Төрт түлігін етке өткізген ақтөбелік шаруаларкі жылдан бері ақшаларын ала алмай жүр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 20 вер 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Ақтөбе облысында төрт түлігін етке өткізген шаруалар екі жылдан бері ақшаларын ала алмай жүр. «Серіктестікке сеніп, сан соғып қалдық» деген ауылдағы ағайын шығын көлемі он миллион теңгеге жуықтайтынын айтады. Облыс пен аудан арасында сенделіп жүрген жұрт компанияның күнде ертең деген ертегісінен шаршадық дейді. Малмен жан бағып отырған халықпен өңірдегі әріптесім тілдесіп келді.
    Ойылдық шаруалар үшін күнкөрістің жалғыз көзі - төрт түлік. Мал санын көбейтіп, етін сатып жүрген жұрт екі жыл бұрын тығырыққа тіреліпті. Яғни, қалаға сабылмай, аудандағы серіктестікке ірі қара мен қой-ешкіні етке берген. Сол уақытта сотқа да жүгініп, жеңіп шыққан. Бірақ салы суға кеткен ауыл халқы компаниядан әлі күнге дейін соқыр тиын алмағандарын айтады
    ҚАЗИ ТАЙБУРИН, шаруа:
    - Ойыл ауданындағы цех па соған сойып тапсырғанбыз етті. «Құрылыс-2004» деген фирмаға тапсыратын болып. Мен 100 бас сойдым. 2 тоннадай ет болды. Соған мен 3 жарым миллиондай ақша алуым керек еді. Соның бір тиынын да алған жоқпын. Сотқа бердім. Ойыл аудандық соты менің пайдама шешім берді. Бірақ енді сот орындаушысы өндіре алмай отыр.
    ГАУҺАР ШОТПАНОВА, шаруа:
    - Ешқандай қорықпайды да, сонымен ақшамызды ала алмай отырмыз. Қайтармай отыр. Жалғыз біз емес, елдің бәрі жүр. Үш миллиондай бере жақ. Біздің бар болғаны ақ адал еңбегіміз ғой, мал бағу оңай емес қой қазіргі заманда. Сол еңбегімізді қайтарсын дейміз.
    Жұрттың айтуынша, серіктестік бас-аяғы отыз адамға он миллион теңгедей берешек. Ең қызығы, олар қашып жүрген жоқ. Тек қаражатты әне-міне береміз деп уақыт созып жүр дейді шағымданушылар. Дауға себеп болған компанияның өкілі қаржылық қиындықтарға байланысты ақшаны уақытында төлей алмадық деп ақталды.
    КҮЛПАН ҚАРИБЕКОВА, серіктестіктің қаржы директоры:
    - Мен оларға до конца года жауып беремін деп айта аламын. Шаруамды жасап жатырмын. Қалған остатогым 9 миллиондай остаток қалды 60 миллионнан. Қалғанының бәрін бір жыл бойы ай сайын он миллион, бес миллион сөйтіп-сөйтіп бердім адамдарға. Пенсионерлер болды ішінде.
    Адал еңбекпен баққан малының ақысын қайтара алмай жүрген шаруалар серіктестік өкілінің жаттанды сөзінен шаршағандарын айтты. Енді жылдың соңына дейін қаражатты қайтармаса, жоғары сотқа шағымданбақ.
    -------------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 1

  • @АрманДжаримбетов
    @АрманДжаримбетов 5 годин тому

    Балық басынан шіріген билік осы шындық ағаиын біздің елде әділдік жоқ онбағандар жемқорлар қалықты сорлатып жатыр