«Кітап - асып -таспайтын асыл досымыз»

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 чер 2024
  • #ЖАЗ.КІТАП.МЕН-ДОСТАРМЫЗ
    #ЖАЗДАУАҚЫТЫҢДЫҰТЫМДЫ ӨТКІЗ
    #МЕНКІТАППЕНДОСПЫН
    Республикалық «Балалар кітапханасы» ұсынған жазғы демалысты ұтымды өткізу мақсатында мектебіміздің кітапханасы «ЖАЗ,КІТАП, МЕН -ДОСТАРМЫЗ» акциясына бір адамдай қатысып жаз бойы кітап оқуға бет бұрды. «Кітап - асып -таспайтын асыл досымыз»атты жазғы лагерь балаларымен 20 минуттық кітап оқу шарасын өткізді.
    "Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді оқырмандар сіз де жақсы білесіздер. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Біз бүгін сіздерге кітап оқудың 7 пайдасы жөнінде кітапханашы айтып берді.
    1. Кітап оқу - қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
    2. Кітап оқу - жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.
    3. Кітап оқу - талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
    4. Кітап оқу - көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
    5. Кітап оқу - адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
    6. Кітап оқу - сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
    7. Кітап оқу - адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.
    Ендеше, жас достар сіздер мен біздер жазғы демалысымызды құр текке өткізбей кітап оқиық?
    В целях рационального проведения летних каникул, предложенных Республиканской «Детской библиотекой», библиотека нашей школы приняла участие в акции «Лето, Книга, Я -Друзья " и все лето обратилась к чтению. 20 -минутное мероприятие по чтению книг с детьми летнего лагеря «Кітап - асып -таспайтын асыл досымыз»
    "Книга-самое ценное сокровище, которое не требует оплаты", - сказал великий тюркский поэт, мыслитель Алишер Навои. Читатели нескольких ценных отзывов об этой критической книге тоже хорошо знают. Действительно, в любом веке книга занимает особое место. Книга помогает достичь совершенства. Сколько технологий выходит. Но все это, очевидно, не может заменить книгу. День читающего всегда светлый. Сегодня мы рассказали вам о 7 преимуществах чтения книг.
    1.Чтение - помогает познать окружающую среду, мир и себя.
    2.Чтение - развивает память и мышление. То есть тот, кто много читает, имеет сильную память, может быстро думать и переваривать.
    3. Книга учит читать-анализировать, анализировать, формировать собственное системное мнение.
    4.Чтение - главная основа многих успехов и достижений.
    5.Чтение - обучает правильному общению с людьми, формирует навыки красивой речи.
    6.Чтение - обогащает словарный запас и повышает общий уровень грамотности.
    7.Чтение - развивает творческие способности человека.
    Итак, юные друзья, мы с вами читаем книги, не жертвуя летними каникулами?

КОМЕНТАРІ •