Домбыра үйрену/6-ші сабақ «Көңіл толқыны» күйі 1-ші бөлім

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 29 лип 2020
  • Көңіл толқыны - қазақ композиторы, домбырашы, күйші - Сәкен Тұрысбеков шығарған күй. Бұл күй тағдыр тәлкегіне түскен кезде дүниеге келген. «Көңіл толқыны» 1985-87 жылдары туған. Сәкен аға екі жасар Жанар және Анар атты қыздарынан табан асты айырылып қалған. Бірін көлік қағып кетсе, екіншісіне көз тиіп қайтыс болған. Қос бірдей баласын жер астына тапсырған Сәкен аға ауыр күйге түсіп, қатты тұйықталып кеткен. Жер бетіне сыймай, қайғы жамылған сәтте, «Көңіл толқыны» күйін өмірге әкеледі. Күй бірден көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, кеңінен таралады. Тіпті, алыс-жақын шетелдегі жұртшылық күйді тыңдаған бойда оның авторын іздестіріп, күйдің шығу тарихына білгілері келеді. Жапондық тыңдармандар күй аннотациясын сұраған кезде, автор іштегі орны толмас, өкінішті сыртқа шығармас үшін «Бұл күй «Невада-Семей» қайғысына арналған еді» деп қоя берген. Сәкен Тұрысбеков «Көңіл толқыны» кітабында былай деп жазады: «Күйдің өзегінде әкенің орны толмас өкініші мен өксігі жатыр. «Көңіл толқыны» - өзіне дейінгі ұлы күйші-сазгерлердің рухани жалғасы болғанымен, ішкі табиғаты мүлде бөлек, жүрек қылын дірілдете шертер күші бар, тыңдаушысын ой мен сезім тұңғиығына тартатын туынды».

КОМЕНТАРІ • 55

  • @OmkaNika
    @OmkaNika Рік тому +1

    Еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  • @user-to9kj3wj4d
    @user-to9kj3wj4d 10 місяців тому +1

    Керемет👍

  • @user-wm2oy6bd7g
    @user-wm2oy6bd7g 3 роки тому +7

    Керемет екен үйрету шеберіңізге тәнті болып калдым.

  • @OmkaNika
    @OmkaNika Рік тому +1

    Тамаша

  • @user-pd6ny7ee1l
    @user-pd6ny7ee1l 2 роки тому +2

    Ардаби аға сізді көріп қуанып қалдым,бала күніңізден керемет орындаушы едіңіз, осы күйді үйренгім кеп жүреді,бауырыма тек сәттілік

  • @user-yc7bb7td5y
    @user-yc7bb7td5y 2 роки тому +1

    Домбыраны жаңадан үйреніп жүргесін ,домбыраның құлағын сіздің домбыраңыздың үніне келетіндей етіп келтіру үшін, көмектессеңізші. Бірінші перненің үнін берсеңіз екіншісін келтіріп аламын. Әйтпесе сіздің домбвраңыздың дыбысы мен сәйкес келмей қалатта түк түсінбей қаламын.Бастамай тұрып домбырамызды бірдей қып келтіріп алсақ жақсы болар еді

  • @user-ww3zr3yl7z
    @user-ww3zr3yl7z Рік тому +1

    👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍

  • @Music-zb3tw
    @Music-zb3tw 2 роки тому +1

    Ех бұны Сәкен ағамыз екі егіз баласына арнаған екен ол екеуі де екеуі баласы да қайтыс болған соң Сәкен ағамыз осы күйді дүниеге әкелді иманды болғай

  • @OmkaNika
    @OmkaNika Рік тому +1

    Маған осы шету әдісін білмей жүр едім рахмееет

  • @OmkaNika
    @OmkaNika Рік тому +1

    Өте жоғары деңгейде түсірілген сабақ

  • @vlogstile7781
    @vlogstile7781 3 роки тому +3

    Көп рақмет түсінікті екен

  • @kymbatkenes907
    @kymbatkenes907 2 роки тому +2

    Жақсы түсіндіреді екенсіз

  • @user-lu7yx1qy8c
    @user-lu7yx1qy8c 2 роки тому +4

    Тек Осы куйди гана уйренуге бола ма негизи вообще тарту билмесен?

  • @akanello333
    @akanello333 2 місяці тому +1

    Автордың техникасына ең жақын техниканы таптым ау

  • @aidynbro7675
    @aidynbro7675 3 роки тому +7

    Сарыарқа куйіне видиоурок жасанызшы

  • @user-jm7oc9to1q
    @user-jm7oc9to1q 2 роки тому +1

    Әдемі күй!👍👍👍 Керемет!

  • @user-io2ep2td8z
    @user-io2ep2td8z Рік тому +2

    Мен осы күйді тыңдағаннан ғашық болдым, үйренгім келеді😍

  • @user-pw2zc2it6l
    @user-pw2zc2it6l 2 роки тому

    Маған ұнады алла разы болсын 🤲 ✊ Көңіл толқыны Керемет екенін

  • @nnnarys9855
    @nnnarys9855 2 роки тому +1

    Жақсы тартасыз. Бірақ шатасып кеттіз

  • @zhalgasomar5935
    @zhalgasomar5935 3 роки тому +7

    Домбыра уренуге 100%

  • @ilshatadyljanzinat8687
    @ilshatadyljanzinat8687 Рік тому +1

    Осы куйді уйрену арманым

  • @user-lz6fu9mq6m
    @user-lz6fu9mq6m 3 роки тому +5

    жақсы

    • @user-wm2oy6bd7g
      @user-wm2oy6bd7g 3 роки тому +5

      Керемет ғажап екен!
      Үйрету шеберіңізге тәнті болдым. Сіз сияқты сауатты домыршыны ыздегем . Сізге қарап сабақ үйрену мен үшін үлкен мәртебе!
      Тек биіктен көріне беріңіз. Шәкірттеріңіз көп болсын!❤️

  • @tatkenbailov3649
    @tatkenbailov3649 3 роки тому +5

    Өте дұрыс осыдан уйрениниздер

  • @bake6434
    @bake6434 2 роки тому +2

    менің ағам

  • @kymbatkenes907
    @kymbatkenes907 2 роки тому +1

    Рахмет

  • @nurfesor_vlog
    @nurfesor_vlog 6 місяців тому +1

    Ассалам алейкум барлыгыга, кым быледи кандай нотага кою керек? Осындай дыбыс шыгару ушин?

  • @user-fe1we8jp5g
    @user-fe1we8jp5g 3 роки тому +4

    Осы күй үйрену менин де арманым еди

  • @azamat307
    @azamat307 4 місяці тому +1

    Дауысын дәл осылай қалай келтіруге болады

  • @user-mw6dt1xy9c
    @user-mw6dt1xy9c 2 роки тому +2

    Ре, соль нотасына келтіріп тартыңызшы

  • @user-qm1xg6jo9v
    @user-qm1xg6jo9v Рік тому +2

    Коп сойлейсиз

  • @azamattemirbayev3922
    @azamattemirbayev3922 3 роки тому +5

    👍

  • @user-ql7pg4sj8e
    @user-ql7pg4sj8e 2 роки тому +2

    Керемет, Ардаби інім. Еғжей-теғжеіне дейін, күшті түсіндіреді екенсін. Алдыңғы бес сабақты қайдан алса болады? Екі дауыста орындаған күйлерді үйретесің ба? Мысалы," Ерке сылқым", "Кербез сұлу" сияқты күйлерін.

  • @jandannurbidulaty3072
    @jandannurbidulaty3072 3 роки тому +5

    керемет түсіндіресіз,əңгіме жоқ!қазанғап күйлерінің қағыстарын ұйретсеңіз тамаша болар еді!қашан көреміз?

  • @user-ps9ei2cw3m
    @user-ps9ei2cw3m 3 роки тому +4

    Ақ жауынға істесеңіз

  • @user-uk3tr3ds9j
    @user-uk3tr3ds9j 2 роки тому +2

    Нота барма? Өтініш кімде бар?

  • @user-wm2oy6bd7g
    @user-wm2oy6bd7g 3 роки тому +4

    Алғашқы сабақтарыныз кайда таалмадым

  • @user-ni5eo1ld1t
    @user-ni5eo1ld1t 2 роки тому +1

    Сәлеметсіздер ме! Кімде бар осы күйдің ноталары? Бере аласыздар ма? Балам таппай жатр😔

  • @user-oq3bt6yh2e
    @user-oq3bt6yh2e 2 роки тому +1

    нотасы кімде бар?

  • @user-gd5dn5bv9c
    @user-gd5dn5bv9c Рік тому +1

    Өзіңіз бірәз жатығып сосын салғаныңыз жөн болар

  • @kalaubay-zamanbek
    @kalaubay-zamanbek 3 роки тому +6

    Тез тез уретп кетсындер асықпай толық әр бөліміне ұзақ уақыт бөліп толықтай түсіндіру керек

  • @user-pw2zc2it6l
    @user-pw2zc2it6l 3 роки тому +4

    Маганда үйретшініз аға

  • @user-xr9gh4ku1u
    @user-xr9gh4ku1u 3 роки тому +7

    Тартыстын сызбасы жок былай бвлай дей бересіз сызба коссаныздар

  • @user-hl8tl2jm8h
    @user-hl8tl2jm8h 3 роки тому +4

    нота бойынша дурыс емес орындары

  • @kairatmustafaev3563
    @kairatmustafaev3563 3 місяці тому +1

    Біреумен үйренсең дұрыс емес деді соңында басқадан оныке дұрыс емес дейді кімдіке дұрыс