Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұланның туғанына - 120 жыл

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 10 тра 2024
  • #ҚазақстанЖаңалықтары #Ақпарат #Aqparat #QazaqstanTV
    Шұғыл ақпарат t.me/qazaqstantv
    Жаңалықтар whatsapp.com/channel/0029VaCG...
    Биыл - қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл. Ғұлама ғалым ұлттық археология мектебінің негізін қалаумен қатар қазақ ғылымының сан саласын меңгерді. Оның алғашқы ізденісі Қазақстан мен Алтай халықтарының шежіресін зерттеуден басталды. Зерттеу жұмыстарын Ленинградта оқып жүргенде бастаған. Әлкей Марғұлан Сыр, Шу, Талас өзендерінің бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орнында түрлі қазба жұмыстарын жүргізді. Орталық Қазақстанды зерттеді. Сондай-ақ, Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны 5 том етіп шығаруға мұрындық болды. «Мен өзімді ең әуелі өнертанушы, одан кейін Шоқанды зерттеуші, сосын барып қана әдебиетшімін, этнографпын, археологпын деп санаймын», - деген еді Әлкей Марғұлан өз естелігінде. Сан алуан салаларда ғалымның ондаған кітабы, 300-ден астам ғылыми зерттеуі, 100-ден аса энциклопедиясы мен мақалалары жарық көрді.

КОМЕНТАРІ •