«JAC DOSCAR KYZYLORDA» орталығы ашылды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 24 чер 2024
  • Облыс орталығында «JAC DOSCAR KYZYLORDA» автосалоны ресми түрде ашылды. Салтанатты кеште «JAC» компаниясы ұсынған JAC J7 plus автокөлігінің таныстырылымы өтті.
    Талғампаз дизайн мен динамикалық әлеуеттің заманауи үйлесімі. Су жаңа автокөлікке толық диодты шамдар орналастырылып, панорамалық шыны шатырмен көмкерілген. Ал салонының кеңдігі отбасылы жандар үшін тиімді. Ең бастысы бұл темір тұлпарларды алу үшін компания тарапынан арнайы жеңілдіктер де қарастырылған.
    НҰРЖАН САДЫРБАЕВ - «JAC DOSCAR KYZYLORDA» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
    «Қазіргі таңда JAC компаниясында халыққа өте қолайлы программалар бар. Ең алдымен біздің көліктер отандық өнім. Сондықтан біз әр адамның арманын орындауға көмектесеміз. Сол көліктерін бөліп төлеу, жеңілдетілген пайыздармен алуға болады. Болмаса стандартты деген бағдарламалармен алуға болады».
    ГҮЛАЙЫМ БАЛХОДЖАЕВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Біз отбасымызбен осы компаниядан 6-майда алдық. Алғанымызға 1,5 ай болды. Өзімізге ұнайды. Комфортно. JAC J7 алдық біз ол кезде. Отбасылы адамдарға ыңғайлы. Баланы отырғызуға, жүк салуға өте ыңғайлы».
    Жалпы JAC компаниясының тарихы 1964 жылы автокөлік бөлшектерін шығарудан бастау алған. Көп ұзамай компания коммерциялық техника өндірісін жолға қойып, 2000 жылдан бері өзінің JAC брендімен жеңіл автомобильдер шығарып келеді.
    НАРИМАН БЕКТҰРОВ - «JAC MOTORS QAZAQSTAN» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
    «Биылғы жылы JAC компаниясына 60 жыл толады. Осы уақыт аралағында компания үлкен даңғыл жолдан өтіп келеді. Қазіргі таңда әлемнің 130-дан аса мемлекетінде біздің филиалдарымыз бар. Қазір біздің 19 заводымыз бар. Оның ішінде айта кету керек, Қазақстанда Қостанай облысында бар».
    JAC компаниясы Қазақстан нарығына 2015 жылы келген. Қазіргі таңда еліміздің 18 қаласында 27 нүктесі бар. Ал аймағымызда биыл ашылған компания филиалы арқылы қазірдің өзінде 100-ден аса көлік өз иесін тапқан. Бұл ең алдымен тұтынушылардың бізге деген зор сенімі дейді, компания өкілдері.
    Сайт - qyzylordatv.kz/ru/live
    Facebook - / qyzylordatv
    Instagram - / qyzylordatv
    Telegram - t.me/qyzylords_tv
    Tiktok - / qyzylorda_tv

КОМЕНТАРІ •