Күзет қызметі - қауіпсіздік кепілі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 27 вер 2024
  • Қазақстан полициясы күніне орай облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұйымдастыруымен рәміздер алаңында салтанатты шара өтті. Жиында қызметтік міндетін мүлтіксіз орындап келе жатқан жас мамандар құрмет төрінен көрінді.
    Қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауда күзет қызметінің орны ерекше. Бұл ретте мамандандырылған күзет басқармасы мемлекеттік аса маңызды нысандар мен стратегиялық ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Басқарма 1952 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
    Іс-шараға қатысушылар алдымен қызмет барысында қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Мұнан соң, Ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған 20 жас маман салтанатты түрде ант қабылдады. Жиын соңы жиырма жылдан астам өмірін күзет қызметімен байланыстырған ардагерлерді зейнет демалысына шығарып салу салтанатымен түйінделді.
    Сайт - qyzylordatv.kz...
    Facebook - / qyzylordatv
    Instagram - / qyzylordatv
    Telegram - t.me/qyzylords_tv
    Tiktok - / qyzylorda_tv

КОМЕНТАРІ •