№17 Қайран Мұстафа Өзтүрік! ҚАЛИЛАНЫҢ СҰРАҚТАРЫ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 січ 2016
  • Қалиланың 17 -ші сұрағы :
    Қайран Мұстафа Өзтүрік!
    Мұстафа -қазақтың маңдайына сыймай жарқ еткен жасын ғой.
    Қазақтың ХХ ғасырдағы геноцид пен революциядан ауған елдің азып тозып көрмегендері жоқ. Міне солардың көз жасынан жаралған Мұстафаның тұла бойы ұлтының намысы болды.
    Америкаға каратэні ашқан атақты Брюс Ли екеуіта бірге оқыды. Мұстафа егемен жариялаған қазақ еліне таэквондоның негізін салды. ол шәкірттері әлемді мойындатты.
    Мұстафа мен жан досы Бексейіттің патриот жігіттері белсенді күшке айналды. Бұл сәт елімізде дүние - мүліктерді бөліске таласып жатқан кез. Бексейіт те қапияда пышақтап өлтірілді.
    Сол күндері түсіретін кино жоқ. Мен базарда сыра сатып жүргенмін. Спорт жұлдызынан ұлтының болашағына күресер қоғам қайраткеріне қадам басқан сәтінде жұмбақ жағдайда 41 жасында ажал құшты.
    2014 ж. стамбулда киномды көрсетіп, Мұстафаға құран бағыштадық.
    Зират басында бауыры Мәнсүр Тәжі :
    - Қалила Мұстафа аяқ астынан опат болғанда, 70 миллион түріктер де қазақпен бірге алаңдап, экспертиза жасатуға Стамбулдың атақты журналистері табытты аштырып, бір тал шашын сұрады. Бере алмадық. Атамекенімізге топырақ шаша алмадық ,-деп жылап жіберді. Бәріміз бірге егілдік. Мен ол репортажды интернет журнал "ойлан қазақта" ютубта жарияладым.
    Аққан жұлдыздың 60 жылдығына Алматыда Мұстафаға тамаша ескерткіш ашылды. Ал оның ажалының құпиясы қашан ашылады?
    Қалила Умаров
    Кинорежиссер
    ҚР Еңбегі Сіңірген Қайраткері
    / kalila.umarov
    / kalilafilm.kz
    OilanQAZAQ.KZ
    29.01.2016

КОМЕНТАРІ • 2

  • @user-xm6pu1cl1o
    @user-xm6pu1cl1o 4 роки тому +2

    Қазақтың маңдайына,
    сыймай кеткен, есіл ер!
    Жарықтықтың жаны,
    жұмақта болсын!

  • @user-ot9jl6nl1z
    @user-ot9jl6nl1z 6 років тому +4

    Жаткан жери жайлы болсын Мустафа ага