«Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» (әдеби экспозиция)

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 5 вер 2024
  • Облыс өміріндегі басты оқиғалар мен өңірімізге еңбегі сіңген атақты тұлғалар - мерейтой иелерін арқау еткен көрме бірнеше бөлімнен тұрады.
    «Ұлт перзенті» атты мерейгер-мемлекет қайраткерлерінен құралған кітап галереясының көшбасында - белгілі қоғам қайраткері, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы; жазушы, тарихшы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Күлтегін сыйлығының иегері Қойшығара Салғараұлы; геолог-ғалым, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев; Кеңес Одағының Батыры, «Халық Қаһарманы» Сағадат Нұрмағамбетов, «Халық Қаһарманы» Рахымжан Қошқарбаев; жазушы, аудармашы, Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Бельгер Герольд және т.б.
    Жыл көлемінде қала жұртшылығының игілігіне ұсынылып отырған көрменің «Өмір жырын шерте білген» бөлімі мерейгер-жазушылар мен көркемсөз шеберлерін біріктіреді. Қазақ халқының әдеби мұрасына сүбелі үлес қосқан жазушылармен қатар Шығыс өңірінде дүниеге келіп, шалқар шабытын шыңдап, бүгінгі ұрпаққа мол мұра қалдырған қарымды қаламгерлер туралы да осы бөлімнен біле аласыздар.
    «Өнермен өрілген өмір» бөлімінде мерейгер-шығармашылық мамандықтың жарқын өкілдері - Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр әртісі Әмина Ерғожақызы Өмірзақова, жазушы, әнші және музыкант Жәнібек Кәрменов, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова.
    «Өр Алтайда ізі қалған тұлғалар» бөлімі - тағдыры Шығыс Қазақстанмен тығыз байланысты мерейгерлерге арналады.

КОМЕНТАРІ •