Ауыл халқы алтын іздеушілердің ісіне қарсылық білдіруде

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 30 вер 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Алматы облысындағы алты ауылдың халқы биліктен өткен ғасырда жабылған кен орнын қайта ашуға ұмтылған кәсіпкерлерді тоқтатуды сұрайды
    Алматы облысындағы алты ауылдың халқы биліктен өткен ғасырда жабылған кен орнын қайта ашуға ұмтылған кәсіпкерлерді тоқтатуды сұрайды. «Алтын іздеушілердің ісі экологиялық апатқа әкелуі мүмкін» деп дабыл қаққан жұрт барлауға келгендерді елдімекеннен аластатпайынша жанымыз жай таппайды деп отыр. Ал пайдалы қазбаға барлау жүргізуді көздеген компания өкілдері халықтың рұқсатын сұрамай-ақ жоспарын іске асыратынын айтқан көрінеді. Тараптарды әріптесім Оразай Нұртайұлы тыңдап келді.
    «Жақын маңда алтын бар» деген жаңалық жиналған бұл жұрт үшін сүйінші хабар емес. Керісінше ауыл халқы «түсті металл іздеушілер пайда болғалы берекеміз кетті» деп отыр. Сондықтан көпшілік Сұраншы батыр кенті маңындағы бұрынғы шахтаның қайта ашылғанына түбегейлі қарсы. Өйткені кен орны қазылса улы заттар шығып кесірі елге тие ме деп қорқады. Оның үстіне жекеменшік компания өкілдері қазба жұмысын бүгінде суын алты ауыл пайдаланып отырған өзеннің бастауында жүргізбекші дейді.
    БЕЙСЕНБЕК СМАҒҰЛОВ, Қастек ауылының тұрғыны:
    - 50 мыңға жуық халық бар осы Жамбыл ауданында. Барлығы сол Қастек өзенінің суын ішеді. Су ішеміз. Былғанған су ішсек бітті ғой. Қорыту үшін қандай зиянды натрий, калийларды пайдаланатынын бәрі біледі. Оларсыз алынбайды. Ал бізге ондайдың қажеті жоқ!
    ҚАЙРАТ СЕЙТМАМЫТОВ, Қастек ауылының тұрғыны:
    - Бұлар енді өздері айтып отыр. "Біз тауды жарып, ашық әдіспен карьер жасап, 500 гектар жерден өндіреміз" дейді. Біз үшін былайша айтқанда экоцид болайын деп тұр. Бір халықты құртып жібергің келсе қоршаған орта, ауасын, суын, жерін улап тастасаң халық өзі-ақ құрып бітеді. Мүмкін енді біреу алтын-күміске қызығып отырған шығар.
    ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші:
    - Кезінде пайдалы қазба қазылған Шынасыл сайындағы шахтаның бірі міне осы. Халықтың айтуынша, түсті металл өндірумен айналысатын жекеменшіктер дәл осы жерге барлау жүргізгісі келіп отыр. Кен орнының қайта ашылуына қарсы болған ауылдықтар оларды бұл маңға жолатпаймыз дейді.
    Ал компания өкілдері әзірге тек қандай қазба байлық барын зерттеу үшін сынама ғана аламыз деп сендіреді. Жергілікті жұрт оған да қарсы. Бірақ «халықтың рұқсатын сұрамаймыз» дегендер қолымызда лицензия бар деп отыр.
    МҰҚАН СӘДУАҚАСОВ, "Block One Company" ЖШС директорының орынбасары:
    - Негізі заңды түрде еш жерде жазылмаған халықтың рұқсаты болу керек деген. Мемлекет лицензия берген барлау жұмыстарын жүргізуге. Ол лицензияның уақыты 2025 жылдың аяғында бітеді. Осы уақытта біз барлау жұмыстарын жүргізіп, ішінде не бар, не жоғын толық анықтап, содан кейін мемлекеттің балансына қою керек болады.
    Бұрынғы кен орындарын зерттеуді қолға алған компания әзірге ауыр техникаларын сайға кіргізіп қойыпты. Бұған дейін талпынғанда халық алдынан бөгеп, кері қайтарған екен. Ауылдықтар енді шахтаға апаратын жолды күні-түні торуылдаймыз дейді. Ал Жамбыл ауданының әкімдігі мәселеге қатысты құзырлы органдарға шағым жолданғанын, сол себепті кәсіпкерлер әзірге қазба жұмысын жүргізбейтінін хабарлады. Оразай Нұртайұлы, Думан Сүлейменов, ИБ, Алматы облысы.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 19

  • @rinatmuratalinov1555
    @rinatmuratalinov1555 День тому +6

    Жемқорлыққа ату жаза берілмей осылай шіриміз іштен .

  • @ТугельбайКенесбаев
    @ТугельбайКенесбаев 20 годин тому +3

    Оянып жатыр қазағым осылай бірлікке келеміз

  • @СаулебекКинарал-г4д
    @СаулебекКинарал-г4д 14 годин тому +3

    Албасты мнаесек қалқты оилаитын адамемес. Қудай урсын

  • @Adil-xk9gw
    @Adil-xk9gw 17 годин тому +2

    Ауылд коргаган дурыс -- байлардын кулкындары тек акша

  • @НуржанЖетербаев-г9т
    @НуржанЖетербаев-г9т 11 годин тому +3

    Не ел болды бул халыкпен елмен санаспаса

  • @МаратМейманбаев-с3к
    @МаратМейманбаев-с3к 23 години тому +2

    Қазып қазып талқандамаңдар, 😢😢😢🇰🇿

  • @Николай-р3э3б
    @Николай-р3э3б 15 годин тому +1

    Дұрыс, пайдакүнемдерді барсакелмеске қуу керек

  • @Kiki84-r6c
    @Kiki84-r6c 6 годин тому +2

    Басында Алматы обылысы деп бастап соңы Жамбыл обылысы болып кеттіғой !
    Недеген сауатсыз тілшілер айтарға сөзім жоқ !

    • @serikbaiserikbai5035
      @serikbaiserikbai5035 3 години тому

      Алматы обл Жамбыл ауданы . дұрыс тыңдап білу керек.біреуге кінә тақпастан бұрын

  • @Aitwc9ej
    @Aitwc9ej 11 годин тому +1

    Халықтың қамын ойлаған жанның жокпа сонда

  • @Айгуль-г6с
    @Айгуль-г6с 4 години тому

    Осы жалмауыздарды атып тастайтын бір кек қуған бір киллер табылмайды екен.

  • @СабырОспанов-ы4ц
    @СабырОспанов-ы4ц 7 годин тому

    Қоғамды жемқорлар билеп отыр,олар кетпей ештеңе болмайды

  • @СабырОспанов-ы4ц
    @СабырОспанов-ы4ц 7 годин тому

    Үкімет қайда қарап отыр,қазам дегендер қаза береме.

  • @joldasbekduisenov1154
    @joldasbekduisenov1154 6 хвилин тому

    Ишинде таста жок онын

  • @ummibrohim871
    @ummibrohim871 10 годин тому

    Қуып щығу керек