Биылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік көмек бірыңғай жүйеге көшеді

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 5 вер 2024
  • Атаулы әлеуметтік көмек, балаларға берілетін жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы бір пакетпен төленетін болады.
    Игілігі сол, көмекке зәру жандарға жұмыспен қамту орталығынан алты айға дейін әлеуметтік жәрдемақы төленеді.
    Қазір жұмыспен қамту орталықтарында қарбалас. Жаңа жүйені халыққа түсіндіріп жатыр. Ең бірінші жаңа жүйе жұмыссыз жүрген жандардың тұрақты жұмысқа орналасып кетуіне сеп болмақ. Мысалы, бір отбасының айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан, яғни 14636 теңгеден төмен болса, әлеуметтік көмек төленеді.
    Олжас Омар, Астана қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры:
    - Әр тоқсан сайын ала алады. 7 жасқа дейін баласы болса, төленеді. Баласы 8-ге толғанда, бұл көмектен шығарылады.
    Мысалы, бір отбасында 7 адам бар делік. Отағасының табысы - 90 мың теңге. Жеті адамға бөлсеңіз, 12858 теңгеден шығады. Яғни Астанадағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің елу пайызына жетпейді. 14636-12858=1778 теңге. Әр жанұя мүшесіне ай сайын 1778 теңге төленеді.
    Бұл жәрдемақы он екі мүшесі сау, ақыл есі дұрыс азаматтарға 6 айға дейін төленеді. Тек зейнеткерлерге, зейнеткерлерді қарап отырған жалғызбасты аналар мен мүгедектерге ғана ешқандай шарт қойылмайды.
    Олжас Омар, Астана қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры:
    - Мысалы, бір адамға 10 мың болса, жанұяда алты кісі делік. Жалпы кірісті алты кісіге бөлгенде, 10 мыңнан болса, айлығы 60 мың теңге болады.
    2018 жылы Астана бойынша 1200 отбасыға осындай атаулы әлеуметтік көмек берілмек. Мақсат - жұмыссыздар санын азайтып, халықтың әл-ауқатын арттыру.
    Авторлары: Айбар Төлжанұлы, Әлібек Алиев

КОМЕНТАРІ • 47