Шәмші Қалдаяқовтың өз дауысы (Дінмұхамед Қонаев, Нұрғиса Тілендиев, Дәнеш Рақышев, Ілия Жақанов)

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 чер 2024
  • Авторлық контент. Авторский контент. Copyright content.
    (қаз) 1989 жылғы 29 қарашада Талдықорған облыстық драма театры ұжымының Шәмші Қалдаяқовпен кездесуі кезінде жазылған аудиожазбасы:
    00:00 театрдың бас режиссёры Сәулебек Асылханов ұжымды таныстырады
    02:00 Шәмші аға сөз бастайды
    07:33 драматург Оразбек Бодықов сөз алады
    11:40 Шәмші аға "Арыс жағасында" әнінің тарихын баяндайды
    17:37 "Жақсыгүл" әнінің тарихы
    20:53 "Ақ бантик" және "Бақыт құшағында" әндерінің сөздері туралы
    22:33 "Ақ бантик" Ғалым Сүлейменов
    25:08 "Шәмілге хат" Алмахан Кенжебекова
    31:20 Шәмші аға Мұқағали Мақатаев жайында баяндайды
    33:40 Асан Исаевтың (Қарлығаш Исаеваның жары) Шәмшіге арнаған өлеңі
    35:57 Шәмші ағаның Дінмұхамед Қонаев, Нұрғиса Тілендиев, атақ, үй, т.б. жайындағы айтқандары
    53:25 "Дүнген қызы" Шәмші аға және театр ұжымы
    54:52 "Аққулар, қош болыңдар" ҚазССР халық әртісі Дәнеш Рақышев
    1:00:20 "Шырмауық" сазгер Ілия Жақанов
    1:09:23 "Теріскей" Шәмші ағаның орындауында
    1:12:12 драматург Оразбек Бодықов сөз алады
    1:17:14 сазгер Ілия Жақанов сөз алады
    Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Исаева Қарлығаш Хамзеқызы:
    "Бұл өзі жылдар алыстаған сайын өте құнды болып бара жатқан тарихи аудиожазба. Оқиға былай болып еді...
    Мен сол кездегі 1975 жылы негізі қаланған Талдықорған облыстық драма театрында (қазір Бикен Римова атында) ашылған күнінен бастап бертінге дейін музыка бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еттім. Ол кезде режиссёріміз жаңашыл, жалындап тұрған (қазір Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері) Сәулебек Асылханов еді.
    1989 жылы Оразбек Бодықовтың "Ит өлім" пьесасы бойынша спектакль қойылды. Премьераға автормен бірге Шәмші Қалдаяқов, Ілия Жақанов келді. Премьера сәтті өтті. Ертеңіне шағын кездесу ұйымдастырдық. Көңілді отырайық деп облыстық филармония әншілерін, халық әртісі Дәнеш Рақышевті, еңбек сіңірген әртіс Ғалым Сүлейменовты шақырдық. Мен осы кездесуді бобинный магнитофонға жазып едім...
    Кейін, жылдар өте техника дамығасын жазбаны тазалап, мүмкіндігінше цифрлық Mp3 форматына көшірдім. Қазақ радиосына, ұрпақтарына тапсырайын деп жүргенмін. Жазба желіде тарап кетіпті. Енді өзім толық нұсқасын жариялап отырмын. Кездесуде менің жарым Асан Исаев, Шәкеңнің түп жерлесі, суырып салып шығарған өлеңін оқиды. Әртісіміз, қазіргі халық әртісі Алмахан Кенжебекова "Шәмілге хат" әнін орындайды. Ілия ағамыз "Шырмауықты" орындайды. Шәкең өзі "Дүнген қызы" әнін біздің қыздармен қосылып орындайды. Тыңдарсыздар, өте құнды деректер көп. Бағасын беріңіздер.
    Бейнежазбадағы суретті Шәкең менің ұлым Әнуардың аузына түкіріп, туған күніне өз қолымен сыйлаған еді. Дата мен автографты туған күніне лайықтап жазып беруін өтінгенмін."
    #шәмші #қалдаяқов #шәмшіқалдаяқов #шамшикалдаяков #қонаев #дінмұхамедқонаев #конаев #кунаев #динмухамедкунаев #нұрғисатілендиев #нургисатлендиев #дәнешрақышев #данешракишев #ілияжақанов #ильяжаханов #бикенримоватеатры #талдықорған #талдыкорган #𐰦
    (рус) Обнародовал домашний архив - аудиозапись встречи коллектива Талдыкорганского театра с "королём казахского вальса", народным артистом Казахстана, композитором Шамши Калдаяковым (1930 - 1992). Запись произведена мамой на бобинный магнитофон 29 ноября 1989 года.
    Шамши с юмором рассказывает истории создания своих песен, о том, как его скитающегося по Алматы искал народный артист СССР, великий композитор Нургиса Тлендиев (1925 - 1998) на приём к лидеру нации Динмухамеду Кунаеву (1912 - 1993), отзывается о благородстве Конаева и философски высказывается о наградах, орденах, недвижимости, жизни.
    Присутствуют голоса народного артиста КазССР, певца и композитора Данеша Ракишева (1926 - 1992), композитора, писателя, искусствоведа Ильи Жаханова, а также других деятелей культуры и искусства. Аудио длиться полтора часа, но на таймкоде, что в описании видео, можно выбрать главы.
    На изображении подаренная на мой день рождения фотокарточка Шамши с его же автографом.
    / anuar.isa.1987

КОМЕНТАРІ • 127

  • @user-lk7vj9to6b
    @user-lk7vj9to6b Місяць тому +1

    Шәмші ағамыздың жүзі өте жылы. жұмсақ мінезді екені түрінен көрініп тұр

  • @user-mk4qb1zh2s
    @user-mk4qb1zh2s 4 місяці тому +2

    Мың Алғыс🙏

  • @user-eh5hd3wf1t
    @user-eh5hd3wf1t 5 місяців тому +1

    Менде ризамын . Келешекке керек қой ..❤

  • @nick_ursus__333.N
    @nick_ursus__333.N 2 роки тому +32

    Осы жазбаны сақтап қойған адамға Аллах Тағала жар болсын

    • @user-mu6km5hk3v
      @user-mu6km5hk3v Рік тому +2

      Спасибо!!!за сохранность.

    • @user-xz2kw4ib1r
      @user-xz2kw4ib1r Рік тому +2

      Әумин! Рахмет! Бұл тұлғалардың әрқайсысының әрбір сөзі қайталанбас тарих болып қалды ғой.. Қайта - қайта тыңдай бергің келеді.

    • @user-fo6gp3jh8r
      @user-fo6gp3jh8r 2 місяці тому

  • @user-cl4ei4id1p
    @user-cl4ei4id1p Рік тому +8

    Керемет нағыз тарих қандай ғажап қазақтың маңдайына біткен асыл азаматтары еді кейінгі ұрпақты көбірек таныстыру керек өз дауыстарын естіп рахаттандым Мың алғыс Қарлығаш сізге

  • @user-nn2tj3gr6t
    @user-nn2tj3gr6t Рік тому +5

    Баға жетпес байлық бұл...қарлығашқа мың алғыс.біздер шәмшінің әнімен өстікқой алпысыншы жылдарда.керемет қазына жоғалып кетпесін...

  • @user-qr9eq1oe7s
    @user-qr9eq1oe7s Рік тому +6

    Алла тағаланың нығметтеріне бөленіңіз, керемет естелік, қазақтың біртуар азаматтарымен бірге болғандай әсердемін, мың Алғыс!!!Ағаларымыздың жаны жәннәттің төрінде шалқысын, артына осындай мәңгілік із қалдырған!!!

  • @user-up8ch5kc1l
    @user-up8ch5kc1l 2 роки тому +21

    Қарлығаш ханым рахмет ұлы тұлғалармен бір дастарханда отырғандай әсер алдым керемет естелік

  • @xxersultan09xx_xx69
    @xxersultan09xx_xx69 10 місяців тому +2

    Өте қүнды жазба . Бұл жазба Қазақ халқының атадан -балаға мирас етіп қалдыратындай мұрасы деп ойлаймын .
    Жазып алған кісіге Алла екі дүниенің сыйын берсін .
    Шәмші ағаның әні қандай әдемі болса , сөйлеген сөздері де ке.емет ,еш мүдірмей сөзді сөзге жалғастырып ойын ойнақы көңілді жеткізуі сөз жоқ ғажап екен .

  • @user-gy8eh9ts2e
    @user-gy8eh9ts2e 2 роки тому +26

    Көңілінің кірі жоқ қаиран аға
    Аидаи сәуле таратқан жан жағына
    Қазақта сендеи ұлдар туар әлі
    Шақ келер қорғасындаи салмағыңа
    Керемет әңгіме екен

  • @user-hc4iv3sw7r
    @user-hc4iv3sw7r 11 місяців тому +2

    Қайран Шәмші аға.Мұндай таланттар туарма екен қазақта?

  • @user-ds9kj9jg3m
    @user-ds9kj9jg3m Рік тому +2

    Рахмет. Қарлығаш ханым..Шәмші атамыздан керемет естелік қалдырыпсыз ұлы адамдар ұрпақтан ұрпаққа ослай жалғасады. Мың жылда бір туылатын қазағымның ұлылары даналары жатқан жерлеріңіз жайлы болсын

  • @user-eh5hd3wf1t
    @user-eh5hd3wf1t 5 місяців тому +1

    Қадірдің жазбалары мен Шәмшінің өз сөзін салыстыр , сонда шындық ашылады ..

  • @user-ds2dg6qz2y
    @user-ds2dg6qz2y 2 роки тому +21

    Шәмші ағанын дауысын әнің естіп түні бойы көзілмеи сол бір кезде бірге жүргендеи сезімде болдым.Қазақ валісінің корольі қазақтың даласында қаласында әнге бөлеген ғажап ағамыз еді.Қарлығаш апаиға рахмет осындаи естеліктері үшін.

  • @user-rq5tr8pj7y
    @user-rq5tr8pj7y 3 роки тому +27

    Жарыктык, Шамши ага! Кандай ак конил аулие адам единиз. Андериниз казак халкы бар кезде айтыла береди, казак аспанында калыктай береди.

    • @user-lx6kg6uu8l
      @user-lx6kg6uu8l 2 роки тому +1

      Өте. Керемет. Әсер. Алдым. Көңілім. Де. Босап. Кетті. Сізге үлкен. Рахмет. Қарлығаш. Ханым. Ақылбекова

  • @user-tc4dw4tp9k
    @user-tc4dw4tp9k 2 роки тому +18

    Міне дəлел Шəмшінің қандай керемет адам болғаны

  • @user-pz1xs6tz9l
    @user-pz1xs6tz9l 2 роки тому +21

    Айтары жок керемет кайталанбайтын дуние екен Карлыгаш оркенин оссин Шамшинин аруагы риза болсын Алла жар болсын

  • @user-kf4li8kn2k
    @user-kf4li8kn2k Рік тому +3

    Шәмші атамыз жаны жаисаң бір туар азамат екен
    Атаның даусын мәңгілікке жастарға сақтау керек Қаиталанбаитын тұлға

  • @user-do4bg9oe8n
    @user-do4bg9oe8n 2 роки тому +9

    Қарлығаш ханымға көп рахмет осындай тарихи құнды дұниені сақтап жарыққа шығарғаныңызға .
    Алла ризашылығын берсін.

  • @nick_ursus__333.N
    @nick_ursus__333.N 2 роки тому +11

    Шәмші ағаның дауысына жететін адам жоқ

  • @SamsSam-mh7fv
    @SamsSam-mh7fv 11 місяців тому +4

    Кешегі қаңтардағы өрт болғанда ұлыларымыздың сөзін естиміз ба деп ойланып қалдық.сіздерге рахмет шағарғандарызға. Алла разы болсын.

  • @user-ih2wz1ee7z
    @user-ih2wz1ee7z 10 місяців тому +2

    Не деген карапайым.Соз сараптауы оте керемет. екен

  • @sairammalibek1853
    @sairammalibek1853 Рік тому +5

    Шәмші аға жатқан жерің жайлы топырағында торқа болсын

  • @user-hp9uv8gu1k
    @user-hp9uv8gu1k 2 роки тому +15

    Өте әсерлі әңгіме екен. Осы жазбаны сақтаған адамға РАХМЕТ

  • @user-zm5dl7pd6s
    @user-zm5dl7pd6s 2 роки тому +10

    Керемет Шәмші ағамен бірге отырғанда әсер берді

  • @user-ks4ch5jn4l
    @user-ks4ch5jn4l 3 роки тому +12

    Кандаи дауысы жумсак адам.адамнын сырткы келбеті адамның минезин ,ис арекетін баяндап аикындап турады. Өте дурыс ашык аитатын нак азамат жан осындаи болады.казирги заманға осындаи откир созди кагылез турашыл адамдар кажет деп оилаимын.ар аиткан ангимеси конилге жағымды әр создин кадирин билген акылды,парасатты жан екен. Аруагыннан аиналдым алтын аға.

  • @MaratHanat
    @MaratHanat 8 місяців тому +1

    Қазақта қайталанбас тұлғалар. Жатқан жері жайлы иманды болсын.

  • @duriyashomaralieva1786
    @duriyashomaralieva1786 2 роки тому +8

    Сөзінен көрініп тұр,өте нәзік,жаны таза кісі болғаны көрініп тұр.Ұлы тұлға жатқан жеріңіз жайлы болсын 🙏🤲

  • @shokanbolpakh7369
    @shokanbolpakh7369 2 роки тому +10

    Ұлы адамдар ғои шіркін

  • @user-rs2pq9tx8p
    @user-rs2pq9tx8p 2 роки тому +8

    Керемет!Көп рахмет сізге апасы!

  • @user-cs8gf4yh7g
    @user-cs8gf4yh7g 2 роки тому +14

    Тарих 1000жылда бір келетін тұлға

  • @user-yf6dq2nb9n
    @user-yf6dq2nb9n Рік тому +3

    Шәмшінің өзімен кездескендеи болдық қои шіркін бір кем дүниаи рақмет сіззге архивистер

  • @venerasherubaeva765
    @venerasherubaeva765 Рік тому +2

    Шәмші аға, жан аға, жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннатта болсын. Бүгін бір қызық жағдай болды, таңертең ерте тұрғанмын. Ағаның өлеңдерін тыңдайын деп, UA-cam қосқам, осы материал шыға келді, тындасаң Шәмші ағаңның өзінің даусын тында деген сияқты, Алла тағала.

  • @user-xc4bf3xm1c
    @user-xc4bf3xm1c 2 роки тому +10

    АЛЛА колдаган адамды ешким корламайыды кандай керемет. Жан мянги ел есинде Кадар АЛЛА риза болсын даны жанатта болсын

  • @user-xg5bp7kr5o
    @user-xg5bp7kr5o 2 роки тому +9

    Шамши агамыздын арбир ани бир кино.туриктер болса сериялдар шыгарып кояр еди.озимизди озимиз багалап котерумиз керек Карлыгаш.

  • @user-me3ru6vo1t
    @user-me3ru6vo1t 2 роки тому +4

    Керемет екен. Сүйсініп тыңдадым.

  • @user-cy6gv3ig7b
    @user-cy6gv3ig7b 2 роки тому +5

    Керемет естелік, ұрпақ ести жүрсін

  • @user-yp5bh7gi9p
    @user-yp5bh7gi9p 2 роки тому +3

    Керемет Шамши агамен бирге отыргандай куй кештим Карлыгаш ханымга мын алгыс!

  • @user-tc4dw4tp9k
    @user-tc4dw4tp9k 2 роки тому +15

    Бір күнде үш рет тыңдап. Көңілім көтеріліп отыр

  • @arujankolkanatkizi545
    @arujankolkanatkizi545 2 роки тому +3

    Карлыгаш малениетты касиеты курметты адамдарды кадырлей былетын тарбиене басидым аман бол улгыне рамет быр рахаткуйдемын конаев акемыз болган кайталанбас азаматымыз бырге отырган екен сызге алла разы болсын тари х

  • @user-np4ms9kw7n
    @user-np4ms9kw7n 3 роки тому +12

    Ұлы адам керемет қарапайым тума талант

  • @nick_ursus__333.N
    @nick_ursus__333.N 2 роки тому +6

    Аллах сұрағаңызды берсін

  • @yershatsylam5316
    @yershatsylam5316 3 роки тому +14

    Керемет.бір кұнды жазба екен.рахмет.алла разы болсын.

  • @gulsaraormanova5956
    @gulsaraormanova5956 3 роки тому +40

    Недеген керемет, ұлы тұлғалардың даусын есту, бізге бақыт, жазып алған адамдарға мың алғыс

    • @user-tt2rw1jm5e
      @user-tt2rw1jm5e 2 роки тому +1

      эйэ.

    • @user-tt2rw1jm5e
      @user-tt2rw1jm5e 2 роки тому +1

    • @user-iw1lb4hp6u
      @user-iw1lb4hp6u Рік тому +3

      Шәмші әндері қандай тамаша бұндай әндер тағы шықса деймін салмақты мәнді

  • @erssnik.4708
    @erssnik.4708 Рік тому +6

    "шынында да сахнаның адамы емеспін,өзіне қарамайды жұрт біреуді сынағанда шебер.біреуді сынағанда шеберлердің бірі мен.жетісіп тұрмағанымды өзім де білем" дейді Шәмші ағамыз

  • @gulgul-bz5ts
    @gulgul-bz5ts 2 роки тому +5

    keremet rahmet sizge,kairan SHAMSHI agamyz dausyn estip abden riza boldyk,imandy bolsyn!!!🙏🙏❤️❤️🌷🌷🌷👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿Taldykorgan !!!🙏🙏🌷🌷❤️❤️🇰🇿

  • @user-rl8wq6kv5v
    @user-rl8wq6kv5v Рік тому +2

    Қарлығаш қарындасыма рахмет бір көңіліміз көтеріліп қалды

  • @user-le7rp5nn4v
    @user-le7rp5nn4v 3 роки тому +12

    Тамаша естелік, сүйсініп тыңдадым

  • @user-mf6uq2pw8t
    @user-mf6uq2pw8t 3 роки тому +14

    31 жыл сақталған керемет жақсы дүние екен Қарлығаш сізге көп рахмет!

    • @user-xz2kw4ib1r
      @user-xz2kw4ib1r 3 роки тому

      Рахмет, айналайын, Мадрид!

  • @user-bv6wy2ns8o
    @user-bv6wy2ns8o 3 роки тому +8

    Жақсы👍👍👍👍

  • @user-ry7pp3qs2o
    @user-ry7pp3qs2o Рік тому +4

    Шәмші Ағаның жанының тазалығы, Ілия Жақанов Еділ мен Жайық әнін жазғанда тыңдап отырып, бұдан кейін ән жазбасақта болады екен деп басын шайқапты. Не деген кеңдік. Дарқандық. Ұлылық

  • @zhumageldyryskhan7883
    @zhumageldyryskhan7883 3 роки тому +18

    Қарлығаш тәте еңбегіңіз жана берсін! Қандай таза жазылған үнтаспа! Алла разы болсын!
    Талай жылды асырып әкеп асыл тұлғаның әдемі дауысын бізге жеткізу Сізге нәсіп еткен екен!
    Қазақ елі қайта жеткен, біз сағынған, біз іздеген, біз шөлдеген Шәмші дауысы құлақта қалсын, кейінгі жастар Ғибрат алсын!
    Рахмет Қарлығаш апай!

    • @user-xz2kw4ib1r
      @user-xz2kw4ib1r 3 роки тому +2

      Рахмет, айналайын, түсініп бағалағаныңа.

  • @user-tc4dw4tp9k
    @user-tc4dw4tp9k 2 роки тому +17

    Мен қуаныштымын. Шəмші əкеміздің даусын естіп отырғаныма. Сіздерге көөөөп рахмет

    • @user-mq8wq8er5g
      @user-mq8wq8er5g Рік тому

      ӨөқайранДимашатажанжпғңаөзіңніңніңніңөзңсияқтыдарындыадамдардытанибілдіңбірқателікназарбаесияқтысұмырайдыжолатпаукерекедіоллхалчқьыңемссжекебасвнықамынойлағанадамдыһкіметбасынажолатппукерекөзіңеқарсышығыпкейінхалыққтвкүйзеліскеұшыраттымоскваныңайытқанынақарсыіштеңеістейалмадыңсебебігенсекБрежневтісыйладысолкеденазарбаевбастағантопсізгетұзаққұрыпқойғанынсезбедіңіз.

    • @user-mq8wq8er5g
      @user-mq8wq8er5g Рік тому

      Жанызжанатаболсытопырағыторқабосмынврағы

  • @user-sj3xc9ns2x
    @user-sj3xc9ns2x Рік тому +4

    Ән аға

    • @sarahusainova9598
      @sarahusainova9598 Рік тому

      Ағаның барлық өлеңі маңызды өмір бойы айтып жүрміз мықты100 Қарлығаш апамызға мың алғыс дедіңіз сау аман жүріңіз өте мықты әңгіме кітабының барма естелік туралы

  • @user-ut2oe6nn4y
    @user-ut2oe6nn4y 3 роки тому +11

    Керемет, өзімді қазір қастарыңызда отырғандай сезіндім.

  • @user-yg3mb2vb5t
    @user-yg3mb2vb5t 3 роки тому +18

    Керемет естелік екен , Алла разы болсын сіздерге

  • @user-yn7tu2nj5q
    @user-yn7tu2nj5q 10 місяців тому +2

    Недешево. Карапаиым. АДАМ. Козинин. Тирисинде. Кадирлеи. Билмеппиз

  • @user-yp5bh7gi9p
    @user-yp5bh7gi9p 2 роки тому +4

    Улы адамдардын ози де дурыс сози де дурыс!

  • @abaib
    @abaib 3 роки тому +6

    Керемет, рақмет.

  • @alymzhan5233
    @alymzhan5233 Рік тому +2

    Тамаша отырысты тыңдадым. Шәмшінің ән айтудағы шеберлігін білдім. Тек қана композитор емес, әнді де нақышына келтіріп орындайды екен. Қонаевтан ештеме сұрамағаны да, Шәмшінің жанынының тазалығын көрсетеді. Дарындарды Қазақ қоғамы өлгеннен кейін дәріптейді. "Ештен кеш жақсы" деген мақалымыз бар ғой.

  • @Qangly
    @Qangly 3 роки тому +24

    Пах, шіркін! Не деген дастархан басындағы ғибратлы, өнегелі естеліктер еді! Мынандай жазбалар өте сирек қой! Тіпті жоқ десе де болады. Шәмші Қалдаяқов ағаның ән айтқанын естімеген едік, мынау бір тамаша отырыс болған екен ол кісінің тынысын ашқан. Өте керемет! Біздің атақты кісілеріміздің осындай аудио жазбалары, бейне фильмдері неге көп түсірілмеген, неге жазылмаған деп ішім ашиды кейде. Мұқағалидің де бір жөні түзу видеосы жоқ, Шәмші ағаның да. Немқұрайлылық па, барды бағаламау ма түсінбеймін. Мәселен, орыстың Высоцкийінің кинолары да бар, жасырын берген концерттері де бар, кассеталары да тарап жатты ғой. Өз басыма келсек, біздің отбасының да әкеміз тірі кезінде дыбысын таспаға жазған кассеталар болған еді. Ол жерде әкеміз ән айтып, біздер тақпақ оқыған едік. Сол таспалар шашылып жатып, ақыры жоқ болып кетті... Өте өкінішті((((
    Біздің ауылға да көп атақты, атағы жоқ кісілер ел аралап жүріп, концерттермен келуші еді, солардың біразы біздің үйде қонақ болып, дәм ауыз тиіп кеткен еді. Сол кездерде осылай таспаға түсіріп алатын мүмкіндіктер болмапты ғой. Ол кезде запись жасайтын магнитофондар қымбат болды ма екен, біздің үйде сол нәрсе болмады.
    Осы аудионы жазып алған Қарлығаш Исаева әпкемізге де, оның ұлы Әнуар Исаевқа да көп-көп рахмет! Құдай қуат берсін сіздерге! Отбасы, бала-шағаңыздың қызығын көріңіздер!

    • @user-xz2kw4ib1r
      @user-xz2kw4ib1r 3 роки тому +5

      Рахмет сізге! Әркім кесіп-кесіп өздерінің парақшаларына жүктеп просмотр жасап жатыр. Авторлыққа қол сұғып. Тоқтата алмай отырмын! Ватсаппен жіберіп жатыр. Ватсап нұсқасында авторлық көрінбейді ғой. Сонау жылдары 32 ж.бұрын бобинаға жазчлғанды өңдеп,тазалап жсриялап отырмын. Фейсбук парақшамды да қарап жіберіңіз. Ертең Шәкең туралы қызықты мәліметтер бар пост жаричлаймын. Түсінетін зиялы қауымға үлкен тарихи дүние , қанша жазушы, киногерлерге азық!!!

    • @user-rr7gd3rh3i
      @user-rr7gd3rh3i 2 роки тому +2

      Керемет,естеліктер екен қайран ғана ұлы адамдар қарлығаш исаев а сізге үлкен рахмет осындай архивті сақтап қалған

    • @user-ee4kw6mo6c
      @user-ee4kw6mo6c 2 роки тому

      АсяШпщчяясрясс

    • @user-ee4kw6mo6c
      @user-ee4kw6mo6c 2 роки тому

      Һ

    • @user-ee4kw6mo6c
      @user-ee4kw6mo6c 2 роки тому

      Чячясһсщһ

  • @user-uv7jm4xt5j
    @user-uv7jm4xt5j 3 роки тому +20

    ҚАРЫЛҒАШ ХАМЗЕ ҚЫЗЫ, СІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫСІ!! ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ, ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТҰЛҒАСЫ,ҚАЙТАЛАНБАС ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ АҒАМЫЗДЫ ӘЛЕМГЕ СЫЙЛАҒАН, ҚУАНҒАННАН КӨЗІМІЗДЕН ЖАС ШЫҒАРҒАН, ӨЗ ЗАМАНЫНДА, КӨЗІ ТІРІСІНДЕ, ӘН ПАТШАСЫ АТАНҒАН,1977- ЖЫЛЫ МАМЫР АЙЫНДА,АЛМАТЫДА СЕЙФУЛЛИН,ҚҰРМАНҒАЗЫ КӨШЕСІНДЕ, 17-ЖАСАР СЕКЕН ТҰРЫСБЕКОВТЫҢ ТҰҢҒЫШ КҮЙІНЕ, КӨҢІЛ ТОЛҚЫНЫ ДЕП КҮЙДІҢ ЕСІМІН БЕРІП,МЕН БАҚЫРТЫП КІНДІГІН КЕСІП, ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ АҒАМ ТҰСАУЫН КЕСКЕН, СӨЙТІП ДҮНИЕГЕ " ЖАЛҒЫЗІ КЕТКЕН " КҮЙІ КӨЗІ ТІРІСІНДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН!!! ҰЛЫ КОМПОЗИТОР КҮЙІН ЗЕЙІН ҚОЙЫП, КӨРІП,ТЫҢДАП КЕТКЕН.БИЫЛ 44- ЖЫЛ БОЛҒАН ЕКЕН?! ҚҰРМЕТПЕН ДӘУСАРЫ, МӨҢКЕ БИ, ТӨЛЕ БИ ҰРПАҒЫ. РАХМЕТ, ҚАРЫЛҒАШ ХАМЗЕ ҚЫЗЫ, ЕШКІМ БІЛМЕЙТІН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ ДЕП, ЖҮРГЕМ,...

  • @fggfghyfhk5646
    @fggfghyfhk5646 3 роки тому +6

    Күшті!!!

    • @user-lc7jk1xk4y
      @user-lc7jk1xk4y Рік тому

      Шәмші көкеміз не деген шыншыл,
      әділ азамат еді.

  • @user-zp4zk1sf4e
    @user-zp4zk1sf4e 2 роки тому +17

    Құны жоқ, керемет дүние ғой...

    • @sarahusainova9598
      @sarahusainova9598 Рік тому

      Шәмші ағаның жатқан жері жайлы болсын топырағы ТОРҚА болсын иманы жолдас болсын осы ағамыз мінезі тік ашық өте жақсы адам болған осы әңгіме маған қатты әсер күшті апаға мың алғыс осыны бізге жеткізген

  • @user-bd2qj6dn3k
    @user-bd2qj6dn3k 3 роки тому +5

    Өте керемет!! Рахмет!!!

  • @user-gw6gj8bj3y
    @user-gw6gj8bj3y 3 роки тому +4

    👍👍 керемет естелік

  • @user-zt2yo1em9y
    @user-zt2yo1em9y Рік тому +2

    Қайран дара тұлға Шәмші ата жатқан жерің жәннәт болсын өлді деп біз айтамызау қазақ барда өлмейтін ұлы адам

  • @user-zo6cm9fn3i
    @user-zo6cm9fn3i 3 роки тому +9

    Қандай тамаша, адал адамдар. Керемет .

  • @user-rq5tr8pj7y
    @user-rq5tr8pj7y 3 роки тому +12

    Бир биринин кадирине жеткен улылар Динмухаммед , Нургиса, Шамши аталар.Тындап отырып козге жас келеди.

  • @user-yj8vo6lq8c
    @user-yj8vo6lq8c 2 роки тому +6

    Мен осы аудиотаспаны қайта-қайта тыңдаудан жалықпаймын

  • @user-eb9xn3dj6n
    @user-eb9xn3dj6n 2 місяці тому +1

    Өлді деуге болама айтыңдаршы өлмейтұғын артында ән қалдырған

  • @almasalmas7840
    @almasalmas7840 2 роки тому +4

    Акемнин почеркiнен аумайды екен.

  • @user-bv6wy2ns8o
    @user-bv6wy2ns8o 3 роки тому +5

    👍👍👍

  • @user-bv6wy2ns8o
    @user-bv6wy2ns8o 3 роки тому +6

    Керемет

    • @user-xz2kw4ib1r
      @user-xz2kw4ib1r Рік тому

      Ол жылдары видео деген түсінік те жоқ қой...

    • @user-lc7jk1xk4y
      @user-lc7jk1xk4y Рік тому

      Қарлығаш айналайын, сізге мың алғыс Шамші көкенің жанды дауысын есіттіргенің үшін ел - жұртқа.
      Сирек тұлға қазақ үшін.
      Шымкент.

  • @user-ss6so7bi9q
    @user-ss6so7bi9q 3 роки тому +7

    Шапшаң. Дауысының. Есть. Өзін.кргндеу.елестеп.ыриза.болдқ.ырақмет.сіздерге.

    • @user-xz2kw4ib1r
      @user-xz2kw4ib1r 3 роки тому

      Рахмет!

    • @user-sj4db9uz7s
      @user-sj4db9uz7s 3 роки тому

      @@user-xz2kw4ib1r қате жазған асығып әріптерді дұрыс баспаған ба...не сауатсыз ба деп ұялып отырмын

  • @user-gl5tm9ds8r
    @user-gl5tm9ds8r 2 роки тому +2

    Керемет!

  • @Qangly
    @Qangly 3 роки тому +12

    Кім инстагарамдағы тараған осы жазбадан кейін келіп отыр?)) Маған лайық басып қойыңдар деп біз де дауыс жинап қояйық, мүмкін ол ақшаға айналатын шығар!))))

    • @user-xz2kw4ib1r
      @user-xz2kw4ib1r 3 роки тому +1

      Түсінбедім...

    • @Qangly
      @Qangly 3 роки тому +1

      @@user-xz2kw4ib1r А бұл сондай еріккен қалжың сөз ғой) Мән бермеңіз

  • @user-xg5yp6nc7n
    @user-xg5yp6nc7n 2 роки тому +2

    Кто песню исполняет?

  • @user-tl3mz4gg4m
    @user-tl3mz4gg4m 3 роки тому +3

    бұл ұлы тұлғаның ұлы тағылымы.керек ақ.