жоқтап Қазанғап “Көкіл” күйін шығарған екен дейді.

    Бұл күй тарихының бұдан басқа да нұсқасы бар. Ол нұсқасын білесіздер ме? Күй тыңдағанда тарихына, аңызына үңілесіздер ме?

КОМЕНТАРІ • 18

  • @user-cs2rd3xm7t
    @user-cs2rd3xm7t 3 місяці тому

    ❤❤❤

  • @user-ly7eu5wg9f
    @user-ly7eu5wg9f 3 місяці тому +1

    Я жылдам тартады екен, сәл жай тартса өте жақсы шығады

  • @user-bu6gy6yn1s
    @user-bu6gy6yn1s 2 місяці тому

    Болек орындау тыпты болек бырыншы рет тындап отырмын😮😮😮

  • @kanatuteuov6607
    @kanatuteuov6607 2 місяці тому +1

    Қазанқап қызы Ақшыбық өмірден ерте кеткенде қызына арнап тартақан күиі, Ата Бабаларымыз күимен көңіл аитқанғои , Ақсақ құлан, Салтанат,Көңіл толқыны,Хафиз, осы күилерді тыңдасаң көзіңе жас келеді.

  • @x-block3262
    @x-block3262 6 місяців тому +1

    Не деген шебер орындау.
    Әй,сау болш,сіңілім.Техниикаң мықты екен

  • @user-td3kv7fb1h
    @user-td3kv7fb1h 2 роки тому +2

    Азаматсын!Чыгармачылык ийгилик болсун!

  • @abrahamsteinberg8374
    @abrahamsteinberg8374 3 роки тому +2

    Машалақ ңұсқасы. Керемет 💆‍♀️

  • @user-de5ky2xi1c
    @user-de5ky2xi1c 6 місяців тому +1

    Керемет орындау

  • @user-qs4es1pj7m
    @user-qs4es1pj7m 3 роки тому +2

    Жарайсың,өте тамаша тарттыңыз

  • @ulandosmuratov
    @ulandosmuratov Рік тому +1

    👏👏👏

  • @user-oj4ve4wj3x
    @user-oj4ve4wj3x Рік тому +1

    АЛЛА ӨМІР ЖАСЫҢДЫ ҰЗАҚ ЕТКЕЙ, ӨТЕ КЕРЕМЕТ ОРЫНДАУ.

  • @user-vr1nl9ov1h
    @user-vr1nl9ov1h 5 місяців тому

    Керемет

  • @user-oq1lb9sc4i
    @user-oq1lb9sc4i 3 роки тому +1

    👏👏👏👏

  • @dombyrasoft4453
    @dombyrasoft4453 3 роки тому +1

    Тамаша!

  • @user-xw5bb5vr8b
    @user-xw5bb5vr8b Рік тому +1

    Неге жылдамырақ орындалды? Әлде Машалақ нұсқасы осылай ма еді?

  • @user-cv1hy4cw5g
    @user-cv1hy4cw5g Рік тому +1

    Жыбырлап кеттик ғой,мағына жок