Қазақ халқы үшін домбыра

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 26 чер 2024
  • Ұлы мұрамызды ұлықтайтын қасиетті мереке - Ұлттық домбыра күніне орай мектеп кітапханасы жылдар бойы тығыз байланыста жұмыс жасайтын Қарағанды облыстық Абай атындағы кітапханаға барып іс -шараға қатысты. Қазақ халқы үшін домбыра - ұлттық аспап қана емес, қазақтың жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра - халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізген сенімді серігі. Ұрпақтан-ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, Ұлы Даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы - Домбыра төрімізден түспесін!
    Ұлттық ұлы мұрамызды ұлықтайтын домбыра аспабына қызығушылық күн өткен сайын артып келеді , мектебіміздені домбыра үйірмесіне қатысатын оқушыларымыздың ата- аналары дән риза. Бізді қуантатыны өзге ұлт өкілдер балаларын домбыра үйірмесіне беріп осы күні сол оқушылар іс-шара қонағы болып шақыртылды. Баршыңызды осынау мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін. Отбасыларыңыз аман, егеменді еліміздің еңсесі биік болып, бейбітшілік ұйыған кезеңде бақытты өмір сүріп, еліміз жасап, жаңарып, өсіп-өркендей берсін!
    В честь священного праздника - Дня национальной домбры, который символизирует наше великое наследие, школьная библиотека посетила Карагандинскую областную библиотеку имени Абая, где на протяжении многих лет работает в тесном контакте. Для казахского народа домбра - это не только национальный инструмент, но и душа и кровь казахов. Домбра - надежный спутник, передающий горе и печаль, радость и радость народа. Это домбра, передающая из поколения в поколение голос предков и поющая музыкальные песни Великой степи. Пусть в наших ушах не покидает память о богатой истории нашего народа, и пусть не упадет с небес наш священный национальный инструмент - Домбра!
    Интерес к домбре растет с каждым днем, родители наших школьников, участвующие в кружке домбры, очень довольны. Мы рады, что представители других национальностей отдали своих детей в кружок домбры
    Поздравляю всех с этим праздником, желаю крепкого здоровья и благополучия. Пусть ваши семьи живут и процветают, создавая нашу страну в эпоху мира и благополучия!

КОМЕНТАРІ •