Алматыда дәрігерлер мен педиатрлар Д дәруменінің мицеллярлық түрлері туралы талқылау жүргізді

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Алматыда жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен педиатрлар Д дәруменінің мицеллярлық түрлері туралы талқылау жүргізді. Сарапшылардың пікірінше, үшінші буынның биотиімділігі жоғары, яғни ол оңай сіңеді және тез сіңімділікті қалайтын науқастарға қолайлы. Әрбір екінші қазақстандықтың осы дәруменге тапшы екенін ескерсек, инновациялық әдіс жоғары сұранысқа ие.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    Дәрілік түрлердің инновациялық түрлерін жасау - уақыт талабы. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі клиникалық зерттеулер D дәруменінің мицеллирленген түрлері тез сіңуді қалайтын науқастарға сәйкес келетінін көрсетті.
    АЛЕКСАНДР ДУХАНИН, профессор:
    - Көп жағдайда кішкентай балалардың ас қорыту жүйесі жетілмеген. Оларда асқазан қышқылдарының бөлінуі әрдайым байқала бермейді. Сондықтан біз Д дәруменін беруіміз керек. Ол үшін мицеллярлық тамшылардың көмегімен мөлшерлемені өте дәл және нақты анықтауға болады. Ал бұл өте маңызды, себебі фармакологияда «доза-әсер» қағидасы қолданылады.
    СЫМБАТ ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ, тілші:
    - Д дәруменінің жетіспеушілігі рахит, остеомаляция және басқа ауруларға әкелуі мүмкін. Конференцияда айтылғандай, Д3 дәруменінің сулы ерітіндісі диетаның құрамына, бауыр жағдайына және өт қышқылдарының биосинтезіне байланысты ең аз тәуелділікпен жақсы сіңеді.
    СӘУЛЕ СӘРСЕНБАЕВА, педиатр-дәрігер:
    - Соңғы уақытта нақты D дәруменіне тапшылықтың тіркелгені туралы мәліметтер жиілеп кетті. Бұл ананың тамақтану сипатына, экологиялық жағдайға, сондай-ақ балаларда ішекте дәруменнің сіңуін бұзатын ілеспе ауруларға байланысты болуы мүмкін.
    Конференцияны SANTO компаниясы ұйымдастырды. Компания әртүрлі клиникалық зерттеулер жүргізеді және құрамында Д дәруменінің суда еритін түрі бар дәрілік препараттарды өндірушілердің бірі.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ •