«Туған жерім, киелі кең бесігім» тақырыбында аудандық видео ролик байқауы Winners тобы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 3 січ 2024
  • 2023 жылдың 25 желтоқсан күні Қаратау құрылыс-техникалық колледжі мен Талас ауданы білім бөлімімен бірлесе отырып кәсіби бағдар беру мен үгіт-насихат іс-шараларының аясында 16-желтоқсан «Тәуелсіздік күніне» орай «Туған жерім, киелі кең бесігім» тақырыбында аудандық видео ролик байқауын өткізілді.
    Мобилография - бұл кәсіби фотоаппараттың көмегіне жүгінбей, сандық камерасы бар электронды құрылғыларды қолдану арқылы сапалы бейне жасайтын фотосурет түрі. Видео ролик байқауы мобилография саласында жаңа идеялардың пайда болуын ынталандыру және оларды іске асыруға жеткізу мақсатында өткізілетін іс-шара.
    Байқау жас ұрпақ арасында туған жеріне сүйіспеншілігін, құрметтеуін дәріптеу, мобилография саласында жаңа идеяларды қалыптастыру мақсатында өткізілді.
    Байқауға Талас ауданының 9-11 сынып мектеп оқушылары арасында мобилография саласындағы 12 команданың дарынды жастары қатысып, колледж базасы және оқытылатын мамандықтармен таныстырылды.
    Дайындалған видеолар ұсынылған материалдардың конкурс тақырыбына сәйкестігі, нақты тұжырымдалған идеяның болуы, ұсынылған материалдың өзіндік ерекшелігі, диктордың шешендік қабілеті, кескінді тұрақтандырудың болуы, дыбыс сапасы (бөгде дыбыстардың болмауы, жаңғырық әсері), кадрлардың көлемін өзгерту, материалды реттелген монтаждау, бейне өтулерін қалыпты пайдалану, бейнеролик ұзақтығының критерийіне сәйкестігі бойынша бағалау критерийлері арқылы кәсіби мобилограф, мәдениет саласы, «Жастар ресурстары» қызметкері, тілші және аудан білім бөлімінің «Информатика» пәні әдіскері тараптарынан бағаланып жүлделі орындар тағайындалды.
    Көшек батыр ауылының Жамбыл атындағы орта мектебінің K.B.U. тобы (Мейірбек Аянат, Бекберген Бинұр, Білтен Дәулет), жетекшісі Тыныбек Ерғазы - Бас жүлде, Қаратау қаласы, мектеп - лицейінің LV тобы (Салиханқызы Еркеназ, Сағынтай Инабат, Нұрсейіт Әсет, Якияев Қазыбек), жетекшісі Жанысбек Жандос Бақбергенұлы - 1 орын, А.Байтұрсынұлы атындағы гиназияның GYMSheker тобы (Аманжол Нұрбол Нұрланұлы, Сатыбалды Алиасқар Өміржанұлы, Әнуарбек Жібек Ғалымжанқызы), жетекшісі Айтжанова Назира Жолдыбаевна - 2 орын және 3 жүлделі орынды №1 мектеп-лицейінің «Мисс технологии» тобы (Таласова Ақниет, Абдужамилова Насима, Даулетбай Аяна), жетекшісі Жуманалиева Гулнар Саламатовна иеленіп бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    Байқауға белсене қатысқан командалар Алғыс хатпен және жетекшілері сертификатпен марапатталды.

КОМЕНТАРІ •