ШҚО-да ауыл тұрғындары несиелерін қайтара алмай жүр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 жов 2024
  • Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары несиелерін қайтара алмай жатыр.
    Мәселен, Көкпекті ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 5 жылда 356 адам несие алса, соның тең жартысына жуығының берешегі 260 миллион теңгеге жақындаған.
    Оларды қайтару үшін арнайы комиссия құрылып, тұрғындармен жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.
    Арнайы комиссия міне, осылайша күнделікті ауыл тұрғындарының үйін аралайды. Бірі үйінде болмаса, енді бірі тығырықтан шығар жол іздеп жатқанын айтып, ағынан жарылады. Шәріптойғайлық Гүлнар Сарымсақова көкөніс өсірумен шұғылданады.
    Гүлнәр Сарымсақова, Шәріптоғай ауылының тұрғыны
    -Төлемеймін деп отырған жоқпын, төлейміз бәрін. Үкіметтен алған соң, оны уақытымен қайтару керек. Оны бәріміз білеміз. Бірақ кішкене срогын ұзартса, содан кейін үстемесін алып тастаса. Біз жазғытұры бастаймыз да, бізде ақша болмайды. Барлық ақшаны тұқым алуға жұмсаймыз. Бізде күзде енді кетеді міне, ақша. Соны жинап, төлейміз ғой, бірақ бізге жеңілдік жасаса.
    Шаруақор несиеге жылыжай салып, аудан тұрғындарын қысы-жазы көкөніспен қамтымақ ниетте. Қарыздарын жауып, ісін оңға бастыру үшін балаларымен дала төсінде жатпай-тұрмай еңбек етуде. Ал мамайлық Сағат Мұсаев 2014 жылы алған несиесін уақытында төлеп келеді. Ол ауыл тұрғындарын жұмылдырып, қамыс буады. Қарызы жоқ, тіпті мерзімінен бұрын жауып тастау да ойында бар екен.
    Сағат Мұсаев, Мамай ауылының тұрғыны
    -Оны уақытында алғаннан кейін, уақытында қайтара білу керек. Жұмыс істей білу керек. Жаз шыға 4-5 бие байлаймын. Содан соң биені сауып, қымызын сатамыз, күзде сол қамыспен айналысамыз. Былай қарасаңыз ауылда жақсы.
    Райхангүл Баймолдина, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры
    -Бүгінгі күнге 171 адамның қарызы бар. Соның ішінде 15 жоба бойынша сот шешімі шығарылып, ол 33 миллион теңге соманы құрайды. Сот орындаушылар бұл азаматтармен жұмыс істеп жатыр. Қалғандары бас тартпай, уақытылы төлейміз деп уәде беріп, әрқайсысының үйіне барып, үгіт жұмыстарын жүргізудеміз.
    Мемлекеттік бағдарлама бойынша, соңғы 5 жылда аудан бойынша барлығы 356 адам 821 миллион теңге несие алған. 6 адам мерзімінен бұрын қайтарыпты. Қазір күзгі жиын-терім қызған шақ. Ауылда науқан. Өнім де жаман емес. Ендеше қарыз көлемі де әлденеше есеге азаяды деген сенімде отыр жұмыспен қамту орталығындағылар.
    Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы

КОМЕНТАРІ •