Дубайға қыдырып барған қазақстандықтар әлі елге қайта алмай отыр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 17 лис 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Дубайға қыдырып барған қазақстандықтар әлі елге қайта алмай отыр. Өйткені Біріккен Араб Әмірліктерінде екі күн қатарынан бұрын-соңды болмаған жаңбыр жауып, әуежайдың ұшу-қону жолағын су басып қалған. Рейсін бірнеше күннен бері күткен отандастарымыздың қарасы көп. Олардың қазіргі жағдайы қалай? Қандай қиындықтар бар? Әріптесім Махаббат Нұржанқызы Дубайда жүрген отандастарымызбен тілдескен еді.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Біріккен Араб Әмірліктерінің синоптик мамандары бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбыр 75 жылдағы ең қатты нөсер болғанын айтады. Жауынның бір жылдық нормасы 200 милиметр болса бір тәуліктің ішінде 254 милиметрге жетіпті. Жауынның соңы дауылға ұласып, даладағы жиһаздар ұшып кеткен. Көлге айналған көшеде жүру тіптен қиындаған болатын. Бірақ Дубайда жүрген отандасымыз Алпамыс Түзелбаев жағдайды қалыпқа келіп, су басқан көшелердің дені тазартылғанын айтады.
    АЛПАМЫС ТҮЗЕЛБАЕВ, қазақстандық турист:
    - Таңғы уақытта кішігірім көшелерде кейбір қиындықтар болды, оларды небәрі 10 сағатта барлығын тазалап, қайтадан жұмыстарын жалғастырып жатыр.
    Бірақ Дубай халықаралық әуежайында әлі қарбалас. Рейсі кейінге шегеріліп, еліне ұша алмаған жолаушылардың қарасы қалың. Олардың арасында Жанар да бар. Жылы жаққа демалуға барған қазақстандық елге қайта алмай қиналғанын жасырмайды. Қазір туристік оператор оған қонақ үй тауып беріп, орналастырыпты.
    ЖҰЛДЫЗ САЛИМОВА, қазақстандық турист:
    - Шынымен де қорқынышты жағдай болды. Өйткені біз сол кезде Абу Дабидан Дубайға тас жолмен келе жатқан едік. Дубай әуежайы өзінің қуаттылығынан 20 пайыз ғана жұмыс істеп жатыр екен. Сондықтан 2 күннен бері ұша алмай тұрған рейстер кезек бойынша ұшып кетіп жатыр. Бірақ біздің рейсіміз шамамен сәуірдің 20-сына дейін шегерілді деген ақпарат бар. Қазір енді күтіп отырмыз.
    «Туристік Қамқор» төрағасы Инна Рей әуежайдың ұшу-қону жолағын су басқанын мәлімдеді. Соның салдарынан әуе кемелері ұша алмай қалған. Қазір ұшақтардың барлығы техникалық тексерістен өткізіліп жатыр екен.
    ИННА РЕЙ, «Туристік қамқор» қорының төрағасы:
    - Қолданыстағы заңнамаға сәйкес форс-мажорлық жағдайда туристік операторлар жауапкершіліктен босатылады. Алайда соған қарамастан, әрбір оператор туристерді орналастыру және тамақтандыру бойынша жауапкершілік алып отыр. Сонымен қатар, авиакомпаниялар билет ақшасын толық қайтарады немесе басқа күнге билет береді.
    Қазақстандық туристердің құқығына кепілдік беретін қордың мәліметінше дәл қазір Дубайда мың жарымнан астам отандасымыз бар. Қазір аталған қалада жауын тоқтаған. Бірақ кеше ұшуы тиіс мыңдаған турист еліне қайта алмай жүр.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 49