ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛҒАН БАЛА: МАРЛЕН ТАБЫЛДЫ / KOREMIZ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 гру 2023
  • Із-түзсіз жоғалған бала табылды!
    14 жасар баласын төрт айдан бері таба алмай жүрген Алматы облысының тұрғыны «Көремізден» көмек сұраған еді. Полиция өкілдері Марлен Серікті Алматыдан іздеген. Алайда жоғалған баланы «Көреміз» ұжымы Шымкент қаласының көлік жуу орталығынан тапты.
    - Марлен Серік не үшін үйінен безген?
    - Кәмелетке толмаған баланы қара жұмысқа жеккен бе?
    - Жоғалған бала студияда тағы қандай шындықты айтты?
    Видео астындағы пікірлер тексерістен өтеді. Біз қорлау, зорлық-зомбылыққа шақыру, жала жабу, қарғыс айту, жарнама немесе спам пікірлерді автоматты түрде өшіреміз. Өкінішке қарай, бізде пікірлерді жергілікті уақыт режимінде сұрыптау мүмкіндігі жоқ, сондықтан сіздің пікіріңіз біраз уақыттан кейін өшірілуі мүмкін. Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін рақмет!
    ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ📌
    Телеграм парақшамыз: t.me/koremiz_1tvkz
    Тик ток парақшамыз: / koremiz_1tvkz. .
    Инстаграм парақшамыз: koremiz_1tvkz?i...
    WhatsAPP: +77053330803

КОМЕНТАРІ • 1,4 тис.

  • @nursulumuratovna6234
    @nursulumuratovna6234 7 місяців тому +304

    Автомойка иесіне рахмет айту керек.Жұмысын істетіп ақшасын берді.Әйтеуір аман,сау сол жерде жүрді.Оғанда шүкір.

    • @erke_Estemisova.
      @erke_Estemisova. 7 місяців тому +8

      Иә,құлдыққа салып,із түссіз жоғалып жатқандарда бар ғой.Үйінен сая таппай өзі өмір сүргісі келген болар,ерте есейген бпла екен

  • @user-vt9lx7fn6z
    @user-vt9lx7fn6z 7 місяців тому +313

    Авто мойканың иесін жөніне қойыңыздар, балаға пана болған,қиналғанда қол ұшын созды,

    • @user-wt4hk6tt1b
      @user-wt4hk6tt1b 7 місяців тому +6

      Қосыламын

    • @araisansyzbaeva1920
      @araisansyzbaeva1920 7 місяців тому +2

      Соны айтамын 🙄

    • @araisansyzbaeva1920
      @araisansyzbaeva1920 7 місяців тому +7

      Казирги уакытта жаксылык жасасанда опасно 💯🤦‍♀️

  • @user-ts9ib4ky6g
    @user-ts9ib4ky6g 7 місяців тому +147

    Автомойканың басшысына Алла разы болсын. Қайтаға баланы қаңғыртпайқ жұмыс беріп қасында ұстағанына рахмет

    • @user-uj6tx8th9t
      @user-uj6tx8th9t 7 місяців тому +7

      Автомойка егесы мын алгыс ол кисыге тиыспендер жумыс сурап келгендерге есык ашып карсы алган рахмет Марлен аман есен кайтты уйыне

  • @user-ly7yx9yo5y
    @user-ly7yx9yo5y 7 місяців тому +63

    Марлен жақсы бала көрініп тұр. Қысымнан қашқан. Енді ренжітпей қараңдар. Автомойканың иесіне рақмет. Аман есен жандарында ертіп жүргендеріне. Ақшасын да беріпті.

    • @user-sx9gn3gf7l
      @user-sx9gn3gf7l 2 дні тому

      Ақылды бала ойында текқана анасының қиналып жүргенінкөрген соң жұмыс істеп ақша тауып көмектескісі келген қазір он бес жастан асқан бала құбылмалы келеді әр нәрсеге көңілі алаңдап тұрады балаға үлкен адам сияқты әңгімелесу керек

  • @user-qs7pk2yh1e
    @user-qs7pk2yh1e 7 місяців тому +208

    Жаным-ау Мәрлен ақылды жігіт өзі. Бір жерді тесіп шығатын жігіт болады бұйыртса. Еңсеңді түсірме Мәрлен. Бәрі жақсы болады❤

  • @kineka33
    @kineka33 7 місяців тому +209

    Декретте отқанда бізде осындай депрессияға түсемізғой, баланы қатты түсініп отырмын. Кез келген адам үйдің тірлігінен шаршайды. Балапаным, жаным, нағыз жігіт.

    • @user-ed7bb5dz5u
      @user-ed7bb5dz5u 7 місяців тому +7

      Дұрыс айтасыз, өзімізді таппай қаламызғой😅

    • @user-pw8jr2gv6t
      @user-pw8jr2gv6t 7 місяців тому +4

      Ия, дұрыс айтасыз

    • @user-gv3qx4hl7t
      @user-gv3qx4hl7t 7 місяців тому +4

      Дурыс айтасыз бала жалыгады гой

    • @ummimran5560
      @ummimran5560 7 місяців тому +3

      Иә оның қасында ересек адам шаршаймыз үй жұмысынан

  • @user-ny3pj5lo5q
    @user-ny3pj5lo5q 7 місяців тому +55

    Журналисту Руслану необходимо присвоить звание пр расследованию криминальных преступлений, он и его команда, по сути, расследует и доводит до конца сложные ситуации!!!

  • @Narbekova_Gauhar
    @Narbekova_Gauhar 7 місяців тому +36

    Үй салып фундамент құйып жүрген бала, тірлікке пысық болып тұр ғой! Неге үлкендер де ойланбайды балаға материалды заттар емес мейірім махаббат керек

  • @user-ob6uj7fq2b
    @user-ob6uj7fq2b 7 місяців тому +200

    Кәсіпке жігітке тиіспеңіздер оның кінәсі не жұмыс беріп ақшасын беріп отыр ғои.Шешесі кіәлі

    • @Gf-ld1cp
      @Gf-ld1cp 7 місяців тому +11

      Марлен кінәлі болса да анасы балаға көп көңіл бөлмейді байды не істейді балаларына қарамай ма

  • @user-jf6dw1hl1m
    @user-jf6dw1hl1m 7 місяців тому +215

    Не деседе автожуу бекетіндегі жігітке рақмет айыппұлды тауып бермеген полиция қызметкерлеріне салу керек 😠

    • @user-kg4vf9vt6u
      @user-kg4vf9vt6u 7 місяців тому +8

      Аналары баласын ойласын байын емес.Оз акен сени мактан тутып жур гой

    • @user-hk3vg7fz8k
      @user-hk3vg7fz8k 7 місяців тому +6

      Бұл бір есі дұрыс комментарий екен

  • @AnimalHD2
    @AnimalHD2 7 місяців тому +16

    Мәрлен жаным сол! Сен өте ақылды баласың, әпкең ретінде айтарым, бұл жағдай еш көңіліңді түсірмесін. Сені халық керісінше жақсы жағыңнан таныды, сенің қандай ақылды, адал, мейірімді екеніңді білді. Алдағы өміріңе тек жақсылықтар тіледім.

    • @KogershinKoka
      @KogershinKoka 7 місяців тому

      Дұрыс айтасыңыз 👏ешқандайда бұзық баланың мінезіде жоқ қандай жақсы бала!

  • @user-to6mb6ie8w
    @user-to6mb6ie8w 7 місяців тому +55

    Ему с отцом нужно жить отдельно от такой семьи матери и после этого отношения не изменится отчима 😮

  • @juliarosa2107
    @juliarosa2107 7 місяців тому +143

    Бұзылып кетпеген , өз күнін көріп жүр , алдағы уақытта мықты адам болады , жолың болсың балам , қасыңда адал достар болсын !!

  • @user-wu9ji4yv5r
    @user-wu9ji4yv5r 7 місяців тому +154

    Мойканың иесіне рахмет қиналған балаға жұмыс бергені үшін

  • @aliya19
    @aliya19 7 місяців тому +23

    Жаным сол, балапаным Марлен, әрқашанда аман бол. Сен өте жақсы баласын, армандарына жет! Алматы

  • @user-jp9zy1uv7b
    @user-jp9zy1uv7b 7 місяців тому +21

    Автомойканың иесіне рахмет, осы балаларға жұмыс беріп, жататын жер берді. Оның кінәсі жоқ.

  • @Caramels_
    @Caramels_ 7 місяців тому +125

    Құдай жаным-ау, Марлен жақсы балағо. Жарайсың.
    Ата-ананың ажырасуының кесірі осындай болады. Марлен болашағың жарқын болсын. Жаман балдарға ерме. Сенің қолыңнан бәрі келеді.

    • @user-dc9gr7hl5j
      @user-dc9gr7hl5j 7 місяців тому +2

      Өстіп ажырасып ата анаң деееп, жеееп,соның кесірі деп, баланы біреу қаңғыртып қойған сияқты, өтірік жақсы кісі болып басты айналдырады негізі, өсек сүйетін қауым. Үлкенмін деп шешсе, өзінің басы болу керек! Ішінен шыққан анаңа ма жоқ ерігіп отырған көрші апаңа ма😅

    • @user-fo6og6fi6w
      @user-fo6og6fi6w 7 місяців тому +2

      Айтканына тусинсек буырмасын.

    • @user-rs5sq7se9p
      @user-rs5sq7se9p 7 місяців тому

      ​@@user-fo6og6fi6w,бұл шегіп алған бала ғой.

    • @user-dj1vg7ol4w
      @user-dj1vg7ol4w 7 місяців тому

      ​@@user-dc9gr7hl5j недеп қуып отырсың? Түсінікті етіп жазсай

  • @jakojamba9227
    @jakojamba9227 7 місяців тому +116

    Анасы жайбарақат отыр, қиналғаны көрінбейді
    Қайта баланың түрінен көрініп тұр , уайымдап отырғаны
    Руслан Өтепбайдың ұжымына рахмет, қуанышты хабарларыңыз көп болсын!

    • @user-wq2or8xk9k
      @user-wq2or8xk9k 7 місяців тому +7

      Анасына барибир болып тур баланы оцласа анау жардай болып отыр ойсыз баласы тым жаксы балана конил болмеген тым жаксы ьацвн неге тастаган

    • @user-tx1gd5ck5m
      @user-tx1gd5ck5m 7 місяців тому +9

      Дүрыс айтасың Анасының баласына деген Мейірімі жоқ , Бейғам ана екен???
      Марлен Батырға!!! Амандық Зор денсаулық тілей отырып, Алға қойған Арман мақсатына жетсін!!!

    • @user-nl2gj4kc7g
      @user-nl2gj4kc7g 7 місяців тому +5

      Үйдің шаруасын баланың мойнына іліп қойып, шешесі қалай шыдайды екен? Кір жуып, үй жинап, бала бағып шаршап кеткені сонша, үйден кетуге тура келген ғой. Өгей әке өгейлігін жасайды, шешесі өзін - өзі күтіп, үйдің шаруасын балаға жүктеп қойып, жайбарақат жүргені көрініп тұр.

    • @zhadyraakhmetova
      @zhadyraakhmetova 7 місяців тому

      ​@@user-tx1gd5ck5mБәрібір емес, ол ана ғой, бәрібір болса, осында келеме екен

  • @user-kp9yg2mh6h
    @user-kp9yg2mh6h 7 місяців тому +13

    Марлен сен өте жақсы баласын!!! Оқып отырсан мықты бол, үлкен биіктерден көрін!!! Жаным ақылын таудай екен!!! Айналайын анасы өз балалаларынды өзін бақшы!!! Баланы бала үшін тумандаршы

    • @user-wy9pq6vy6c
      @user-wy9pq6vy6c 7 місяців тому

      еркек бала әрқашан елін табады жарайсың Марлен әкең өте жақсы адам көрінеді

  • @user-nm6ek8hk1j
    @user-nm6ek8hk1j 7 місяців тому +12

    Жаныыым Марлен сондай тап-татті балапан❤ Ірі денелі болганымен,кіп-кішкентай балапан гой алі😊

  • @dinamukhanaliyeva9096
    @dinamukhanaliyeva9096 7 місяців тому +635

    Автомойканың иесіне рақметтен басқа не айтамыз? Қиналып келгенге жұмыс берген. Бала топ толық, ешкім де оны зорлықпен ұстап отырмағаны көрініп тұр.Сенің екінші күйеуіңнен туған балаларыңды ол бағуға міндетті емес. Үйде енең, екінші байың-ылғи бөтен адамдардың ортасында и ещё сенің балаларыңды бағуы керек пе?

    • @userAstra666
      @userAstra666 7 місяців тому +46

      Иаа ақшасын да берген пана да берген

    • @user-pi8zq2ot6o
      @user-pi8zq2ot6o 7 місяців тому +7

      13:57 14:02 14:07 14:12

    • @user-bk6un6pn8u
      @user-bk6un6pn8u 7 місяців тому +63

      Ата-ананың жауапкершіліксіздігінен кесірінен, бала бүкіл жауапкершілікті өз мойына алған. Бала ерте есейіп кеткен!!! Анасының Марленді тек уйде служанка сияқты ұстауы дұрыс емес, өзі туды ма бақсын өзі. Кішкентай баланың тамағын беріп, бұтын тышса ауыстирип, оны ойнатып бағудан Марлен емес біз шаршап қаламыз. Марлен еще кірді қолмен жуып, машинка алмай ма. Қолмен біз жумаймыз. Анасы тышып тастағандай, баласые туып тастай беретін қандай әйел... Баласымен бала сияқты сөйлесіп, сүйеніш бола алмайтын болса неге іздейді. Марлен жаман жолға түспей, қайта өз күнін көріп жүрген, қандай мықты бала! Жолың ашық болсын балапан!

    • @aimanshamill9872
      @aimanshamill9872 7 місяців тому +37

      Негизы Шымкенттиктерде адами касиет оте жогары, автомойканын кожайыны балага карап журген, баска жерде болса кулдыкка салар еды

    • @user-tx1gd5ck5m
      @user-tx1gd5ck5m 7 місяців тому +15

      Аллаға мың шүкір!!! Марлен Батыр Аман есен Табылғаны Қуаныштымын!!! Дегенмен Марлен Ержұрек қайтпас қайсар Оз Озіне Сенімді , Козі ашық Кокірегі ояу. Оз ісіне сенімді Пысық Әр Жұмыстың Козін таба білетін Еңбекқор ЖІГІТ ЕКЕН МАРЛЕН БАТЫР!!!
      АЛЛА ТАҒАЛА!!! АМАНДЫҒЫН БЕРСІН АЛҒА ҚОЙҒАН АРМАН МАҚСАТЫ ОРЫНДАЛЫП БАҚЫТТЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛСЫН!!!!

  • @user-ug9sj1yo3w
    @user-ug9sj1yo3w 7 місяців тому +44

    Автомойканың иесіне РАХМЕТ. Қаңғытып жібермегеніне

  • @user-rx2lf4zj3s
    @user-rx2lf4zj3s 7 місяців тому +11

    Балаға анасы көңіл бөле алмаған ерте есейген балалық қайтып келмейді ғой әліде мейірімін аямай басқа балаларынан бөлмей бағаласыншы
    Бақытты азамат бол балам

  • @user-go3nk1vi3n
    @user-go3nk1vi3n 7 місяців тому +48

    Я переживаю за парня, почему до сих у него нет телефона, это унижение перед друзьями. Я надеюсь что сейчас подарили телефон? ❤❤❤

    • @user-os4rg9jg4p
      @user-os4rg9jg4p 7 місяців тому +5

      Соны айтам, 14 жаста без телефона🤦‍♀️

  • @user-xw8fq8lb3n
    @user-xw8fq8lb3n 7 місяців тому +69

    Дурыс емес айелдин тирлигин жасаткан. Анасы уй жинау керек, кир жуып, ыдыс жуып. Осип келе жаткан бала достарымен кездесу керек, калаган кимин кию керек !

  • @user-qs7pk2yh1e
    @user-qs7pk2yh1e 7 місяців тому +186

    Бірінші күйеуі нағыз әке екен. Баласын ойлап, үй салып қойыпты. Өзінің туған әкесіне барсын Мәрлен. Өгей өгейлігін жасайды

    • @user-rl4pm1ry2v
      @user-rl4pm1ry2v 7 місяців тому +24

      Ия, өгейдің аты өгей😮😮😮

    • @user-zy1tc6dd8h
      @user-zy1tc6dd8h 7 місяців тому +6

      Дұрыс айтасыз

    • @minakazakhstan3712
      @minakazakhstan3712 7 місяців тому +7

      Огейдин бэри сумпайы емес, бар Алладан умити барлар, бирак аз санаулы

    • @AlloximQollasin
      @AlloximQollasin 7 місяців тому +4

      Дурысқой өгей өгейлигин жасайды. Өгей түгили өз əкелери тастап кетип жатырғой балдарына алименттеринде төлемей балдарын асырамай передачада неше түрлисин көрдикғой отбасылардың Алла сақтасын..😮😮

    • @user-gg9hk8iu1i
      @user-gg9hk8iu1i 6 місяців тому +3

      Екинши рет турмыска шыгып кажет емес секилди гой баламен

  • @danaualiyeva1637
    @danaualiyeva1637 7 місяців тому +23

    Бедный мальчик, что тут не понятного матери, он не чувствует себя нужным вот и все, будто нужен только для домашних забот и хлопот, да, пусть выполняет домашние дела, помогает конечно, но матери нельзя забывать о том, что это её ребёнок, которому тоже нужно материнское внимание, качественное внимание! Мама нужна всегда! В любом возрасте! Не упускайте своего сына! Вам будто нужен только для дом дел, а отцу по для его дел! А как же чувства ребёнка?! Он должен себя чувствовать любимым, нужным ребёнком!

  • @Lyazzat61
    @Lyazzat61 7 місяців тому +32

    Мама, откройте глаза,поговорите с мужем,не давите на сына,он сильно подавлен,распределите обязанности между детьми поровно,почему почему брат которому 13 лет ничего не делает
    Вы сейчас успокоились что он нашелся, но вы не решили проблему и это может плохо кончится,если вы не измените отношение к сыну,а для отчима он всегда чужой

  • @AbdlXoja-zb1uf
    @AbdlXoja-zb1uf 7 місяців тому +48

    Көреміз жасасын мен қатты қуанып қалдым бала аман есен табылды анасы енді байды неғылады ұлы ержетіп қалыпты анасына ескерту енді балаңды жақсы қара өте сезімтал ақылды бала аман болсын❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-xo2hd4mt4v
    @user-xo2hd4mt4v 7 місяців тому +83

    Керисинше рахмет айтындар балдарына жүмыс, жататын орын берген кайткысы келмеген значит уйіне кінә өздеріңнен ата - анадан

    • @editing307
      @editing307 7 місяців тому

      Ой койындар казир жастар тек акша тапкылыры келед. Уйде бос жаткылары келмейт казирде уйде бари бар, акша тапкым келеди, кафе ресторанга истейт

  • @zhenyaaa_
    @zhenyaaa_ 7 місяців тому +14

    Автомойка басшылығына рахмет айту керек. Олардың еш кінәсі жоқ.Аман есен табылғанына шүкір деңдер.Шешесі бар жұмысты баласына жасатып ұйқыдан бас алмай жататын шығар кім біледі.

  • @user-nd2yg3wh7r
    @user-nd2yg3wh7r 7 місяців тому +12

    Имам берген ақшаға балаға телефон алып беріңдер осы уақытқа дейін телефоны жоқ ,ол бала қатарынан қалмау керек.Баланың көзінде мүң бар әден басып тастаған баланы. Кешке дейін үйдің тіршілігін жасата бермей үйірмелер ге .бер спортпен жаттықсын.Марлен сен сондай жақсы баласың бәрі жақсы болады.

  • @dinamukhanaliyeva9096
    @dinamukhanaliyeva9096 7 місяців тому +187

    14жас пен 12жастың айырмашылығы шамалы. Неге өгей баланы жұмсай береді, өзінен туған баланы жұмсамайды? " Олар істемейді ғо" дейді.Марлен ақылды, үлкен азамат болады, бұйыртса.

    • @user-qm5jr9ek5r
      @user-qm5jr9ek5r 7 місяців тому +2

      Дұрыс айтасыз!

    • @user-iu4fq4jx2v
      @user-iu4fq4jx2v 7 місяців тому +6

      Огей огейлигин жасап отыргой оз баласын жумсамай...

    • @user-fx5ki5cj3u
      @user-fx5ki5cj3u 7 місяців тому +7

      Бұғанасы қатпаған өгей балаға ауыр кірпіш көтертіп, үй салғызған өгей әке Енді Марленнің жасына жетіпті ғой өз баласын солай істетіп, үй салғызсын осы жасында Істеген ісіне ақша беріп қойса ата анасы, ақша табам деп көлік жууға кетпейді ғой Үйдің жұмысы бітпейді Жылу беріңдер,ақша беріңдер, жақсы киіндіріңдер Сонда қаңғымайды Достарынан, қыздардан киімнен ұялмайды ортада қымсынбай жүреді ғой

    • @Nagimusha183
      @Nagimusha183 7 місяців тому +1

      Ол туган акеси гой

    • @user-vl2jz9uh7o
      @user-vl2jz9uh7o 7 місяців тому +1

      12 жасар баламен екеуы.тууыс гой аке шешесы быр бырыншы куйеуынен

  • @user-db2zn5lk9x
    @user-db2zn5lk9x 7 місяців тому +67

    анасына қанымның қарайып отырғаны ай иә. Осы баласы үшін туғандай. Баға алмайсың ба тиме күйеуге. Басқа байға тиіп алады да, пособиеге ілінгенше топырлатып туады, еще туған баласынан қашып үлкендеріне қаратады сол баласы үшін туғандай. Дәу болып отырғанына нервім ойнап жатыр

    • @user-fh4sv5rf8w
      @user-fh4sv5rf8w 7 місяців тому +5

      Мен де сол нервым көтеріліп отыр сол әйелге,мына жерге келіп дым болмағандай отыр,тым жақсы баланы қор қылып.

    • @user-db2zn5lk9x
      @user-db2zn5lk9x 7 місяців тому

      @@user-fh4sv5rf8w күйеуінің жағдайын жасап баласын тегін құл етіп алған

    • @user-yf7es6ox4f
      @user-yf7es6ox4f 7 місяців тому

      Менинде каным кайнап отыр 😡, кезинде багу керек еды!!

  • @user-rl8fj1ui8g
    @user-rl8fj1ui8g 7 місяців тому +10

    Жұмыс берген кісіге рахмет, жаман жолға туспепті

  • @user-vg6pp3yy4t
    @user-vg6pp3yy4t 7 місяців тому +16

    Анасы 100% кінәлі. Баланы бала құрлы көрмеген, барлық ауыртпалықты жүктеп қойған байы екеуі. Марлен қайта ақылды бәрін ойлап тұрған. Шешесі мен өгей әкесінде тауықтың миындай ми жоқ.😢

  • @leylamyngo
    @leylamyngo 7 місяців тому +48

    Жаныыым денесі үлкен болғанмен әлі кіп кішкентай бала көңіл..байдан өлгендей тимей ақ қоймайма ажырасса да..

    • @user-fp6nw8bt5x
      @user-fp6nw8bt5x 7 місяців тому +3

      Ия байға тимейақ осы баламен ары қарай өмір сүре берсе болатын еді.

  • @user-lb4xs8yp6w
    @user-lb4xs8yp6w 7 місяців тому +74

    Куйеуинен коркады.Куйеуи туралы айта алмай отыр.Касындагы камкор болган жигиттерге Рахмет.

  • @user-lk4ci4ux1l
    @user-lk4ci4ux1l 7 місяців тому +13

    Марленнин өз туган әкесі керемет жан екен,жузiде жылы,😢

  • @user-dh1ij5th6b
    @user-dh1ij5th6b 7 місяців тому +9

    Жаным сол, болмысы бөлек бала екен . Бақытты бол

  • @user-ni3mf5hr2e
    @user-ni3mf5hr2e 7 місяців тому +211

    Шешсі жақсы болса қашпайтын еді, автомойкадағы адамдарға қайта рахмет!!! Бұл балаға пана болған!!! Ол адамгершілік, ол баланың еңбегінен тегі шіріп байып кетпейді ғой…. Арақ ішіп, наша шегіп кетсе ше? Адамгершілікке де рахмет айта білу керек!!!! Мына қатынның өзі де баласын ерттемей мініп алған ғой, қатты болса да, қатты қысым көрген, жай еркіндікткі қалаған! Әрине өзін түсінбеген жерден қашады!!!!!!

    • @gulshat6527
      @gulshat6527 7 місяців тому +4

      Олай айтып кадеты жок

    • @user-ig2kj8cc1h
      @user-ig2kj8cc1h 7 місяців тому

      @@gulshat6527👍👍👍👍👍

    • @user-bp3fv8jf1x
      @user-bp3fv8jf1x 7 місяців тому +3

      Айналайын кандай шеше баласын жаман болсын дейді биреуди табаламай озинди жетистирип ал

    • @user-ni3mf5hr2e
      @user-ni3mf5hr2e 7 місяців тому

      @@user-bp3fv8jf1x мени айналмай ак койыныз унамаса окыманыз! Сизге катысы жок жерге кыстырлмай!

  • @user-qs7pk2yh1e
    @user-qs7pk2yh1e 7 місяців тому +37

    Баланың көзінде мұң бар. Үрей бар. Қорқыныш бар ішінде

  • @user-qo2uc8dm1z
    @user-qo2uc8dm1z 7 місяців тому +6

    Томпиган жигит! Бари жаксы болады🤲Жолын аркашан ашык болсын! Бакытты бола гой!
    Ата анасы ренжитпеныздерши Марленды !

    • @user-nj6qq9wk1n
      @user-nj6qq9wk1n 3 місяці тому

      Шешеси не копия тури топиган бала
      Екен

  • @perizatusmanova8200
    @perizatusmanova8200 7 місяців тому +15

    Мать лицемерка:( сидит с улыбкой говорит что отчим не бьёт не ругает !!! Его защищает а сына родного искала ради того чтобы он смотрел за детьми и домом

    • @user-rs5sq7se9p
      @user-rs5sq7se9p 7 місяців тому +2

      Перизат,я тоже так думаю.Отец родной тоже,ребенок приехал к нему,а он его впряг на стройку дома.Что же он сам не построил,а ждал когда приедет 14летний сын и наравне со взрослым мужиком будет вкалывать всё лето.Отчим понятно,ему его не жалко.Как ему строить отношения со сверстниками,как быть ему когда пойдет в армию?Не нужен он как сын ни матери,ни отцу родному,только как раб.сила.Помогать по дому надо,но взвалить на плечи 14летнего мальчика уход и надзор за троими малолетними это ещё то насилие.Загнали мальчика в угол.

  • @user-dq8pl1qy9k
    @user-dq8pl1qy9k 7 місяців тому +124

    Пусть сама делает работы по дому , рожала она от другого пусть и ухаживает . Почему всегда так ? Рожают а смотреть страшему РЕБЕНКУ , он тоже ребенок и ему нужно уделять внимание.🤦 И еще говорит " он внимательный и все по дому делает" вы заставили его повзрослеть , раньше времени!

  • @user-vn2yb1ru6w
    @user-vn2yb1ru6w 7 місяців тому +106

    Каждый ребенок заслуживает и хочет прожить свое детство. И родители вы рожает детей для себя ,сами и воспитывайте.

  • @user-du9yb9mr2b
    @user-du9yb9mr2b 7 місяців тому +13

    ӘҢГІМЕНІҢ АШЫҒЫ ӨЗ БАЛАСЫН ЕМЕС БАЙЫН АРТЫҚ КӨРЕТІН ҚАТЫНДАР АНА АРДАҚТЫ АТТАН САДАҒА КЕТСІН.

  • @aaabbbb46
    @aaabbbb46 7 місяців тому +9

    Мамасы калай кулип отыр? мен танкалып турмын! Серьезно кабылдамай отырганы анык. Оте окиништи( Бала ушин катты журегим ауырып отыр. Куйзелисте екени, Козинде муны бар екени коринип тур. Оте акылды, сабырлы бала екен, просто дурыс жол силтеу керек. Бакытты болсыншы🤲🏻 Аман журсинши

  • @globalwarming8964
    @globalwarming8964 7 місяців тому +218

    Мойканын иесине айппул салу керек деген Адамнын басы истейма ?
    Мойкага рахмет! Ойткени Ол жумыска алмаса не болар еди? Наркотик тасушыма еди? Сол керек па сендерге?
    Бастарын истейма? Танитын жерине барып отыргой Марлен.
    14 жастан жумыска руксат беру керек, айтпесе балалар акша ушин, наркотик тасыгыш болып кетеди. Лучше адал акша болсын

    • @user-zy1tc6dd8h
      @user-zy1tc6dd8h 7 місяців тому +4

      Дұрыс айтасыз,қаңғытпай жұмыс беріп отыр,жақсы бала екен

    • @user-cq4cb3ol7u
      @user-cq4cb3ol7u 7 місяців тому +2

      Барлық жумысшысы мектеп балалар сол үшін айтты дурыс кой

    • @user-cq4cb3ol7u
      @user-cq4cb3ol7u 7 місяців тому

      18 толса мили екен,

    • @globalwarming8964
      @globalwarming8964 7 місяців тому

      @@user-cq4cb3ol7u занда бар. 2019 жылдан бери. Неге зан билмейсиндер? Неге созге сенесиндер? Неге окымайсындар

    • @user-yq3mi7hp2r
      @user-yq3mi7hp2r 7 місяців тому +3

      Аке шешесы кулша жумсап,абден ышкен жегенын тирлыкке салып жумсаган,огеи лыгын корсеткен,бала кашып оз озын баккан,халкым не аитам,арты бала жаман емес оскесын жаксы аке болат,миырымды бастык болат,акесы мактап,огеи аке жамандап жатыр.

  • @banudidi2872
    @banudidi2872 7 місяців тому +189

    Мать сделала из сына Золушку - получается все ее обязанности он выполнял, а она создавала условия для нового мужа. Ее вина. Хорошо что он не попал в плохую компанию. Тут мать не исполняет роль матери, она выбрала нового мужа

    • @user-nr5ct3uf7v
      @user-nr5ct3uf7v 7 місяців тому +18

      В 14 лет исполнял все домашние дела, мать сама об этом говорит. Ему видимо всё это надоело

    • @qwerty-dg7dh
      @qwerty-dg7dh 7 місяців тому +9

      Да,с вами согласна

    • @user-zy1tc6dd8h
      @user-zy1tc6dd8h 7 місяців тому +11

      Мен де қашар едім,барін маған істетіп,өгей акеден тугандар істемесе

  • @user-of6or2dn5t
    @user-of6or2dn5t 7 місяців тому +9

    Байғус бала еркелік жок бар шаруадан шаршаганго айел боп өзіміз шаршаймызго тем более өгей аке😢Баланын баска айналысатын ісі болу керек кыдырып дегендей😢аяп кеттімгой жаным

  • @user-hz2er8rd6c
    @user-hz2er8rd6c 7 місяців тому +6

    Ассалаума алейкум!!! Мен Каракалпакстан Республикасыннан Бахтияр боламан. Хурметли Руслан Отепбай, сизин коремиз багдарламасын калдырмай корип бараман сизге хам багдарлама жамагатына улкен миннетдаршылык билдиремен. Сизлерди Аллахым оз панахында асрасын, хамийше Халыктын дууасын алып журеберин! ❤❤❤

  • @user-sy8ny3ll2q
    @user-sy8ny3ll2q 7 місяців тому +38

    Кайта мойкагын егесине рахмет айсын бир нәрсеге урынып калмаганына,былк етпей биреуди киналамай

  • @77_.77.
    @77_.77. 7 місяців тому +20

    Марлен жақсы бала , білімге құштар болмасада, жүрегі нәзік, есейген, окпелі, туйық, болашағы жарқын болсын 🤲🏻

  • @user-bh8yo3su9p
    @user-bh8yo3su9p 7 місяців тому +7

    Автомойканың иесіне рахмет қабылдап жұмыс берген.Қабылдамаса бомж болып кетер мен еді қаңғыған балаларға қосылып.

  • @aidara1iev
    @aidara1iev 7 місяців тому +3

    *Барлық қиналып жүрген жандарға АЛЛА ҮЛКЕН САБЫР берсін! Дерттеріне шипа берсін! Сынбаңыздар, сіздер мықтысыздар!*

  • @gulnarkeldibaeva4459
    @gulnarkeldibaeva4459 7 місяців тому +18

    Руслан мырза сізге үлкен рахмет балаға үлкен сенім білдірдіңіз, жақсы жігіт болып өссін,

  • @user-xw9ug3tf3g
    @user-xw9ug3tf3g 7 місяців тому +35

    Марлен - очень хороший парень. По нему это видно, если бы хотел давно мог бы пойти по другой дороге. Но он работал, плохих привычек вроде не делал заимел. Он парень, тинейджер, конечно он хочет больше свободны. Потом такие дети не знают кем быть, чем заняться когда вырастут. Осылай омир бойы услужливый болып калады. Ему нужно время и для себя, иметь свое хобби

  • @user-fn4gv5se7o
    @user-fn4gv5se7o 7 місяців тому +12

    Өзі сүп сүйкімді бала! Есейгенде бір жерден шығады!

  • @user-ig2kj8cc1h
    @user-ig2kj8cc1h 7 місяців тому +2

    Имамға рахмет қаржылай көмектескені үшін
    Алла разы болсын❤

  • @user-vl2jz9uh7o
    @user-vl2jz9uh7o 7 місяців тому +31

    Жылаганымай жанымау акеме барсам анамды сагынам анамда болсам акемды сагынам дегеныне.Мамасынын быттыйып отырганынай.

  • @user-xo2hd4mt4v
    @user-xo2hd4mt4v 7 місяців тому +28

    Байға тиіп аласындар да журесиндер елди киналап бала үшін омир суриндео

    • @KarlygashMyrzahmet-km5xd
      @KarlygashMyrzahmet-km5xd 7 місяців тому

      Мынкылдамашы мен улдарыма шамам келгенше озим комектесип жатырмын солушинде улкен улыма Уй алдым

  • @NurgulShotaeva-pt2us
    @NurgulShotaeva-pt2us 7 місяців тому +10

    Басып тастаған баланы. Қатты жаным ашып жылап алдым. Түбі анасымен тұрмайды бала. Көрігіп тұр ертелі кеш кететіні. Менің де 14 жасар ұлым бар, бұл бала менің ұлымның қасында өте ересек көрінеді. Ерте есейген.
    Өгей әкесін силамайды, ол кісіден қорқады. Шешесі шаң жуытпай отыр оған. Айрылып қалам деп қорқатын сияқты.

  • @Zhanerkee_02
    @Zhanerkee_02 7 місяців тому +3

    Жанм мына бала ініммен жасты екен, сухбатын корип жылап калдым 🥺💔Өзі сондай ақылды бала екен иманды мейірімді еңбекқор екені көрініп тұр 💗 Еще тірлікті істеуін істеймін жұмсай берсін деп қояды жанмммм , ішінде қорқыныш барау өгей әкесінен ба білмедім.

  • @user-vz7rm9mx5b
    @user-vz7rm9mx5b 7 місяців тому +113

    Осы отырған адвокаттар біреудің кіштентай бизнесін жабу ғана келеді қолдарыңнан басқа ештеңе келмейді .Қатты мықты болсаңдар жапсаңдаршы анау дөкейлердің бизнесін ол жерде де жасы толмағандар мен жасынан асып кеткендер жұмыс істеп жатыр . Адами фактор деген болады . Бізде 11,12 жасымыздан жұмыс істегенбіз поля да , мойка да главно бізді алдамаған ақшамызды уақтылы берген өлген жоқпыз . Қатты мықты болсаңдар жабыңдар дөкейлердің бизнесін!

    • @user-ni3mf5hr2e
      @user-ni3mf5hr2e 7 місяців тому +8

      Ия, еңбекке баулығанның орнына! Шешесі де соғұрлым тегін малай қылып отыр ғой

    • @kentau6622
      @kentau6622 7 місяців тому +2

      Айгул Иманбаева деген катын шегирткенин акеси Алматы облысында тауда мал устап, сырттан келгендерди:озбектерди, каракалпактарды тауда фазендада кулдыкка салды, документтерин алып койган: айел озбектер ар малшыдан бир бала туып сондай киындыктар корген, Дина сол кезде атап турып айтты. Ал сол онбаган шалга ештене истелген жок кой. Иле-шала Айгул менин акем деп кушактап турган суретин интернетке салды.

    • @user-vz7rm9mx5b
      @user-vz7rm9mx5b 7 місяців тому

      @@kentau6622 олардікі көрінбейді бірақ енді тиынын тиын қып жинап кішкентай бизнес ашкандарды көреді біздің Қазақстанда

    • @minakazakhstan3712
      @minakazakhstan3712 7 місяців тому

      @@kentau6622Алла сактасын
      О заманда бу заман кулдык деген не сумдык? Десенизши
      Акшаларын оз енбектерине карай толесе, жатар орындары тамактары болса куса да кетпейди гой ешкандай жумысшы
      Алла бэрин корип тур, онын жазасынан ешким кутыла алмайды

    • @user-os4rg9jg4p
      @user-os4rg9jg4p 7 місяців тому

      👍👍👍👍

  • @uber7553
    @uber7553 7 місяців тому +26

    Наоборот благодарность автомоика егесине❤

  • @user-gj1ox6em6f
    @user-gj1ox6em6f 7 місяців тому +5

    Жаныыым. Мейирим керек балага. Акылды ози.Алда тек биик белестерден корин❤🙏

  • @user-eg2hz8gq3q
    @user-eg2hz8gq3q 7 місяців тому +7

    Қинап істетпегенғой балаға жұмысты
    Өзі жұмыс сұрап барған ғой
    Жұмыс берушіге рақмет айтамыз!

  • @user-ki6nw6nq5y
    @user-ki6nw6nq5y 7 місяців тому +14

    Байға тиип баланы туып тастап , улкен улын кул қылып жумсап. 🫤

  • @user-qt5vh1cj6m
    @user-qt5vh1cj6m 7 місяців тому +163

    Не үшін бала турасындар егер балаға көңіл болмесендер. Байдан байға секіріп . Адамдардың балаға қолы жеталмай жур. Сендер өз балаларының өмірін құтып. Балаға көп ештеме керек емес, просто баска балаларына бөлген внемание деп тұргой

    • @user-qk5mn3iz2v
      @user-qk5mn3iz2v 7 місяців тому +4

      Соны айт. Байын байлау үшін шұбырынды туады

    • @user-dn2lv5ir2w
      @user-dn2lv5ir2w 7 місяців тому +4

      Рас аитасындар осы неге туа береди. Ар бала несибеси бар дид.каидам несибеси жок емес бирак тугасын бар жагынан камтамасыз ету керек.окимет акша береди деп туа береди катындарды жеккорем.оган ту деп жаткан баи жок сондада туа береди

    • @user-bg2gr9hj2f
      @user-bg2gr9hj2f 7 місяців тому +2

      Басыңа туссе тусінесін

    • @user-bg2gr9hj2f
      @user-bg2gr9hj2f 7 місяців тому +1

      Ма недеген ақылдысыңдар

    • @user-mi6fn3kj9x
      @user-mi6fn3kj9x 7 місяців тому +1

      Өзіңде ұл жоқпа жоқ әлі ондайды көруге жетпедіңау, асықпа оны сенде көресің ұлың өссе. Жап жас болып өмірді көрмей сайрағандарға айтарым. Біреуді өсектеп сөкпе ол кезекте сенде тұрсың деген☝️

  • @user-yi9dn8rf5o
    @user-yi9dn8rf5o 7 місяців тому +4

    Жаныымау балапан еки жакта болып калган 😭 кайда баратынын блмейд Бакытты болсын жаным 😘😘шешеси барибир катыгез

  • @ellam5845
    @ellam5845 7 місяців тому +8

    Баланың психологиялық жағдайы мәз емес ! Анасы байдан байға тиіп бекер жасаған . Қоғам не боп барады ? Баланың санын емес , баланың камын ойлау керек !!!

  • @user-yg9ru6qg9v
    @user-yg9ru6qg9v 7 місяців тому +14

    Анасы мен огей акесин жауапка тарту керек салык салып
    Автомойкадагы жигитке рахмет Алла разы болсын

  • @user-dc9gr7hl5j
    @user-dc9gr7hl5j 7 місяців тому +22

    Автомойка құл қылған жоқ қой, керісінше көмекке келген. Өзі айтып отыр ғой, жақсы пұл тапқанын. Ол бір жағы. Екінші жағы үйде қора қора мал болса, оны асырап, жайып, бағып, сауатын?! Жайлауда, қысы жазы қорада..бар ғой сондай балалар. Өзің болмасаң, сонда сен үшін көрші жасайды ма?? Әкім болатын бала онда! Молодес!

  • @user-rw3zh7lo1r
    @user-rw3zh7lo1r 7 місяців тому +4

    Бакытты боол Марлен, ишпе, шекпе, жап жаксы баласын болашагын жаркын болсын,,, акенде жаксы адам екен карым катынас узбе акеннин касында бол жалгыз болса

  • @user-od5qz3lu2p
    @user-od5qz3lu2p 7 місяців тому +2

    Коруп алып ыйладым табылганына Аллага шугурлор болсун ото жакшы бала экен омурун узун болсун балакай келечекте жакшы уулдардан бол 🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🇰🇬🇰🇬🇰🇬🇰🇬

  • @user-wu5ki7nz1q
    @user-wu5ki7nz1q 7 місяців тому +31

    МЫНА ӘЙЕЛДІҢ БҰЛ БАЛАҒА КӨҢІЛ БӨЛУГЕ УАҚЫТЫ БОЛМАЙ ТҰРҒОЙ .БАЛАҒА ОБАЛ .БАЛАНЫ ӘКЕСІНЕ БЕРУ КЕРЕК ШЫҒАР .МЫНА ӘЙЕЛГЕ КӨБІРЕК ҚИМЫЛДАУ КЕРЕКҚОЙ БАЛАНЫ ЕЗГІЛЕП ЖІБЕРГЕН БОЛЫП ТҰРҒО ҮЙ ТІРЛІГІМЕН.

  • @user-vl9vf9ri4o
    @user-vl9vf9ri4o 7 місяців тому +65

    Огей акесинен ептеп кысым бар сиякты. Шешесинин конилине карап айта алмай отыр. Огей акеси оз балаларын катты еркелетип ал Марленди жумыска салатын сиякты. Шешеси озинен киши жигитке тиип алып,сонынгана жагыдайын жасап, Марленге ешкандай конил болмеген.Жас куйеуи жумуыс жасамайтын сиякты. Айелдин мойнына отырып алган сиякты.

    • @user-qy9vq4id1p
      @user-qy9vq4id1p 7 місяців тому +1

      Ия дәл айттыңыз Марлен ақылды бала ғой көрініп тұр оған внимание жетпеген

    • @user-jj6gj1ph2d
      @user-jj6gj1ph2d 7 місяців тому +1

      Солай сиякты

    • @user-gg3qd2cb6b
      @user-gg3qd2cb6b 7 місяців тому +4

      Өгей әке өз баласын еркелете бермей Марленгеде көңіл бөлсін.Марлен айтып отыр 13 жасар інісін жұмысқа көмектеспейді деп.

    • @user-zy1tc6dd8h
      @user-zy1tc6dd8h 7 місяців тому +3

      Өз акесіне кеткені жөн,баласына арнап үй салып жатыр,мына баланы жуас болғасын көп жұмсаған,13 жастағы інісі үлкенғой тең жұмсасын,айиып отырғой бала,олар (інілері) істемейд деп.Өгей болғасын солай болады

    • @user-nv1br1tw5x
      @user-nv1br1tw5x 7 місяців тому +1

      Дұрыс айтасыз.інісі дегенге кішкентай шыгар десем 13 жас болса екі ақ жасқой арасы ол неге еш істемеген.өгей бәрібір өгейлігін білдіреді

  • @user-vz7rm9mx5b
    @user-vz7rm9mx5b 7 місяців тому +7

    Ата-анасы ажырасып кетіп екеусі екі жақта отбасын құрып ортады қалып кеткен деген ең жаман нәрсе . Не әкең түсінбейді , не анаң түсінбейді себебі екеусінің екі өмірі отбасы бала-шағасы бар . Ол кезде бала не жетім емес , не толыққанды отбасы емес екі оттың ортасында қалады .

  • @sultanabdapar9067
    @sultanabdapar9067 7 місяців тому +1

    Сондай жақсы бала екен,Құдай-ау жолың ашық болсын,аман бол,өсіп өніп,жақсы жар кездесуін тілеймін,балаға да түсіністікпен қараңыздаршы

  • @user-ln8lg9vf4i
    @user-ln8lg9vf4i 7 місяців тому +21

    Марлен бауырым менде акесиз оскенмин. Сен дурыс жолдан адаспа. Жаксы азамат бол . Халкына жардем берип журсен халык сени котереди . Иманды бол бауырым.Казактар алга ☝️🤲👳🧕☝️✊👏

  • @user-wr3yl5vw1k
    @user-wr3yl5vw1k 7 місяців тому +25

    АВТОМОЙКАГА РАХМЕТ ЖАМАН ЖОЛГА КИРИП КЕТПЕГЕНИНЕ БИРЕУЛЕР ОЛТИРИП КЕТПЕГЕНИНЕ СОЛ ЖЕРДЕ УСТАП ТАМАК БЕРИП ЖАТАТЫН ЖЕР БЕРГЕНИНЕ.

  • @user-cy4wq2ls6r
    @user-cy4wq2ls6r 7 місяців тому +3

    Баласын құл етіп көрген ғой😢 Өгей әкесіне жағу үшін шешесі балаға жұмысты артып қойған. Баланың балалығын ұрлап.😢😢

  • @user-bj4lr5op5z
    @user-bj4lr5op5z 2 місяці тому +1

    Бала ақылды жақсы бала болып өсіп келеді, болашағы жарық болғай!

  • @user-pj7rq8ko5j
    @user-pj7rq8ko5j 7 місяців тому +26

    Марлен жаксы жигит екени коринип тур. Болашагы алдында бари жаксы болады..

  • @user-hd7kj4ts6p
    @user-hd7kj4ts6p 7 місяців тому +25

    Жаным балапан, жалгызсырап калган екен. Конил болу кереккой

  • @user-ig2kj8cc1h
    @user-ig2kj8cc1h 7 місяців тому +1

    Ана аркашан жүрегі жұмсаққо қуаныштымын табылғанына Аллаға шүкір❤
    Марлен аркашан жолың ашық болсын ата-анаңа ренжіме
    Ата-анаңды сыйлап құрметте
    Менің де кыздарым бар
    Балаға жылулық берейік
    Балдарымыз бақытты болсын❤

  • @user-hj9lx6hu2z
    @user-hj9lx6hu2z 7 місяців тому +5

    АНАСЫ ЧЁТА УНАМАДЫ МАҒАН АНАСЫ СУЫҚ БАЛАҒА

  • @Caramels_
    @Caramels_ 7 місяців тому +101

    Баланы тудыңдарма, өздерің үшін туыңдар. Балаға жүктеудің қажеті жоқ. Бала, былай уақытта ата-анаға көмектесуі керек.

    • @qwerty-dg7dh
      @qwerty-dg7dh 7 місяців тому +1

      Дұрыс, сізбен келісемін.

    • @natasharomanova2741
      @natasharomanova2741 7 місяців тому +4

      Аяп кеттім , жаным-ау...ер бала ғой..обал ғой...

  • @tilektesevdzhanova1867
    @tilektesevdzhanova1867 7 місяців тому +22

    Акылды сабырлы бала екен неге олай жасадын дей бермей ортага алып сокпей сагын сындырып нестеп отр бари. Жаман жолда журген жок улкен еркектерде акыл жок мындай

  • @MadinaAskarova-bh5dh
    @MadinaAskarova-bh5dh 7 місяців тому +2

    Жаным Марлен сенде бәрі жақсы болсыншы, өгей әке өгейлігін жасамасыншы бағдарламадан соң… Өзімімнің 14 жасым есіме түсті мені де жібермейтін бірақ мен жылап айқайлап қарсыласып эмоциямды шығаратын едім, бұл жерде сен момын көнбістігіңді пайдаланып тұр ғой🙏 Аналар баланы өзің үшін туасың үлкен балаң үшін емес, үлкен баланың балалығын ұрламаңдаршы

  • @maira76
    @maira76 7 місяців тому +2

    Анасы алы жагдайды тусинбеген сиякты, жыркылдап отыр го...баласына жаным ашып кетти

  • @Aa-cl6qr
    @Aa-cl6qr 7 місяців тому +11

    баланы жұмсай бермей бауырларын да жұмсасын әкесі,біз кішкентайымызда үй жұмысын бөліп алатынбыз,өгей әкесі мойнына мініп алған секіллі,шешесі де жұмысты бөліп беріңдер,достарына да жіберу керек баланың өз әлемі бар,ана екі бакыры ақсүйек па сонда жұмсамай,ата ана адырасуы бар ,әкесін сағынуы бар,өгей әкесінің жұмсайтыны бар, бірнәрсеге ұшырап қалмасын.болашағы жарқын,бақытты болсын бала

  • @user-zp4hr6ud3t
    @user-zp4hr6ud3t 7 місяців тому +25

    Өгей әкенің қыспағымен бала бар жұмысты атқарған ғой.Шешесі екі баласына жұмысты бірдей істетуі керек еді.Екінші баласы да үлкен екен.

  • @meleksultan8294
    @meleksultan8294 7 місяців тому +1

    Жақсы бала.
    Бақытты бол.
    Ата-анасы балаға қысым жасамаңыздар!
    Үй тірлігіне салып,бос уақыт бермей қою үйден бездіреді.
    Барлық балаға бірдей бөлінсін сол үйдің тірлігі!

  • @user-gq2en2se2i
    @user-gq2en2se2i 7 місяців тому +1

    Алдау жаным Марлен өте ақылды бала екені көрініп тұр, тек слишком үйдің тауқыметін мойнына жүктеп қойған өгей әкесі

  • @karimovmebel1794
    @karimovmebel1794 7 місяців тому +22

    Киын жагдай ар семьяда болып жатыр кун корис камымен баримиз ерте турып шаршап келемиз тамак Ким баскадан калмасын деп жугирип журип балаларымыз бен сойлесуди кейнге калдырып жатамыз . Тек бул кисилер емес кобимиз солай журмиз. Марлен оте акылды сымбатты жигит . Улкен касипкер болып бакытты денин сау болсын .

  • @user-du9yb9mr2b
    @user-du9yb9mr2b 7 місяців тому +36

    МӘРЛЕН БАҚЫТТЫ БОЛ БОЛАШАҒЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН. ІНІҢЕ ҚАМҚОР БОЛ ЕР ЖЕТІП ӨМІРДЕН ОРЫНДАРЫҢДЫ ТАУЫП КЕТІҢДЕР.

  • @user-ip4uc4sr1n
    @user-ip4uc4sr1n 7 місяців тому +2

    Жұмыс беріпті әлі бермесе басқа жақа қаңғып басқа жағдайға душар болуына кім кепіл бұл жерде балаға дұрыс тәрбие берілу керек

  • @user-du9yb9mr2b
    @user-du9yb9mr2b 7 місяців тому +2

    МӘРЛЕН АМАН БОЛ БАҚЫТТЫ БОЛ.ЖҮРЕГІМІЗ АУЫРЫП ТҰР СЕНІ ҚҰШАҚТАП ӘКЕ АНА ЖЫЛУЫ БОЛМАҒАНЫ ӨКІНІШТІ. БІРАҚ ІШІМДІККЕ ЖОЛАМА БОЛАШАҒЫҢА БАЛТА ШАППА... СПОРТПЕН АЙНАЛЫСЫП ҚАЗАҚТЫҢ НАР ТҰЛҒАЛЫ АЗАМАТЫ БОЛ🤲