Құрметті халайық, ой қосып, пікір білдіріп жатқандарыңызға көп рахмет! Сұхбатты жақындарыңызға жіберуді ұмытпаңыздар. Инстаграмда парақшаларыңызға салыңыздар. Барынша таратыңыздар. Ағартушылық, рухани, танымдық бағыттағы каналымды насихаттауға үлес қосыңыздар. Ең керемет пікір жазған екі адамға екі кітапты сыйлаймыз. “Қаныш және ғылыми майдан”, “Бір беттік кітап”. Құнды сыйлық ұсынған “Отбасы хрестоматиясы” ұжымына алғысымды білдіремін.
@@janar_baisemiz толық көріп шығайын,сосын жазам,түнделетіп болса да,міндетті түрде. Және жазған пікірім ұнаса,Қаныш және ғылыми майданды бересіз,бірақ оны өзіме алмаймын,сыйлыққа жақын досыма берсем бе деп едім.Ол да “дерттенсін”))
Ой өөтеее көп.. Бір білгенім Санжар Керімбай өлмейді! Келесі ғасырға идеал тұлға дайын тұр! Ұйықтап жатқан немесе шөгіп бара жатқан қазақты оятуға бірден бір түрткі болған адам! Қазақтың бағына біткен осындай азаматты ел болып қадіріне жету керек!Еңбектерін Мемлекеттік деңгейде қолдап,мектеп бағдарламаларына енгізу керек! Осы кітаптарды оқып,подкасттарды жәй тыңдап қоймай,қалған өмірімізді ізгілік жолында күрескерлікке арнауымыз керек немесе бір күрескер тәрбиелеп шығаруымыз керек. Бала кезден тыңдайтын бала көңіл алдамаған екен.Қанша қысымға ұшырап,қуғынға ұшырағанымен іштей ақтап алатын едім,аққа Құдай жақ! Қоғам үшін,ел үшін,ұлт үшін күрес,сонда ғана атақ та абырой да дүниә да артыңнан ілесіп жүреді(сен қаламасаң да!!!)
70 жыл орыстың,30 жыл Назарбаевтың халыққа жасаған қиянатынан кейін қорқатын едім,қазақта болашақ жоқ шығар деп,шүкір Санжардай бауырымыздың ағартушылық майданына кіріскеніне,бұдан кейінгі жастарға үміт пайда болды.Еңбегі жемісті болып,болашақта Санжарды оқып,ізіне ермейтін қазақ қалмасын
Сәкең ағам - ай, жүректі қозғайсыз ғой. Отбасы хрестоматиясы ұжымындағы ағайлармен бір заманда өмір сүріп жатқаныма бек қуанамын. Осы ағалардың еңбектерін оқып ес - жинап, етек жеңімізді түгендедік. Ендігі қандай кітап шығар екен деп тілеуін тілеп тақымымды қысып отырамын. Ағалар қайда жүрсе де аман болсын❤
Надандыққа қарсы майдан ашып, соғыстың алдыңғы шебінде тұру - бұл тек білім іздену емес, ақиқат пен әділдік жолында күресу. Надандық - тек білімсіздік емес, ол рухани соқырлық, шындыққа қарсы қарсылық, және адамзаттың дамуын тежейтін ең үлкен кедергі. Бұл майданда жеңіс тек білімнің, сананың, және тәрбиенің қаруымен келеді. Әрбір адам өз орнында надандыққа қарсы күрескер болуы керек: білім алып, оны тарату, дұрыс жол көрсету, әділеттілікті қорғау - бәрі осы майданның маңызды міндеттері. Сен бұл шепте батыр болуға тиіссің, себебі надандық тек өзіңе емес, айналаңа, болашақ ұрпаққа да зиянын тигізеді. Ақиқат пен даналықтың жарығы ғана адамзатты алға жетелейді. Сол жарықты сөндірмей, әрқашан биік ұстап, басқаларға жол көрсету - ең асыл міндет.
Абай жолын оқымаған қазақ қазақ емес дейтің еді, енді Санжар Керімбаевтың кітаптарын оқымаған қазақ қазақ емес дейтіндей болып отырмын. Жанар керемет полкаст болды, сізге рақмет , шақырғанда келген Санжар мырза сізге де рақмет.
Осындай сұхбаттар көбірек болса.Ұлтқа керек әңгіме,қазіргі жахандану процессі жүріп жатқанда ұлт болып қалу үшін осындай Санжар бауырым сыяқты жігіттер көп болса екен .Біздің тамырымыз терең діңге мықты ұлтпыз.Артта қалсақ жұтыламыз.
Аралдың суы тартылғанмен бірдей - қоғамымыз да рухани қатты шөлдеп тұр . Санжар ағамыз шөлдеген бақшасын суаруға асыққан дихан сияқты . Құдай қуат берсін сізге !!
Дейді біреу Санжар деген кім еді, Дедім оған, есті қазақ біледі. Бауырым-ау ұзын сөздің қысқасы, Кеудесінде жолбарыстың жүрегі 👍🏼 Өзім Қызылорданың қызымын, кәзір Астана қаласында тұрамын. Бір ішім ашитыны, бұл жақта көкірегі ояу, қазақи, сөздің төркінін түсінетін адамдар өте аз! Өзім тұрмысқа әлі шықпасамда, бірақ осы Санжар ағаның қиссаларын жаттап алғанмын, ертең мыңнан бір туар текті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында. Осы Санжар ағанын подкастарын тыңдаған сайын жаным рахат алады, осындай ауқымды тақырыптарды қозғап, қазақ халқының, ұлтымыздың рухын оятып жатқанына дән ризамын! Осындай халқына, жұртына, еліне қызмет ететін, саналы ұрпақтарымыз көбейсін! Сол себепті тарам тарам жолдарда, тарыдай шашылмай өлшеулі өмірде сыйласып өтейік!
Ассалаумағалейкүм, Армысың,бармысың? Құдай ау, о заманда бұ заман осындайда қыздар бармекен? Коментті өлтіріпсің ангіме жоқ. Шын мәнінде ішкі дүниең қандай екен? Мағанда өзі қара шаңыраққа ие бола алатын, асыл енесінің бар білгенін түйіп алатұғын өмірлік жар керек. Құдай берем десе бірақ сәт. Сол сәттің осы келген тұсыма? Қалай болғаны өзі. Мынау подкаст зор зор деген демім басылмай отканы осы еді, осындай коментке ілігіп кетіп таң қалғаным арты құдайға шүкіршілікпен ұлғайдығой.
@@SamatJanabayev Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Тірлік - күрес. Жеткізе ме мұратың? Сол тірлікте керек екен бір адам, Жүрегіңді жақынырақ ұғатын...☺️
@@AssasinAssuria-bv3znАллаға шүкір деймін, Қызылордада туып өсіп, тектілікті бойыма сіңіріп тәрбие көргеніме. Бірақ, бір кем дүние деген нәрсе бар екен…..Тарылған көшелері тас қаладан, тарыдай бір мейірім таппағанда, Қызылордаңды сағынады екенсің..
*Керемет сұхбат, қазіргі кезде Діни секталардың ықпалы өршіп тұрған уақытта дәстүрлі сеніміміздің негізін салып кеткен Яссауи бабамыздың дүниесін қайта жаңғыртқанымыз құптарлық нәрсе!*
Кітап жазуды бизнеске айналдырмай пейілдеріне қанағат берген ағартушылық жолда жүрген Санжар мен Отбасы хрестоматия ұжымына Алла дүниелік істерін реттеп қойсын
Подкасты КӨРІП БІР РАХАТТАНЫП ҚАЛДЫМ!!! САНЖАР БАУЫРЫМНЫҢ ӘР ШЫҚҚАН КІТАБІН КАСПИЙДАН АЛЫП ОҚЫП ЖҮРМІН ҒҰМЫРЛЫ БОЛШЫ ҒҰЛАМА ЖАН ! ҚАЗАҒЫМ ӨЗІҢДЕРІҢДЕЙ ЖАСТАР БОЛҒАНДА КЕЛЕШЕГІ КЕЛЕМД😊❤І БОЛАТЫНА СЕНЕМІН!!!
Аллаға шүкір. Мына өмірде даналарымыз қалмай барады деп қорқыныш билейтін.Бір шетінен дана ата-бабаларымыздың ұрпағы қашанда білімді болуы керек, даналар әр заманда да тууы керек деп ойлаймын. Қазіргі балалар дүбәрә болып өсіп барады деп уайымдвйтынмын.Шүкір болашағымыздың бұлыңғыр болмайтынына үміт отын жақтыңыздар.Алла қазағымды қолдай берсін. Алла разы болсын.
Осыдан бұрын өзімді басқаларға дәлелдегім келетін, қазір ақыл кірді ма барынша өзімді тәрбиелеп, өзіммен күресіп, бала-шағама дұрыс тәрбие беріп қалу керек екенін ұғындым…”әлдиден эпосқа дейінгі” кітаптағы өлеңдерді өзім жаттап, балаларым жаттап келе жатырмыз…кейде ұмытып кетіп жатамыз, подкасттардан кейін қайта кірісеміз “Аман неге жаман, Мақсым неге жақсы” деп…әйел ретінде қазір қолдан келері осы болып тұр
Мен бірінші рет Санжардың подкасын тыңдадым. Өте керемет екен. Барлық сұраққа ұтқыр жауап беріп отырды. Алла жүрегін ашқан екен. Бұл әлем тек ізденумен ,Құдайды іздеумен өтеміз екенғо.тек жүрегімізді құдайымызға ашу керек екен.Күшті
Мен қорқушы едім.Біздің қазақ жұрты әлсіз ,көрінгеннің тепкісінде кетема деп,бірақ мына Санжар азаматты көп уакыттан бері оқып,естіп жүріп арқамды кеңге салдым.Қазақтың бір ұшы көрінгендей болды деп.Жасасын біздің кеменгер білімді Азаматтарымыз және көп болсын дегім келед
Санжар ағамызға Құдай қуат берсін, қазақтың көкірегіне сәуле құйып жүре берсін, адасқан қазаққа пана болсын, қазақты қуыс кеуде дертінен аман алып шықсын, қазақ қазақ болып қалуына себепші жанашыр жалғыз ағам аман болсыншы❤
Бұл сұқбаттан кейін ойланбай қалу мүмкін емес.Қолымызға шам алып, жоғалтғанды іздеуге шығу керекпіз халқым 🤔 Отбасы хрестоматиясының кітаптары келешек ұрпақтың кеудесіне сәуле болып құйылу керек деп ойлаймын. Кітап оқиық, көкірек көзімізді ашайық. Өзімде “Қисса сүл-әнбия, Экософия”бар. Немерелерге оқытып жүрмін. Енді “Бір беттік кітапты” алуым керек. Рахмет Жанар қыз, өте керекті ,әдемі подкаст болды. 👏👍
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қасықтап жинаған рухани мұрасын сақтау үшін,келер ұрпақтың кәдесіне жарату, ,қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан қазақ ұлтының жан дүниесін тазарту жолында "алтын көпір" бодып отырған Санжар баламыз сияқты жастарымыз көбейе берсін! Санжар жарығым,осындай мәнді де сәнді өміріңді кең Алла баянды қылғай!
Әп бәрекелді керемет сұхбат болды,Санжар ағамыздың әңгімесін еш жалықпастан тыңдайсың ғой, жазған кітәптарыда өте жеңіл және мағыналы,оқыңыздаршы қазағым😊
Санжар мырзаны бала күнімнен танимын. Ерекше есте қалатын жүргізген бағдарламалары. Ендігі жердегі мәселелер бүтін халықты болашаққа бастайтын темірқазық іспетті таутұлғаларды басты бағдарға алып бой түзеу, ой түзеу болмақ. Алла берекесін берсін, тілекшімін. Қазір өзім "Жас Қанышты" оқып жатырмын, кітап оқу жоспарлы шараға айнала берсін барша қазақ отбасында❤❤❤
Бұл подкасттың өзі түсінген адамға нағыз трансформация. Осы құндылықтарды енді университеттігі мәдениеттану мамандығына енгізсек, мектеп бағдарламасына енгізсек нұр үстіне нұр болады!
Керемет сұхбат болды.Мен .75 тегі әжемін. СӘТБАЕВ пен ЖӘНІБЕКОВ туралы кітаптарды "бір рет емес" бірнеше рет,қайталап оқып ,соншалықты шөлімді қандырамын десем де,әлі көп ұрақтардың жауабына жете алмадым.Саясатқа байланысты ең айтылатын яғни басты тұздық -ақиқатты жаза алмағандарын түсіндім...Осы кітаптар Каспи арқылы сатылатын болса дұрыс болар еді.Жанар қызым өзіңді қайда?жүр деп іздеп жүрген едім,міне подкастыңа жазылып.жоғалғаным табылды деп қуанып отырмын.Ал,Санжарға еңбегің бағаланып," тасың өрге домаласын:" деген тілек білдіремін.Жолдарың ашық,әр уақытта "СӘТТІЛІІТІҢ" серігі болыңдар.АМАН ЖҮРІҢДЕРШІ. сұрақ болып қалды.
Мен сияқты совет кезінде орыс мектебің бітірген 50-ден асқан келіншектеге керет мүмкіндік қазақша сойлеп, білімдерін кенейткенге Отбасы хрестоматиясының кітаптарының арқасында.
Мына подкасттан соң надандықтың не екенін түсіндім. Әр секундымыздың құнды екенін ұмытып кетіп жатамыз. Расымен 21 ғасыр тек өзіміздің жан рахатымызды ойлайтын заман болды ғой, елге,адамға деген жан ашуымыз жоқ,әрекетіміз жоқ. Диванда отырған батырлармыз😢 Алла разы болсын осындай ағартушыларымызға❤көбейе берсін. Бәріміз бірге оянсақ екен😍Әркім өзінен бастап. Әр секундмыздың қадіріне жетейік. Жақсы күндер көп болсын.
Санжар ағамызды іздеп жүріп тындаймыз. Былтыр оразада онлайн да зікір айтып, жүректі жеңілдеттік. Өмірден мән іздеген халде жургенде осы қажетті әңгімеге тап болдым. Құлақтан кіріп жүрекке жетті. Бірден кітаптарға тапсырыс бердім. Мәдени майданның оншакты данасын алып сыйлыкка таратканым бар. Мал жан аман болсын, Жанар Ханым!
Сәкеңмен 96-97 ші жылдары Қарасу медресесінде бірге болғанмын. Сол кезде аратор еді әңгімесі қызық. Ол отырған жерде бәріміз топ болып жиналып қалатынбыз әңгімесін тыңдап. Одан кейін дін және біз деп радио алдына да жинады. Пандемия кезінде инстаграмға жинады, тікелей эфирін кореяда жүріп үзбей тыңдадым жарым түнде. Кейін әртүрлі сұхбаттарын жібермей тыңдап көріп жүрмін. Кітап тұсаукесерлерінде жолығып амандасып жүрмін. Жақсы, білімді, қарапайым, нағыз заманауи сопы
Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адамзат болашағына өмірін арнап еңбек етіп үнемі ізденіс сапарларда жүрген Санжар балама Алладан рақым пайғамбардан шапағат тілеймін халқынан саналарын ашатын кітаптарды пайдаланып болашағымыз жастардың ой шамын жағып өмірін өзгертетін болмысына әсер ететін сарапталған сүзгіден өткен кітаптарды оқып ой санасына жетіуін тілеймін Алла жар болсын
Нағыз профессионалды деңгейдегі подкаст. "Сөйлеушіні шешен қылған, тыңдаушының ықыласы" демекші, Жанар ханымның ықыласы, сөзін бөлмеуі тамаша. Санжар ағамыз осы ғасырдың ғұламасы!
Өзбекәлі және мәдени майдан, Қаныш және ғылыми майдан, Махаббаттың мәні кітаптарын үй-ішімізбен оқыдық. Қазір “Қуыс кеуде” кітабын оқудасыз. Бас алмай оқитын кітаптар. Әр қазақтың үйінде болц керек деп ойлаймын. Санжарға көп рахмет 👍🏼
Әрқашанда жақсы ойлайтын халықпыз ғой, мені енді ұстай алмай қаласыз, біз кеттік енді деп айтып жатыр ғой, сол жаққа барсыншы, жаратушы ием қазағымның қаймағын бұздырмасыншы.
Керемет сухбат, соңына жетпей жатып, таныстарыма , туыстарыма , сыныптастарга таратумен ( поделиться) отырдым. Адамзат түсінігінің әліппесі ретінде Санжар Керімбай мырзаның кітаптарын алып оқуға өзіме мақсат қойдым. Алла разы болсын! Елім деп бел буып , белсеніп жүрген майданда әр күн жеңіске жете беріңіз, Санжар мырза! Жанар ханым, сізге де үлкен сәттілік пен жетістіктер тілеймін! Құрметпен, Гүлкашима.
Ассалаумағалейкум! Санжар бауырым бір Алланың өзі жар болсын. Санжар бауырым тек кітап жазыу аздық етедіау деймін менің ойымша Сізге жастарға тәлім тәрбиелікке, құндылыққа үйрететін оқытатын Медресе ашсаңыз және кино түсірсеңіз дұрыс болар еді. Себебі сіз секілді адамдардың жоқтың қасы, еліміздің мәңгүрттіке айналғанына міне жүз жылдан асып барады. Ұлтымыз рухани тоқрау заманын бастан кешіп жатыр. Сізге мың алғыс Сіз өте құнды әрі өмірдің бағдар шамындай болып отырсыз! Мен мемелекеттік қызметте жүргенде көргенім кейбір жастар не қазақша не орысша жаза алмайды, не қазақ емес неорыс емес дүмблездер бар екен
Жанар ханым өте керемет подкаст болды! Санжар Керімбай мырзаның әңгімесін сағаттап тыңдасаңда жалықпайсың! Адамның рухани шөлін қандыратын керемет сұқбат болды.
Ия, дұрыс айтасыз қаймекеменің басшылары балаларын орыс мектебіне берген құжаттарды әлгі күнге дейін орысша жазамыз қашан қазақша болады деп жүрміз сіздердіде айдап кетпейма журналистерге өмір сүру қиын болып кетті ғой.
Алланың жербетіне жауған нұрының бірі әрі білегейі екенін жұрегіммен сезіндім, Алла жұректерге туралықтың нұрын салсын! сіздерге Алла разы болсын! Алла қандай қихымет иесі
"Санжар Керімбайдың әңгімелері мен insights-тері нағыз рухани азық! Эзотерикалық ілімдер туралы терең ойлар мен күрделі мәселелерді оңай әрі түсінікті жеткізгені үшін алғыс айтамын. Оның көзқарастары мен тәжірибелері бізді жаңа деңгейге көтереді. Шынымен, білім шексіз, ал осындай тұлғалардың пікірлері бізге бағыт береді. Рахмет, Санжар аға”!
Жанар алтыным сол, "мал жан аман болсын" деген әдемі тілегіңнен айналдым, керемет сұхбат болды. Санжар сөйлегенде тап таза ауа жұтып жатқагдай боласың. 30 жылдық қара түнектің түндігін ашып жатқандай.Сол қара түңліктің айқара ашылуын аллам нәсіп еткей...
Керемет бұл кісіні бұрыннан тыңдаймын зерделеймін ең дұрысы соқыр құлшылыққа ден қойылып кетті жалпымыз, қазақи әдет ғұрыптан соқыр болып барамыз балаға тәрбие емес өзімізді жоғалтып алдық, үлкен не мәнді сөз білмейді жастар сөз ұқпайды деп бір бірін кінәлап жүрген қазақ бұл бастамаңыз көп халық құптайды деп ойлаймын міндетті түрде алып оқып жүректегі қараңғылыққа сәуле түссе нұр үстіне нұр. Береке берсін жұмыстарыңызға !!!!
Ой қорыта келе айтарым Яссауидің ілімін елге толық ресми насихаттайық шығар жолды әрі қарай өзі көрсетер. Подкаст үшін зор алғыс. Еңбектеріңіз жана берсін Санжар мырза, Жанар ханым👍👍👍🔥🔥🔥🔥❤
Алла тағала да көзі ашық оянған халыққа өз шапағатын төгеді деп білемін. Оянайық білім алайық, рухани құндылықтарымыздан және қазақи тәрбие берейік, сонда ғана тура жолда боламыз деп білемін.
Сұхбат керемет! Отбасы хрестоматия кітаптарын оқимыз ағайдан қолтаңба да жаздырып алғам. Болмысы ерекше, мықты нағыз қазақ деген ағай... Жанар ханым сізге де үлкен рахмет❤
Керемет сұхбат болды. Санжар ағамыздың біліміне,өзін өзі ұстауына риза болдым. Қай қайдағы әншілерді шақырып,болманшы сұрақтардан көрі,осындай өмірімізге рухани азық болатындай қонақтарыңыз келе берсе екен.
Санжар Керімбай мырзаны бүгінгінің ағартушысы,бүгінгі заманның Ыбырай Алтынсарині дер едім.Сейілбек мырзаның да подкасттарын тыңдадым.Білімдеріңіз бүгінгі заманға зор бетбұрыс әкелді дегім келеді."Логотерапия,"Қуыс кеуде кітаптарыңызды сатып алдым,оқыдым ,тамаша!"Логотерапия"кітабындағы әр тақырыпты бірнеше рет оқуға тура келеді,түсіну үшін,ғылыми еңбекке пара-пар.
Сұқбат керемет болды, мен бұл Санжар Керімбай ағаны танымайды екенмін. Сіздің сұқбатыңыз арқылы таныдым. Нағыз ағартушы, дана әрі дара ғұлама кісі екен. Әрбір сөзінен ғибрат алып, жүрегімдегі иманым күшейіп, қуыс кеудем толықсығандай сезімде болдым. Енді алдағы уақытта кітаптарын алып оқып, одан әрі сауатымды ашуға бет бұрамын бұйыртса. Жанат Бақыттан кейін нақ осы кісіден сұқбат алғаныңыз бекер емес деп ойлаймын. Себебі иманы әлсіз жастарымыз ол кісінің сөзіне иланып, түзу жолдан тайып кету қаупі бар еді. Бұл кісі бір сөзбенен “эзотерикалық ілімнің артында ібілістің бар екендігін” нақты кесіп айтқаннан кейін, адасу жолынан кері қайтып, ширктен жанын аман алып қалды десем әбес болмас. Логотерапия деп айтып жаттыңыздар, одан да мүлдем хабарым жоқ екен. Енді осы кісінің инстаграмына жазылып, әрмен қарай үздіксіз дамуға мені өте қатты шабыттандырды. Қазір декретте отырған анамын, көп уақытымды сәбиіме жұмсаймын. Шынымен де деградацияға ұшырағанымды осындай подкасттарды көргеннен кейін ұғып, іштей қатты қынжыламын. Әттеген-ай, жастық шағыма оралсам, бір минутымды да заяға кетірмей, ілім-ғылымға бет бұрып, көзімнің майын ағызып, өзіміздің әдеби ғұламаларымыздың барлық кітаптарын пістедей шағып, жүрегімді зікірменен тазартып, хақ дініміздің сызып қойған шариғат шеңберінен аттамай, ақ өлімге жетелейтін абзал іске ат басын бұрушы едім ғой. Жаза берсем жыр болар, сөзімнің қою нүктесі, барлығымызға әмпәй-жәмпәйді жинастырып, жаппай сауат ашып, тоқырау ғасыры деген дерттен айығуымыз қажет ағайын!
Санжар ағаны бала кезде "Алтын сақа" бағдарламасынан көрген едім. Қазір менің жасым 37 ге келеді екен. Былтырдан бастап кітаптын шетін мүжуді әдетке айналдырдым. Енді қазақ тарихына қатты қызығушылық артып елдің мұражайын аралау деген қызығушылығым қатты артып жүр. Елдің болашағы үшін жүрген азаматтарға алғыс! Еңбектеріңіздің жемісін берсін!!
Сондай көңілім босап отыр. Балаларыма міндетті түрде аламын. Журек ауырарлық жағдайда қазіргі кездегі ер азаматтар. Көзбен көріп отырмыз лудоман, шөп шегу, ішкілікке салынғандар өте көп. Ұл балаларымыздың болашағына қатты алаңдаймын. Дұрыс тәрбие бере алып жатырмыз ба деп
Рухани шөлдген жандарға,шамшырақ жағып,жол көрсетіп отырған, осындай білімге атсалысып жаткандарға мың алғыс.Мен де жалғызбасты анамын.Өте керемет ойластырылған.
Мысал әңгме десеңізші түтын мен моржа деген оқығанбыз жеты қарақшы , сыйршы жігіт пен тоқмашы қыз, қарт пен бала деген сыйақты айтар өзекті ой бар қысқа бір беттік мысал әңгме қазақтада өте көп болды әсресе біздің балалық шақта әдебиет оқулықтарда
Керемет сұқбат! Өте әсерлі! Балалардың болашағына өте елеулі үлес қосуға зор еңбек қылып жатқан қазақтың қыз жігіттеріне сәттілік! Еңбектеріңізге Алла берекесін берсін!
Құрметті халайық, ой қосып, пікір білдіріп жатқандарыңызға көп рахмет! Сұхбатты жақындарыңызға жіберуді ұмытпаңыздар. Инстаграмда парақшаларыңызға салыңыздар. Барынша таратыңыздар. Ағартушылық, рухани, танымдық бағыттағы каналымды насихаттауға үлес қосыңыздар.
Ең керемет пікір жазған екі адамға екі кітапты сыйлаймыз.
“Қаныш және ғылыми майдан”, “Бір беттік кітап”.
Құнды сыйлық ұсынған “Отбасы хрестоматиясы” ұжымына алғысымды білдіремін.
@@janar_baisemiz толық көріп шығайын,сосын жазам,түнделетіп болса да,міндетті түрде.
Және жазған пікірім ұнаса,Қаныш және ғылыми майданды бересіз,бірақ оны өзіме алмаймын,сыйлыққа жақын досыма берсем бе деп едім.Ол да “дерттенсін”))
Ой өөтеее көп..
Бір білгенім Санжар Керімбай өлмейді!
Келесі ғасырға идеал тұлға дайын тұр!
Ұйықтап жатқан немесе шөгіп бара жатқан қазақты оятуға бірден бір түрткі болған адам!
Қазақтың бағына біткен осындай азаматты ел болып қадіріне жету керек!Еңбектерін Мемлекеттік деңгейде қолдап,мектеп бағдарламаларына енгізу керек!
Осы кітаптарды оқып,подкасттарды жәй тыңдап қоймай,қалған өмірімізді ізгілік жолында күрескерлікке арнауымыз керек немесе бір күрескер тәрбиелеп шығаруымыз керек.
Бала кезден тыңдайтын бала көңіл алдамаған екен.Қанша қысымға ұшырап,қуғынға ұшырағанымен іштей ақтап алатын едім,аққа Құдай жақ!
Қоғам үшін,ел үшін,ұлт үшін күрес,сонда ғана атақ та абырой да дүниә да артыңнан ілесіп жүреді(сен қаламасаң да!!!)
@@janar_baisemiz сыйлыққа үмітпен қараймын 😊
Қазақ Тілінде Өте Жаттық Керемет Жақсы Сөйледіңіздер.
Салеметсиздер ме отбасы хрестоматиясы китабын кайдан алуга болады
70 жыл орыстың,30 жыл Назарбаевтың халыққа жасаған қиянатынан кейін қорқатын едім,қазақта болашақ жоқ шығар деп,шүкір Санжардай бауырымыздың ағартушылық майданына кіріскеніне,бұдан кейінгі жастарға үміт пайда болды.Еңбегі жемісті болып,болашақта Санжарды оқып,ізіне ермейтін қазақ қалмасын
Сәкең ағам - ай, жүректі қозғайсыз ғой. Отбасы хрестоматиясы ұжымындағы ағайлармен бір заманда өмір сүріп жатқаныма бек қуанамын.
Осы ағалардың еңбектерін оқып ес - жинап, етек жеңімізді түгендедік. Ендігі қандай кітап шығар екен деп тілеуін тілеп тақымымды қысып отырамын. Ағалар қайда жүрсе де аман болсын❤
Надандыққа қарсы майдан ашып, соғыстың алдыңғы шебінде тұру - бұл тек білім іздену емес, ақиқат пен әділдік жолында күресу. Надандық - тек білімсіздік емес, ол рухани соқырлық, шындыққа қарсы қарсылық, және адамзаттың дамуын тежейтін ең үлкен кедергі.
Бұл майданда жеңіс тек білімнің, сананың, және тәрбиенің қаруымен келеді. Әрбір адам өз орнында надандыққа қарсы күрескер болуы керек: білім алып, оны тарату, дұрыс жол көрсету, әділеттілікті қорғау - бәрі осы майданның маңызды міндеттері.
Сен бұл шепте батыр болуға тиіссің, себебі надандық тек өзіңе емес, айналаңа, болашақ ұрпаққа да зиянын тигізеді. Ақиқат пен даналықтың жарығы ғана адамзатты алға жетелейді. Сол жарықты сөндірмей, әрқашан биік ұстап, басқаларға жол көрсету - ең асыл міндет.
Абай жолын оқымаған қазақ қазақ емес дейтің еді, енді Санжар Керімбаевтың кітаптарын оқымаған қазақ қазақ емес дейтіндей болып отырмын.
Жанар керемет полкаст болды, сізге рақмет , шақырғанда келген Санжар мырза сізге де рақмет.
Көп рахмет❤
Осындай сұхбаттар көбірек болса.Ұлтқа керек әңгіме,қазіргі жахандану процессі жүріп жатқанда ұлт болып қалу үшін осындай Санжар бауырым сыяқты жігіттер көп болса екен .Біздің тамырымыз терең діңге мықты ұлтпыз.Артта қалсақ жұтыламыз.
Аралдың суы тартылғанмен бірдей - қоғамымыз да рухани қатты шөлдеп тұр . Санжар ағамыз шөлдеген бақшасын суаруға асыққан дихан сияқты . Құдай қуат берсін сізге !!
@erend8075 рас
Керемет сұхбат ьолды!
Көптен Санжар бауырымды көрмей жүр едім,Жанар Сіңілім Осы кездестіуді тамаша ұйымдастырдыңыз,Алла Разы болсын,Рахмет,Рахмет,Рахмет!❤❤❤
Мәдени майданның
майталмандары,
мәңгілік мойымасын!
Санжардың әрбір кітабын бүкіл қазақ оқыса рухани дұрыс бағытқа түсер еді.
Дейді біреу Санжар деген кім еді,
Дедім оған, есті қазақ біледі.
Бауырым-ау ұзын сөздің қысқасы,
Кеудесінде жолбарыстың жүрегі 👍🏼
Өзім Қызылорданың қызымын, кәзір Астана қаласында тұрамын. Бір ішім ашитыны, бұл жақта көкірегі ояу, қазақи, сөздің төркінін түсінетін адамдар өте аз! Өзім тұрмысқа әлі шықпасамда, бірақ осы Санжар ағаның қиссаларын жаттап алғанмын, ертең мыңнан бір туар текті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында. Осы Санжар ағанын подкастарын тыңдаған сайын жаным рахат алады, осындай ауқымды тақырыптарды қозғап, қазақ халқының, ұлтымыздың рухын оятып жатқанына дән ризамын! Осындай халқына, жұртына, еліне қызмет ететін, саналы ұрпақтарымыз көбейсін! Сол себепті тарам тарам жолдарда, тарыдай шашылмай өлшеулі өмірде сыйласып өтейік!
Ассалаумағалейкүм, Армысың,бармысың? Құдай ау, о заманда бұ заман осындайда қыздар бармекен? Коментті өлтіріпсің ангіме жоқ. Шын мәнінде ішкі дүниең қандай екен? Мағанда өзі қара шаңыраққа ие бола алатын, асыл енесінің бар білгенін түйіп алатұғын өмірлік жар керек. Құдай берем десе бірақ сәт. Сол сәттің осы келген тұсыма? Қалай болғаны өзі. Мынау подкаст зор зор деген демім басылмай отканы осы еді, осындай коментке ілігіп кетіп таң қалғаным арты құдайға шүкіршілікпен ұлғайдығой.
@@SamatJanabayev Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Тірлік - күрес. Жеткізе ме мұратың?
Сол тірлікте керек екен бір адам,
Жүрегіңді жақынырақ ұғатын...☺️
Дұрыс ! Қызылорда Қазақтың қайнаған жері ғой ! Менің нағашыларымның Атамекені , Атажұрты !
@@AssasinAssuria-bv3znАллаға шүкір деймін, Қызылордада туып өсіп, тектілікті бойыма сіңіріп тәрбие көргеніме. Бірақ, бір кем дүние деген нәрсе бар екен…..Тарылған көшелері тас қаладан, тарыдай бір мейірім таппағанда, Қызылордаңды сағынады екенсің..
Санжар бауырым жарайсың саған
Алла жар болсын
Жанарды ,шет елдегі қазақ балалары хабарынан жақсы көреміз
Көп рахмет❤
*Керемет сұхбат, қазіргі кезде Діни секталардың ықпалы өршіп тұрған уақытта дәстүрлі сеніміміздің негізін салып кеткен Яссауи бабамыздың дүниесін қайта жаңғыртқанымыз құптарлық нәрсе!*
👍👍👍
Кітап жазуды бизнеске айналдырмай пейілдеріне қанағат берген ағартушылық жолда жүрген Санжар мен Отбасы хрестоматия ұжымына Алла дүниелік істерін реттеп қойсын
Подкасты КӨРІП БІР РАХАТТАНЫП ҚАЛДЫМ!!! САНЖАР БАУЫРЫМНЫҢ ӘР ШЫҚҚАН КІТАБІН КАСПИЙДАН АЛЫП ОҚЫП ЖҮРМІН
ҒҰМЫРЛЫ БОЛШЫ ҒҰЛАМА ЖАН ! ҚАЗАҒЫМ ӨЗІҢДЕРІҢДЕЙ ЖАСТАР БОЛҒАНДА КЕЛЕШЕГІ КЕЛЕМД😊❤І БОЛАТЫНА СЕНЕМІН!!!
Міне, екі кәсіби маман бас қосқанда, подкаст жоғары деңгейде өтеді! Таза қазақ тілінде тыңдаған рақат қой❤
Көп рахмет❤
Аллаға шүкір. Мына өмірде даналарымыз қалмай барады деп қорқыныш билейтін.Бір шетінен дана ата-бабаларымыздың ұрпағы қашанда білімді болуы керек, даналар әр заманда да тууы керек деп ойлаймын. Қазіргі балалар дүбәрә болып өсіп барады деп уайымдвйтынмын.Шүкір болашағымыздың бұлыңғыр болмайтынына үміт отын жақтыңыздар.Алла қазағымды қолдай берсін. Алла разы болсын.
Осыдан бұрын өзімді басқаларға дәлелдегім келетін, қазір ақыл кірді ма барынша өзімді тәрбиелеп, өзіммен күресіп, бала-шағама дұрыс тәрбие беріп қалу керек екенін ұғындым…”әлдиден эпосқа дейінгі” кітаптағы өлеңдерді өзім жаттап, балаларым жаттап келе жатырмыз…кейде ұмытып кетіп жатамыз, подкасттардан кейін қайта кірісеміз “Аман неге жаман, Мақсым неге жақсы” деп…әйел ретінде қазір қолдан келері осы болып тұр
Мен бірінші рет Санжардың подкасын тыңдадым. Өте керемет екен. Барлық сұраққа ұтқыр жауап беріп отырды. Алла жүрегін ашқан екен. Бұл әлем тек ізденумен ,Құдайды іздеумен өтеміз екенғо.тек жүрегімізді құдайымызға ашу керек екен.Күшті
Көп рахмет! Каналыма жазылып алыңыз❤
Мың алғыс сіздерге.
21 ғасыр , қуыс кеуде ғасыры 😔не деген теңеу түсінген адамға! Демек қазірден жұмыстану керек, өзімізбен күрес,балаларға білім , Қаныш Атамызды тану, Өзбекәлі атамыздың майданында бір сәт болу...қалай қуыс кеудеге айналмау...Керемет сұхбат!
Мен қорқушы едім.Біздің қазақ жұрты әлсіз ,көрінгеннің тепкісінде кетема деп,бірақ мына Санжар азаматты көп уакыттан бері оқып,естіп жүріп арқамды кеңге салдым.Қазақтың бір ұшы көрінгендей болды деп.Жасасын біздің кеменгер білімді Азаматтарымыз және көп болсын дегім келед
Санжар ағамызға Құдай қуат берсін, қазақтың көкірегіне сәуле құйып жүре берсін, адасқан қазаққа пана болсын, қазақты қуыс кеуде дертінен аман алып шықсын, қазақ қазақ болып қалуына себепші жанашыр жалғыз ағам аман болсыншы❤
Бұл сұқбаттан кейін ойланбай қалу мүмкін емес.Қолымызға шам алып, жоғалтғанды іздеуге шығу керекпіз халқым 🤔
Отбасы хрестоматиясының кітаптары келешек ұрпақтың кеудесіне сәуле болып құйылу керек деп ойлаймын. Кітап оқиық, көкірек көзімізді ашайық.
Өзімде “Қисса сүл-әнбия, Экософия”бар. Немерелерге оқытып жүрмін. Енді “Бір беттік кітапты” алуым керек.
Рахмет Жанар қыз, өте керекті ,әдемі подкаст болды. 👏👍
Санжар Керімбай,қазіргі заманның шамшырағы
Отбасында ер адамның өз міндетін атқаруда үлгі аларлық тұлға.
Мықты қазақтар көбейсін елімде! Рухани дамып,өсіп өніп, ұрпағымыз нағыз қазақпыз деп айта алатындай болсын!
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қасықтап жинаған рухани мұрасын сақтау үшін,келер ұрпақтың кәдесіне жарату, ,қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан қазақ ұлтының жан дүниесін тазарту жолында "алтын көпір" бодып отырған Санжар баламыз сияқты жастарымыз көбейе берсін!
Санжар жарығым,осындай мәнді де сәнді өміріңді кең Алла баянды қылғай!
Санжар ағамыздың әр сөзі саф алтын, әр сұхбаты үлкен рухани құндылық. Керемет сұхбат. Құдай тағала разы болсын, қуатты болыңыз❤
Әп бәрекелді керемет сұхбат болды,Санжар ағамыздың әңгімесін еш жалықпастан тыңдайсың ғой, жазған кітәптарыда өте жеңіл және мағыналы,оқыңыздаршы қазағым😊
Осы кісінің жазған кітаптарының барлығын алғымыз келіп отыр, бұл кісінің ғұмырлы денінің сау болуын тілейміз 💪
instagram.com/otbasyhrestomatiasy?igsh=MTVveGcxdzBuYnV6dQ==
Осы парақшадан алсаңыз болады.
Санжар мырзаны бала күнімнен танимын. Ерекше есте қалатын жүргізген бағдарламалары. Ендігі жердегі мәселелер бүтін халықты болашаққа бастайтын темірқазық іспетті таутұлғаларды басты бағдарға алып бой түзеу, ой түзеу болмақ. Алла берекесін берсін, тілекшімін. Қазір өзім "Жас Қанышты" оқып жатырмын, кітап оқу жоспарлы шараға айнала берсін барша қазақ отбасында❤❤❤
Барлык подкасттары кушти Санжар Керимбайдын!
Жүректен шыққан сөз,жүрекке жетті
Көкейімде жүоген сұрақтардың жауабын таптым
Санжар Керімбай қатысқан әрбір подкаст керемет дүние!
Қане, енді жас ұрпақты тәрбиелеуге идеология ретінде Санжар тарқатып жүрген құндылықтар алынса.
Бұл подкасттың өзі түсінген адамға нағыз трансформация. Осы құндылықтарды енді университеттігі мәдениеттану мамандығына енгізсек, мектеп бағдарламасына енгізсек нұр үстіне нұр болады!
Сәкең үшін бір лайк
Керемет сұхбат болды.Мен .75 тегі әжемін. СӘТБАЕВ пен ЖӘНІБЕКОВ туралы кітаптарды
"бір рет емес" бірнеше рет,қайталап оқып ,соншалықты шөлімді қандырамын десем де,әлі көп ұрақтардың жауабына жете алмадым.Саясатқа байланысты
ең айтылатын яғни басты тұздық -ақиқатты жаза алмағандарын түсіндім...Осы кітаптар Каспи арқылы сатылатын болса дұрыс болар еді.Жанар қызым өзіңді қайда?жүр деп іздеп жүрген едім,міне подкастыңа жазылып.жоғалғаным табылды деп қуанып отырмын.Ал,Санжарға еңбегің бағаланып," тасың өрге домаласын:" деген тілек білдіремін.Жолдарың ашық,әр уақытта "СӘТТІЛІІТІҢ" серігі болыңдар.АМАН ЖҮРІҢДЕРШІ.
сұрақ болып қалды.
Айтқаныңыз келсін! Каналыма жазылып алыңыз. Менің инстаграм парақшама келіңіз @janar_baisemiz
Санжар Бауырым Алла жар болсын 🎉🎉🎉
Санжар балам еңбегің жансын. Естір құлақ болсын. Рухани құндылықтарыңа оқырман қауым шөлін бассын
Санжар Мырза, Жанар Ханым сәлем бердік! Керемет сұхбат! Алла қуат берсін Сіздерге! Сіздерді көріп қуанып отырмыз! Істеріңіз алға баса берсін! Ризамыз! Оқырмандарыңыз көп болсын! Рахмет! 😊
Көп рахмет❤
Көп кітаптан бір кітап,
Жалғыз кітап құран кітап.
Аллаh Сөзі haқ Кітап,
Амал қылсан нұр кітап..
Мен сияқты совет кезінде орыс мектебің бітірген 50-ден асқан келіншектеге керет мүмкіндік қазақша сойлеп, білімдерін кенейткенге Отбасы хрестоматиясының кітаптарының арқасында.
Ашық анық айтып шөлімізді бір басты Санжар үлкен рахмет
Құдайсыз қурай сынбайды,осы хабардың өзін сол жаратушы иеміз Қазаққа себепші болсын деп жүргізіп отыр ау деймін
Слушала на одном дыхании дей ма. Жанар талантты журналист қой. Мықтысыздар
❤❤❤
Мына подкасттан соң надандықтың не екенін түсіндім. Әр секундымыздың құнды екенін ұмытып кетіп жатамыз.
Расымен 21 ғасыр тек өзіміздің жан рахатымызды ойлайтын заман болды ғой, елге,адамға деген жан ашуымыз жоқ,әрекетіміз жоқ. Диванда отырған батырлармыз😢
Алла разы болсын осындай ағартушыларымызға❤көбейе берсін. Бәріміз бірге оянсақ екен😍Әркім өзінен бастап. Әр секундмыздың қадіріне жетейік. Жақсы күндер көп болсын.
👍👍👍
Санжар ағамызды іздеп жүріп тындаймыз. Былтыр оразада онлайн да зікір айтып, жүректі жеңілдеттік. Өмірден мән іздеген халде жургенде осы қажетті әңгімеге тап болдым. Құлақтан кіріп жүрекке жетті. Бірден кітаптарға тапсырыс бердім. Мәдени майданның оншакты данасын алып сыйлыкка таратканым бар. Мал жан аман болсын, Жанар Ханым!
Көп рахмет! Каналыма жазылып алыңыз.
Сәкеңмен 96-97 ші жылдары Қарасу медресесінде бірге болғанмын. Сол кезде аратор еді әңгімесі қызық. Ол отырған жерде бәріміз топ болып жиналып қалатынбыз әңгімесін тыңдап. Одан кейін дін және біз деп радио алдына да жинады. Пандемия кезінде инстаграмға жинады, тікелей эфирін кореяда жүріп үзбей тыңдадым жарым түнде. Кейін әртүрлі сұхбаттарын жібермей тыңдап көріп жүрмін. Кітап тұсаукесерлерінде жолығып амандасып жүрмін. Жақсы, білімді, қарапайым, нағыз заманауи сопы
👍
Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адамзат болашағына өмірін арнап еңбек етіп үнемі ізденіс сапарларда жүрген Санжар балама Алладан рақым пайғамбардан шапағат тілеймін халқынан саналарын ашатын кітаптарды пайдаланып болашағымыз жастардың ой шамын жағып өмірін өзгертетін болмысына әсер ететін сарапталған сүзгіден өткен кітаптарды оқып ой санасына жетіуін тілеймін Алла жар болсын
Оте дурыс айтып отыр Санжар! Акикат айтып отыр , Куран ен негизги билим Адамзатка. Рахмет, кушти сухбат!
Нағыз профессионалды деңгейдегі подкаст. "Сөйлеушіні шешен қылған, тыңдаушының ықыласы" демекші, Жанар ханымның ықыласы, сөзін бөлмеуі тамаша. Санжар ағамыз осы ғасырдың ғұламасы!
Көп рахмет❤
Керемет сөз екен түртіп кеткен мәтел
Өзбекәлі және мәдени майдан, Қаныш және ғылыми майдан, Махаббаттың мәні кітаптарын үй-ішімізбен оқыдық. Қазір “Қуыс кеуде” кітабын оқудасыз. Бас алмай оқитын кітаптар. Әр қазақтың үйінде болц керек деп ойлаймын. Санжарға көп рахмет 👍🏼
Осындай сауатты подкастар көп болсын!
Санжар Інім рухани майданда әзірге алда тұр!
Алла жар болсын! Сендерге.
Подкаст.подкаст - деп өзің ғана түсінетін тілмен айтқанша.жалпы қазаққа түсінікті тілде айтсаңдаршы.
Керемет!
Санжар - феномен, бар бол, бауырым!
Подкаст ұнағанда қандай ұнады өте керемет өтті! Орысы Америкасы қайсысы болсын. Мынадай подкасттан садаға кетсін! Қазағым жасасын!!!...
Санжар мырза, амандықта болыңыз!!!
Санжардың әңгімелері ұнайды, үнемі тыңдаймын.
Әрқашанда жақсы ойлайтын халықпыз ғой, мені енді ұстай алмай қаласыз, біз кеттік енді деп айтып жатыр ғой, сол жаққа барсыншы, жаратушы ием қазағымның қаймағын бұздырмасыншы.
Керемет сухбат, соңына жетпей жатып, таныстарыма , туыстарыма , сыныптастарга таратумен ( поделиться) отырдым.
Адамзат түсінігінің әліппесі ретінде Санжар Керімбай мырзаның кітаптарын алып оқуға өзіме мақсат қойдым.
Алла разы болсын!
Елім деп бел буып , белсеніп жүрген майданда әр күн жеңіске жете беріңіз, Санжар мырза!
Жанар ханым, сізге де үлкен сәттілік пен жетістіктер тілеймін!
Құрметпен, Гүлкашима.
Санжар Керімбай әңгімелері жағымды өте білімді азамат .
Ассалаумағалейкум! Санжар бауырым бір Алланың өзі жар болсын. Санжар бауырым тек кітап жазыу аздық етедіау деймін менің ойымша Сізге жастарға тәлім тәрбиелікке, құндылыққа үйрететін оқытатын Медресе ашсаңыз және кино түсірсеңіз дұрыс болар еді. Себебі сіз секілді адамдардың жоқтың қасы, еліміздің мәңгүрттіке айналғанына міне жүз жылдан асып барады. Ұлтымыз рухани тоқрау заманын бастан кешіп жатыр. Сізге мың алғыс Сіз өте құнды әрі өмірдің бағдар шамындай болып отырсыз!
Мен мемелекеттік қызметте жүргенде көргенім кейбір жастар не қазақша не орысша жаза алмайды, не қазақ емес неорыс емес дүмблездер бар екен
Қандай керемет подкаст! Үш қайталап қарадым!!! керемет!!!
❤❤❤
Керемет сұхбат! Рақмет! Сәттілік сіздерге!
Санжар мырза Алғысым шексіз өте керемет айтасыз сізді үнемі тыңдаймын
Ұлтты ұлағатты,халықты
қанағаттылыққа баулып
адамның Алты Алашын
ашып,төрт көзін ояту үш
ін қылған еңбегіңді Құ
дай қолдап,Аруақ қор
ғасын.
Әумин! Айтқаныңыз келсін!
Қазағым ның азаматтары керемет қой, Санжар Ағай енбегініз биіктен көріне берсін.
Санжан ағай менің өмірге деген көз қарасымды 180 градусқа өзгертіп жберді, алла шүкір осындай ілімге қолым жеткеніне!
Ризамын Санжар Бауырым!
Әдемі сұхбат.
Жанар ханым өте керемет подкаст болды! Санжар Керімбай мырзаның әңгімесін сағаттап тыңдасаңда жалықпайсың! Адамның рухани шөлін қандыратын керемет сұқбат болды.
Әдемі подкаст болыпты. Мағыналы. Рахмет Жанар ханым.
Ия, дұрыс айтасыз қаймекеменің басшылары балаларын орыс мектебіне берген құжаттарды әлгі күнге дейін орысша жазамыз қашан қазақша болады деп жүрміз сіздердіде айдап кетпейма журналистерге өмір сүру қиын болып кетті ғой.
Керемет Алла ғұмыр жасын ұзақ болуын жазсын!
Бірінші рет көріп тұрмын. Санжарды білмеппін, осы уақытқа дейін. Өзімнен өзім ұялдым😮
Қосылайықтан әрі аса алмай қалды көп қазақ
Алланың жербетіне жауған нұрының бірі әрі білегейі екенін жұрегіммен сезіндім, Алла жұректерге туралықтың нұрын салсын! сіздерге Алла разы болсын! Алла қандай қихымет иесі
Ой ойға салады .
Ойды ой қозғайды.
Адамға ой салатын СӨЗДЕР үшін РАХМЕТ! ❤
Екеуінде қайсар азаматтар❤🎉
"Санжар Керімбайдың әңгімелері мен insights-тері нағыз рухани азық! Эзотерикалық ілімдер туралы терең ойлар мен күрделі мәселелерді оңай әрі түсінікті жеткізгені үшін алғыс айтамын. Оның көзқарастары мен тәжірибелері бізді жаңа деңгейге көтереді. Шынымен, білім шексіз, ал осындай тұлғалардың пікірлері бізге бағыт береді. Рахмет, Санжар аға”!
Жанар алтыным сол, "мал жан аман болсын" деген әдемі тілегіңнен айналдым, керемет сұхбат болды. Санжар сөйлегенде тап таза ауа жұтып жатқагдай боласың. 30 жылдық қара түнектің түндігін ашып жатқандай.Сол қара түңліктің айқара ашылуын аллам нәсіп еткей...
Көп рахмет🙏
Керемет бұл кісіні бұрыннан тыңдаймын зерделеймін ең дұрысы соқыр құлшылыққа ден қойылып кетті жалпымыз, қазақи әдет ғұрыптан соқыр болып барамыз балаға тәрбие емес өзімізді жоғалтып алдық, үлкен не мәнді сөз білмейді жастар сөз ұқпайды деп бір бірін кінәлап жүрген қазақ бұл бастамаңыз көп халық құптайды деп ойлаймын міндетті түрде алып оқып жүректегі қараңғылыққа сәуле түссе нұр үстіне нұр. Береке берсін жұмыстарыңызға !!!!
Ой қорыта келе айтарым Яссауидің ілімін елге толық ресми насихаттайық шығар жолды әрі қарай өзі көрсетер. Подкаст үшін зор алғыс. Еңбектеріңіз жана берсін Санжар мырза, Жанар ханым👍👍👍🔥🔥🔥🔥❤
Алла тағала да көзі ашық оянған халыққа өз шапағатын төгеді деп білемін. Оянайық білім алайық, рухани құндылықтарымыздан және қазақи тәрбие берейік, сонда ғана тура жолда боламыз деп білемін.
САНЖАР КЕРІМБАЙ 👍👍👍 ЖАРАЙСЫҢ .
Жаратушы Иемізге сансыз шүкірлер, мадақтар болсын!!! Осындай Санжар Керімбаев бауырымыздай азаматты қазақ елімізге бергеніне! Халқымыздың руһани көзін ашуға шаршамай, сонау 2000 жылдардан бері қызмет жасап келеді...Жаратушы Иеміз Санжар бауырымызды, оның жанұясын, Ата-Баба әруақтарын, өзінің рахымына, мағрифатына бөлесін, әумин!!!
Сұхбат керемет! Отбасы хрестоматия кітаптарын оқимыз ағайдан қолтаңба да жаздырып алғам. Болмысы ерекше, мықты нағыз қазақ деген ағай... Жанар ханым сізге де үлкен рахмет❤
Керемет сұхбат болды.
Санжар ағамыздың біліміне,өзін өзі ұстауына риза болдым.
Қай қайдағы әншілерді шақырып,болманшы сұрақтардан көрі,осындай өмірімізге рухани азық болатындай қонақтарыңыз келе берсе екен.
Санжар Керімбай мырзаны бүгінгінің ағартушысы,бүгінгі заманның Ыбырай Алтынсарині дер едім.Сейілбек мырзаның да подкасттарын тыңдадым.Білімдеріңіз бүгінгі заманға зор бетбұрыс әкелді дегім келеді."Логотерапия,"Қуыс кеуде кітаптарыңызды сатып алдым,оқыдым ,тамаша!"Логотерапия"кітабындағы әр тақырыпты бірнеше рет оқуға тура келеді,түсіну үшін,ғылыми еңбекке пара-пар.
Сұқбат керемет болды, мен бұл Санжар Керімбай ағаны танымайды екенмін. Сіздің сұқбатыңыз арқылы таныдым. Нағыз ағартушы, дана әрі дара ғұлама кісі екен. Әрбір сөзінен ғибрат алып, жүрегімдегі иманым күшейіп, қуыс кеудем толықсығандай сезімде болдым. Енді алдағы уақытта кітаптарын алып оқып, одан әрі сауатымды ашуға бет бұрамын бұйыртса. Жанат Бақыттан кейін нақ осы кісіден сұқбат алғаныңыз бекер емес деп ойлаймын. Себебі иманы әлсіз жастарымыз ол кісінің сөзіне иланып, түзу жолдан тайып кету қаупі бар еді. Бұл кісі бір сөзбенен “эзотерикалық ілімнің артында ібілістің бар екендігін” нақты кесіп айтқаннан кейін, адасу жолынан кері қайтып, ширктен жанын аман алып қалды десем әбес болмас. Логотерапия деп айтып жаттыңыздар, одан да мүлдем хабарым жоқ екен. Енді осы кісінің инстаграмына жазылып, әрмен қарай үздіксіз дамуға мені өте қатты шабыттандырды. Қазір декретте отырған анамын, көп уақытымды сәбиіме жұмсаймын. Шынымен де деградацияға ұшырағанымды осындай подкасттарды көргеннен кейін ұғып, іштей қатты қынжыламын. Әттеген-ай, жастық шағыма оралсам, бір минутымды да заяға кетірмей, ілім-ғылымға бет бұрып, көзімнің майын ағызып, өзіміздің әдеби ғұламаларымыздың барлық кітаптарын пістедей шағып, жүрегімді зікірменен тазартып, хақ дініміздің сызып қойған шариғат шеңберінен аттамай, ақ өлімге жетелейтін абзал іске ат басын бұрушы едім ғой. Жаза берсем жыр болар, сөзімнің қою нүктесі, барлығымызға әмпәй-жәмпәйді жинастырып, жаппай сауат ашып, тоқырау ғасыры деген дерттен айығуымыз қажет ағайын!
Көп рахмет!!! Каналыма жазылып алыңыз❤
Қош келдіңіз логотерапия әлеміне. Декретте отырсаңыз тіптен керемет! Менды былтыр декретте отырып танысып едім. Сіз үшін қуаныштымын
Жарайсыз өте дұрыс шешім жасапсыз👏🏻👏🏻👏🏻сізге сәттілік
Санжар ағаны бала кезде "Алтын сақа" бағдарламасынан көрген едім. Қазір менің жасым 37 ге келеді екен. Былтырдан бастап кітаптын шетін мүжуді әдетке айналдырдым. Енді қазақ тарихына қатты қызығушылық артып елдің мұражайын аралау деген қызығушылығым қатты артып жүр. Елдің болашағы үшін жүрген азаматтарға алғыс! Еңбектеріңіздің жемісін берсін!!
Жанар Байсеміз осы жобаның қатты ұнады ❤❤❤
Көп рахмет! Каналыма жазылып, басқа сұхбаттарды да тыңдаңыз❤
Екі кісіде ұнайды жарайсыз журналист ханым вообще уан лав❤❤❤
❤❤❤
Сондай көңілім босап отыр. Балаларыма міндетті түрде аламын. Журек ауырарлық жағдайда қазіргі кездегі ер азаматтар. Көзбен көріп отырмыз лудоман, шөп шегу, ішкілікке салынғандар өте көп. Ұл балаларымыздың болашағына қатты алаңдаймын. Дұрыс тәрбие бере алып жатырмыз ба деп
Рухани шөлдген жандарға,шамшырақ жағып,жол көрсетіп отырған, осындай білімге атсалысып жаткандарға мың алғыс.Мен де жалғызбасты анамын.Өте керемет ойластырылған.
Көп рахмет!
Санжар Керімбайдың сөзінің сәулесі барлық жанұяға түсе берсін!
Айтқаныңыз келсін. Әмин 🌞🤲
Дархан Әбдік шақырыңызшы! Келісетіндер болса лайк басып қолдайық!
Сұхбат ұнады.Санжар Керімбайдың халыққа берер пайдалы білімі терең.
Үйренеріміз көп.
Кітаптарды алып оқуды нәсіп етсін
Кеш жарық, Беисен және Болмысты оқыдым,.керемет кітап
Армысыздар Санжар ағаға рахмет. Көптен бері шықпай қалды ғой деп жүр едім. Тыңдап керек нәрсені алдым
Мысал әңгме десеңізші түтын мен моржа деген оқығанбыз жеты қарақшы , сыйршы жігіт пен тоқмашы қыз, қарт пен бала деген сыйақты айтар өзекті ой бар қысқа бір беттік мысал әңгме қазақтада өте көп болды әсресе біздің балалық шақта әдебиет оқулықтарда
Санжар Керімбайдың кітаптарың алып оқуға кенес беремің. Өте керемет кітаптар❤
Дурыс,осындай пікір көп болу керек
Осы Санжар ағайдың қазақ қоғамында пайда болғаны жақсы болды👍
Керемет сұқбат! Өте әсерлі! Балалардың болашағына өте елеулі үлес қосуға зор еңбек қылып жатқан қазақтың қыз жігіттеріне сәттілік! Еңбектеріңізге Алла берекесін берсін!
Жанар ағыңнан жарылдың,мойындадың,күшті подкаст болған екен,ағай әр подкастта тың ақпараттар айтады,Санжар Керімбай аман болсын