Енді кез келген азамат баспана кезегіне тұрып, 5 пайыздық несиемен пәтер ала алады

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 29 вер 2024
  • Елімізде енді мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерімен бірге қарапайым жеке меншік кәсіпорындарда қызмет ететін азаматтар да баспана алуға кезекке тұра алады. Ол үшін он жыл бойы өз атында үйі болмауы керек. Үкімет тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі жаңа заң жобасын әзірледі.
    Енді кез келген Қазақстан азаматы баспана кезегіне тұрып, бес пайыздық несиемен пәтер ала алады. Үкімет жариялаған жаңа тұрғын үй бағдарламасы баспанаға мұқтаж барлық Қазақстан азаматтарын үймен қамтуды көздейді. Бағдарламаға он жылдан артық өз атында үйі жоқ адамдар іліге алады. Ал депутат Ғазиз Құлахметтің айтуынша, қазіргі күні жарты миллионға жуық адам үйге мұқтаж. Олардың 400 мыңы әлеуметтік осал топтағы адамдар болса, 12 мыңы оқуын жаңа бітірген жас мамандар. Сондықтан қолжетімді баспанаға алуға барлығында бірдей мүмкіндік болуы керек деп есептейді.
    Депутат баспана мәселесі қалалы жерлерде ғана емес, елді мекендерде де өзекті дейді. Мәселен, «Дипломмен ауылға» барғысы келетін жастар көп жағдайда тұрғын үй тауқыметіне тап болады. Сол үшін жас мамандарды ауылда жұмыс істеуге шақырған кәсіпкерлерді де үй салып беруге тарту керек. Мемлекет өз кезегінде шығынның жартысын өтейді дейді. Бұл заң жобасы қазір Мәжілістің қарауында. Ал Индустрия министрлігінің өкілдері бұл бағдарламаларды іске асыру үшін Отбасы банкін ұлттық оператор ретінде тағайындау көзделгенін айтады.
    НҰРЖАН ДҮЙСЕНБАЕВ, ҚР ИИДМ ТҮКШ дамыту басқармасының бас сарапшысы:
    - Ұсынылып отырған жаңа модельде тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары мен тұрғын үйді бөлу, есепке қою күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатын болады.
    Ал жылжымайтын мүлік федерациясынының президенті Ермек Мүсірепов несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесін үш пайызға төмендетуді ұсынады. Өйткені бес пайыздың өзі кейбір тұрғындар үшін қымбат дейді.
    ЕРМЕК МҮСІРЕПОВ, Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті:
    - Барлығына бір мөлшерде субсидия берілуі керек. Оны бір мемлекеттік оператор жүргізіп, бағдарлама арқылы берілетін пәтер құнының шекті мөлшерін бекіткен жөн. Әйтпегенде тұрғын үй нарығында осыны пайдаланатын алыпсатарлар көбейіп кетуі мүмкін.
    Сарапшылар бұл заң жобасының әлі де жетілдіретін тұсы жетерлік дейді. Сондықтан бұл заң жобасының қашан қабылданатыны әзірге белгісіз.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    UA-cam - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #жаңабағдарлама #баспана #ипoтека

КОМЕНТАРІ • 73

  • @Хан-тәңірі
    @Хан-тәңірі Рік тому +29

    Ол үшін 10жыл емес. 15-жыл болды басымызда үй тұрмақ тауық қора жоқ. Бұның арты әлі шу болады ғой. Үміт Алладан тек қана. 5пайызбен үй алам ба. 5-баламды бағам ба. Құдай жар болсы еліміз ге.

    • @unknownunknown1720
      @unknownunknown1720 Рік тому +7

      Ия құмырсқаныңда үйі бар, қаңғып жүрген тек қазақтар, тамаққа әрең ақша тауып жүрген халықа

    • @АрайБаги-з5э
      @АрайБаги-з5э Рік тому

      Айтпаныз бес баламыз бар кв журмиз жалғыз куйеуым жұмыс истит үй аламызба тамақ аламызба казакстанда үй алу арман гой кв кангып 😩 шаршадык

    • @СыргаАлмаганбетова-ч6ж
      @СыргаАлмаганбетова-ч6ж Рік тому

      Неге62квартира алган дарга отдай талап койылмайдыда карапайым халыкка келгенде бес жыл еди 10 жыл бола калды халыкка келгенде талап койгышсындар

  • @ГаухарСатыбалдиева-н2й

    Мына шалдар дау дау 78 размер до того семирген халыкты канап биз байгустар 48 размерден аса алмай журмиз кашан биз де семиреди екенбиз

  • @НазымАхметжанова-м2ж

    мне 35 никогда у нас не было своего жилья никак не можем накопить все деньги уходят на квартплату на арендное жильё на еду и на одежду

  • @Қазақ-г9в
    @Қазақ-г9в Рік тому +9

    Жер кең неге үйлерді бір біріне тақап салады. Үйлер бес қабаттан болу керек 9қабаттан емес ешек құрлы миы жоқ шенеуниктер.

  • @womekei2258
    @womekei2258 Рік тому +15

    халыкты алдаудың тур турін ойлап табады

  • @КайтпасКайсар-г7о

    Азирге белгисиз болса аягыда белгисиз болганы. Сайлау отсе бариде калады. Бос уаде!!

  • @unknownunknown1720
    @unknownunknown1720 Рік тому +4

    Арзан үйді байлар алады дешейш тоқетері

  • @gabrielleangels_9744
    @gabrielleangels_9744 Рік тому +5

    МУЛІКІН ЖОК БОЛСЫН 10 ЖЫЛ ДЕЙДІ НЕГЕ 5 ЖЫЛ ЕМЕС 10 ЖЫЛ ДЕГЕН ТЫМ УЛКЕН ГОЙ

  • @strannil
    @strannil Рік тому +5

    выбор алдында бал жинау қылығы

  • @MuslimMuslim-mr3pu
    @MuslimMuslim-mr3pu Рік тому +3

    Барлығы сайлау үшін ғой

  • @ДаулетР-ф4ъ
    @ДаулетР-ф4ъ Рік тому +4

    Правительство несможет провальное проект как с 4 процентным авто кретитом

  • @cassiusclay3807
    @cassiusclay3807 Рік тому +9

    Короче, байлар ғана алады, кедейлер солай үйсіз жүре береді

    • @МадинаБликбаева
      @МадинаБликбаева Рік тому

      Осындай кедей адамдар қашан бастары бірігіп шықпаймыз? Кімді құтіп отырмыз? Қазахстанда қім ен жаман тұрады? Өнкей казақ! Бір ұкімітте отырған адамына намыс тімейді! Қалайша қарапайм қазақ осылай өмір сүреді?

  • @ГульнарБаймолдинова

    Ендеше неге биыл берілетін уйге елуде елу деп отыр атқарушы билік.Елу турмак он пайызымыз да жок бул жағдайды кім тексереді сонда.Акімшілік оз пайдасын кору үшін осындай программа ойлап шығарып отыр.

    • @БазаркульАйдарова
      @БазаркульАйдарова Рік тому

      Халыққа бермеудің амалыьқаншама уйлер бодып тур 50%-деп бермейді халыққа

  • @Рустам1986Чахабаев

    Ай кайдам Ол кезек келгенше бакилык болып кететин шыгар.

    • @БазаркульАйдарова
      @БазаркульАйдарова Рік тому

      Өтірік сөздерің жылда айтып әлі журғой өздері қос қос пәтерді алып жылда бір жобаны айтады да қояды неге халыққа келгенде мәселені шешу қиын буларға сол баяғы жуйеден шығалмайды

  • @ата-г4с
    @ата-г4с Рік тому +3

    Тагы бир ертеги соны белгисиз деидиго

  • @MrPanda_7
    @MrPanda_7 Рік тому +3

    Уйсиз кангып журген казагымды корип ызам келеди! Жогарыда откан ашкоз жабайылар биринши халыктын айлык табысын котер сосын айтасын томен пайызбен уй алуга болады деп! Халыктын табысы нан мен суынан артылмай жатса, атаннын басына алама уйды? Бир куни халык абден тозып шыдамы таусылса, байларды тонаймыз!

  • @НурлыгулЕшмаганбетова

    30-жыл болды ұй кұйісізіз жұрміз

  • @JekBol__tatti
    @JekBol__tatti Рік тому +1

    Барсан айлыгынды есептейды ол ушин госжумыс болу керек госжумыс истеу ушин акша керек акша истеу ушин кара жумыс истеп акша табасын ол акша тамак шайга кетет арендан бар комуслуган бар общем бизге буйырмайдау

  • @MuslimMuslim-mr3pu
    @MuslimMuslim-mr3pu Рік тому +2

    Құлағымыз лапшамен толтырып тастады бұлар билік қалай ойлайды халықты миым жетпейді вообще ойламайды халықты өздері толып болып болғандар ғой

  • @ГүлнарЕрмекбаева-ч2о

    Қаидам оған деиін

  • @ГулбаршынСалихова

    Шикі, бітпеген жоба

  • @АлияАлтайбеккызы

    Осы ипатеканы айтылды да испен жок болдыгой Неге олай арен отырган халыкты алдайсыздар

  • @qazaqqazaq
    @qazaqqazaq Рік тому +3

    Ой ішімай

  • @krasyvayaystorya47
    @krasyvayaystorya47 Рік тому +2

    Уй турмак квартирамызды арен толеп журмыз.айлыгы шайлыгынан аспайтын халыкка 1% бен берсендерде ала алмайды ау

  • @БайБек-ы8з
    @БайБек-ы8з Рік тому +1

    Білмедім, үй алып қунып, алты айдан соң, қабырғасы жарылып, төбесінен су соғалап т.б.кемшіліктермен қаншама қарапайым халық жылап жүр.

  • @rusq999
    @rusq999 Рік тому

    Барі өтірік.. танысың болмаса қағазын өтпейді.. оттаған сөз. Жемқор Қазақстанда ештеңе жоқ.

  • @osmankana569
    @osmankana569 Рік тому +12

    500 мың тенге айлық корсеткіш сұрап тұрады 500 мың айлығы болған адам мемлекет бағдарламасына мұқтаж емес қой қатырасындар

    • @aimanaiman7903
      @aimanaiman7903 Рік тому

      Содангой бизде байлар одан сайын байып жатканы соларга турли багдарлама шыгарып болды жагдайларын жасап алды

  • @НурсултанАитбаев-ч7г

    Жалпы кымге бару керек,кайда барп тыркелу керек

  • @kaz0586
    @kaz0586 Рік тому

    Негізі 5 жыл ед, енді он жыл дейма? Ойййй, миы жоқ жепутаттараййй а))) Шығармайтындарың жоқ)))

  • @salauatkenjegaliev7161
    @salauatkenjegaliev7161 Рік тому

    Фейк.Өтірік Сайлау алдындағы реклама, баяғыдан бері қайда жүр. СЕНБЕҢ, БАЙҒЫДА БОЛҒАН ЖАЙЛАП АЛЫП ТЫСТАДЫ. КӨП БАЛАЛЫЛАРҒА ӘНШЕЙІН БЕРУ КЕРЕК. ТОҚАЕВ ТАҒЫ НЕ ОЙЛАП ШЫҒАРАР ЕКЕН.

  • @БотакозБайтуганова

    10 жыл басында баспана болмауы керек деген сөзді алып тастау керек.
    Бұл не масқара .Мазақ жасау керек пе.Сапалы үй қашан болады.
    Бағасы қымбат ,әрі ол үй сапасыз.

  • @АлалаллалаАоала

    Ойбай он жыл өткеше өліп те қаламыз ғой. Он жыл деген не деген сүмдык алла сактай гөр. Бес жылдың өзі жетеді ғой. Он жылда сіңірің шығып өлесің ғой квартирадан квартирага көшіп. Мен үйімді өткен жылы саттым . Өйткені жанүямнан баламның ауруына байланысты еміне көп қаражат керек болып. Енді мен он жыл күтемін сонда. Ұятай үкіметтің олап тапқаны.

  • @gulnark3731
    @gulnark3731 Рік тому +1

    Очередной афера

  • @ФархатАбашев
    @ФархатАбашев Рік тому +1

    Пайыз болмаса алуға болар еді...

  • @АйзатНысанбай-л7д

    Биринши мать одиночкаларга тегин уйлеринди берип алындарш оттамай

  • @shalkarkurmanali899
    @shalkarkurmanali899 Рік тому

    Осы уйлер қанырап бос қалары анық бәрі қаңылтыр үйлер….

  • @BeyUSDUSD
    @BeyUSDUSD Рік тому

    🏠коттерыне тыгындар уйлерынды

  • @АйсулуГумарова-ы4к

    Жобанын бари тек калталы байларга арналган байлар гана алады женил несиемен кара халык сол олмешинин куин кешип журе береди

  • @gulmyraboranbaeva8046
    @gulmyraboranbaeva8046 Рік тому

    Әзірге белгісіз болса Белгісізді несіне айтады ауызды ауыртып.Сайлау қарсаңында әдемі айтып қалып Сайлау өткесін баз баяғы баяғы Байқожаның таяғы боп

  • @adildariev4973
    @adildariev4973 Рік тому

    Бардак жүйе жемқор жүйе
    Халық қол жетымд бағдарлам жоқ
    5 процент емес.2 процент жеткылыкты

  • @shalkarkurmanali899
    @shalkarkurmanali899 Рік тому

    Өмір бақи ипотека төлеп бұл үиде тұрғанша алыста болсын жер үйдің өлігі артық….Апат болса үгіліп кетеріне кепіл жоқ….

  • @er.8695
    @er.8695 Рік тому

    🍝👂👀👂🍜................................ы

  • @aktilekabaeva9446
    @aktilekabaeva9446 Рік тому

    5 пайызға тусирсе үйдин бағасын котеретин болар

  • @АкеркеАбу-ь8е
    @АкеркеАбу-ь8е Рік тому +1

    Өте дұрас екен

  • @БактыгалиНургалиев

    Ертегі ,

  • @aimanaiman7903
    @aimanaiman7903 Рік тому

    Тек Сол 5 пайыздык баспаналарынды арзан етип берсендер болдыгой 5 пайыз деп 2 болмени 30 млн бермей

  • @ЕркебуланМухамбеткалиев-п6п

    Сказка айта бермендерши отиниш,патер тугил балабакшанын очередь жылжымайды бизде.Балам 5 жастан кетти али жок очередь, скоро мектеп ..Патер Алам дегенш ана жакка кетип калады Адам.

  • @anuarbek4030
    @anuarbek4030 Рік тому

    Оймайгат

  • @СырымЕрхайыр
    @СырымЕрхайыр Рік тому

    Ол ушин медицина окыу тегин болыу керек шыгар т.б

  • @БакшаТыныбекова

    Жаксы багдарлама болатын еды

  • @АлияАлтайбеккызы

    Жаксы жаналык екен 45 келсекте али баспанпмыз жок Тез иске косылса екен❤❤❤

  • @aktilekabaeva9446
    @aktilekabaeva9446 Рік тому

    Сайлаудан кеин калып коймаса болар тек

  • @ФархадЖуымбаев

    Кулин ба жвлаин ба болып кетиго

  • @aktilekabaeva9446
    @aktilekabaeva9446 Рік тому

    Солай болғай,Алланың колында

  • @jakejanatas4325
    @jakejanatas4325 Рік тому

    Керемет алға 🇰🇿

  • @Г.Р-э9т
    @Г.Р-э9т Рік тому

    60 мың мен қалай аласың.Жақсы болды ,ақшалылар қос ,қос туыстарына жазып ала береді. Тамаққа жеткізе алмай жүрсек.

    • @АлматСакен-о8м
      @АлматСакен-о8м Рік тому

      Мен 10 жыл болды уй алалмай отырмын Шардара каласында турам 7 балам бар