ИСАТАЙДАҒЫ АЛАМАН БӘЙГЕ 2023

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 8 жов 2023
  • Исатай ауданының 95, Аққыстау ауылдық округінің 50 жылдығына орай Тұщықұдық ауылында аламан бәйге, ұлттық спорттық ойындар сайысы өтті. Бәйгеге Атырау , Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысынан 50-ге тарта шабандоз қатысты. Көрген жанның делебесін қоздырар ат жарысын Атырау облыстық бәйге федерациясы ұйымдастырып, жалпы жүлде қоры үшін 4 200 000 теңге шығарды. Тоғыз шақырымдық құнан жарыстың бас жүлдесін махамбеттік Жеңіс Төлеген иеленді. 18 шақырымдық топ бәйгеде «Махаббат» атты сәйгүлікпен шапқан қызылқоғалық Айсұлтан Аманқұл бірінші келді. Ал 31 шақырымға созылған аламанның бас жүлдесі қарағандылықтардың қоржынында кетті. Өзгелерден оқ бойы озық шыққан «Ер қасқаға» мінген қарағандылық Әлихан Қайыржанға 1 млн. теңге сыйақы берілді.

КОМЕНТАРІ • 8

  • @user-xp8ru1ho5e
    @user-xp8ru1ho5e 9 місяців тому +2

    Мына жүргізуші керемет екен,тілі көзден аман бол нағыз қазақ екенсің сау бол.

  • @user-pi6px7tf9k
    @user-pi6px7tf9k 9 місяців тому +2

    Беу!ЖарайсыңЕрқасқа❤❤❤

  • @user-zy7vb5jf8h
    @user-zy7vb5jf8h 8 місяців тому +2

    Өткенде чемпионата жүргізуші қандаи керемет жүргізді атардын жағдаин баяғы күренбаи сыншы құсап нақты бағасын берді иә бармасақта ләззәт алдық

  • @user-li9gv5gf4e
    @user-li9gv5gf4e 4 місяці тому +1

    Аламанға 11ғана ат шықты, сыйлыктарды бсакалары менсінбеген ғой
    Аттардың еңбектері бар, бәрі де керемет!

  • @assalamaleikum01
    @assalamaleikum01 6 місяців тому +3

    Ұят жағдай, Атың шөбіне де жетпейтін, бұл не сыйлық? Елге жұртқа күлкі болғанша, бермей ақ, Жасамайақ қоймайсыңдар ма? Көңіл тарлық, Ұйымдастыру өте төмен. Жас балаларға обал ғой. Қай беттеріңмен айтып беріп жатырсыңдар. Бес жүз мың атқа, баптаған адамға, шапқан балаға, не болады? Аудан әкімі ұят қайда? Ешқандай керемет көріп тұрған жоқпын. Тек мақтаншақ тіл ғана болды. Исатай аруағынан ұят болды.

  • @user-ee4jy7ku8l
    @user-ee4jy7ku8l 9 місяців тому +3

    Қарағанды Чемпион Мақтанышы Ерқасқа тұлпар

  • @user-li9gv5gf4e
    @user-li9gv5gf4e 4 місяці тому +1

    Ат жарыста қандай әндер жіберген, қазақтың куйлері кайда?