СҮНДЕТТЕУ - МҰСЫЛМАННЫҢ ПАРЫЗЫ | СҮНДЕТТЕУ САЛТЫ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 8 лют 2025
  • СҮНДЕТТЕУ - МҰСЫЛМАННЫҢ ПАРЫЗЫ
    ХАЛҚЫМЫЗ ҚАШАНДА ЕР БАЛАНЫ СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУДАН БҰРЫН «СЕН ЕНДІ ҮЛКЕН ЖІГІТ БОЛДЫҢ, ЕЛІҢ МЕН ЖЕРІҢДІ ҚОРҒАЙТЫН АЗАМАТСЫҢ» ДЕП БАТЫРЛЫҚҚА БАУЛЫП, ЖІГЕРЛЕНДІРЕ ТҮСЕДІ. Жаз айлары басталғаннан қазақ баласын сүндеттеп, ақ батасын береді. Сүндет - исламдінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Ата-бабаларымыздан қалған сүндет дәстүрі негізінен мұсылман дінімен, Ислам сенімімен байланыстырылады. Сүндет жайлы Құранда қандайда бір мағлұмат ұшыраспағанымен, көне араб әпсаналары мен хадистердеайтылған. Тарихи деректерде ер баланы сүндетке отырғызу салтының Ислам дәуіріне дейін араб тайпаларының арасында кең тарағаны баяндалады. Мұсылман дінінің пайда болуымен сүннет діни мәнге ие болып, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннеті саналған. Сүндеттеу үмбеті ретінде Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) ісін қайталауға, яғни, сүннет амалын жасауға жатады. Бүгінде әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді бірқатар мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу қалыпты үрдіске айналған. АҚШ-тың педиатрлық академиясының ғалымдары 1999 жылы сүндеттің медициналық тұрғыда пайдалы екенін жариялады. Соныменбірге сүндеттеудің несеп-қуық жолдарын сирек кездесетін жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтынын мәлімдеді. Шіліңгір шілде аяқталысымен тамыз, қыркүйек айларында шұбатылған ұзын көйлекті киіп алып зыр жүгірген балаларды жиі көресің. Қазіргі күні баласын кімге сүндеттетуді білмей жүрген ата-аналар да бар. Көбісі, дамыған заманда медициналық жолды таңдайды. Ал, енді бірі молдалардың көмегіне жүгінеді. Мұны білмейтін мұсылман жоқ. Баланы сүндетке отырғызудың белгілі бір жасы да шектелмеген.
    #салтдәстүр
    #әдетғұрып
    #сүндеттой
    #қазақәдебиеті
    #қазақтың_тойы

КОМЕНТАРІ • 21