Ана мен бала хабары. Ақын Алмас Темірбай. «Ғажап сенің әр күнің...» өлеңі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 10 чер 2022
  • Ана мен бала хабары. Қарақат Әбілдина мен Ақын Алмас Темирбай. «Ғажап сенің әр күнің...» өлеңі
    ҒАЖАП СЕНІҢ ӘР КҮНІҢ...
    Табиғаттың жаман ауа-райы жоқ,
    Шүкірлік қыл осыған да, қайыр ет.
    Жақсы күнін, жақсылығын сыйлайтын
    Жаратқанның күндері көп, айы көп!
    Жауам десе жаусын, мейлі, қар бүгін,
    Қазақ - елім,
    Ғажап сенің әр күнің!
    Жақсы көрем туған жердің жаңбырын,
    Жерін, көлін, желін, шөбін - барлығын!
    Сарыарқаның самалын сүй, желін сүй,
    Сүйе білсең, сыйлайды өмір небір сый.
    Жаман ауа-райы деген болмайды,
    Болады тек, кейде жаман көңіл-күй!
    Неткен ғажап күн де, түн де, дала да?!
    Ыстығына, суығына қарама!
    Тағдырыңды өзгертетін - өзіңсің,
    Әр күніңді жақсы көріп, бағала!
    Көктем болып көкте, гүлде гүлзарда,
    Күз секілді күреңітіп, мұңданба.
    Ауа райы әсер етпес адамға,
    Көңіл-күйің керемет боп тұрғанда...
    Маған, мейлі, көктем келсін, күз келсін,
    Жердің беті - батпақ болсын, мұз болсын.
    Ертең бәрі өтеді де кетеді-ау,
    Осы күнді сағынарсың, іздерсің...
    Болар талай борандар мен дауылдар,
    Жауар талай жауындар мен қалың қар.
    ...«Өмір қиын» - демейікші, - «күн жаман»,
    Көңіл-күйің жақсы болсын, бауырлар!!!
    авторы: @almas_temirbai
    / almastemirbai

КОМЕНТАРІ •