Жанкүйерлері «Стяуамен» арадағы кездесуде «Ақтөбе» командасына лайықты қолдау көрсетті

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 2 жов 2024
  • Матч басталғаннан ақ қос команда ойыншыларының алаңда жан алысып, жан берісетіндігі бірден сезілді. Бір-бірінің қақпасына мейлінше көп доп дарыту мақсаттары. Алайда жарты сағат бойы оларынан дым шықпады. Стадион толы жанкүйер бірінші минуттардан-ақ өзіміздің команданы қанаттандырудан танбады. Онымен алғаш болып есеп ашу қонақтарға бұйырған екен. Қазақы қонақжайлылығымыз осымен тынсын. Жанкүйерлер "Ақтөбе" футболшыларының қарсы әрекетін күтті. Таблодағы көрсеткіш өзгермеген күйі үзіліс жарияланды. "Ақ-қызыл" тентектер іште отырып, кездесу көркін қыздырса, стадион сыртындағы ақтөбеліктер сүйікті командасына өз алдына қолдау көрсетіп жатты. Матчты стадион алдындағы үлкен экраннан тамашалауға келген адамдардың санында шек болмады. Бас бапкер Владимир Газзаевтан нақты нұсқау алған болса керек, екінші таймда ойыншыларымыздың қимылы ширақтана бастады. Нәтижесінде есеп теңесті. Гол авторы Валерий Коробкин. Алайда араға 20 минут салып қонақтар қайтадан алға шықты. Кездесу соңына жақындап қалса да көрермендер үміттерін үзген жоқ. Және ол үміт ақталды да. Ойынның 88-ші минутында Роберт Арзуманян жанкүйерлерге кезекті қуаныш сыйлап, командасының қорқынышын сейілтті. Қортынды есеп 2:2. Дегенмен тең есеп қос команданы да қанағаттандырған жоқ. Футбол грандтарымен ойын өткізіп үйреніп қалған "Стяуа" "Ақтөбені" жеңетініне сенімді. Топтық кезеңге шыға алмай жүрген "Ақтөбе" футболшылары болса ақырына дейін тырысады. УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы тамыздың 6-нда Румыния астанасы Бухаресттегі "Генча" стадионында өтеді. Өз алаңында ерекшелене алмаған "Ақтөбеге" ендігі жерде 2 есе күш қажет.

КОМЕНТАРІ •