БОЛЫСБЕК БАТТАЛХАНОВ: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы не білеміз? | ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА | #41
Вставка
- Опубліковано 10 лют 2025
- 00:03:11 - 1 үйден шыққан 3 академик
00:10:36 - Еден жуушы әйел
00:24:36 - Музейге қоятын жәдігер қалмаған
00:34:38 - Д.Қонаев барлық жерді қайтарып ала алды ма?
00:37:44 - Шет мемлекеттерде де ерекше құрметке ие
00:51:57 - Алматыдағы монша, Медеу мұзайдыны құрылысының салынуы
01:03:48 - “Басқаны білмесең де, цифрді білу керек”
01:05:11 - Д.Қонаевты толығырақ тану үшін қай кітапты оқу керек?
01:10:55 - Оқырмандарға сыйлық
Бүгін “Төртеу түгел болса…” бағдарламасының 5-маусымы басталды. Жаңа маусымның алғашқы қонағы - Д.Қонаев мұражай-үйінің директоры Болысбек Батталханов. Шығарылымда Дінмұхаммед Қонаевтың шет мемелекеттердегі кездесуі, академик ретіндегі зерттеулері туралы әңгіме қозғалды. Бағдарлама спикерлері - Shonbay Business School негізін қалаушылар Қуаныш Шонбай, Мейірбек Бердібайұлы, Ескендір Бестай және кәсіпкер Таир Нугманов.
ТТБ көрермендеріне Болысбек Батталхановтың қолы қойылған Д.Қонаевтың "Ақиқаттан аттауға болмайды" кітабы сыйлыққа беріледі
Сыйлықты алу шарты:
Д.Қонаев жары Зухрамен қалай танысқаны туралы комментарийге жазу;
дұрыс жауап жазған алғашқы 5 адамға сыйлық беріледі.
40 ШЫҒАРЫЛЫМ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
1) Uatkhan Algabekuly
2) Мадияр Байдолла
3) Медет Амантайұлы
4) Нұрбек Сапарғалиұлы
5) Emiral
6) Нұрлы жан💌
7) Alimzhan Miron
8) Макс Абенов
9) Марғұлан Алмабай
10) Жанар Сермаханова
Құттықтаймыз! "КЕМЕЛ АДАМ" кітабын ұтып алдыңыздар. Осы тізімде бар жеңімпаздар сыйлықтарыңызды алу үшін / dohanayy байланысқа шықсаңыздар болады!
Ескерту: Тек қана осы тізімде бар жеңімпаздар ғана жазуы сұралады.
1. UA-cam акаунтыңызды растайтын скрин
2. Толық аты-жөніңіз
3. Толық мекен жайыңыз
4. Басқа қаладан болсаңыз КАЗПОЧТА индекс номері
Жоба парақшалары:
► Instagram: / shonbay.online
► Facebook: / shonbay.online
► Вконтаке: sho...
Жеке парақшалар:
Instagram: ...
Telegram: t.me/joinchat/...
Керемет керемет басқа айтар сөзім жоқ.
ТТБға улкееен Рахмет.
Оте керемет шыгарылым👏👏👏Зейнеп Ахметова апамызды конакка шакырсаныздар типтен керемет болар еди!!!
Астанадан Салем✋
Музейде болдым👏👏👏👍
Просмотр аз болганымен, оте пайдалы акпарат кызык форматта берилген. Жалпы аудиторияга арналмаган, просмотр аз деп токтап калманыздар осындай форматты
Куштииии отырып тындадымгой, керемет, улги боларлык тулга болыптыгой, атамыз, оказывается коп нарсе билмид екенмин, ол киси туралы👍👍👍👍👍
Болысбек ағаға денсаулық тілеймін. Сіздерге көп рақмет
Жарайсын БРАтжан Сырымбек Тауды шакыршаныз конакка
1939 жылы қыркүйектің соңында Дінмұхамед Қонаев Балқаштан Алматыға сапар шегіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қайраткерлерімен бірқатар кездесулер өткізеді. Сол күні Зухра Шәріпқызымен танысады. Дінмұхамед Ахметұлы қызға қызметі Риддерге ауысатынын айтып, «Зухра, менімен Риддерге баруға қалай қарайсың?», - деп сұрады. Бұл - Дінмұхамед Қонаевтің Зухраға тұрмыс құруға жасаған ұсынысы болатын. Қыз келісімін берген кез Қонавтың өміріндегі ең бақытты сәттердің бірі еді. «Сүйіктіммен кездескенім үшін тағдырыма ризамын. Біздің көңілді тойымыз 18 қазан күні әпкем Әмина Ахметқызының пәтерінде өтті. Қонаққа институттағы достарым, Қазақ тау-кен институтының мұғалімдері, инженер Жақсыбаев пен Кравченко, Зухраның ағасы Гариф Шәріпұлы жас жұбайымен келді...», - деп жазды Дінмұхамед Ахметұлы өз естеліктерінде. Өкінішке орай, ерлі-зайыптылар балалы болмады, соған қарамастан, тату-тәтті ғұмыр кешкен.
Қонаевқа әкесі ма жолдастары ұсыныс тастағанда екінші әйел алып ұрпақ сүй дегенде Димаш атамыз бүткіл қазақтың баласы менің балам деп жауап берген екен! Көңілінде Зухра анамыздың қимаған екен!
Қандай тамаша естеліктер, оқысамғой шіркін кітабын. Ұлы тұлғаларды білмеу бізге сын!
Қонаев жай ғана коммунист, тірі кезінде өзіне ескерткіш қойған, қазақ мектептерін жауып, Алматыда жалғыз қазақ мектеп қалған. Менің әке шешем ауылдан Алматыға көшіп келгенде талай қиындықтарға тап болды, орыстардың қаласы болды. Қазіргі сендердің орыс сөздерін қосып сөйлеп отырғандарың Қонаевтың арқасы. Ол Назарбаевтың билікке келуіне жауапты. Ең бастысы, тіпті тәуелсіздік алғаннан кейін де желтоқсаншыларды жақтап бір ауыз сөз айтқан жоқ!
Күшті шығарылым болды осындай тұлға танушыларды барынша көп шақырсаңыздар жақсы болар еді жақсы мәлімет алдық. Мүмкіндік болса Бауыржан Момышұлы туралы бір шығарылым болса.
Жұлдызы жарық кісі болған екен. Шетел басшыларының ерекше құрметтеуі де содан. Көркем мінез, құла әдеп, мінсіз мәнер, асқан білім, сұңғақ тұлға, шебер іскерлік, терең ой, керемет жауапкершілік, таза эго - осының барлығы кімді болсын сыйлаттыратын қасиеттер. Осының бәрі Димаш ағамыздың бойынан табылады.
Керемет сұхбат болды жигиттер сиздерге алла разы болсын
Өтте жақсы шығарылым, Рахмет сіздерге, өзыме Дінмұхамед атамыз туралы жаңа ақпараттар алдым және атамыздын кітаптарін оқуға деген қызығушылығым артты, Рахмет!!!
Аса сүйсініп тыңдадым. Рақмет, жігіттер!
ТТБ ұжымына рахмет. Өте керемет шығарылым болды.Қонаев атамыз өмірімен ісімен үлгі бола білген тұлға.Қазақ халқы Қонаевты ешқашан ұмытпайды деп ойлаймын.Келесі шығарылымда Ерлан Ақатаевты шақырсаңыздар екен.Ол кісі өте білімді ғалым.ТТБ мүшелеріде өте білімді азаматтар.Сондықтан өтініп сұраймын.
Өте керемет пайдасы орасан зор сұхбат болды
Ағалар рахмет. Бұл шығарылымның тақырыбы, форматы ұнады. Тағы басқа ұлы тұлғаларды осындай форматта басқа жақтарынан тану қызық болатын сияқты. Документалка көргеннен осындай еркін сұхбат түрінде ыңғайлы. Келесі жолы, мысалы, Мағжан Жұмабаев жайлы толығырақ айтып беретін кісі шақырсаңыздар)
ТТБ-ның барлық шығарылымын көрдім, бірақ мына шығарылым ерекше өзіме әсер етті. Бұған дейін қаншама мәрте коментарий жазуды ойлап, жазбаған едім. Осы жолы жазу керек болды... Кітаптардан бір кітап бұйырса өте қуанар едім. Қаншама шет елдердің танымал тұлғаларының өмірбаянын оқып ойлайтын едім неге қазақта осындай тұлғалар жоқ деп(шынайы, өзіміздің заманымызды жақын 100-жылдықта өмір сүрген). Негізі шыныменде Қонаев атамыз жайлы мағлұмат өте аз. ТТБ-ның шығарылымында осы форматтағы дүниелерді жалғастыру қажет секілді. Барлық ТТБ ұжымына рахмет. 👍🏻✊🏻✊🏻✊🏻✊🏻✊🏻✊🏻
Д.Қонаев атамыздың кітабын алып оқу керек екен тұнып тұрған тәжірбие мен пайдасы мол ақпарат секілді👍
*Қайырлы күн* Д. А. Қонаев атамыздың жары Зухрамен танысуы.
Зухра Шәріпқызы орта-білімді, есепші -экономист мамандығын алған. Соған қарамастан, тарихи кітаптарды көп оқыған.
Қонаев Зухрамен 1937 жылы бірнеше күнге Алматыға келгенде танысқан. Оның институттағы досы Мақсұт Бақаев Зухрамен бірге тұратын әйеліне хат беріп жіберуді өтінген. Олар осылайша танысып, өзара хат жазысып жүреді. 1939 жылы Димаш Ахметұлын Риддерге ауыстыруға шешім қабылайды. Осы кез ол Зухраға келіп: "Мүмкін, сен менімен бірге барарсың?" - деген. Димаш жарына үйлену туралы ұсынысты осылайша жасаған. Жас жұбайлар үйлену тойларын Қонаевтың үлкен әпкесі Әминаның үйінде өткізеді. Тойдан кейін олар бірден Риддерге кеткен. Екеуінің ондағы өмірі қиындыққа толы болған. Димаштың әпкесі "Риддерге олар алғаш барғанда екеуінің күнкөрістері Зухра сауатын бір сиыр ғана болған",-деп айтқан естеліктерінде.
Зухраны білетіндердің айтуынша, ол басқа әйелдер секілді алтын білезік, алқаға қызықпай, діни кітаптарды жинап, қасиетті Құранды қастерлеп ұстаған.
Димаш Ахметұлы, өзі айтпақшы тұп-тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан жұбайы Зухра Шәріпқызына деген махаббатын өмір бойы жанына жалау ғып өткен, өле-өлгенше сыйласқан.
Rahmet ✊🏻✊🏻
Керемет әсер қалдырды!!!
Конаивтанушы агамызга Куанышка Меирбекке Жигиттерге Рахмет мынандаи сухбатушун
Керемет шыгарылым
Қонаевты жамандайтын адам көрмедім шынымен! жақсы кісі болған екен
Димаш атамыздың жаны жәннатта болсын, сіздерге үлкен алғыс!!!
Рахмет🌹
Керемет
Рахмет
Көп рахмет Алла разы болсын ағалар!
Қонаев атамыз - аңыз адам ғой . Қазіргі басшылар үлгі алса екен
Оооооо Ескердім мырза 😍😍😍🔥🔥🔥🔥🔥
Ақша туралы бір сөз айтылмаған , бір-ақ Адамдық қасйет туралы ең керемет , шығарлым болды …. Қатты әсер етті ! Қазақ боп туылғаныма тағы бір рет шүкір еттім !
Өте керемет шығарылым болды👍🏻
Ассалаумағалейкүм жігіттер. Шарт Қонаев атамыздың музейінде селфи болғанда талай адам барар ма еді?! Керемет сұқпат болды. Сәттілік жігіттер.
Жалпы ТТБ ұжымы 🔥❤️ бомбаго ТОП
Мощь ерекше шығарылым осы уақытқа дейн кітаптары барын білмеген екенмін 🔥🔥🔥👍
Болысбек аға сізге рақмееет!Осы түсірілім ерекше ұнады😍 а то ақша,мотивация,бизнес деп бір тема қайталана беретін…Бұл түсірілім терең тыныс сыйлады.ТТБ рақмет,осындай “легенда адам”ды айтатын,көзі көрген тұлғаларды шақырып тұрыңыздар🙂
Қонаев жай ғана коммунист, тірі кезінде өзіне ескерткіш қойған, қазақ мектептерін жауып, Алматыда жалғыз қазақ мектеп қалған. Менің әке шешем ауылдан Алматыға көшіп келгенде талай қиындықтарға тап болды, орыстардың қаласы болды. Қазіргі сендердің орыс сөздерін қосып сөйлеп отырғандарың Қонаевтың арқасы. Ол Назарбаевтың билікке келуіне жауапты. Ең бастысы, тіпті тәуелсіздік алғаннан кейін де желтоқсаншыларды жақтап бір ауыз сөз айтқан жоқ!
Динмухамед Ахметулы Конаев 80 жасын Жамбыл облысы, Талас ауданында тойланган! Димаш атамыздай ер азаматтар коп болсын!
Осындай ірі тұлғаларымызды таныстыратын үлкен ағаларымыз көп болсын.
Керемет бағдарлама болды!!!Елдің ірі тұлғасының адами қасиеті ашылды.Ер болған ердің бейнесі.!!!
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атамыз керемет. Аллаһ тағала ол кісіден разы болсын...
Сұхбат, жақсы өтті. 3 адам жеңіл қарады немесе солай болып көрінді. Ескендір бауырыма, атамыз туралы оқып зейін қойғанына рахмет.
Ассалаумағалайкум. Сіздерге үлкен рахмет Дінмухаммет атамыз жайлы тыңдап бір рахатқа бөлепніп тыңдадым. Сіздердің ұжымыңызға улкен сәттілік.
Рахмет сізге Димаш Ахметович 🙏
Қазақ жастарына білу керек мағлұматтар айтылды!Жасым 29 да ,бірақ Қонаев атамыз туралы біраз зат біліп алдық!ТТБ ұжымына көп рақмет!Қазақ батырлары туралы көп айтылсын,жастарымыз білуі шарт деген ойға келдім!!!
Ерекше сұхбат! Болашақта өзіміздің тұлғалар жалғасып тұрса керемет!
Керемет. Алла разы болсын сіздерге Ағалар. Осындай контент үшін. Димаш атамыз жайлы біраз қызықты жаңалықтар біліп алдық. Қуаныш мырзаның реакция жеке бір бөлім ғой))) тамаша
Өте керемет шығарылым болды. Осы жылы мерей тойы кезінде неге мемлекет деңгейінде аталып өтпеске деген ой келді. Осындай тау тұлғаларымыз туралы шығарылымдар болып тұрса
Болысбек ағамызға, ол кісіні тыңдауға себепші болға сіздерге мың алғыс
Рахмет көп-көп керемет шығарылым болды!
Кітаптардың оқылу реттілігі:
1) Өтті дәурен осылай
2) Ақиқаттан аттауға болмайды
3) Қонаев және Алматы
4) Елу жыл ел ағасы
5) 30 дней в Китае
Осы кітаптарды қайдан алуға болады? Бөлісе кетсеңіз;)
Өте жақсы Шығарылым, көп ақпарат алдық Қонаев атамыз туралы. Көп рахмет ТТБ каналына
Керемет 🔥
Оте керемет
Өзінше әдемі сұхбат болды. Димаш атамызды зерттеп жүрген ағаның еңбегі жана берсін. Енді Мұрат Есжанды (Ахмет. Ұлт ұстазы) күтеміз. Өзім әсерленіп көргесін, сериал трендте жүрген сияқты көрінеді.
Д. Қонаев атамыз Зухра апамыз 1937 жылы Алматыға бірнеше күнге келгенде танысқан . Оның инситуттағы досы Мақсұт Боқаев Зухрамен бірге тұратын әйеліне хат беріп жіберүді өтінген. Олар осылайша танысып, өзара хат жазысып жүреді. 1939 жылы Димаш Ахметұлын Риддерге ауыстыруға шешім қабылайды. Осы кез ол Зухраға келіп: "Мүмкін, сен менімен бірге барарсың?" - деген. Димаш жарына үйлену туралы ұсынысты осылайша жасаған.
"Димаш Ахметұлы, өзі айтпақшы тұп-тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан жұбайы Зухра Шәріпқызына деген махаббатын өмір бойы жанына жалау -ғып өткен, өле-өлгенше сыйласқан.
..
##
+++
👍👍
Мыхты,инсайттар басымда жарылып жатыр,сөзім жоқ🔥🔥🔥🔥
Куаныш мырза Мейірбек Мырза Аллah разы болсын 🔥
Ма ша Аллаһ, ТТБ Алла берекесін берсін,ағамызға да Алла разы болсын,қандай көп ақпарат білдік Димаш атамыз туралы👍👍👍
Динмухамед Кунаев познакомился с Зухрой Ялымовой в 1937 году, когда приехал на несколько дней в Алма-Ату. Его друг по институту Максут Бакаев попросил передать письмо жене, которая в это время жила вместе с Зухрой. Так они и познакомились. Началась переписка. А в 1939 году Димаша Ахмедовича решили перевести в Риддер. Он приехал к ней: "Может, ты со мной поедешь?" Такое вот получилось предложение руки и сердца.
До передачи письма, где и как увидел?
Қуаныш мырза осындай сұхбатқа дайындықпен келсеңіз керемет болар еді.Сіздің сұрақтар қарын аштырады, шикі...
Мыкты 👍👍👍Жарайсыздар!!!
Рақмет сіздерге Қонаев атамыз туралы жастарға жан-жақты таныстырдыңыздар.
Тамаша ,əсерлі ,пайдалы , шығарылым болды.Көп рақымет!
Тамаша керемет шығарлым
Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ.
Керемет әңгіме болды. Мен де қатты қызығамын атамызға. Менің бауырлас атаммен қатты араласқан кемел тұлға болған.
П. С. Қуаныш мырза, Шара апамыздың әңгімесін айтып берсеңізші. Бізде біліп жүрейік.
Жақсы отырыс болды , Болысбек ағамыздың Димаш атамыз туралы айтуы тірідей көргендей етіп жеткізеді, Атамыздың өз уақытынан озық болғанына тағы осы подкастта айтылған сөздер дәлел: мысалы, үздік дипломат болуы ,ғылымға қызуғышылық,цифрді білуі т.б ТТБ ұжымына тағы да рақмет!
Көп көп рақмет сіздерге.Алла разы болсын.
Өте керемет әсер алдық.Рахмет сіздерге қазақтың ұлы тұлғасының қазақ халқына тағы да жақынырақ тануына ықпал еткендеріңізге.
Бауырлар міскіндерді тамақтандырайық ❤️ садақа беріп жүрейік ❤️ балалар үйіне барып тұрайық ❤️ Алла разы болсын
🔥🔥🔥
Тамаша сұхбат
Болатбек аға деп, сосын жалпы сізді қалай таныстырса болады деп жақсы құтылып кетті Кука. ✓
Мен тұңғыш мұражай директорі, өзім сонын жәдігерлері теріп аштым,бәрі сол кезде сенбеген,біз аштық.
ол кісінің тұсында бүкіл қазақ мектептері жабылған. Ал мұнда "өйткені оқитын адам болмады" дейді...
Ағамамыздың әңгімесі бізге қазына. Қонаев атамыз керемет адам еді❤️
Д . Қонаевтың Аты Пайғамбармен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) аттас болғасын берекелі адам болған-ау феномені.
Жалпы адамда тектілік деген код, дінге амал ете бастаған сәтте , тұлғалық қасиеттері ашыла түсіп, абыройы өсе түсетін секілді. Анығын Алла білуші.
Рахмет, Алла разы болсын!
Атамай дейсіз бе😂. Аллаһ тағала қате кемшіліктерін кешірсін. Рахмет, Қонаев атамызға🤲
Димаш атамызбен Зухра апамыздың бірінші кездесуі жайлы!
Знакомство Кунаева с Зухрой Шариповной было во многом случайным. Когда Димаш Ахмедович поехал в свой первый отпуск на юг Казахстана через Алматы, его приятель попросил передать письмо своей знакомой. Этой самой знакомой и оказалась Зухра Шариповна Ялымова. «Это была любовь с первого взгляда!»
1)Д.Қонаев атамыз Зухрамен 1937 жылы бірнеше күнге Алматыға келгенде танысқан. Оның институттағы досы Мақсұт Бақаев Зухрамен бірге тұратын әйеліне хат беріп жіберуді өтінген. Олар осылайша танысып, өзара хат жазысып жүреді. 1939 жылы Димаш Ахметұлын Риддерге ауыстыруға шешім қабылайды. Осы кез ол Зухраға келіп: "Мүмкін, сен менімен бірге барарсың?" - деген. Димаш жарына үйлену туралы ұсынысты осылайша жасаған.
2)Келесі деректе,Қонаев атамыз Зухра апамыздың анасымен бірге істеген екен,Дінмұхамед атамызды анасы бір зат алып келуге жұмсаған,сонда есікті Зухра апамыз ашқан
Д.Қонаев пен жары Зухра апамыздың таныстығы жайында еш өзгертпестен өзінің "Өтті дәурен осылай" кітабында жазғанымен бөлісейін.
Өлгенде көрген ұлы той дегендей, мұрсат алар сәтті қолдан шығарып алмайық деп, ешқайда алаңдамастан Алматыға тартып кеттім. Ол кезде үлкен әпкем Әмина осы күнгі Карл Маркс көшесiндегi отыз төртінші үйде, әке - шешем қаланың теріскей тұсындағы Күрті көшесінде тұратын. Қай ата - ана баласының жалғыз жүргенін қалайды дейсіз. Келе жан алқымға алды. Қарағым, бас екеу болмай, мал екеу болмас, - деді әкем.
Сөйтіп жүргенде Шымкенттен хат келді. Алдында ғана менімен бірге оқып, қатар диплом қорғаған, кейінірек кандидаттық диссертацияны да бір күнде қорғаған, сонда қызмет істеп жүрген Масғұт Бақаевқа: « Құдай қос көрсе, демалысқа келіп, өз үйім, өлең төсегімде аунап - қунап жатырмын » деп хат жазып жібергенмін. Екі - үш күн аралатпай жауап алғаныма әрі таңдана, әрі қуана хатты оқыдым. Басы артық сөз жоқ. Тек: « Егер уақыт тапсаң, мына қосымша хатты Фурманов көшесіндегі 135 - үйде тұратын Зухра деген менің құдай қосқан қосағымның жан құрбысына апарып беруіңді сұраймын » депті. Мен онша мән бере қойған жоқпын. Бірақ: « Масғұттың әйелінің есімі де Зухра, мына құрбысының да аты Зухра, қызық екен! » деп таңдандым да, салып отырып әлгі адреске тарттым. Келсем, аққұба, талдырмаштау, орта бойлы бойжеткен майысып есік ашты. Мен жүзімді төмен салып тұрып: - Зухра Әлімқызының жан құрбысы сіз боласыз ба? - деп сұрадым. Ол әнтек қана жымиды. Жымиған кезде меңсіз аппақ өңіне нұр ойнап, екі бетінің ұшына қызғалдақтың түсiндей бояу үйіріле қалды. Не қысылғанын білмедім, не менің келісімді ерсілеу сезінді ме, және онысын ажырата алмадым. Жауап орнына: - Жай сұрадыңыз ба? - деді. Шымкенттен, Масғұттан хат алып едiм. Аманат жіберіпті. Соны әкеп тұрмын. Сізге жазылған хатқа біздің үйдің адресін көрсеткеніне қарағанда, конверттің тапшы болғаны ғой ... Ол тағы жымиды. Мен Зухра Әлімқызы мен Масғұттың « алдап » түсіргенін ендi түсiндiм. Бұйрық шығар, тұп - тура елу жыл, алты ай, екі күн отасқан аяулы жарыммен мен осылай табысып, осылай танысқан едiм.
Өте танымдық шығарылым болды мен үшін 🙏🏻 Осындай тарихи тұлғалаларды тануға арналған шығарылымдар көп болса екен! Дінмұхаммед Қонаев атамызды шыны керек мектепте сабақта оқығаным есімде жоқ, көбіне үйдегі ата-апаларымыз, ата-анамыздың аузынан естуші едім. Бірақ осындай ақпараттарды естімепін👍🏻 Тарихымызды зерттеуге құлшынысымды арттыра түсті😊🙆🏻♀️
Айтатын ағалар болса, тыңдайтын жастар болады
👍🏻👍🏻👍🏻
"Кто владеет статистикой,тот владеет управлением"деген сөз бар.
Симпатичный харизматичный, харизмамен алынады копнарсе😊 и тем более дипломат
Көптен бері күткен тақырып тұлға👍
Рахмет, Кунаев туралы кызыгушылыгым артты.
Лайк Қонаев ағамыз үшін.
Жатқан жері жайлы болсын!
ДИМАШ АТАМЫЗ СИЯҚТТЫ БАСШЫ КЕЛСІН ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ
1939 жылы қыркүйектің соңында атамыз Балқаштан Алматыға сапар шегіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қайраткерлерімен бірқатар кездесулер өткізеді, сол күні Зухра апамызбен танысады. Дінмұхамед атамыз апамыз ға қызметі Риддерге ауысатынын айтып, «Зухра, менімен Риддерге баруға қалай қарайсың?», - деп сұрайды Бұл Қонаевтің Зухраға тұрмыс құруға жасаған ұсынысы болатын. Қыз келісімін берген кез Қонавтың өміріндегі ең бақытты сәттердің бірі еді.(Сүйіктіммен кездескенім үшін тағдырыма ризамын. Біздің көңілді тойымыз 18 қазан күні әпкем Әмина Ахметқызының пәтерінде өтті. Қонаққа институттағы достарым, Қазақ тау-кен институтының мұғалімдері, инженер Жақсыбаев пен Кравченко, Зухраның ағасы Гариф Шәріпұлы жас жұбайымен келді) деп жазған атамыз өз естеліктерінде.
Дінмұхамед атына заты сай нағыз ер азамат ❣️❣️❣️
воспоминания
1937 жылы, биринши трудовой отпуск кезинде Алматыга келгенде таныскан. Институттагы досы Мазгут Бакаев, айелинин танысына Зухра Ялымовага хат апарып беруди сураган. Ол Фурманова 125 кошесинде турган. Солай таныскан
Қонев Атамыз жайлы біраз мағлұмат бергендеріңізге рақмет көп 🙌
керемет 7 мин корип тастаганба
🔥🔥🔥🔥👏👏👏👏
Кітаптарын қайдан алуға болады?🆘🆘🆘
😇😇😇
Керемет ангиме болды.
Конаев,нагыз Елбасы
Керемет деректі сұхбат болды. Қонақ атамызбен танысқым келіп кетті...
І.ЕСЕНБЕРЛИН Мұхиттан өткен қайық -Лодка переплывающая океан кітабы қалай екен. Біраз кітап дүкендерінде көріп қалып едім