Атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтар да банкрот деп танылады

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 3 жов 2024
  • Атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтар да банкрот деп танылады. "Жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң жобасын әзірлеу барысында жұмыс тобы мен депутаттар осындай ұсыныс жасаған. Атаулы әлеуметтік көмек алған адам өзін банкрот деп танығысы келсе, атында ешқандай мүлкі болмауы тиіс. Сондай-ақ, коммуналдық, салықтық төлемдер бойынша қарызы бар тұлғалар да өтініш бере алады. Парламент қабырғасында қызу талқыланып жатқан заң жобасы туралы әріптесім Аршат Әділжанқызы айтып бермек. Аршат, құжатта тағы қандай жаңашылдықтар бар?
    Бұған дейін мәжілістің бірінші оқылымында қызу талқыланып, тіпті депутаттар кейбір нормаларымен келіспеген "жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң жобасы бүгін тағы талқыланды. Бұл жолы қаржы министрлігінің өкілі депутаттардың ұсыныстарын ескеріп, құжатқа өзгерістер енгізіп әкеліпті. Мәселен, бұған дейінгі нұсқада ресми кірісі жоқ немесе ең төменгі күнкөріс деңгейі 36018 теңгеден аспайтын азаматтар банкрот деп танылады деп жазылған еді. Жаңа нұсқаға сай енді атаулы әлеуметтік көмекті кем дегенде алты ай алған, баспанасы жоқ тұрғындар өтініш бере алады. Одан бөлек, коммуналдық, салықтық төлемдер бойынша қарызы бар тұрғындардың банкрот бола алмайтындығы айтылған болатын. Бүгін қаржы министрінің өкілі бұндай берешегі бар азаматтардың өтініші сот арқылы қаралатынын айтты. Бұған дейін мәжіліс депутаттарының арасында заң жобасының дау тудырған тұсы "борышкердің кепілде тұрған үйін кредиторлар алып қоюға құқылы" деген тармағы сенаторларға да жақпай қалды.
    СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
    - Осы жеріндегі нені шеше алмасақ, онда мен білмеймін, мына банкроттық заңнан не пайда бар екенін. Жалғыз үй. Жалғыз үйін алып кетеміз ертең. Онда не болды? Одан не пайда заңнан?
    ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
    - Сұрағыңыз түсінікті. Біз қаржы министрлігі тарапынан басқа агенттіктермен де, Ұлттық банкпен де бірлесіп бұл сұрақты қарадық. Депутаттардан да ұсыныстар түсіп жатыр. Мысалы, жалғыз тұрғын үй болса, кепілдікте тұрса оған біз орнына басқа тұрғын үй беру керек деген ұсыныстар да түсіп жатыр. Мемлекет тарапынан оған мүлік беру деген қазір ешқай жерде, басқа мемлекеттердің бәрін қарап шықтық, ондай тәжірибе жоқ. Тәжірбие жоқ. Және бюджеттен қаншама қаражат кетеді, біз бәрібір 100 пайыз сұрақтарды шеше алмаймыз.
    Заң жобасы бойынша азаматтар өздерін тағы қандай жағдайда банкрот деп тани алады?
    Заң жобасы бойынша азаматтар өздерін үш жағдайда банкрот деп тани алады. Жауаптылар оны үш рәсім деп атапты. ГРАФИКА: Біріншісі - соттан тыс банкроттық. Бұған банктер, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлар алдындағы қарызы 4 миллион 900 мың теңгеден аспаған және соңғы алты ай бойы атаулы әлеуметтік көмек алған тұрғындар өтініш бере алады. Және бұл санаттағы борышкерлердің жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс. Бір айта кетерлігі, азаматтарды банкрот деп танымас бұрын борышкерге қатысты барлық деректер жіті тексеріледі. Екінші рәсім - сот банкроттығы деп аталады. Бұл орайда қарызы 4 миллион 900 мың теңгеден асатын азаматтар өтініш береді. Бұл борышкерлердің кепілдікте тұрған баспанасы кредиторларға өтіп, аукционға шығарылады. Одан түскен қаржы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Ал, борышкердің баспанасы кепілдікте болмаса кредиторлар оны талап ете алмайды. Сондай-ақ, коммуналдық, салықтық төлемдер бойынша қарызы бар тұрғындар да осы екінші рәсім бойынша банкрот деп танылады. Үшінші рәсім - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл жағдайда борышкер табысы тұрақты бола тұра қарызын өтей алмаса, онда сот арқылы қарызды бөліп төлей алады. Бұл рәсімнің бір артықшылығы, борышкер «банкрот» болмайды. Айта кету керек, "банкрот" болған азаматтар 5 жылға дейін несие ала алмайды. Және жеке тұлғалар 7 жылдан кейін ғана өзін қайта банкрот деп тани алады. Және банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Айта кетейік, азаматтар өтінішті "электрондық үкімет" порталы арқылы бере алады.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    UA-cam - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

КОМЕНТАРІ • 62

  • @МархабатЖумабаева-щ1т

    Дурыс айтады

  • @ГаухарКасымханова-х8р

    Барлық заң чиновник пен байлардың жағдайында арнап жасалған

    • @мираНаурызалиева
      @мираНаурызалиева Рік тому

      Дурыс байларға шығарылған заң бул шенеуликтердиң өздеринеатындағы мулкин туыстарына аударып мен банкротпын деп шағымданат

  • @АйгеримСатылханова-з8я

    36 мыңнан аспаса дегенес уят ай ең төмннгі жалақы 70.000болды ғо

  • @ЕржанСералиев
    @ЕржанСералиев Рік тому +2

    Жыр болды ғой,мына заңдарын,Сабырдың да шегі бар.......,.........

  • @АльжанДжидабаев

    Банкке барсан кредит 1млн аламын десең айлығын жетпейді,дейді әлеуметтік көп алайын десең айлығын көп дейді

  • @КанатКуанышев-я7н

    Курту керек мына депутаттарды.бирнеше уйди арендага берип отырган чиновниктер уйди калай алган соны карас.ын.кайтарсын букил акшаны и халыкка таратсын.миллиардтарды

  • @amezimezica
    @amezimezica Рік тому +1

    Серикбай Турумов дурыс айтат

  • @НариманАхметов-м1и

    Буткыл казакстан бактрот харызда харызга батып жур,всеобщий амнистия берсын халыха

  • @НазымБахауатова

    Атаулы әлеуметтік көмек өте көп мөлшердегі ақша.төлесін.бір адамнын жалаұысынан көп болмаса аз емес .кешірмесін.бұл жұртты аралау.төлей алмай жүргендер ғана

  • @ILONMASK-u7t
    @ILONMASK-u7t 6 місяців тому

    Не работающи банкротсва, жумыс истемейтин банкротсвагой, бардык бари отказ отказ дейбереди

  • @БахыткульЕнсепова

    Заң кандай заң хаоыктын жағдайын ойлаитын депутаттар келиспеди деп созып лапшаны иле береди кимге керек бундай банкроттың

  • @мираНаурызалиева

    Банкге уйди залокга коймайтын заң шығару керек. Баспананы коймау керек негизи.

    • @guljamaliskakova9246
      @guljamaliskakova9246 Рік тому

      Карызданып уйге кепилдикке койып 3баласы бар тапканы айлыгына жетпей оларды киндруге кредит алган кредит.жауып черный списке крмей жауып отырга Адам не истейд

  • @ДамеКараманова
    @ДамеКараманова Рік тому +2

    Жарнаманы қатырасыңдар бірақ халыққа тиімдісі жоқ банк есесін бәрі бір жібермейді ауыз ауыртудың қажеті жоқ ау оданда пайызын азайтып қойсаңдаршы.
    .

  • @СуйнішНазаров
    @СуйнішНазаров Рік тому +1

    Кешен кеш кешпесен сол журыс сол омыр

  • @gazizsatybaldiev9929
    @gazizsatybaldiev9929 Рік тому

    Халыққа паидасы жоқ.

  • @АйманЕрниязова-с8е

    АСП тыптен алып тастандар быр баладан жогары барлык балага жардемакы берылсын

  • @МархабатЖумабаева-щ1т

    Дурыс айтады колдаймыз жалгыз уйын алса не болды сонда.

  • @МархабатЖумабаева-щ1т

    Дурыс айтады

  • @gazizsatybaldiev9929
    @gazizsatybaldiev9929 Рік тому

    Бул заң банкирлерге сенаттағыларға депутаттарға тиимди.

  • @ЕргенКайсенов
    @ЕргенКайсенов Рік тому +1

    Комек алатындарга не бар банкрот керек емес кайта карау керек тек кана жумыссыз калгандар банкрот болуы керек

  • @nurkeldamze6328
    @nurkeldamze6328 Рік тому

    Кушты жаналык

  • @МзглГерибаева
    @МзглГерибаева Рік тому

    Бір жолғы неге амнистия жасамайды халыққа Бір көтеріліп қалар еді халық Ақырғы ақшасын беріп отыр Қымбатшылық ол қысып тұр

  • @ЖаксыгульАбдуллаева

    Өздері де түсінбейді не айтып отырғандарын сайқал билік.

  • @user-kj3kz5fl6k
    @user-kj3kz5fl6k Рік тому

    Банктердің процентті өте қымбат
    Егер айына он бес процентпен қарыз берсе,ол жылына жүз сексен процент болады деген сөз
    Қарыз бергенде табысқа қарау керек
    Тек қана ақша өндіруді емес

  • @ГульнарСмагулова-ж8м

    кешірсе бәрін кешіру керек болмаса сол баяғы кредиті бұрын кешірілгендер тағы оңай қүтыла салады ма оларға тіптен здача берді ғой алдында

    • @gulapshe2355
      @gulapshe2355 Рік тому +2

      Сөзіңнің жаны бар, ішпей - жемей төлеп отыргандарға өкінішті ақ. Бірін жабам деп, екіншісін алып, бірақ банкке берешігі жоқ болып жургендер ше?

  • @ТуймекулКонырбаева

    Пенсионерлер ше

  • @ТуймекулКонырбаева

    Миымыз шаинадын даргои

  • @bula77
    @bula77 Рік тому

    Халықтың кридиттері жабылсын жағдаи қыиын қарызға батып баратырқ.тездетіп заңды қабылдаңшиш әне міне деибермеи.

    • @АйгулАшимовна-ф7ч
      @АйгулАшимовна-ф7ч Рік тому

      Кредит кешіреміз деп халықтың миын ашытып жатырсыңдар ғой қайта

  • @ТамараИсакова-м1т

    КАНШАМА БІЛІМДІ ЖАСТАРДІ ЖУМЫСТАН ШЕТЕП КАНГЫРТЫП ЖІБЕРДЫ ЖУМЫС БАР КІРУ КИЫН ЖАСТАРГА ЖАГЫДАИ ЖАСАУ КЕРЕК ТАЛАП ЕТЕМІҢ ЖАСТАР ГА ЖУМЫС БЕРСЕ КРЕДИТТІ ӨЗІ ТӨЛЕИДІ

  • @МархабатЖумабаева-щ1т

    Ия халыкка тук пайдасы жок. Айналып келгенде банктер акысын жибермиды

  • @ЖанатНурымбетова-л6в

    Асыраушысы жок жандардыда ескериниздерши косымша табыс жок жардемакыдан баска

  • @БинараСындыбаева-г8ж

    Продукта арзандасыншы акшаны үнемдеп жинап үй алайык

  • @БахыткульЕнсепова

    Тексерип тексерип кылмыскер кылып шығара салыңдар 😄

  • @БахыткульЕнсепова

    Шеше алмаитындар еш кашан шешуге талпынбагансындар да

  • @АкалтынКурманиязова

    дұрыс

  • @ВладимирЛазьков-ф8ш

    Баска мемлекетке карамай.,баска мемлекеттердын турмыстык ахуалдары мулдем баска. Казакстанды салыстыруга болмайды. Даже климоттары баска. Быздын укымет алы кунге дейн быреудын ыстегенын гана кайталайды. Самостаятельност жок. Акылдасып шешу керек кой аркашанда. Басканын практикасын колданбай. (Басканын жоны баска, иты кара каска)дегендей. Казакстанда халык екыге болынеды. Бай мен кедей. Корынып тур гой кымнын карызын кешыру керек екенын.

  • @asylzhann
    @asylzhann Рік тому

    Ойбу миды қатырып жіберді банкроты бітсе болар еді

  • @АскарбекЕрназаров-ч3л

    Дурыс емес бул деген

  • @МайгульИманжановна

    Бәрі халықты алдайды ғой

  • @erekeereke6418
    @erekeereke6418 Рік тому

    Уиди алып орнына баска уи берсе не паида сонда мумкин орнъна арзан уи берема алде халыкты булаи корламау керек барлык адамдардын карызын жауганы дурыс негизи

  • @СаламатБексейтов-г4м

    Аи аи аи не деим бас істеп тұрғо

  • @ГулжахираБайхоразва

    Қуа бермеңдерші

  • @bahanaha882
    @bahanaha882 Рік тому

    Мундай зандарыннын шш.с,депутаттардын да.Керек емес ешкандай зандарын.болдындар гой абден ойларына келгенин истеп.Ким сайлады сендерди.

    • @АйнурМуратбекова-в9н
      @АйнурМуратбекова-в9н Рік тому

      Созып жыр боп кеттіғой жапса жапты деп айтпайды бір жыл болдығой жыр болғанына рекламаны қатырасыңдар

  • @КарлигашСтамова-ж8р

    Ушнши група индивал итер дн кридит жаблсн

  • @kaukenraimkulov3624
    @kaukenraimkulov3624 Рік тому

    Ептиамайт екенсіңдер

  • @kaukenraimkulov3624
    @kaukenraimkulov3624 Рік тому

    Ептиамайт екенсіңдер

  • @ЖанарАлшагирова

    өтірік ау. байларга шыккан ау бул заң. карпайым адам емес. банктерге звондап сурасак, ондай заң жок дейдіғой. сенбеңіздер, оданда кредит төлеңіздер дейдіғой. сонда бул заң кімдерге тиісілі.

  • @kaukenraimkulov3624
    @kaukenraimkulov3624 Рік тому

    Ептиамайт екенсіңдер

  • @kaukenraimkulov3624
    @kaukenraimkulov3624 Рік тому

    Ептиамайт екенсіңдер