ЖАСТАР - НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 3 жов 2024
  • 21 маусым күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Abyz GYM» жаттығу орталығының қолдауымен 26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Dostyq cup» атты спорттық сайыс өтті.
    Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортқа жаппай тарту мақсатында ұйымдастырылған шараға 14-35 жас аралығындағы қала жастары қатысты.
    Шараның ашылу салтанатында орталық басшысы Самғат Артығалин және «Аbyz gym» жаттығу орталығының басшысы, Бодибилдингтен спорт шебері, Орталық Азия чемпионы - Абдулахат Асенов сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі.
    Сайыста қала жастары спорттың 4 түрінен бақ сынасты.
    1. Белтемірге тартылу;
    2. Қол күрес;
    3. Жерден көтерілу (отжимания);
    4. Брусья;
    Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар орталық тарапынан дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.
    Шарада 500 тарта қала тұрғындары мен жастары қамтылды.
    Біздің Instagram: www.instagram....
    Біздік TikTok: www.tiktok.com...
    #ақтөбе #dostyqcup #спорт #aqtobejastary #aqtobe #qazaqstan #актобе #новости #жаңалықтар #sports

КОМЕНТАРІ •