«Үйшік» ертегісі. Білім беру саласы : Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру. Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету. Барысы: «Үйшік ертегісі». Ал, балалар біздің бүгінгі «Үйшік» ертегімізді тамашалайық. Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? - Мен, шиқылдауық тышқанмын. - Ал мен, бақылдаған бақамын. - Кел, бірге тұрайық! - деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? - Мен, шиқылдауық тышқанмын. - Мен,..бақылдаған бақамын. - Ал сен кімсің? - Мен, секеңдеген қоянмын. - Кел, бізбен тұр! Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? - Мен, шиқылдауық тышқанмын. - Мен, бақылдаған бақамын. - Мен, секеңдеген қоянмын. - Ал сен кімсің? - Мен түлкішек-әпкемін. - Кел, бізбен тұр! Енді олар төртеу болады. Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? - Мен, шиқылдауық тышқанмын. - Мен, бақылдаған бақамын. - Мен, секеңдеген қоянмын. - Мен, түлкішек-әпкемін. - Ал сен кімсің? - Мен, сұр қасқырмын. - Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? - Мен, шиқылдауық тышқанмын. - Мен, бақылдаған бақамын. - Мен, секеңдеген қоянмын. - Мен, түлкішек-әпкемін. - Мен, сұр қасқырмын. - Ал сен кімсің? - Мен, қорбаңдаған аюмын. - Кел, бізге! Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды. - Мен, шатырда тұрайын. - Бізді басып қаласың. - Жоқ, қорықпаңдар. - Жарайды, шық. Аю отыра қалғанда үй: «тарс» - етіп құлады. Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты! Қорытынды:Балдырған баламыз, Досты көп табамыз. Қашан да, достар бір біріне Сенімді боламыз!
«Үйшік» ертегісі.
Білім беру саласы : Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі
Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.
Барысы: «Үйшік ертегісі». Ал, балалар біздің бүгінгі «Үйшік» ертегімізді тамашалайық. Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
- Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? - Мен, шиқылдауық тышқанмын. - Ал мен, бақылдаған бақамын. - Кел, бірге тұрайық! - деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? - Мен, шиқылдауық тышқанмын. - Мен,..бақылдаған бақамын. - Ал сен кімсің? - Мен, секеңдеген қоянмын. - Кел, бізбен тұр! Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? - Мен, шиқылдауық тышқанмын. - Мен, бақылдаған бақамын. - Мен, секеңдеген қоянмын. - Ал сен кімсің? - Мен түлкішек-әпкемін. - Кел, бізбен тұр! Енді олар төртеу болады. Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? - Мен, шиқылдауық тышқанмын. - Мен, бақылдаған бақамын. - Мен, секеңдеген қоянмын. - Мен, түлкішек-әпкемін. - Ал сен кімсің? - Мен, сұр қасқырмын. - Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады: - Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады? - Мен, шиқылдауық тышқанмын. - Мен, бақылдаған бақамын. - Мен, секеңдеген қоянмын. - Мен, түлкішек-әпкемін. - Мен, сұр қасқырмын. - Ал сен кімсің? - Мен, қорбаңдаған аюмын. - Кел, бізге! Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды. - Мен, шатырда тұрайын. - Бізді басып қаласың. - Жоқ, қорықпаңдар. - Жарайды, шық. Аю отыра қалғанда үй: «тарс» - етіп құлады. Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!
Қорытынды:Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, достар бір біріне
Сенімді боламыз!
Мен тек қазақша сөйлеймін орысша сөйлейтін баллар қазір түсіне бастады қазақша
Неге қазақша әуен қоймайды? Бала бақшадан бастап ана тілінде сөйлетіп үйрету керек