Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезекті 19-шы сессиясы (06.09.24ж)

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 вер 2024
  • Жиынға қала әкімі Б.Орынбеков, қалалық ішкі істер, төтенше жағдайлар және қала бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының өкілдері, ардагерлер кеңесінің төрайымы, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме мен бөлім басшылары, БАҚ өкілдері мен т.б. қатысты.
    Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Қала объектілерін жылу беру маусымына дайындау барысы туралы» қала әкімінің орынбасары Қ.Исмаил есеп берді. Келесі кезекте «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ордабаев баяндады. Мазмұнды өткен сессияда сондай-ақ, қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы М.Жұманқұловтың есебі тыңдалды.
    Депутаттар сессияда т.б. қаралған мәселелер бойынша жан-жақты талқылап, сұрақтар қойып, тиісті шешімдер қабылдады.

КОМЕНТАРІ •